UF

СОЦИАЛИСТІК ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢІНІҢ АЯҚТАЛУЫ, СОЦИАЛИЗМНІҢ ЖЕҢУІ

2-бесжылдық және оны жүзеге асыру. 1933 жылы Совет мемлекетінің тарихындағы жаңа кезеңнің - социалистік қоғамның материалдық техникалық базасын жасауды аяктау кезеңінің басталу жылы болды. Совет мемлекетінің бұл кезеңдегі маңызды міндеттері СССР халық шаруашылығын өркендетудің 2-бесжылдық жоспарында (1933-1937) бөлгіленді. БК (б) П-ның 17-съезі (1934) 2-бесжылдық жоспарын мақұлдап, партияның 17-конференциясы ұсынған негізгі саяси және шаруашылық міндеттерін бекітті. 2-бесжылдықтың негізі саяси міндеті: капиталистік элементтерді үзілді-кесілді жою, адамды-адам қанауды тұғызатын себептерді түбегейлі жою, адамдардың санасындағы капитализмнің қалдығын жеңу еді. Шаруашылықтағы басты міндет - халық шаруашылығында техникалық қайта құру ісін аяқтау, яғни оның барлық тармақтарын (өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын транспортты) қайта жабдықтау және СССР-дің Отан қорғау қабілеттілігін нығайту болып табылды.

Бұл жоспар бұрын артта қалған ұлт республикалары мен облыстарының экономикалық әрі мәдениет жағынан теңсіздігін жою шараларын бөлінеді, бесжылдық жоспардың міндеттерінде еліміздін шығыс аудандарында, соның ішінде Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылды.

Экономикалық даму қарқынын жеделдету нәтижесінде Қазақстан индустриялы-аграрлық социалистік елге айналуы көзделді. Ауыл шаруашылық саласын жаппай коллективтендіруді аяқтап, колхоздар мен совхоздарды ұйымдастыру-шаруашылық тарапынан нығайту белгіленді. 1933--1937 жылдар Қазақстанның халық шаруашылығына 5,2 млрд. сом мөлшерінде күрделі қаржы бөлінді, бұл 1-бесжылдық жылдарындағы қаржыдан бірнеше есе артық еді. 2-бесжылдықта Қазақстанның маңызын түсті металлургия, сол сияқты көмір, мұнай өндірістік аудандық ретінде де арттыру керек болды. Ауыр өнеркәсіптің бұл негізгі үш саласына өнеркәсіпке бағышталған қаржының 60%-тен астамы жұмсалды. Сонымен қатар энергетикалық базаны, құрылыс материалдарын өндіруді кеңейту, жаңа қазбалы кен байлық орындарын игеру ескеріліп, ендірісті шикізаттың өндірілетін орнына жақындастыру және өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру проблемасын шешу шаралары белгіленді.

Жаңа бесжылдық жоспарын қабылдау өнеркәсіп орындары мен құрылыста, МТС-тер мен колхоздарда жұмысшылар мен колхозшылардың жаңа еңбек өрлеуін туғызды. Елімізде соцмалистік жарыс пен екпінділік өріс алды. Бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстанда басталған стахановшылар қозғалысы кен өріс алып, оған қатысушылар өнімнің бұрыңғы нормасын өзгертіп, жоғары еңбек өнімінің мәдениетіне ие оолды. Стахановшылар қозғалысының жаппай өріс алуы жаңа техниканың негізінде еңбек өнімділігін арттыру жолындағы сапалы жаңа кезеңді мегзеді. 1933 жылы ақырында республикамызда социалистік жарысқа жұмысшылардың 38%-і қамтылса, 1937 жылы 225 ірі өнеркәсіп пен транспорт кәсіпорындарында және құрылыстарда істейтін 1/2 мың адамның 22 мыңнан астамы стахановшы, 26,8 мың екшнді болды да, 30,7 мың адам жақсы өндірістік көрсеткіш жолында күресті. Бұл қозғалысқа республиканың ауыл шаруашылығы еңбекшілері де қатысты.

Социалистік жарыс, еңбек қарқынының өсуі, басқа халықтардың, әсіресе орыс халқының көмегі - 2-бесжылдықтағы жоспардың тапсырмасын  табысты аяқтауды қамтамасыз етті. Әсіресе Балқаштың мыс қорытатын зауыды, Ақтөбенің химиялық комбинаты үдемелі қарқынмен салынып, Ембінің мұнай байлығы да игеріле бастады. Қарағандының кемір бассейні, Жезқазғанның мыс қоры негізінен қайта игеріліп, кенді Алтайдың кәсіпорындарын қайта құру жолында күрделі жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар темір жолдың жаңа жүйелері тартылып (Қарағанды - Балқаш, Риддер - Рубцовка, Орал - Елек, Қандыағаш - Гурьев, Нілді - Жезқазған), ондіріске техника жаңалықтары енгізіліп, энергетикалық базалар (Қарағанды, Балқаш, Алматы, Семей жылу электр орталықтары, Ульба су электр ст.) нығайтылды.

1934 жылы Семей ет комбинаты іске қосылып, Петропавл, Орал ет комбинаттары бүтіндей қайта жабдықталды, Алматы, Талдықорған облыстарында тамақ өнеркәсібінің әр түрлі кәсіпорындары және Меркенің қант зауыды жұмыс істей бастады.

Өлкелік партия комитеті мен республика үкіметінің басшылығымен көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда коллективтендіруде жіберілген асыра сілтеу мен қателіктерді жоюдың шаралары жүзеге асырылды.

Колхоз құрылысында колхозшылардың белсенділігін арттыруда екпінді колхозшылардыц Бұкіл одақтық 1-съезі (февр. 1933) маңызды роль атқарды. Деревняларда колхоз құрылысының орнығуы мен партияның ауыл шаруашылық өркендетудегі жауапкершілігі арта түсті. Мұнда колхозды нығайтуға баса назар аударылды, әсіресе бұл істе БК(б)П ОК-інің январь пленумының қаулысы бойынша МТС жанынан саяси бөлімнің құрылуының ерекше маңызы болды. МТС пен совхоздардың саяси бөлімдерінде істеу үшін БК(б)П ОК-і Қазақстанға 650 адам жіберді. Колхоздар мен совхоздарды ұйымдастыру, шаруашылық жағынан нығайту, ауыл мен селолардың еңбекшілеріне саяси тәрбие беру жөнінен МТС пен совхоздардың саяси бөлімдері саяси-көпшілік жұмыстарын кеңінен жүргізді.

Екпінді колхозшылардың Бүкіл одақтық 2-съезінде (1935 ж. февр.) қабылданған ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгі уставының қабылдануы колхоз құрылысын нығайтуда маңызды қадам болды. Устав бойынша колхоздарға жер тегін және мәңгі пайдалануға берілді. Мұның шаруашылықта саяси да зор маңызы болды. 2-бесжылдықтың ақырында Қазақстанның колхоздарында 66 млн. га-дан астам жер болды. Республика колхозының әрбір түтініне орта есеппен пайдаланатын жер 120 га-дан (СОСР бойынша 20 га) келді.

1937 жылы Қазақстанның колхоздары республиканың егін шаруашылығының 97,5%-ін біріктірді. Бұлар егістік жердің 99,8 %-ін өңдеп, астықтың жалпы өнімінің 84,4%-ін ендірді. Бесжылдықтың ақырында көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтардың отырықшылыққа айналудағы едәуір табысы тоздардың жаппай ауыл шаруашылық уставына көшуіне ықпал жасады. 1933-1937 жылдар Қазақстанда жаңадан 223 МТС құрылды. МТС қызмет көрсететін колхоздарда ауыл шаруашылық механикалаңдыру артты да еңбек өнімділігі жоғарылады.

Коммунистік партия басшылық еткен совет халқының қажырлы еңбегінің арқасында 2-бесжылдық мерзімінен бұрын, 1937 ж. 1 апрельде яғни 4 жыл 3 айда орындалды. 2-бесжылдықта СССР-дің өнеркәсібі 2,2 есе, ал ауыр өнеркәсібі 3,4 есе өсті. 2-бесжылдық жылдары Қазақстан үшін екпінді құрылыс және жаңа өндірістерді игеру кезеңі болды. Осы жылдары республикада 120 ірі өнеркәсіп салынып,15 мың км-ден астам темір жол пайдалануға берілді. Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі букіл халық шаруашылық өнімінің 56,8%-іне жетті. Ауыр өнеркәсіп өте жоғары қарқынмен өсті. Қазақстан бесжылдықтың ақырында өнеркасіптің жалпы өнімі бойынша 7-ші, электр қуатын өндіруден 6-шы, тас көмір өндіруден 3-ші, мұнай өндіруден 3-ші, қорғасын қорытудан 1-орынға шықты. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де дамыды.

2-бесжылдықтың ақырында Қазақстанда 17234 өнеркәсіп жұмыс істеді. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің құны 980 млн. сомнан артты, оның ішінде ірі өнеркәсіп өнімінің құны 480 млн. сомнан астам еді. Республикалық өнеркәсібінің қаркыны одақтық қарқыннан асып түсті. Қазақстанның ауыл шаруашылығында социалистік өндірістік қатынас біржолата нығайды. Коллективтендірудің аяқталуы, колхоздар мен совхоздар, МТС-терді ұйымдастыру, колхоздардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюы буған толық дәлел бола алады. Сонымен, социализм өнеркәсіпте ғана емес, ауыл шаруашылығында да жеңіске жетті.

2-бесжылдықтың ақырында Қазақстанда 193 совхоз, 287 МТС болды. Бұлардың машина паркінде 30,9 мың трактор (15 а. к. есептеғенде), 7765 комбайн, 6808 жүк автомашинасы, көптеген ауыл шаруашылық жабдықтары болды. МТС егістік жердің 84,6 %-ін өңдеді.

Егістіктің көлемін ұглғайту, мал басын кобсйту жөніндегі 2-бесжылдық жоспары асыра орындалды.

Қазақстан СССР бойынша қоғамдық мал басы, егістік жер мен астықтың жалпы өнімінен 3-, қант қызылшасының егістігі мен жалпы өнімнен 4-, шитті мақта өндіруден 5-орын алды.

2-бесжылдықта республиканың егіс көлемі 400 мың га-ға жетіп, 5 707,5 мың га болды. Оның ішінде астық дақылы 5133,7 мың га еді. 1937 жылы республикада 36,7 млн. астық, 3639 мың ц. қант қызылшасы, 1242 ц шитті мақта, 3929 мың ц картоп жиналды.

2-бесжылдықтың ақырында республиканың колхоздарында 11135 товарлы ферма болды. Бұл 1933 жылға қарағанда үш есе артық еді. Ал қой-ешкінің басы 3,5 есе өсті. Малдың 99%-ке жуығы колхоздар мен совхоздарда, өзге де мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындарында, сондай-ақ колхозшылардың жеке меншігінде еді.

2-бесжылдық жоспардың табысты орындалуының нөтижесінде бүкіл совет қоғамының экономикасы мен әлеуметтік құрылымында көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның өмірінің барлық тарабында да түбегейлі өзгеріс болды. Қанаушы таптар үзілді-кесілді жойылып, адамды адам қанаұды туғызатын себептер жойылды. Елімізде социализм жеңіске жетті.

Қазақ халқының капитализмді аттап өтіп, капиталистік қатынастарға дейінгі кезеңнен социализмге өтуі - СССР-де социализм құру тәжірибесінің бөлінбес құрамды бөлігі және ұлттық мәселені түбегейлі шешудің нәтижесі болды.

Лениндік ұлт саясатының жүзеге асуы, СССР-дің барлық халықтарының, ең алдымен орыс халқының қалтқысыз көмегі арқасында Қазақстан экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықты аз мерзімнің ішінде жойып, еліміздің барлық халықтарымен қатар социализмге өтуге мүмкіндік алды.

Қазақ халқының социалистік ұлт болып қалыптасуы. Ұлы Октябрь әлеуметтік қанаудан құтқарғаң қазақ халқы социализм құрылысы кезінде, еліміздің өзге де халықтары сияқты социалистік ұлт болып қалыптасты. СССР халықтарының өзге де ұлттары сияқты қазақтың социалистік ұлтының қалыптасуын қамтамасыз еткен шешуші жағдайлар Коммунистік партияның басшылығымен пролетарлық диктатурасының орнауы және нығаюы, жұмысшы табы мен еңбекші шаруалар одағының ынтымақтасуы, қанаушы таптардың және адамды адам қанауды туғызатын себептерідің жойылуы; социалистік экономиканы құру, ұлттық қанауды жою және халықтар достығын нысайту еді.

Қазақ халқының және еліміздің артта қалған өзге де халықтары мен ұсақ халықтарының капиталистік ұлт кезеңіне соқпай социалистік ұлт болып қалыптасуының басты жағдайы - Ұлы Окт. жеңісі, пролетариат диктатурасының орнауы және СССР-дің құрылуы.

Қазақ халқының, сол сияқты Орта Азия халықтарының, Сібір мен Советтік солтүстіктің біраз халықтарының социалистік ұлтқа айналуы - дамудың капиталистік жолына соқпай өтті.

Жеңіске қолы жеткен Россия пролетариатының, ең әуелі орыстың жұмысшы табының көмегі антифеодалдық және социалистік өзгеріс жасауды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, қазақ халқының социалистік ұлт болып қалыптасу қарқынын тездетуге жағдай туғызды. Бұл процестің тағы бір маңызды жағы - сонымен бір мезгілде қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы теңсіздіктің іс жүзінде жойылуы еді.

Социалистік құрылыс барысында қазақтың социалистік ұлтының мызғымас экономикалық бірлігі қалыптасты, оның көп ұлтты совет мемлекетінің езге ұлттарымен экономикалық бір тұтастығы нығайды.

Орта Азияның ұлттық мемлекеттік бөлінуі (1924 ж.) - қазақ жерін біріктіруді аяқтауға ықпал жасады. Мұнан кейін қазақтың әдеби тілі бұрыңғыдан әрі дамып, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыс жағдайы түбегейлі өзгерді, оның саяси санасы артты.

Бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстанда социализмнің жеңісінің нәтижесінде барлық қанаушы таптар жойылды. Коммунизм құру мақсатын ұстаған, экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани мақсаты бір дос екі тап - жұмысшы табы мен шаруалар табы ғана қалды.

Бесжылдық кезеңдерінде қалыптасқан советтік жұмысшы табының кадрлары - қоғамдық прогрестегі ұйытқы күш болды. Шаруаның әлеуметтік жағдайында, рухани бейнесінде түбірлі өзгеріс болды, ол қанаушыдан арылған ерікті колхозшы шаруаға айналды. Қазақ совет интеллигендиясы қалыптасьш, өрісі кеңіді, өсті, олардың мақсаты жұмысшы табы мен колхоз шаруасының мүддесіне сай келді. Халықтар достығының идеологиялық негізі - марксизм-ленинизм қазақ халқының сана-сезіміне 20 жылдары күл-талқаны шыққан ұлттық контрреволюцияның қалдықтарымен, құрдымға кеткен отаршылардың әдетін сақтап қалған сарқыншақтарымен, олардың партия және мемлекеттік аппаратындағы, мәдениет және оқу ағартудағы, ғылыми және шаруашылық органдарындағы әрекеттерімен ымырасыз идеялық куресте орнықты.

Ұлы Октябрьлық жеңісі және социализмді құру процесі совет халқының адамдардың жаңа тарихи қауымы ретінде қалыптасуы мен дамуындағы ең басты шарттары болды. Совет халқы СССР-де кемелденген социализм қоғамын құрған кезде адамдардың тарихи жаңа қауымдастығы болып біржола қалыптасты.

Еңбекшілердің материалдық әл-ахуалының артуы. Халық шаруашылығының барлық тармағында социализмнің жеңіске жетуі еңбекшілердің материалдық жағдайын едәуір жақсартты. 2-бесжылдықтың алғашқы жылдарында-ақ азық-түлік және өнеркәсіп товарларын бөлудегі карточка системасы жойылды да, халық тұтынатын заттарды ендіру және сату арттырылды. Республиканың жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа жалақысы 1937 жылы 1932 жылға қарағанда 2 еседен астам артты, әсіресе ауыр өнеркәсіптің негізгі саласындағы істейтін жұмысшылардың жалақысы анагұрлым тез көтерілді.

Колхоз шаруалары мен МТС және совхоздардың жұмысшы қызметкерлерінің материалдық жағдайы едәуір жақсарды. Еңбек күннің құшы жоғарылады. 1937 жылы колхозшылар еңбек күнге орта мөлшермен 4,2 кг астық, бір сомнан ақша алды. Көптеген астықты аудандардың колхозшылары еңбек күндеріне 5 кг-нан да асырып астық алды. Ауыл шаруашылығындағы жұмысшы, қызметкерлердің жылдық орта жалақысы 1933 жылғы 1045 сомнан 1937 жылы 1959 сомға жетті, сол кезеңдерде МТС-тің жұмысшы, қызметкерлерінің жалақысы 1681 сомнан 2378 сомға дейін көтерілді.

2-бесжылдық жылдарында республиканың мәдени-әлеуметтік жағдайларға мемлекеттік 113,1 млн-нан 648,2 млн. сомға дейін қаражат бөлді, яғни алты есе өсірді. Соның ішінде оқу-ағартуға 5,2 есе, денсаулық сақтауға - 7,2 есе, еңбек қорғау, әлеуметтік қамсыздандыруға 6,7 есе артық бөлінді. 920 мың шаршы м тұрғын үй салынды. 1933-1937 жылдар республикадағы емдеу мекемелері 67%-ке, ал ауруханадағы орын 80%-ке аптты. 2-бесжылдықтың ақырында 794 емхана жұмыс істеді, онда 1,703 дәрігер, 7,600 орта білімді медициналық қызметкер жұмыс атқарды.

Бурабайда, Шымкентте, Семейде, Оралда, Риддерде, Алматыда жаңа демалыс орындары ашылды. Еңбекшілер өз республикасының демалыс орындарында ғана емес, Қырымның, Кавказдың сонымен қатар СССР-дің өзге аудандарындағы курорттар мен санаторийлерінде емделіп, дем алды.

Ауыл мен село тұргындарының тұрмысын социалистік тұрғыдан қайта құруда едәуір шаралар жүргізілді. Ауылдық, селолың жерлерге жартылай өндірістік поселкелер, гараж, жөндеу шеберханалары, тұрғын үйлері бар совхоз бен МТС-тердің орталықтары салынды. Колхоздардың көптеген поселкелері алдын ала жасалған жобалармен салынды.

2-бесжылдықтың кезінде қазақтардың семья және ноке қатынастарындағы патриархалдық-рулық әдеттердің қалдықтары мен діни көзқарастарға айтарлықтай соққы берілді. Қазақ әйелдері қалалар мен селолардағы материалдық мәдени құрылысқа кеңінен тартылды. Республиканың өнеркәсіп, транспорт, мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 120 мыңға жуық әйел еңбек етті.

Қазақстанның индустриалдық өркендеуі қалалар мен қала тұрғындарының өсуіне ықпал етті. Республиканың астанасы Алматыда барлық жағдаймен қамтылған тұрғын үй комбинаттары, мамандарға, артистерге, ғылым мен мәдениет қызметкерлеріне арнайы тұрғын ұйлер салынып, пайдалануға берілді. 1937 ж. Алматыны түбегейлі жаңартудың алғашқы жобасы жасалды. Ескі қалаларды жаңартып және жаңа қалалар салуда еңбекшілердің қоғамдық тұрмысының социалистік белгілері, ал қала құрылысы мен архитектурада жаңа сапалы үлгілер белең алды.

Еңбекшілердің материалдық әл-ахуалының артуы олардың тұтыну заттарына деген сұранысын арттырды. Мұның өзі товар айналымын кеңейтіп, совет саудасын одан әрі өркендетуге жағдай туғызды.

Қазақ АССР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы. РСФСР-дің құрамында болып экопомикалық және мәдени дамудың үлкен жолынан өткен Қазақ АССР-і 1936 жылы 5 декабрьде Советтердің төтенше 8-съезі қабылдаған СССР Конституциясы бойынша одақтық республикалық болып қайта құрылды да, тікелей СССР құрамына енді. Қазақ ССР-і суверенді одақтық республикалық ретінде мемлекеттік, экономикалық және мәдени құрылыс мәселесін шешуге бұрыңғыдан кеңірек правоға ие болды. БК(б)П Қазақстан өлкелік ұйымы 1937 жылы апрельде Қазақстан К(б)П болып қайта құрылды.

Қазақстанның одақтас республикалық болуына байланысты Қазақ ССР-інің жаңа Конституциясы қабылданылды. Қазақстан ОАК-і Президиумының 1936 жылғы 9 июльдегі қаулысы бойынша кұрылған Конституциялық комиссия Қазақ ССР-і Конституциясының жобасын дайындады. Жоба 1937 жылы 9 февральда жарияланып, бүкіл халықтың талқылауына ұсынылды. Қазақстан Советтерінің төтенше 10-съезі (1937 ж. 21-26 март) Қазақ ССР Конституциясы жобасының алғашқы тексін жан-жақты талқылап, кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, оны бір ауыздан бекітті.

Конституцияда Қазақстанның АССР-ден (1920 ж.) одақтық республика болып қайта құрылғанға дейінгі аралықтағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени табыстарына қорытынды жасалды. Қазақ халқы Ленин партиясының басшылығы мен орыс және СССР-дің өзге де халықтарының көмегінің арқасында өсудің капиталистік жолына соқпай патриархалдық-феодалдық қатынастардан социализмге өту фактісінің зор тарихи маңызын конституция бекітті. Конституцияның Қазақ ССР қоғамдық құрылысына арналған тарауында Қазақ ССР-і жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, оның саяси негізі Советтер, ал экономикалық негізі - шаруашылықтың социалистік системасы екені айтылды. Республиканың мемлекеттік жоғары органы - Қазақ ССР Жоғары Советі, ол өзінің президиумын және республикалық үкіметін құрады. Қазақ ССР-інің Конституциясы Совет мемлекетінің жалпы мүддесі мен республиканың ұлттық мүддесіне сай келді. Онда СССР Конституциясындағыдай республикалық азаматтарының міндеттері мен праволарының бірлігі нығайтылып, олардың демократиялық праволары мен бостандығы қамтамасыз етілді.

Республика Конституциясында қазақ халқының сол сияқты оның көп ұлтты тұрғындарының өткен тарихи жағдайларымен оқшауланған ерекшеліктері, тіршілігі мен тұрмыс салтындағы өзіне тән айырмашылықтар ескерілді.

Қазақ ССР Конституциясының 2-тарауында Қазақ ССР-інің Одақтық мемлекет СССР-ге өз еркімен қосылудағы мақсаты баяндалды. Одақтас республикалар экономика және саясат, Отан қорғау жөніндегі міндеттерін бір-біріне өзара көмектесу арқылы жүзеге асырды. Осыған сәйкес жалпы одақтық міндеттер мен праволарды жүзеге асыру, СССР Конституциясы бойынша СССР-дің жоғары заң шығарушы және басқарушы органдарының кең праволары белгіленген. Одақтас республикалардың бір мемлекетке қосылу нәтижесінде СССР заңдары Қазақ ССР территориясында міндетті түрде қолданылды. Сонымен бірге Қазақ ССР-інің әрбір азаматы СССР азаматы болып табылды. Осы жағдайларға байланысты өкімет органдарының системасына, басқару орындарына тиісті өзгерістер енгізу қажет болды. Республикада мемлекеттік өкімет пен мемлекеттік басқару істеріне өзгерістер енді. Қазақ ССР мемлекеттік басқармасы 14 халкомнан құралды, оның 8-і шаруашылық, 4-і әлеуметтік-экономикалық халкомдар еді. Бұл Одақтық республика ретінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының ұйымдастыру шаруашылық, мәдени-ағарту, тәрбие міндеттерін күшейтуге, правосын арттыруға жасаған жағдай еді.

СССР Жоғарғы Советінің алғашқы сайлауы. 1936 жылы СССР-дің жаңа Конституциясының қабылдануы, елімізде сайлау жүйесінің демократиялануы совет қоғамындағы саяси бетбұрыс болды. Советтердің төтенше 8-съезінің қарары мен СССР-дің жаңа Конституциясының негізіне сай 1937 жылы 12 декабрьде СССР Жоғары Советінің сайлауын өткізу ұйғарылды.

БК(б)П ОК-нің февраль-март пленумы (1937 жылы) жаңа сайлау жүйесі бойынша СССР Жоғары Советінің сайлауын өткізуге партия ұйымдарының дайындығы жайлы шешім қабылдап, партия ұйымдарына осыған сай саяси-партия жұмыстарын қайта құруға ұсыныс жасады. 1937 жылы июльде СССР ОАК-нің сессиясы «СССР Жоғарғы Советінің сайлауы туралы ережені» бекітті, ал сол жылы 7 декабрьде БК(б)П ОК бүкіл еліміздің сайлаушыларын коммунистер мен партияда жоқтар блогының кандиттарына дауыс беруге шақырды.

Қазақстан еңбекшілері бүкіл совет халқымен бірге сайлау науқанының басталуын жаңа еңбек өрлеуімен қарсы алды. Қазақ ССР-інде Одақ советін сайлайтын 19, Ұлттар Советін сайлайтын 25 сайлау округы құрылды. Республиканың партия ұйымдары мен Советтері сайлауға дайындықта үлкен жұмыс жүргізді. Сайлау науқаны кезінде коммунистер мен партияда жоқтардың байланысы бұрыңғыдан да күшейді. Сайлаудың үгіт-насихат және ұйымдастыру жұмыстарына 200 мыңнан астам адам қатысты, учаскелік сайлау комиссияларына 50 мыңнан астам адам ұсынылды. 1937 жылы 12 декабрьдегі СССР Жоғары Советінің сайлауы совет халқының жоғары саяси белсенділігі жағдайында өтті. Одақ бойынша 94 млн. сайлаушыдан дауыс беруге 91 млн. адам яғяи 96,8%-і қатыты, бұлардан 90 млн. адам, яғни 98,6%-3 коммунистер мен партияда жоқтардың блогына дауыс берді. Қазақстан бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 96,9%-і қатысты, оның ішінде, коммунистер мен партияда жоқтардың блогына Одақ советі бойынша 99,4%, ұлттар Советі бойынша 98,7% дауыс берді. Қазақстан бойынша сайланған 44 депутаттың ішінде 26 қазақ болды. Қазақстан еңбекшілері СССР Жоғары Советіне республиканың көрнекті партия, мемлекеттік қайраткерлерін, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының озаттарын, совет интеллигенциясының өкілдерін сайлады.

Жеңіске жеткен социализм Конституциясының негізінде өткен СССР Жоғары Советінің сайлауы біздің еліміздегі социалистік демократияның, халықтардың саяси-моральдық бірлігі мен достығының салтанатты көрінісі болды.

СССР-де социализмнің жеңуі мен Қазақстандағы социалистік құрылыстың тәжірибесі - қоғамдық дамудың социалистік жолында ғана барлық жағынан прогреске ие болу мүмкін екендігін дүние жүзіне паш етті. Бұл тәжірибе КПСС программасында тұжырымдалған мына қағиданы дәлелдейді: «Социализм халықтардың бостандық пен бақытқа жететін жолы. Социализм экономика мен мәдениеттің тез өрлеуін қамтамасыз етеді... Адамның қанауын жою әлеуметтік теңсіздікті біржолата құртады... Социализм жұмысшы табы мен барлық еңбекшілердің материалдық және мәдени дәрежесінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Социализм халық бұқарасын қараңғылық пен надандықтан құтқарып, оны осы заманғы мәдениетке тартады» (Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасы, А., 1977, 47-6.).

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.192-196.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-03-24 17:16:34     Қаралды-211

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »