UF

ҚАЗАҚСТАН СОЦИАЛИЗМНІҢ ОНАН ӘРІ ДАМЫП, НЫҒАЮЫ ДӘУІРІНДЕ

 

Ұлы Отан соғысынан кейін Совет Одағының барлық халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілері де бейбіт құрылысқа қайта кірісті. Экономиканы соғыс жағдайынан бейбітшілік жағдайына арнап қайта бейімдеу еңбекшілердің қоғамдық-саяси зор белсенділігі жағдайында жүзеге асырылды және ҚазақССР-інің 25 жылдығын тойлаумен тұстас келді. 1945 ж. октябрьде Алматыда Қазақ ССР Жоғары Советінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Москва мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шараушылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. БК(б)П ОК мен СССР Халкомсовы Қаз. ССР-інің 25 жылдығына байланысты құттыктау жолдады. СССР Жоғары Советінің Президиумы республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық озаттарынан, ғылым және мәдениет қайраткерлерінен 5304 адамды Совет Одағының ордендерімен және медальдарымен наградтады, оның ішінде 74 адам Ленин орденімен наградталды.

1946 жылы 18 мартта СССР Жоғары Советінің сессиясы 4-бесжылдық жоспарды қабылдады. Оның негізгі міндеті соғыстан бүліншілік көрген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, онан едәуір асып түсуі болып белгіленді. Бесжылдық жоспарда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. Ол күрделі қаржы жұмсау көлемі жөнінен одақтас республикалар ішінде 3-орынға шықты. Мұнда өнеркәсіп тікелей соғыс қимылдарынан бүліншілік көрмеген болатын. Сондықтан күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруге емес, бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалды. Бүкіл елімізді тұтас алғанда, 4-бесжылдықта өнеркәсіп өнімі 1940 жылғыдан 40% өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе молаятын болды.

1946 жылы экономиканы бейбіт мақсаттарға бейімдеу негізінен аяқталды. Әскер жабдығына керекті өнімдер шығарып келген кәсіпорындар енді азаматтық өнімдер шығаруға көшіріліп, олардың түр-түрі бейбіт заман тілегіне сай өзгерді. Заттық және еңбек қорлары азаматтық өнеркәсіп салаларының керектеріне қарай қайта бөлінді.

Бесжылдық тапсырмаларын ойдағыдай орындау нәтижесінде Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 2,3 есе, соның ішінде көмір шығару 2,5 есе, мұнай 1,5, газ 1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты. Түсті және сирек кездесетін металдар өндіру соғыстан бұрынғы дәрежесінен асып түсті, қара мыс, мырыш, ферросплав, болат қорыту, прокат шығару, мыс, қалайы, хромит, марганец кендерін өндіру жөніндегі тапсырмалар артық орындалды.

Бұл жылдары Қазақстан ауыл шаруашылық қиын жағдайда болатын. Соғыс зардаптары әлі күнге жойыла қоймағанды. Бұл жағдайларда колхоздарды ұйымдық шаруашылық жағынан нығайту жөнінде тиімді шаралар қолданылды. БК(б)П ОК-нің «Ұсақ колхоздарды ірілендіру және партия ұйымдарының бұл істегі міндеттері туралы» 1950 ж. 30 майдағы қаулысы экономикалық жағынан әлсіз шағын колхоздарды біріктіруге мүмкіндік берді. 1950 жылы 1 январьдағы 6737 колхоз орнына 1951 жылы 1 январьда 3670 колхоз болды.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінді. Бұл істе еліміздің жұмысшы табы басты роль атқарды. 1947-1948 жылдар республика ауыл шаруашылық 2200 жаңа трактор, 550 комбайн, 1500 жүк автомашинасын, 4 мыңнан аса трактор соқалары мен тұқым сепкіштер және 10,5 мың ат тырма алды. Жаңа МТС-тер құрылды, олардыц саны 1940 жылғы 330-дан 1950 жылы 384-ке дейін көбейді. Колхоздар мен совхоздардың жөндеу-техникалық базасы нығайып, шеберханалар жаңа жабдықпен жасақталды. Бұл шаралардың нәтижесінде республикада ауыл шаруашылығын механикаландырудың соғыстан бұрынғы дәрежесіне 1950 жылы қол жетті; бұл кезде республика егіс далаларында 15 а. к. бар 50,7 мың трактор (1940 ж. 41,3 мың трактор болатын), 16,7 мың астық комбайны (1940 ж. 11,8 мын комбайн болатын) жұмыс істеді. МТС-тердің негізгі қорлары 1940 жылғымен салыстырғанда 2,2 еседен аса өсті. Ауыл-село механизатор кадрлары өсіп жетілді. МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адам көбейіп, 1950 жылы 38,4 мыңға жетті.

4-бесжылдық кезінде ОңтүстікҚазақстан облысы еңбекшілерінің бастамасы бойынша ауыл шаруашылығын жаппай электрлендіру жолындағы халықтық қозғалыс өріс алды. Москва, Ленинград, Орал жұмысшылары және еліміздің басқа да өнеркәсіп орталықтарының қызметкерлері Қазақстан ауыл шаруашылығын электрлендіруге белсене қатысты. 5 жыл ішінде жалпы қуаты 19,5 мың квт-сағ 612 селолық электр станциясы іске қосылды. Бесжылдықтың аяғында республикада 1161 селолық электр станция жұмыс істеп, 726 колхоз бен 317 МТСэлектрлендірілді. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің бұл сияқты шаралары арқасында республика ауыл шаруашылықөткен кездерге қарағанда нығайғандығы, кейбір дақыл түсімі артқаны байқалды. Негізінен жаңа жерлерді жаздық бидай егуге игеру, сол сияқты техникалық дақылдар егу үшін суармалы егін шаруашылығын дамыту есебінен егіс колемі 1 млн. га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 мың ц-ге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% асып түсті.

Қоғамдық мал шаруашылығын өркендетуде де едәуір табыстарға қол жетті. Мұнда СССР Мин. Советі мен БК(б) П ОК-нің «Колхоздар мен совхоздардың қоғамдық өнімді мал шаруашылығын өркендетудің 1949-1951 жылдарға арпалған үш жылдық жоспары туралы» қаулысында (1949 ж. апр.) белгіленген шараларды жүзеге асырудың үлкен мәні болды. Колхоздар коп салалы ірі шаруашылықтарға айнала бастады. Мал сапасы жақсарды. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді (қазақтың ақбас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы т. б.). Азық қоры нығайды. Осылардың нәтижесінде қоғамдық мал шаруашылығын өркендетудің үш жылдық жоспары орындалды. Республикада мал мен құс саны бірнеше миллион көбейді.

КПСС 19-съезі 5-бесжылдық жоспар (1951-1955) туралы директиваларды бекітті. Бұл Қазақстан экономикасы мен мәдениетін шапшаң өркендету жолындағы елеулі қадам болды. Республика халық шаруашылығына 28,5 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалды, мұның өзі 4-бесжылдықтағыдан 3,2 есе артық еді. Өнеркәсіп жедел қарқынмен өрге басты, оған барлық күрделі қаржының 40,4%-і тиді. Бұрынғысынша ауыр өнеркәсіп басым өркендеу жолында болды, өнеркәсіпке жұмсалған барлық қаржының 94,7 %-і осы салаға пайдаланылды. 5 жыл ішінде өнеркәсіптің жалпы өнімі 82 %, болат қорыту 86%, көмір шығару 61%, мұнай ондіру 32%, қара металл прокатын жасау 119 %, электр қуатын өндіру 117 %, машина жасау өнеркәсібінің өнімі 2 есе, жеңіл өнеркәсіптің жалпы өнімі 2,9 есе өсті, 480 жаңа кәсіпорын мен бұрынғы кәсіпорындардағы ірі объектілер іске қосылды. Республика өнеркәсібі бесжылдық тапсырманы мерзімінен бұрын 4 жыл, 4 айда орындады.

6-бесжылдықта да (1956-1960) өнеркәсіп күшті қарқынмен өрге басты. Тек 1956 жылдың өзінде ғана 130 жаңа кәсіпорын іске қосылды.

Сонымен, соғыстан кейінгі дәуір (1946-1958) Қазақстанның индустриялық дамуындағы жаңа қарқынмен сипатталды. Бұл жылдары жүздеген жаңа кәсіпорындар салынып, пайдалануға берілді және ең жаңа техникамен жабдықталды. Олардың ішінде Белоусов және Жезқазған кен-байыту фабрикалары, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Соколов және Атасу рудниктері, Ембі мұнай кәсіпшіліктері (Тентек, Мұнайлы, Қаратон т. б.), Қаратау кен-химия комбинаты, Жамбыл суперфосфат. Қарағанды, Састөбе, Семей цемент, Шымкент гидролиз, Қарабұлақ қант зауыдтары, Шымкент мақта- мата комбинаты, Алматы тоқыма фабрикасы т. б. бар. Көптеген бұрынғы кәсіпорындар (Балқаш кен-металлургия комбинаты, Қарсақбай мыс-қорыту, Лениногор және Шымкент қорғасын зауыдтары, Ақтобе химия комбинаты т. б. ) қайта құрылды. Өнеркәсіпте жаңа машиналар, аспап, құралдар, аппараттар игеріліп, өндіріс технологиясы жетілдірілді, өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесі күшейді. Өнеркәсіптің жаңа салалары: болат қорыту, прокат, мырыш, қара және түсті металлургия кәсіпорындары, кен және көмір өнеркәсібі үшін жабдықтар, ұсталық-пресс және оптикалық жабдықтар, ауыл шаруашылық машиналары, жоғары сортты бензин, суперфосфат, жасанды талшық т. б. шығару игерілді. 1958 ж. Қазақстанда өнеркәсіп өнімі 1913 жылғыдан 44,3 есе, ал соғыстан бұрыңғы 1940 жылғымен салыстырғанда 5,5 есе көп өндірілді.

Соғыстан кейінгі дәуірде темір жол және автомобиль транспорты мықтап өрге басты. Транспорттың барлық түрлерінің жүк айналымы 1940 жылғыдан 4,3 есе, оның ішінде темір жол транспортының жүк айналымы 4,8 есе, автомобиль трапспортының жүк айналымы 15 есе көбейді. 1958 ж. республиканың жалпы жүк айналымындағы транспорттың жеке түрлерінің алатын үлес салмағы: темір жолдап 91,7%, автомобиль транспортынан 7%, өзен транспортынан 0,6%, құбыр және авиация транспортынан 0,7% болды. 1946-1958 ж. темір жолдардың пайдаланудағы желілері 25,5% ұзарды, сөйтіп, 1958 ж. 10 297 км. болды. Мойынты-Шу (438 км), Ақмола - Павлодар (440 км) темір жол, Ақмола - Қарталы жолында (806 км) екіпші жол табаны, тың және тыңайған жерлер игерілген аудандарда тар табанды бірқатар темір жолдар салынды (Көкшетау-Қызылту, Қорған-Пески, Қостанай-Урицкий-Пески т. б. ), кейіннен бұлар кең табанды жолға айналдырылды. Мойынты-Шу темір жол халықтық құрылыс әдісімен салынып, ондаған мың колхозшылар жер қазу жұмыстарын атқарды. Соғыстан кейінгі кезеңде темір жолдардың жеке учаскелерін электровоз бен тепловозға көшіру басталды. 1958 ж. июльде Түркістан - Сібір және Қарағанды темір жолдары, сол сияқты республика жерінен өтетін басқа да бірқатар темір жол желілері негізінде Қазақ темір жолы құрылды.

Республиканың автомобиль паркі 1910 жылғыдан 12 есе өсті. Көп орынды жаңа автобустар мен аса жайлы жеңіл автомобиль машиналар шықты. Тас төселген жолдардың ұзындығы 4,7 есе артып, 1958 жылы 7,1 мың км-те жетті. Әуе қатынасы да тез қарқынмен өркендеді. Авиациялық жолдары Алматыны Москвамен, еліміздің көптеген ірі қалаларымен, республикамыздың барлық облыс орталықтарымен және алыс аудандарымен байланыстырды. Самолет паркі жаңарып, жаңа аэровокзалдар салынды.

1959 жылы почта, телеграф және телефон кәсіпорындарының саны 1940 жылғымен салыстырғанда 42%, трансляция жасайтын радио қондырғылар саны 5,4 есе өсті. Телефон жүйесі едәуір ұлғайып, 1959 жылы ол барлық МТС-терді, совхоздардың 91%-ін, колхоздардың 87%-ін, ауылдық және селолық Советтердің 68%-ін қамтыды. 1950 жылы Алматыда автомат-телефон станция салынып болды. 1950 жылдары теловизия байланысы өркендей бастады.

5- және 6-бесжылдықтар ауыл шаруашылығында ірі өзгерістер мен зор табыстарға қол жеткен кезең болды. КПСС ОК-нің Сентябрь (1953) және Февраль (1954) пленумдары белгілеген шараларды жүзеге асыру ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді шұғыл арттыруға жағдай жасады.

1954жылы көктемде тың және тыңайған жерлерді игеру басталды, бұл жөнінде республикаға бүкіл еліміз жәрдемдесті. 1959 жылға дейін Қазақстан тыңына комсомол жолдамасымен Москвадан, Ленинградтан, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және басқа республикалардан 300 мыңнан аса жігіттер мен қыздар келді. Жұмысшы табы тыңда орнаған совхоздарды қамқорлыққа алды. Тек 1954-1955 жылдар ғана Қазақстан ауыл шаруашылық 15 а. к. бар 122 мың трактор, 26 мың комбайн, 22 мыңнан аса жүк автомашиналарын алды. 1954-1956 жылдар республика совхоздарына қалалардан 160 мыңнан аса мамандар мен механизаторлар-заводтар мен фабрикалардың жұмысшы коллективтеріпің өкілдері келді. Тың игерген аудандарға келген жаңа қоныстанушылар есебінен республика халқы едәуір көбейді.

1954-1955 жылдар Қазақстан ауыл шаруашылығына 6105 млн. сом күрделі қаржы жұмсалып. 18 млн. га-дай жаңа жер игерілді, сөйтіп, егіс көлемі 20,6 млн. га-ға жетті. Тың және тыңайған жерлер бұдан кепін де игеріле берді. 1954-1958 жылдар ішінде республикада 501 жаңа совхоз құрылып, 1958 жылы аяғына дейін совхоз саны 876-ға жетті. Қазақстан совхозды республикаға айналды. Мұның өзі халықтың әлеуметтік құрылымына орасан зор өзгеріс енгізді. 1958 жылы жұмысшылар мен қызметшілердің үлес салмағы 54,1%, ал колхозшылардың үлес салмагы 22,2% болды. Совхоздардың ауыл шаруашылық өндірісінен алатын үлес салмағы шұғыл артты. 1958 жылы олар мемлекетке астықтың 65,8%-ін, еттің 42%-ін, сүттің 40%-ін, жүннің 42%-ін берді т. т. Егіс көлемі 28 661,5 мың га-ға, оның ішінде дәнді дақылдар 23 244,6 мың га-ға жетті. Егін далаларында 15 а. к. бар 266,4 мың трактор, 96,3 мың астық комбайны т. б. техника жұмыс істеді.

Мал шаруашылығында да ірі табыстарға қол жетті. 1959 жылы 1 январьға дейін шаруашылықтың барлық категорияларында мал саны 1940 жылғымен салыстырғанда 3,4 есе көбейігі, 34 миллионнан асты. 1958 жылы республикада 422,4 мың т ет (1940 ж. 226,6 мың т болған), 2387,5 мың т сүт (1940 ж. 1099,2 мың т болған), 65,2 мың т жүн (1940 ж. 13,7 мың т болған), 809 мың жұмыртқа (1940 ж. 313,1 мың болған) өндірілді. Сонымен, соғыстан кейінгі дәуірде Қазақстанның ет, сүт, жүн өндірісіндегі ролі едәуір артты. Тың және тыңайған жерлерді игеру арқасында республика Совет Одағының аса ірі астықты өңіріне айналды. 1954-1958 жылдар ол елімізге 2 млрд. 528 пұт астық берді. Астықтың жалпы түсімі 1953 жылғымен салыстырғанда 4 еседен аса көбейді. 1956 ж. Қазақстан мемлекетке 1 млрд. 340 мың пұт астық өткізді. СССР Жоғары Советі Президиумының 1956 жылғы 20 октябрьдегі Указы бойынша, Қазақ ССР-і Ленин орденімен наградталды. 1958 жылы да егіннен мол өнім алынды; мұның өзі республиканың мемлекетке 950 млн. 200 мың пұт астық тапсыруына мүмкіндік берді. СССР Жоғары Советінің Президиумы астық және басқа да ауыл шаруашылықөнімдерін өндіруді арттырудағы ірі жетістіктері үшін Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан (қазіргі Орал) облыстарын Ленин орденімен наградтады.

Қазақстан жұмысшы табы мен колхозшы шаруаларының еңбектегі творчестволық және қоғамдық-саяси зор белсенділігі соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарларды ойдағыдай орындаудың аса маңызды қозғаушы күштерінің бірі болды. Бұл кездегі социалистік жарыстың бір ерекшелігі жаңашылдар қозғалысының кеңінен қанат жаюында еді. Балқаш мыс қорыту зуыдының коллективі түсті металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің 4-бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау жөніндегі бүкіл одақтық патриоттық қозғалысыныц бастаушысы болды. Бұл бастаманы Қарағанды шахтерлері, Лениногор, Текелі, Қоңырат рудниктерінің кеншілері, Ақтөбе ферросплав3-дының, Ертіс полиметалл комбинатының, Қазақ металлургия зауыдының металлургтері, Ембі мұнайшылары т. б. қызу қолдады. Қара және түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібінің жұмысшылары Ұлы Октябрьдің 30 жылдығын лайықты қарсы алу жолындағы социалистік жарыста тамаша табыстарға жетті. Олар бесжылдықтың алғашқы екі жылының жоспарын ойдағыдай орындады. Металлургия өнеркәсібінің 19 кәсіпорны4-бесжылдықтың 3-шешуші жылының жоспарын мерзімінен бұрын орындап, 1949 жылдың басында олардың кейбіреулері бесжылдықтың аяғында белгіленген өндіріс дәрежесіне жетті. 1948 жылы өнеркәсіп пен транспорттың 20 мыңнан аса озат жұмысшылары 2-5 және одан да көп жылдық тапсырманы орындады.

Еңбектің озат әдістері кеңінен тарады. Петропавл вагон-жөндеу пунктінің атақты токары И. И. Печорин 1946 жылы жеке-жеке жарыс ұйымдастыру бастамасын көтеріп, бесжылдық тапсырманы бір жылда орындауға уәде етті. Қазақстан КП ОК оның бастамасын мақұлдап, озат жұмысшының еңбек әдістерін республика өнеркәсібі мен транспортының кәсіпорындарында қолдануды ұсынды. И. Печорин өз міндеттемесін абыроймен орындады: 1946 ж. ноябрьдің аяғына дейін ол 5,5 жылдық норма, ал бесжылдықтың аяғына дейін 20 жылдық норма орындады. Оның бастамасы роспублика жұмысшылары арасында кеңінен қолдау тапты. № 33/34 шахтаның П. Акулов бастаған проходшылар бригадасының үлгісімен Қарағандыда шапшаң проходка жасаушылар қозғалысы өрістеді. Қазақ металлургия зауыдының жұмысшылары И. Голубев пен Ф. Вагценконың бастамасы бойынша, металлургтер арасында шапшандатылған әдіспен болат қорыту қозғалысы өріс алды. Бұл қозғалысты кеңінен дамыту бір балқытпа уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Мартен цехтарында балқытпа жасаудың жаңа графигі енгізілді. Бұл әдіс бойынша, әр балқытпаны белгілі бір бригада өзі бастап, өзі аяқтауға тиіс болды. Ал бұрынғы әдіс бойынша, оны бригадалардың бірі бастап, екінші біреуі аяқтап келген еді. Көмір және кен қазу өнеркәсібінде циклдер графигін («тәулігіне бір цикл» жүйесін) енгізу жолындағы социалистік жарыс көп пайда берді. Бұл жаңалық жаршысы Қарағандының А. А. Жданов атынд. шахтасының Д. Богодельщиков бастаған врубмашинистер бригадасы болды. Бесжылдықтың аятына дейін Қарағанды бассейнінде 39 лава циклдік график бойынша жұмыс істеді. Қарағанды темір жолының машинисі Н. С. Мелейконың бастауы бойынша, локомотивтерді жөндеусіз жүргізу жолындағы жарыс өрістеді. Ащысай руднигінің кеншілері еңбекті комплексті-бригадалық әдіспен ұйымдастыру жолындағы қозғалыстың бастаушылары болды. Түркістан-Сібір темір жолының машинисі М. Қаптағаев өз әріптестерін әр паровозбен тәулігіне кемінде 500 км жол жүруге шақырды. Қазақстан КП ОК бұл бастаманы қолдап, темір жол басшыларын паровоз айналымын тездету жөніндегі социалистік міндеттемелерін ойдағыдай орындаулары үшін локомотив бригадаларына қажетқі жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге міндеттеді. Көп кешікпей-ақ бес жүзші паровозшылардың ауыр салмақты поездарды шапшаң жүргізу жолындағы қозғалысы бұқаралық қимылға айналды. Еңбектің прогресшіл жаңа әдісін жасап, өндіріске енгізгені үшін 1950 жылы еліміздің басқа да бір топ озат паровозшыларымен бірге М. Қаптағаевқа СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1948 жылы СССР Жоғары Советінің Президиумы көмір өндіруді арттыруда үздік табыстарға жеткені және жұмыстың озат әдістерін ойдағыдай қолданғаны үшін Қарағандының таңдаулы он кеншісіне Социалистік Еңбек Ері атағын берді (Т. Күзембаев, Б. Нұрмағамбетов, Б. Акулов т. б.).

Ауыл-село еңбеккерлері де соғыстан кейінгі бесжылдықтардың жоспарларын ойдағыдай орындау жолында ерлікпен күресті. Бұлардың ішінен егіншілік пен мал шаруашылығының бір топ тамаша шеберлері өсіп жетілді (Қызылорда облысының атақты күрішшілері ЬІ. Жақаев пен Ким Ман-Сам, Ақтөбе облысының аға шопандары X. Есжанов пен К. Шегебаев, Жамбыл облысының аға шопаны Ж. Қуанышбаев т. б.). Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде ауыл-село еңбеккерлерінің творчестволық шабыты мен еңбектегі белсенділігі ерекше айқын көрінді. 1956 жылы қазақстандық алғашқы миллиард пұт астық үшін күрестегі аса зор жетістіктері үшін ауыл шаруашылығының 139 озатына, оның ішінде Қостанай обл., Павлов атындағы совхоздың комбайншысы Ж. Демеевке, сол облыстағы Жаркөл МТС-і трактор бригадасының бригадирі И. И. Рудскойға, Ақмола обл., Семенов МТС-інің комбайншысы Қ. Алпысбаевқа, Павлодар обл., Назаров МТС-інің комбайншысы П. Ф. Музыкаға Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ берілді. 40 мыңнан аса адам Совет Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталды. 1958 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырғаны үшін мал фермаларының 24 қызметкері Социалистік Еңбек Ері атағын алды, 2686 адам ордендермен және медальдармен наградталды.

Қазақстан жұмысшы табы мен колхозшы шаруаларының жаңашылдық қозғалысы соғыстан кейінгі дәуірдің аяқ шенінде коммунистік еңбек жолындағы қозғалысқа ұласты.

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.210-215.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-03-24 17:22:55     Қаралды-489

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »