UF

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ДӘУІРІНДЕ

Интервенттер мен ақ гвардияшыларды жеңгеннен кейін совет халқы Компартияның басшылығымен халық шаруашылығын қалпына келтіруге кірісті. Ол тұста еліміздің ішкі жағдайы өте ауыр болатын. Экономика және мәдени жағынан артта қалған Қазақстанның халық шаруашылығын қалпына келтіру тіпті қиындай түсті. 1920 жылы мұнда өнеркәсіп соғысқа дейінгі өнім көлемінің 1,5%-не жуығын ғана берді, астық өндіру 3 есе кеміді. Оның устіне контрреволюциялық элементтер кейбір жерлерде дәлірек айтқанда, Есіл бойында бүлік шығарды. Оңтүстік Қазақстанның кейбір жерлерінде басмашылар бүлік шығарып жатты. Жергілікті партия ұйымдары еңбекшілерді кулактар мен байлардың бүлігіне қарсы күреске көтерді. Коммунистер мен комсомолдардан ерекше жағдайда пайдаланылатын әскери бөлімдер (ЧОН) құрылды. Қызыл Армиямен бірлесе қимыл жасай отырып, олар контрреволюциялық қарсылықтарды жойды.

Осы кезеңде Троцкий партияда социализм құруда кәсіподақтардың ролі туралы дискуссия туғызды. Қазақстанның партия ұйымдарына дискуссия лениндік ұлт саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге, оның ішінде жұмысшы табының ұлттық кадрларын қалыптастырудағы кәсіподақтардың ролі туралы мәселеге қозғау салды. РК(б)П ОК Қазақстан партия ұйымдарына лениндік позицияда тұруға көмектесті. 1921 жылы 1-2 январьда партияның ОК Шығыс халықтары коммунистіқ ұйымдарының кеңесін өткізді. Оған республика партия ұйымының өкілдері Ә. Жанкелдин, С. Меңдешев, С. Сейфуллин қатысты. Кеңес коммунистердің ұлттық кадрларын тәрбиелеу, орыс коммунистерінің тәжірибесін пайдалану, ұлт мәселесіндегі ауытқулармен күресті күшейтуге жұмылдырды. Қазақстан коммунистерінің басым көпшілігі кәсіподақтар мәселесінде лениндік платформаны мақұлдады.

1921 жыды 8-16 мартта Москвада партияның 10-съезі өтті. Одан екі кун бұрын РК(б)П ОК Түркі халықтары коммунистерінің Бүкіл россиялық 2-кеңесін өткізді. Оның жұмысына Қазақстаннан С. М. Меңдешев, М. М. Мырзағалиев, Е. К. Қасаболатов, Г. А. Коростелев т. б. барлығы 25 делегат қатысты. Олардың төртеуі Кронштадт бүлігін жоюға қатысты. Партияның ОК- нің саяси қызметі туралы баяндамасында В. И. Ленин азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына көшуді соғыс коммунизмінен жаңа экономикалық саясатқа (нэп) көшу қажеттілігімен дәлелдеді. Сонымен қатар ол «Азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына көшу туралы» баяндамасында бұл шараның шаруалардың жағдайын жеңілдетуді, ауыл шаруашылық және бүкіл халық шаруашылығын көтеруді көздейтінін түсіндірді. Съезд социалистік құрылыстың лениндік жоспарының құрамды бөлігі ретінде ұлт мәселесіне зор көңіл болді. «Партияның ұлт мәселесі жөніндегі кезекті міндеттері туралы» қарарында бұрын езгіде болып келген халықтардың шаруашылық және мәдени артта қалушылығын, олардың іс жүзіндегі теңсіздігін жою қажеттігін атап көрсетті. Съезд кәсіподақтар туралы дискуссияға қорытынды жасап, лениндік платформаны қабылдады.

1921 жылы 11-18 июньде Орынборда Қазақстан облысы партий комитетінің 1-конферепциясы болды, 26 мыңнан астам партия мүшесі мен мүшелікке кандидаттардан 162 делегат (147 шешуші, 15 кеңесші дауыспен) қатысты. Ол Қазақстан отрядын РК(б)П-ге біріктіруді ұйымдастыруды аяқтады. Содан кейін көп ұзамай облыстық комитеттің басшылығымен республикалық комсомол және кәсіподақ органдары құрылды.

Республика еңбекшілері Компартияның басшылығымен халық шаруашылығын қалпына келтіруге кірісті. Жұмысшылардың жігері өте жоғары болды. Риддер кеншілері шетел капиталистерінің рудниктерде иелік жасауына жол бермеуін өтініп, В. И. Ленинге хат жолдап, Риддерде барлық рудниктерді, фабрикалар мен заводтарды қалпына келтіруге ант еткен. Концессиялық келісім қабылданбады. Екібастұздың кәсіпорындарына, Каспий мен Аралдың балық аулау кәсіпшіліктеріне және темір жол бойына мыңдаған жұмысшы қайтып оралды. Петропавл консерв зауыды қалпына келтірілді. Семей Затонының коллективі кемелерді жөндеуді тездетті. Ұлы Октябрьдің бес жылдығына Шымкент еңбекшілері қалпына келтірген сантонин зауыды іске қосылды. Ауыл шаруашылық қалпына келтірілді. Алайда 1921 жылы жаздағы қуаңшылық еліміздің 34 губерниясын, соның ішінде Орал, Бөкей, Қостанай және Ақтөбе губернияларын қамтыды. Егіннің шықпауы қуаңшылықтың ғана емес, ауыл шаруашылық артта қалуының да салдарынан еді. Еліміздің орыс шаруалары мен басқа да халықтары көп қиыншылықтарды бастан кешірсе де, Қазақ АССР-не үлкен көмек көрсетті. Республиканың аштыққа ұшыраған тұрғындары жүздеген мың пұт азық-түлік алды. Пұт пен қуаңшылықтан азап шеккеп кедейлердің шаруашылықтарына ондаған мың ірі қара мал, бес млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-22 жылы 1 млн. га-дан астам күздік және жаздық егістікке себілді.

1922 жылы 19-27 февральда Орынборда РК(б)П Қазақстан облыстық 2-конференциясы өтті. Ол қазақ еңбекші шаруаларын кооперацияға тартудың маңызын атап өтті, партия ұйымдарына олардан кулак-эсерлер мен байшыл-ұлтшыл элементтерді аластауды міндеттеді. Сондай-ақ конференция бұқара арасында ұйымдастыру жұмысын күжейтуді, партия, совет, комсомол және кәсіподақ ұйымдарының төменгі буындарын нығайтуды талап етті.

РК(б)П-нің 11-съезінде ОК-нің саяси есебінде В. И. Ленин нэп-тің алғашқы жылының қорытындысын шығарды. Нэп-ті жүргізудегі партияның қолы жеткен табыстары және кейін шегінудің аяқталып, енді капиталистік элементтерге шабуылға шығу үшін күшті топтастырудың міндеттерін ұсынуға мүмкіндік туғаны айтылды. Соған байланысты РК(б) П ОК республикаға тәжірибелі партия, совет және шаруашылық қызметкерлері тобын жіберді, ал 5 апрельде Қырғыз (Қазақ) бюросының ОК-ін құрды. Оның секретары болып Г. А. Коростелев сайланды. 1922 жылы июньде РК(б)ІІ ОК-і Қырғыз (Қазақ) республикасының коммунистеріне хат жолдады. Онда партия ұйымының қызметіне талдау жасалды, лениндік ұлт саясатын және Нэп-ті жүзеге асырудағы партия және совет жұмысының елеулі кемшіліктерінің беті ашылды. РК(б)П ОК-нің хаты партия ұйымдарын топтастыруда, оның республикадағы социалистік құрылысты басқару дәрежесін арттыруда маңызды роль атқарды.

РК(б)П ОК 1920 жылдың көктемі мен жазында Қазақстан мен Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық, әсіресе жер мәселесіне арнайы назар аударды. Бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге В. И. Ленин тікелей араласты. Партияның Туркістандағы негізгі міндеттері туралы ОК-інің қаулысының жобасына ескертпелерін айта келіп, ол кадрді жергілікті тұрғындарға қайтару қажеттігін көрсетті.

Түркістан Компартиясының 5-съезі (1920 жылы 12 сент.) патша үкіметі тартып алған жерді қазақ, қырғыз және өзбек еңбекшілеріне қайтару жөнінде қаулы қабылдады. Тек осы негізде ғана, - деп атап көрсетті съезд, - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының езушіліктің капиталистік даму формасы мен құлатылған россиялық империализмнің үстемдігі орнына байлардың үстемдігі орнауынан іргесін аулақ салуға мүмкіндік беретін еңбекші ұлт шаруаларының Россияның жұмысшы табымен және шаруалармен одағы нығаюы мүмкін. «Орыстар мен қырғыздарды (қазақтарды) жерді басып алушылықпен батыл күресе отырып... экономикалық жағынан толық теңестіру» міндетін қойған, Қазақстанның облыстық 1-партия конференциясы да (1921 жылы июнь) осы қағиданы қолдады. Қазақ және Түркістан АССР-лері партия комитеттерінің басшылығымен РК(б)П ОК-нің Түркістан бюросының, БОАК-тің Түркістан Комиссиясының және РСФСР халкомсовының қатысуымен жер мәселесі бойынша негізгі заң шығарушы актілер мен нұсқалар әзірленді де жер реформаларын жасауға дайындық жүргізілді. 1921 жылы январьда Қырғыз және Қазақ кедейлерінің Әулиеатадағы съезінде, Қазақ және Түркістан АССР-і облыстық, губерниялық, уездік партия комитеттерінің пленумдарында кедейлер самодержавие тартып алған құнарлы жерлерді қайтаруды талап етті. Қазақ еңбекшілеріне бұрын олардан бөлініп алынған, бірақ бос жатқан жер учаскелерін, кулактардың еңбек нормасынан тыс тартып алған жер үлестерін, Орал мен Сібір казак әскерлерінің Ертіс бойындағы (10 км-лік алап) және Оралдағы (сол жағалауы) жерлерін қайтару туралы 1921 жылы февраль-апрельде Қазақ АССР-інің үкіметі декрет шығарды. Жетісу және Сырдария облыстық ревкомдары Алматы, Қапал, Лепсі, Жаркент, Әулиеата және Шымкент уездеріндегі жер-су реформасы туралы қаулы қабылдады. Еңбекші кедей шаруалардың қоныстанушылары жергілікті еңбек нормасы шеңберінде жер үлесін алуға праволы болды. Бүкіл халық алдында жәрия етілген жер реформалары ауыл еңбекшілерін дүр сілкінтті. Қосшы одақтарын ұйымдастыруда бұқараның революциялық өрлеуі айқынырақ көрінді. Оның уставын Түркістан Компартиясының ОК-і бекітті. Ауыл кедейлерінің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Совет өкіметіне көмектесу сияқты негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформасын жүргізуде коммунистер Ж. Бәрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев т. б. көрнекті роль атқарды. Қазақ еңбекшілеріне жерді қайтару туралы Қазақстан ОАК-інің декреттерін дайындауда және жүзеге асыруда партия және совет қызметкерлері А. Асылбеков, Ә. Т. Жанкелдин, Г. А. Коростелев, С. М. Меңдешев, С. Сейфуллин т. б. елеулі үлес қосты.

Патша үкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының мұраларын жойған 1921-1922 жылдардағы Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалар, партияның саясаты рухына толық сәйкес келді яине жергілікті ұлт еңбекшілерінің, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалардың мүдделерін қорғады. Олар жұмысшы табының шаруалармен одағын нығайтуға жол ашты. Көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардың барлық дерлік кедейлері салықтан босатылды. Қазақ еңбекшілерін кооперативтендірудің тиімді формаларын, ең алдымен уставтарында көрсетілген сату, жабдықтау, сауда, кредит, өндірістің жеке элементтерінің, кейде мәдени-ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіру жолдары қарастырылды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында совет тік сауда құрылысының өзіндік әдістері кейде жаңа мазмұнмен байытылған ескі формалары қарастырылды. Олар өз айналымдары қайта жанданған және өсе түскен жәрмеңкелер, сауда керуендері еді.

1922 жылы 15 декабрьде Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті республиканың көп ұлтты шаруалары арасында лениндік идеяны сенімді таратушы - жұмысшылар арасында партиялық ықпалды күшейту туралы жергілікті партия ұйымдарына хат жолдады. Онда коммунистердің негізгі күштерін жұмылдыруға тиісті нақты екпінді кәсіпорындар: Екібастұз, Біршоғыр және Қарағанды кен орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері т. б. сол уақытта қазақ жұмысшылары топтаса бастаған кәсіпорындар да көрсетілді.

Қазақстан кәсіподақтары мүшелерін өз еріктерімен қабылдауға көшіп, тіркеуді қайта жүргізді. 1922 жылы ноябрьде құрамында 68 мың мүшесі бар Қазақстан кәсіподағының 2-конференциясы өтті.

Коммунистер басқарған жұмысшылардың жасампаз еңбегі өзінің алғашқы жемісін берді. Мұнай, тұз өндіру едәуір артып, жеңіл және тамақ өнеркәсібі ойдағыдай қалпына келтірілді. Петропавл - Көкшетау темір жол іске қосылды, ал оның құрылысшылар коллективі республикада 1-рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор - Ташкент және Сібір магистралында (Қазақстандық дистанцияда) жүк айналымы өсті.

1922 жылы Советтер сайлауы еңбекшілердің зор белсенділігімен өтті. Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті РК(б)ІІ ОК-іне: «Қырғыздың (Қазақтың) кедей тұрғындары байлармен батыл күресуде және оларды советтен аластатуда. Бұл құбылыс барлық жерде байқалуда. Советтердің уездік және губерниялық съездері РК(б)П мен Совет өкіметінің шаруалар арасында беделге ие болып отырғанын көрсетті» деп хабарлады. Советтер құрамын жергіліктендіру совет құрылысындағы жетістіктің маңызды көрсеткіші болды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитетінің сайлауларынан кейін депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. Капиталистік кезеңге дейінгі жағдайға бейімделген шаруалардың советтері арасында лениндік идея өзінің өміршеңдігін көрсетті және көпшіліктен күшті қолдау тапты.

Көшпенді және жартылай көшпенді халықтар арасында Компартияның саясаты мен Совет өкіметінің заңдарын насихаттаудың жаңа үлгісін қарастырды. Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің шешімі бойынша 1922 жылы апрельде Ә. Т. Жанкелдиннің басшылығымен Қазақстан ОАК-інің Қызыл керуені ұйымдастырыла бастады. 9 майдан 12 авгусқа дейін керуен Орынбор мен Семей аралығында орналасқан 26 болыстықтың 37 аулында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауыдында болды. Оның құрамындағы республикалық партия, совет және комсомол ұйымдарының өкілдері 126 митингі, 420 әңгіме өткізді. Осы кезде қызыл отау да жұмыс істей бастады. Партия ұйымдары совет және шаруашылық, сот ісі қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді енгізу жөнінде көп қамқорлық жасады, мұның өзі ұлттың мемлекеттілікті нығайтуға ықпал етті, Қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тіл болды. Советтерді құруға және нығайтуға коммунистер А. Әйтиев, А. Досов, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, С. Шарипов т. б. елеулі үлес қосты.

Қазақ әйелдерін басыбайлылықтан құтқаруға бағытталған партия комитеттерінің қызметі кеңінен өрістей бастады. Республикадағы әйелдердің коммунистік қозғалысына алғашқы коммунистер - қазақ әйелдері Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова ұйытқы болды. Облыстың губерниялық және уездік комитеттерде құрылған әйелдер бөлімдері әйелдер арасында бұқаралық саяси жұмысты кеңінен өрістетті.

Жұмысшы табының шаруалармея одағын және еліміз халықтарының туысқандық ынтымағын нығайтуда ССР Одағының құрылуы баға жетпес роль атқарды. РСФСР құрамына енген басқа да туысқан республикалар сияқты Қазақ АССР-інің еңбекшілері де Россия Федерациясын сол күйінде қалуын құптап, соның құрамында Советтік Социалистік Республикалар Одағына енуге бір ауыздан тілек білдірді. Тең праволы халықтардың ерікті мемлекеттік одағының лениндік ұлт саясатының негіздері Советтердің Бүкіл одақтық 2-съезі (1924 жылы 31 янв.) қабылдаған ССР Одағының 1-Конституциясында заңды түрде бекітілді.

1923 жылы 17-22 мартта Орынборда РК(б)П Қазаңстан облыстық 3-конференциясы өтті. Онда «партия ұйымдарының жұмысын жандандыру шеніндегі шаралар жергілікті жерлерде партияның саналы және байсалды мүшелері тарапынан батыл қолдау тапқаны» атап өтілді. Конференцияға қатысушылар Владимир Ильич Ленинге - «өздерінің қымбатты көсеміне, Россияның пролетарлық революциясының Бас басшысына» құттықтау телеграмма жолдап, «Конференция қымбатты Ильичтің деңсаулығына терең тебіреніспен зер салып жақсы хабарлар күтеді» - делінді.

1922 жылы декабрьден 1923 жылы мартқа дейінгі аралықта В. И. Ленин өте қатты, науқасына қарамастан жұмыс істей берді. «Күнделік дәптердің беттері», «Кооперация туралы», «Біз рабкринді қайтадан қалай құруымыз керек», «Біздің революция туралы», «Аз болса да жақсы болсын» сияқты партияға, дүние жүзілік коммунистік және азаттық қозғалысқа саяси өсиеті қалған өзінің маңалаларын машинкаға ауызша бастырды. Соңғы мақалалары мен хаттары арқылы Владимир Ильич елімізде социализм орнатудың перспективалы жоспарын көрсетіп берді. В. И. Лениннің бұл нұсқаулары 12-съезд (1923 ж. 17-25 апр.) шешімдерінің негізіне алынды. Съезд ОК мен Коминтерн ОК-інің қызметін мақұлдады, Нэп-ті жүзеге асырудың қорытындысын шығарды, халық шаруашылығын қалпына келтірудің шараларын белгіледі. Ұлттық және деревнядағы Жұмыс туралы т. б. мәселелерді талқылады.

Бұл жылдары республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру ісі кең өрістеді. 1923 жылы Екібастұзда - 500, Риддер мен Ақжалда - 300, Жетіқарада - 600 жұмысшы жұмысқа кірісті. Сол жылғы санақ мәліметіне қарағанда губерниялық және уездік қалаларда Жетісу және Сырдария облыстарын қосқанда өндірісте 25 мың жұмысшы болды.

1924 жылы 21 январьда ұлы Ленин қайтыс болды. Қайғылы хабар бүкіл дүниее жүзіне тарады. Қазақ халқы көсемнің өліміне қатты қайғырды, оны қойысуға Қазақстаннан Қырғыз (Қазақ) ОАК-інің председателі С.М. Меңдешев басқарған делегация Москваға келді. Еңбекші халықтың талабына орай, РҚ(б)П ОК-інің пленумы (29-31 янв.) - «Жұмысшылар мен қызметкерлерге» Үндеу мен «Жұмысшыларды станок басынан партияға қабылдау туралы» қаулы қабылдады. Бұл лениндік шақыру оолды.

РК(б)П ОК лениндік шақыру жағдайында жұмысшы қазақтарды партияға қабылдау мерзімін 1 сентябрьге дейін ұзартты. Лениндік шақырумен Қазақстанда барлығы (Қазақ АССР құрамына кейінірек енген Оңтүстік облыстарды қосқанда) 79.944 адам (соның ішінде 600-ден астам жұмысшы), олардың арасында 2 мыңнан астам қазақ қабылданды. 1924 жылы 11-16 майда Орынборда РК(б)П Қазақстан облыстық 4-конференциясы етті. Оған 19 мың коммунистен 117 делегат шешуші дауыспен, 8 делегат кеңесші дауыспен қатысты. РК(б)П ОК-інің қызметі туралы оның өкілі Я. Ә. Рудзутак баяндама жасады. «Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің жалпы саяси бағытын дұрыс ден тауып, есеп беріліп отырған мерзімде жасалған жұмысты қанағаттанарлық» деп, делегаттар партияның 12-съезінің ұлт мәселесі жөніндегі шешімін орындаудағы ерекшеліктерін атап өтті. Олар жергілікті бюджеттің жартысы халық ағарту ісіне жұмсалатыны және 1924 жылдың басынан республикадағы барлық оқу орындары оқушыларының жартысы дерлік қазақ жастары болғаны туралы мәлімдемені қуанышпен қарсы алды. Оңтүстік Қазақстандағы Қосшы одағының жұмыс тәжірибесін ескере келіп, конференция ауыл кедейлерінің бұқаралық ұйымы - Жарлы одағын құру жөнінде шешім қабылдады. Ұйымдастыру комитетінің председателі болып 1920 жылдан Компартия мүшесі И. М. Құрамысов сайланды. 1923 жылдың аяғында-ақ батырақтар одағы облыстық комитетің ұсынысы бойынша жер және орман қызметкерлері одағына біріккеп еді.

1924 жылы апрельде РСФСР үкіметі Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің ұсынысымен Қазақ АССР-інің көшпелі жартылай көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы декрет шығарды. Кедейлерді жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз міндетіне алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен көп жеңілдіктер жасалды. Ең алдымен қора-жай салуға, құрал-сайман алуға несие қаржы берілді. Орта Азия Советтік Республикаларын ұлттық мемлекеттік жатынан межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға болды. Бұл мәселе жайында 1920 жылы июньде В. И. Ленин ұсыныс жасаған болатын РК(б)П ОК-інің «Түркістандағы РК(б)П-ның негізгі міндеттері туралы» қауылысы жобасына жасаған өзінің ескертпелерінде ол Орта Азияның әр түрлі ұлттарын орналастыру туралы материалдарын мұқият әзірлеу қажеттігін, Түркістанның этникалық картасын жасау, межелеуді жүргізу жағдайын тиянақты анықтау керектігін атап көрсеткен болатын. Сол кезде-ақ оңтүстік облыстардың қазақ еңбекшілері Қазақ АССР-іне қосылуды қолдады. Түркістан мен Қазақ АССР-і өкілдердің ұлттық межелеу жөніндегі кеңесі РК(б)П ОК-інің П-ның 11-съезіне бағытталған еді.

1924 жылы Орта Азияда басмашылардың негізгі күші талқандалды. Экономика ойдағыдай қалпына келтірілді, партия ұйымдары мен Советтер нығайды. Компартия Орта Азияда ұлттык, мемежелеу ісін дайындады. 12 июньде РК(б)П ОК-інің Орта Азия бюросының комиссиясы дайындаған жобаны қарады. Орта Азия мен Қазақстан хаяықтарын экономикалық саяси және мәдени жағыынан одан әрі дамыту мақсатында «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы алды. 1924 жылғы сентябрьдің басында В. В. Куйбышев басқарған РК(б)П ОК-інің жергілікті партия ұйымдары мен советтердің ұсыныстарын қараған комиссиясы өз жұмыста аяқтады. Бұхар мен Хорезмнің Құрылтайлары (Советтер съездері), Түркістан ОАК-інің төтенше сессиясы өзбектердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың Советтік ұлттық республикалар мен облыстар құруы правосын және Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақ еңбекшілерінің еркіне байланысты олардың Түркістан АССР-нен шығып, Қазақ АССР-іне бірігуін қуаттады. БОАК Түркістан Республикасындағы Қазақ жерін Қазақ АССР-іне берілуін заңдандырды, оның құрамына Қарақалпақ автономиялық облыс енді. 27 октябрьде СССР ОАК-інің қаулысын бекітті. Республикасының территориясы 70° мың км дерлік, ал халқы- 1.468.724 адам га өсті. Қазақ АССР-нен негізінен орыстар мекендеген Орынбор губерниясы бөлінді. Советтік Қазақстанның астанасы Қызылорда (Ақмешіт) болды. Қазақ жері мен қазақ халқын бір тұтас Советтік ұлттық мемлекетке біріктіру республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамытуда, қазақ социалистік ұлтының даму, нығаю прогрессін тездетуде аса маңызды роль атқарды.

1925 жылы 15-19 апрельде Қызылордада республика Советтерінің 5-съезі болды. Ол барлық Советтерге Компартияның: «Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар!» деген ұраны негізінде жұмыс істеуге нұсқау беру және жерге орналастыру жұмыстарының перспективтік жоспары, ирригациялық құрылысты дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауда позициясын одан әрі нығайту, өндірістік кооперацияны колдау, халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - қазақ халқы, ал республиканы Қазақ ССР деп атау туралы қаулы қабылдады.

РК(б)П ОК-нің 1925 жылы 19 февральдағы қаулысымен Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті - Қазақстан Өлкелік партия комитеті, ал сол жылғы 21 марттан Бақылау комиссиясы - Олкелік бақылау комиссиясы болып қайта құрылды. РК(б)П Қазақстан Өлкелік комитетінің құрылуымен Өлкелік партия ұйымының правосы, жауапкершілігі артты. Қазақстан партия ұйымы РК (б) П-нің 14-конференциясының СССР-де социализм орнатуға бағытталған нұсқауын қолдады. Мұның бір мезгілде қазақ халқының капитализмге соқпай социализмге өтудің күрделі проблемасын шешу болып табылады. Саяси ағарту жұмыстары мәселелеріне барған сайын зор көңіл бөлінді 1924/25 оқу жылында партиялык оқу жүйесінде 125 қалалық саяси сауат ашу мектебі жұмыс істеді, онда 5 мыңнан астам адам оқыды, 4 мыңнан астамы коммунистер мен комсомолецтер болды, ауыл мен деревняда 60 мектеп (3 мыңнан астам тыңдаушы, олардың бір мыңнан астамы қазақтар) жұмыс істеді. Сонымен бірге көшпелі аудандарда көшпелі мектептер, сондай-ақ әр түрлі саяси курстар мен өз бетінше білім алу үйірмелері жұмыс істеді. 1500 тыңдаушысы бар, соның ішінде қазақ еңбекшілері өкілдерінің қатысуымен 15 мектеп, партия, совет кадрларын және шаруашылық қызметкерлерін дайындады. РК(б)П Өлкелік комитеті мен жергілікті партия комитеттерінің басшылығымен 76 қалалық клуб, 72 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен бақташы үйі, 93 болыстық кітапхана, 3 жылжымалы кітапхана өз қызметін жандандыра түсті. Коммунистерді тәрбиелеуде, лениндік идеяны насихаттауда баспасөз едәуір роль атқарды. Егер республика құрылған кезде не бары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы 13 газет және 5 журнал шықты. «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Народное хозяйство Казахстана» т. б. журналдар еңбекшілер арасында зор беделге ие болды. Марксизм-ленинизм идеясын насихаттауға арналған әдебиеттердің үлес салмағы артты. Кітаптардың жалпы тиражы жарты млн-нан асты, олардың 257 мыңы қазақ тілінде шықты. Республиканың партия ұйымы әдебиеттің қалыптасуы мен дамуына қамқорлық жасады. РК(б)П ОК-нің «Көркем әдебиет мәселесіндегі партия саясаты туралы» қаулысында айтылған нұсқауларға сәйкес РК(б)П Қазақстан өлкелік партия комитетінің секретариаты 1925 жылы 12 июльде Пролетариат жазушылардың Қазақ ассоциациясын құру туралы шешім қабылдады және құрамында белгілі жазушылар С.Сейфуллин, Б. Майлин т. б. бар ұйымдастыру бюросын құрды.

НЭП-пен лениндік саясатты жүзеге асырудың жетістіктерімен бірге еңбекшілердің, ең алдымен жұмысшы табының саяси белсенділігі артты. 1925 жылы Советтер сайлауында ауылдық Советтерге 59 860 депутат жұмысшылар мен батырақтар - 6,1%, кедейлер - 70,9%, орташалар 18,5%, қызметшілер - 4% сайланды.

1925 жылы Қазақстан елкелік партия комитеті Әйелдердің болыстық қызыл отауы туралы ережені мақұлдады. Оған қазақ әйелдері арасында сауатсыздықты жою және саяси тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, праволық медициналық білімдерді насихаттау, әйелдерді кооперативие тарту тапсырылды. 1924 жылы «Қалың малды жою күні» мерекеленді.

Өзінің саяси қызметінде республика партия ұйымы кәсіподақтарға сүйенді. Олардың қатары тез өсті. 1925 жылы 1 январьдан 1 сентябрьге дейін кәсіподаққа 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі отті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 100 мың адамнан асты.

Қазақ АССР-інің саяси және мәдени өмірінде партияның сенімді көмекшісі - комсомол маңызды орын алды. 1925 жылы республиканың комсомол ұялары 51 мың жігіттер мен қыздарды біріктірді. Жастардың танылған жетекшілері Қ. Әміров, С. Жақыпов, С.Нұрпейісов, Ф. Рузаев, С. Сафарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов т. б. комсомолдар арасынан шықты. 1925 жылы РКЖО мен Қазақстанның комсомол ұйымы өздерінің талантты басшыларыңың бірі Рани Мұратбаевтан айрылды. Оның қайтыс болуына байланысты 1925 жылы 17 апрельде «Правда» газетінде жарияланған РКЖО ОК-інің ұндеуінде былай деп жазылды: «Ғани Мұратбаев саяси күрес жалынында туған, ұлттық шектеулер дегенді білмейтін, өткеннің қарғыс атқан ұлтшылдық қалдықтарынан азат Шығыстың жаңа ұрпағы қатарында болды. Әрқашанда және барлық жерде, Түркістанның қиын да күрделі жағдайында ол Түркістан еңбекшілерінің Россия пролетариатымен одағын нығайтып, пролетарлық ұстамды бағытты жүзеге асырып отырды».   

Республиканың партия ұйымы балаларға коммунистік тәрбие беруге зор көңіл бөлді. Пионер қозғалысы Қазақстанда 1922 жылдың аяғында, РКЖО- ның Букіл россиялық 5-съезінен кейін пайда болды. 1923 жылы августа РКЖО Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті жас пионерлердің облыстық бюросын құрды, оның жұмысына РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің өкілі Н. Нұрмақов, әйелдер бөлімінен Н. Арықова, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық халкомының өкілдері қатысты. Жас пионерлер бюросы губерниялық және уездік комсомол комитеттері жанынан да құрылды. 1924 жылы республикада 14 мыңнан астам пионерді қамтыған 162 отряд болды.

РК(б)П ОК-інің январь (1925) пленумы мен 14-конференциясының директивасы бойынша Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі мен түсті металлургиясын дамытуға бөлінетін қарясы өсті (сол жылы 23 млн. сомға жетті), Бүкіл одақтық маңызы бар Атбасар түсті металл, Алтай қазақ полиметалл трестері құрылды, оларға тәжірибелі инженерлер мен техниктер жіберілді. Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанның ірі өнеркәсібінде, жол қатынасында, совхоздарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші болды. Олардың ішінде қазақтар саны да өсті. Мыс., мұнай өнеркәсібінде басым көпшілігі, кен өнеркәсібінде 45%, тоқымашылар - 30%-тен астам болды. Республика өнеркәсібінде істейтін жұмысшылардың жалақысы 1921-25 жылдарда (салыстырмалы бағамен)

1,5-2 есе өсті, ауыр өнеркәсіпте одан да көп болды. Еңбекшілер мүддесіне орай әлеуметтік сақтандыру, тегін медициналық көмек, еңбекті қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүйелері жүзеге асырылды. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында (Риддерде, Доссорда т. б.) мемлекеттік есебінен тұрғын үйлер құрылысы басталды.

Ондаған мың ауыл-село кедейлері мен батырақтары ссудаға ақша, азық-түлік және тұқым алды. Партия дәйектілікпен жүзеге асырған комплексті шаралар нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі айқын белгіленді. 1925 жылы Өлкелік партия комитетінің «Абсолютті цифрлармен және процентпен есептегенде кедей шаруашылықтар азайып, орташалардың көбейгендігі байқалды» деп айтуға толық мүмкіндігі болды. 1925 жылы октябрьде 322 690 мүшесі бар әр түрлі жүйедегі 2811 кооператив жұмыс істеді, бұлардың 1000-нан астамында 62 546 қазақ мүше болды. Кооперативтер қатарында 96 коммуна, 557 артель, 58 серіктіктер болды. Тұтыну кооперациясы, соның ішінде көшпелі ауылда кеңінен дамыды. Кооперативтерден басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді. Кооперативтендіру жоспарының лениндік идеясы кең байтақ өлкеде қанат жайып, қолдау тапты.

1925 жылы 1-7 декабрьде РК(б)П Қазақстан Өлкелік 5-конференциясы болды. Оған 31 мың коммунистен шешуші дауыспен 172, кеңесші дауыспен 55 делегат қатысты. Олар СССР-де социализм орнату және оның жеңісі туралы лениндік бағытты қолдан, РК(б)П ОК-інің троцкистермен, «жаңа оппозициясымен» т. б. антилениндік ағымдармен және топтармен күресіп мақұлдады. Конференция қаулысында, мемлекеттілікті нығайтуды білдіретін ауылдарды советтендіру, бұқараның саяси белсенділігін арттыру, экономика мен мәдениетті дамыту, совет аппаратын жергіліктендіру мәселелері айтылды.

1925 жылы декабрьде өткен партияның 14-съезі: «СССР-де социалистік құрылыстың жеңісі үшін курес біздің партиямыздың басты міндеті болып табылатынын», өнеркәсіптің, ең алдымен өндіріс жабдықтарын өндіретін өнеркәсіптің өсуі мен нығаюы, ақырында, ол біздің елімізде жаңа, әділетті қоғамдық құрылыс перспективасын белгілейтінін атап көрсетті. Ол еліміз халықтарының түбегейлі өмірлік мүддесіне сай келетін СССР-ді социалистік жолмен индустрияландыру бағытын ұстанды. Съезде Троцкиймен жақтасқан Зиновьев пен Каменев бастаған «жаңа оппозиция» әшкереленді, олар СССР- де социализмнің жеңу мүмкіндігін жоққа шығарғысы келді. Олардың ең белсеңділері партиядан шығарылды. Съезд РК(б)П-нің Бүкіл одақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы болып қайта аталуын бекітіп, БК(б)П-нің жаңа Уставын қабылдады.

Қазақ АССР-і бүкіл елмен бірге дамудың жаңа кезеңіне - социализмнің экономикалық базасын жасауға кірісті.

Бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын индустрияландыру социалистік қайта өзгерістердің шешуші буыны болды. 1926 жылы апрельде СССР халық шаруашылығы Бүкіл одақтық советінің бастамасы бойынша, Қазақстанды өнеркәсіп жағынан өркендету жөнінде Қызылордада үлкен кеңес болып, онда республиканың мол қорларын, пайдалы қазбаларын зерттеп, іске қосуға ерекше назар аударылды. Өлкенің өндіргіш күштерін өрге бастырып, табиғат байлықтарын игеруді тездету үшін СССР Еңбек және қорғаныс Советі 1926 жылы 3 декабрьде Түркістан - Сібір темір жолын (Түрксіб) салу туралы қаулы қабылдады. Совет мемлекеті бұған арнап 200 млн. сом қаржы бөлді. РСФСР Халкомсовы жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитетін Т. Рысқұлов басқарды.

Құрылыс жұмыстары 1927 жылы апрельде басталды. Құрылысшылардың дені қазақ еңбекшілері болды (1929 жылы көктемде - 80%-і). Құрылыс ұлттық пролетариат кадрларын әзірлеу және тәрбиелеу мектебіне айналды. Бұл тұста Қарсақбай мен Риддерде, Петропавл ет комбинатыида өндірісті қалпына келтіру және қайта құру жұмыстары өріс алды, Гурьевте аса ірі тоңазытқыш пайдалануға берілді, Ембі кәсіпшіліктерінде мұнай өндіру қарқыны артты.

БК(б)П Қазақстан өлкелік конференциясы (1927 ж. нояб.) оппозицияшы троцкийші, зиновьевші, ұлтшыл-уклонистердің республиканы индустрияландыру жолымен өрге бастыруға кедергі жасау әрекеттеріне тойтарыс берді. Конференция коммунистерді партияның елімізді индустрияландыруға деген сара жолын бұлжытпай жүзеге асыру ісінің бастаушысы болуға шақырды, Қазақстан ауылдары мен селоларында жерге орналастыру жұмыстарын ұлтына қарап кезекпен жүргізу жөніндегі қате бағытты жойды, байларға шабуылды күшейту, ауылда революциялық шараларды іске асырып, оны советтендіру ісін онан орі жүргізе беру қажет деп тапты.

20 жылдың орта шенінде қазақ негізінен мал шаруашылығымен айналысатын да, халықтың едәуір бөлігі көшпелі және жартылай көшпелі өмір көшетін. 1926 жылы санақ мәліметтеріне қарағанда, қазақ шаруашылықтарының 24%-і егіншілікпен, 33,2%-і мал-егін шаруашылығымен аралас, 38,8%-і мал бағумен айналысты (4,5%-і жайында мәлімет жоқ). Мұндағы алғашқы екі топ (шаруашылықтардың 57%-і) отырықшы шаруашылыққа жататын. Мұның өзі Совет өкіметі жылдарында қазақтардың отырықшылыққа тез көше бастағанын көрсетеді. Ал революцияға дейін отырықшы шаруашылықтар саны барлық шаруашылықтардың үштен бірінен аспайтын еді. Шаруашылықтардың 40-43%-і көшпелі және жартылай көшпелі жағдайда күнелтті. Бұлардың қыстаулары мен егіншілердің тұрақты қоныстары маңында шабындықтар және жыртуға жарайтын жерлер болатын. Оны ауылдың барлық әлеуметтік топтары бірдей пайдалануға праволы еді. Ал іс жүзінде қыстау маңындағы және елді мекендерге жақын орналасқан ең шұрайлы шабындықтар мен егістік жерлер байманаптікі болатын.

1926 жылы 20 майда ҚАССР ОАК-і мен Халкомсовы жерге орналастыру жұмыстары жүргізілмеген көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда шабындықтар мен егістік жерлерді уақытша бөлу жөнінде қаулы қабылдады. Ауыл Советтерге шабындық және егістік жерлерді шаруа ауылдары мен жеке шаруашылықтар арасында (әкімшілік ауылдың нақты пайдалануындағы жер көлемінде) тең бөлуге Қосшы одағын қатыстыра отырып дереу кірісу тапсырылды. Белгілі бір ауылға тіркелген барлық азаматтарға шабындық алу правосы берілді. Бөліс жан басына (кей реттерде - үй басы) жүргізілді. Кедендерге артықшылық жасалды.

1926 жылдың 2-жартысы мен 1928 жылдың көктемі аралығында 320 мыңдай қазақ шаруашылықтарына жер бөліп берілді; бұлардың басым көпшілігі көшпелі және жартылай кошпелі аудандардың шаруашылықтары еді, науқанның негізгі назар аударған жерлері де солар болатын. Шабындықтардың 61,6%-ін кедейлер, 29,8%-ін орта шаруалар, 8,6%-ін ауқатты шаруалар алды. 1927 жылы егістік жерлерді бөлгенде (5 округ бойынша) барлық жердің 59,3%-ін кедейлер, 31,7%-ін орта шаруалар, 9%-ін ауқатты шаруалар алды; 1928 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 66,3, 26,2, 7,5% болды. Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу байлардың экономикалық қуатын тежеп тастады.

Мұнымен бірге көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа бейімдеу өріс алды. Ол кездегі қазақ ауылы қоғамдық-экономикалық жаңа қатынастардың әлеуметтік-саяси жаңа тәртіптердің ықпалын күннен-күнге көбірек сезе бастады, дамудың капиталистік емес жолына барған сайын икемделе берді. 1928-1929 жылдар округтың кентеген болысында көшпелі және жартылай көшпелі елді отырықшыландыру пісіп тездетуге күш-қаражат жұмсалды.

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу әлеуметтік және саяси жағынан көп пайда берді, бірақ ол феодализмді, дәлірек айтқанда, ауылдағы патриархалдық-феодалдық қатынастарды жою міндетін толық орындай алмады. Мал бағумен айналысатын шаруашылықтың өзінше ерекшеліктері болатын; мұнда мал негізгі өндіргіш күштердің бірі болып табылады да, малы көп адам, сайып келгенде, неше түрлі қор жинау және кедейлерді қай жағынан болса да қанау, езіп жапыштау мүмкіндігін сақтайды.

В. И. Ленин қазақ шаруашылығында малды қайта бөлмей болмайтының көрегендіктен болжап бергені. Қырғыз (Қазақ) әскери-революциялық комитетінің алғашқы председателі С. Пестковский былай деп жазды. 1919 ж. көктемде-ақ РК (б) П 8-съезіне Қазақстаннан келген делегаттармен кездесуінде В. И. Ленин байлардың ауылдағы экономикалық күші мен ықпалын қайткенде жотоға болар еді деген сұраққа: бәлкім, сіздер ертелі-кеш малды қайта бөлу туралы мәселе қоятын боларсыздар, - деп жауап берді.

Ірі-ірі байлар мен жартылай феодалдардың шаруашылықтарып конфискелеуге әзірлену мәселелерімен БК(б)П ОК және БОАК айналысты. 1928 жылы майдың басында қазақ өлкелік партия комитетінің есебін тыңдап, БК(б)П ОК Қазақстандағы партия ұйымдарының жағдайы және міндеттері жайында мәселе қарап, байлардың ауылдағы экономикалық ықпалына қарсы батыл күрес жүргізуге, атап айтқанда, неғұрлым ірі шонжарлардың мал-мүлкін конфискелеп, өздерін жер аударуға ерекше назар аудару қажет деп атап көрсетті. Қаулының қосымшасында ірі-ірі бай феодалдар сана емес, сондай-ақ бұрын артықшылығы болсан топтардың өкілдері - сұлтандар, хазреттер т. б. жөнінде осындай шараларды жүзеге асыру керектігі айтылды.

1928 жылы 27 августа ҚАССР ОАК «жартылай феодалдық, патриархалдық және рулық қатынастарды сақтай птырып, өздерінің мал-мүлкімен ықпал жасау арқылы ауылды советтендіруге кедергі келтіруші» ірі байлардың шаруашылықтарын конфискелеу туралы қаулы алды. Бүған көшпелі аудандарда 400-ден аса (ірі малға шаққанда), жартылай көшпелі аудандарда 300-ден, отырықшы аудандарда 150-ден, кей жерлерде 100-ден аса малы бар шаруашылықтар жататын болды. Сондай-ақ хан, сұлтан тұқымдарының, бұрынғы түпкілікті тағайындалған болыс басқарушыларының т. б. шаруашылықтары да конфискеленетіндердің тізіміне енді. Конфискенің мәні: кедей және орта шаруаларды байлардың экономикалық тәуелділікте ұстауы мен қанауынан құтқаруда, еңбекшілердің әл-ауқат және мәдени дәрежесін тезірек өрге бастыру үшін қажет жағдайлар жасауда, - деп атап көрсетілді қаулыда.

Шаруалардың тікелей және белсене қатысуымен ірі-ірі 700 бай-феодалдың 145 мындай малы (ірі малға шаққанда) конфискеленіп, 25 мыңдай қазак кедейлері мен батрактарына мал бөліп берілді.

Егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу, ірі-ірі бай-феодалдардың шаруашылықтарын конфискелеу нәтижесінде ауылдағы әр түрлі әлеуметтік күштердің ара салмағы елеулі түрде өзгерді. Бұл революциялық әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістер жер мәселесін кедейдің пайдасына шешіп берді, іліп алар ештеңесі жоқ жүздеген шаруашылықтарды күш-көлігімен және өнімді малмен қамтамасыз етіп, бұларды байларға тәуелді болудан құтқарды, үстем таптардың экономикалық позициялары мен саяси ықпалының туп тамырына балта шапты, сөйтіп кедейлердің әл-ауқатын тез көтеріп, ауылды жаппай орта шаруаға айналдыра бастады.

Мұнымен бірге қазақ ауылын советтендіру, Советтерді нағыз пролетариат диктатурасы органына айналдыру, байлардың ел ішіндегі ықпалын жою міндеттері шешілді. Көшпелі және жартылай көшпелі ауылды советтендіру оңайға түскен жоқ; өйткені патриархалдық-феодалдық құрылыс пен рулық тұрмыстың қалдықтары әлі бары және олардың жаны сірі болатын. Халықтың жаппай сауатсыздығы мен ауылдағы партия ұяларының аздығы ауыл Советтерді тез нығайтуға бірден жәрдем жасай алмады.

1926-1929 жылдар Советтердің сайлауы үш рет өткізілді. Партия ұйымдарының күнбе-күнгі қызметі мен батыл қимылдары арқасында ауыл Советтер байлар мен олардың құйыршықтарынан бірте-бірте арылып, ауыл еңбеккерлерінің саяси санасы толыса түсті, коммунистер, батрақтар мен кедейлердің өкілдері ауылдық Советтерге көбірек ене бастады. Ауыл Советтердің праволары кеңейтілді. Совет аппаратын жергіліктендіру, оны бұқараға жақындату шаралары жүзеге асырылды, ұлттық кадрлар даярлау кеңейді. Жергілікті халқы басым аудандар мен республикалық Совет органдарында іс негізгі халықтың ана тілінде жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанды әкімшілік территориялық жағынан қайта құру ауылды советтендіру ісін тездетіп, ССР Одағы құрамындағы қазақ совет мемлекетін нығайтудың маңызды факторы болды. 6 губерния, 2 округ, 32 уезд, 400 болыс орнына 13 округ және 192 аудан құрылды. 1926 жылы құрылған Бүкіл қазақстандық Қосшы одағы ауылды советтендіру және онда революциялық-демократиялық, қайта өзгерістер жасау жөнінде елеулі жұмыс жүргізді.

Қазақ ауылын советтендіру міндеті 1929 жылы негізінен аяқталды. Байлар мен кулактарға, оппозицияшыл ұлтшыл-уклонистерге қарсы кескілескен күресте партия казақ совет мемлекетін мықтап нығайтуға жетті. 1929 жылы болған қайта сайлау нәтижесінде ауыл Советтердің құрамындағы БК(б)П мұшелері мен кандидаттарының саны 9,6%-ке, комсомолецтер - 7,3, батрақтар - 13,5, әйелдер - 21,3%-ке жетті.

Совет халқының ерлік еңбегі арқасында елімізді социалистік жолмен индустрияландыруда алғашқы табыстарға қол жетті, ауыл шаруашылығын құрал-саймандармен жабдықтау ісі жақсара түсті. 1927-1928 шаруашылық жылында Қазақстан 37 мың темір соқа, 2 мың тұқым сепкіш, егін жинайтын 20 мың машина, 1 мың молотилка алды. Кедейлер мен орта шаруаларға көп жеңілдіктер берілді. Ауыл мен селода қанаушы элементтерді тежеу және ығыстыру саясаты бұлжымай жүргізілді. Совет саудасы өрістей бастады. Ауыл шаруашылығының даму жолдары туралы мәселе қатты қойылды. Осы қиын қыстау күндерде Лениндік кооператтивтік жоспар бүкіл еліміздегі сияқты, Қазақстанда да шаруалардың әл-ауқатты және мәдениетті тұрмысқа жете алатын бірден-бір дұрыс жолын белгілеп берді.

1927 жылы декабрьде болған БК(б)П 15-съезі ленинизмнен қол үзген троцкийшіл-зиновьевшіл оппозицияның ұстаған жолын теріс деп тауып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге бағыт алды, колхоз құрылысын дамыту шараларын белгіледі, СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1-бесжылдық (1929-1932) жоспары жөніндегі директиваларды бекітті, ұлт республикалары мен басқа да аудандардың артта қалуын жою, олардың неғұрлым шапшаң қарқынмен алға басуын қамтамасыз ету міндетін алға қойды.

Лениндік кооперативтік жоспарды басшылыққа ала отырып және партияның 15-съезінің шешімдеріне сүйене келіп, БК(б)П 16-конференциясы (1929 ж. апр.) ауыл шаруашылығын коллективтендіру арқылы қоғамдық ірі шаруашылық жасаудың социалистік әдісі шаруаларды жоқшылықтан құтқарудың бірден-бір дұрыс жолы болып табылатынын ерекше атап көрсетті және 1-бесжылдық жоспарды бекітті.

Қазақстан халық шаруашылығы мен мәдениетін өркендетудің 1-бесжылдың жоспары жалпы одақтық жоспарға сәйкес жасалды. Бүкіл еліміздегідей, республикада 1-бесжылдық жоспарды толық және артығымен орындау жолындағы бұқаралық социалистік жарыс кеңінен өрістеп, экономика алға басты. Толық қайта салынған Қарсақбай мыс қорыту зауыды іске қосылды. Риддер, Ащысай руднигі, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Степняк алтын кені т. б. маңызды өнеркәсіп орындары іс жүзінде қайта жасалды. Геологиялық барлау жұмыстары жаппай өріс алып, республикалық полиметалл, мыс, темір, марганец, көмір қоры жөнінен СССР-де алдыңғы орындардың біріне айналды. 1929 ж. 18 июльде Түрксіб құрылысшылары жолды Алматыға жеткізді; мұның ізінше Алматы Қазақ АССР-інің астанасы болды. Жолдың солтүстік және оңтүстік учаскелерінің түйіскен күні - 1930 жылы 25 апрельде Түрксібті түгел басып өткен алғашқы поезды бұрын малшы болған қазақ машинисі Ж. Кошкінбаев жүргізді. Жалпы ұзындығы 1470 км Түрксіб үкімет белгілеген мерзімнен 17 ай бұрын салынып болды. Бұл табысы үшін құрылысшылар коллективі Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

БК(б)П 15-съезінен кейін кооперативті-колхоз құрылысы жаңа кезеңге аяқ басты. 1929 жылы Қазақстанда 852 579 жарнашыны біріктірген 1214 тұтынушылар қоғамдары жұмыс істеді (оның ішінде 438 222 жарнашысы бар 537 қазақ қоғамы болды); кредит кооперациясының жұмысы мықтап жанданды. 1929 жылы күзде республикада 3957 ауыл шаруашылық кооперативі, оның ішінде 614 кредит кооперативі мен ауыл шаруашылық кредит серіктігі, 2060 егістік (немесе астық), 124 мақта шаруашылығымен айналысатын және тұқым өсіретін 267 мал шаруашылық, 316 май өндіретін 570 машиналы, су шаруашылық т. б. кооперативтер болды, бұлар 686 725 адамды қамтыды.

1929 жылы октябрьге дейін республикада 87,9 мың шаруашылықты біріктірген 4959 колхоз ұйымдастырылып, оларда 335,6 мың десятина егістік жері мен 209 мың бас қоғамдық малы болды. Артель саны көбейіп, коммуналар азайды, тоздардың үлес салмағы өзгерген жоқ. Ауыл шаруашылық артельдерін ірілендіру нәтижесінде 100-200 және онан да көп шаруа түтінін біріктіретін және мыңдаған десятина егістік жері бар колхоздар пайда болды. Жаппай коллективтендіру қарсаңында республика ауыл шаруашылығының социалистік секторы едәуір күшке айналған болатын. 4959 колхоз бен 30 совхоз 24 332,8 мың сомның өнімін (ҚАССР ауыл шаруашылық жалпы өнімі құнының 10,5%-ін) шығарды, 11361,9 мың пұт товарлы астық (республикада өндірілген товарлы астықтың 13,4%-ін) берді. Ол кезде бұл ірі табыс еді. В. И. Ленин айтқандай, «шаруа егісі» мен социалистік өнеркәсіптің ынтымағында кооперация жетекші роль атқара бастады.

1930 жылы басында Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру басталды. Совхоздар мен «ескі» колхоздардың жұмыс үлгісі, жұмысшы табының және еңбекіш шаруалардың өндірістік ынтымағы мен одағын нығайту, алғашқы МТС-тердің панда болуы бұған әзірлікте маңызды роль атқарды. БК(б)П ОК-нің «Коллективтендіру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы» 1930 жылы 5 январьдағы қаулысында аудандардың әр түрлі топтары үшін ауыл шаруашылығын коллективтендіру мерзімдері белгіленді. Қазақстанның астықты аудандарында оны негізінен 1932 жылы көктемге дейін, қалған аудандарда, яғни мал шаруашылығы аудандарында - 1933 жылы аяқтау көзделді. БК(б)П ОК колхоз құрылысы қарқынын шамадан тыс тездетуден сақтандырды. Партия мен Совет мемлекеті жаппай коллективтендіру жүргізіліп жатқан аудандарда байлар мен кулактарды тежеу және ығыстыру саясатынан оларды тап ретінде жою саясатына көшті.

1930 жылдың алғашқы айларында-ақ жүздеген жаңа колхоздар ұйымдасты. Шаруалар шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруда жұмысшы табы басшы роль атқарды. Еліміздің барлық аудандары сияқты, Қазақстанға да 25 мыңшылардың келуі (1930 жылы көктемге дейін 1204 адам) қаланың деревняға жәрдемінің жарқын үлгісі болды. Олар колхоз құрылысын нығайтуда зор роль атқарды. 1929 жылдың аяғы - 1930 жылдың басында республикалық ауыл шаруашылығын коллективтендіруде едәуір табыстарға қол жетті. Алайда бұл істе асыра сілтеушілштер мен қателіктер болды; колхоздарды ұйымдастырғанда еріктілік принципінің бұзылуына жол берілді. Мал шаруашылық аудандарда ТОЗ (бірлесіп жер өңдеу серіктіктері) орнына ауыл шаруашылық артельдері құрылып, коллективтендіру қарқыны шамадан тыс жеделдетілді. Партия ауыл шаруашылығын коллективтендіруді жұргізудегі асыра сілтеушіліктер мен жолсыздықтарды жою жөнінде батыл шаралар қолданды. Әкімшілік жолымен құрылған колхоздар таратылып, мал шаруашылығы аймағындағы артельдер тоздардың уставына көшірілді. Колхоздар мен колхозшылар күш көлігі және онімді мал ұстағаны үшін салық төлеуден үш жылға босатылды, едәуір кредит т. б. жеңілдіктер алды. Осының бәрі жергілікті жерлерде орын тепкеп қателіктерді тез жоюға және колхоз қозғалысының жаңадан өрге басуын қамтамасыз етуге жағдай жасады. 1930 жылы жазға салым республиканың барлық ауыл-деревня шаруашылықтарының 30%-і колхозға енді.    

Ауыл шаруашылығы коллективтендірумен бірге көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылын жоспарлы түрде отырықшыландыру ісі өріс алды. 1930 жылы январьда республикалық халкомсовы жанынан, отырықшылыққа жәрдемдесу комитетті құрылды. Совет мемлекеттік отырықшылықты ұйымдастыруға көп қаржы бөлді. Колхоз болып біріккен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың көбі отырықшылыққа үйрене келіп, мал бағумен қатар егіншілікпен де айналыса бастады.

Бүкіл еліміздегі сияқты, Қазақстанда коллективтендіру мен отырықшыландыру кескілескен тап күресі жағдайында өтті. Кулактар мен байлар бұрынғы алаш ордашылармен және оппозицияшылармен тізе қосып, социализмнің алға басуына қасарыса қарсылық жасады. Қанаушылар табы қолынан келгенін істеп бақты: неше түрлі арандатушылық лақаптар таратты, Совет өкіметіне карсы үгіт жүргізді, бұқараның ұлттық және діни сезімдерін арбады, «рулық» идеологияның қалдықтары: қоздырды, контрреволюциялық террор мен бүліншіліктер жасады. Партия мен Совет үкіметі ештеңеден тайынбауға бет алған қанаушыларға төтенше шаралар қолдануға мәжбур болды: шаруалар жиналыстарының шешімдері негізінде олардың мал-мүлкі конфискеленіп, колхоздарға берілді, өздері басқа жерлерге көшіріліп, қоғамдық-пайдалы еңбекке тартылды. Ал террор жасаған немесе Совет өкіметіне қарсы бандаларға қатысқан адамдар заң бойынша жазаланды.

1930 жылы майдың аяғы - июньнің басында өлкелік 7-партия конференциясы боліды. ҚАССР-ін өркендетудің 1-бесжылдық жоспарын қарап бекіте келіп, ол коммунистердің, жұмысшы табы кадрларының алдына бесжылдық үшін күресте творчестволық белсенділікті арттыра түсу міндетін қойды. Жаппай коллективтендіру мен отырықшыландырудың алғашқы қорытындыларын сын көзімен бағалай отырып, конференция бұл шараларды онан әрі өрістете беру жолдарын белгіледі. Көрнекті жергілікті партия және совет қызметкерлері О. Ж. Исаев, Ә. И. Досов, Ә. Т. Жанкелдин, С. Есқараев, I. Қабылов, Ғ. С. Тоғжанов, О. К. Жандосов, С. Нұрпейісов, Н. Нұрмақов, М. Тәтімов, Т. Қ. Жүргенов т. б. республикадағы советтік социалистік құрылыс міндеттерін шешуге елеулі үлес қосты.

1930 жылы 26 июнь - 13 июльде еткен БК(б)П 16-съезі - социализмнің барлық майданда қарыштап алға басу съезі болды. Ол СССР-дің халықаралық жағдайына ғылыми тұрғыдан сипаттама бере келіп, империалистердің тіміскі әрекеттеріне тойтарыс беруге әрқашанда жауынгерлік әзірлікте тұру қажет екенін атап көрсетті. Съезд социалистік онеркәсіптің, ең алдымен ауыр өнеркәсіптің табыстарын бейнеледі, еліміздің шығысында, атап айтқанда, Қазақстанда көмір-металлургиялық жаңа база жасаудың маңызын айрықша көрсетті, «Колхоз құрылысы және ауыл шаруашылығын өрге бастыру туралы» қаулы қабылдады, троцкизмнің контрреволюциялық топқа айналғанын және оңшыл уклонның басты қауіп екеніп анықтады, ұлт мәселесіндегі уклондарға қарсы күрестің маңызын атап корсетті.

Партия директивалары негізінде республикада индустриялық даму мен колхоз құрылысы мықтап өрге басты. Бұрыңғы әкімшілік-территориялық құрылым қайта қаралды. 123 іріленген аудан құрылды. 1932 жылы февральда ҚАССР ОАК Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын құру туралы шешім қабылдады.

Социализмнің алға басуы жағдайындағы жаңа міндеттер тұрғысында 1931 жылы февральда Қазақстан Советтерінің 8-съезі болып өтті. Шаруашылық пен мәдениет құрылысына партиялық және мемлекеттік басшылық дәрежесі едәуір артты.

1931 жылы 15 августа БК(б)П ОК «Көмір және кокс қорларын көбейту туралы» қаулы қабылдап, онда «Қарағанды көмір кені негізінде СССР-дің үшінші қуатты кемір базасын тезірек жасау» міндетін алға қойды. Тиісті барлау жасалып, Балқаш мыс алыбын, Ақтобе химия комбинатын, Шымкент қорғасын зауыдын салу жұмыстары басталды. Жұмысшылардың ерлік еңбегі арқасында Қарағанды шахталары салынды. 1931 жылдың өзінде-ақ 17 шахта көмір шығара бастады. Ақмола Қарағанды темір жолының құрылысы аяқталды. Егер 1930 жылы Қарағанды 12,8 мың т көмір берсе, 1932 жылы оның өнімі 720 мың тоннадан артты. Семейде ет-консерві, Гурьевте балық-консерві, Алматыда жеміс-консерві комбинаттары, Жамбылда, Меркеде, Талдықорғанда қант зауыдтары салына бастады. Еліміздің негізгі өнеркәсіп орталықтары: Москва мен Ленинград, Донбасс пен Баку, Майкоп пен Свердловск, Харьков пен Саратов Қазақстан өнеркәсібін күрт өрге бастыруда ерекше роль атқарды. Олар Қазақстанның құрылыстарына қыруар кадрлар мен техника жіберді. Бұл тұста келген көптеген орыс инженерлері мен маман жұмысшылары кейіннен де осында қалды, социалистік жарыстың бастаушылары және ұйымдастырушылары болды, жергілікті халықтан жұмысшы кадрларын даярлады. 1-бесжылдық тұсында Қазақстанда совет жұмысшы табының ірі отряды қалыптасты. Республикалық халық шаруашылығындағы 558 мың жұмысшылар мен қызметшілердің 200 мыңы қазақ болды. Қазақ ауылында коллективтендіру мен отырықшылыққа көшу процесі онан әрі кеңейді, МТС-тер мен машина-малшаруашылық станцияларының (ММС) қатары көбейіп, республикага тракторлар мен ауыл шаруашылық құрал-саймандары көптеп келе бастады. 1932 жылы 192 совхоз бен 75 МТС жұмыс істеді.

Алайда 1931 жылдың 2-жартысы - 1932 жылдың 1-жартысында кей жерлерде колхоз құрылысы мен отырықшылықты ұйымдастырудың лениндік принциптері бузылып, асыра сілтеуге жол берілді. Мұны пайдаланып, байлар малды жаппай қырғынға ұшыратты, ел ішінде азық-тулік жағдайын киындатын, көшпенділік басталды. 1932 жылы 17 сентябрьде БК(б)П ОК ауыл шаруашылығының соның ішінде Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы арнаулы қаулы қабылдап, асыра сілтеушіліктерге тыйым салды. Мал шаруашылығы аудандарында артельдер бірлесіп жер оңдеу, шөп шабу серіктіктері мен мал өсіру серіктіктеріне (мал шаруашылығы кооперативтеріне) айналдырылып, қайта құрылды. Бұлардың мүшелері өздерінің жекеменшігінде 100-ге дейін қой, 8-10 ірі қара мал, 3-5 түйе, 8-10 жылқы ұстауға ерікті болды. Отырықшылыққа көшкен шаруашылықтарға азық-түлік, мал, егіс тұқымдары, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарын салуға керекті қаражат беріліп, мемлекеттік тарапынан аса ірі жәрдем көрсетілді. Бұрыңғы көшпелі және жартылай көшпелі ондаған мың халық өнеркәсіп пен құрылысқа барып, жұмысқа орналасты, қалалар мен поселкелерде отырықшы тұрмысқа ұласты. Бұл тұста барлығы 200 мыңдай қазақ шаруашылықтары отырықшыланды.

Қазақстанда 1-бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын (4 жыл, 3 айда) орындалды. Республикалық халық шаруашылығын 1,6 млрд. сом игерді. Ескі кәсіпорындардың көпшілігі қайта құрылып, 40 шақты жаңа заводтар мен фабрикалар салынды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 39,5%, республика халқының ішіндегі қала тұрғындары - 24,5% болды. Бұрыңғы мешеу қалған аграрлық Қазақстан аграрлық-индустриялы елге айналды. Жұмыссыздық жойылып, жұмысшыдар мен колхозшылардың әл-ауқаты артты, Астықты аудандарда ауыл шаруашылығын коллективтендіру негізінен аяқталды (егістіктердің 98%-і колхоздар мен совхоздарда болды). Ең соңғы қанаушы тап - кулактар мен байлар жойылды. Колхоздар ұйымдық-шаруашылық жағынан нығая бастады. Республикалық социалистік қоғам негізі қаланды.

Мәдениет құрылысында да елеулі табыстарға қол жетті. Сауатсыздықты жою мектептерінің, мұғалімдер мен культармеецтердің жәрдемімен 1930-1932 жылдар 910 мың адам сауатсыздығын жойды. 1931 жылы декабрьде 15-тен 50-ге дейінгі, барлық ересек адамдар үшін міндетті оқу заңы енгізілді де, қазақ халқы ашсындағы сауаттылық дәрежесі 40%-ке дейін өсті. 1930-1931 оқу жылынан бастап балаларға міндетті турде бастауыш білім беру ісі жүзеге асырыла бастады; бұған комсомол қамқорлық етті. Осы кезде 7110 мектеп жұмыс істеген болатын. 1929 жылы қазақ жазуын латын алфавитіне көшіру жүзеге асырылды.

Мәдени-ағарту жұмыстарының түр-түрлері жетілдірілді. Жүздеген клубтар, оқу үйлері, қызыл мүйістер, кітапханалар, қызыл отаулар жұмыс істеді. ҚАССР ОАК жанынан әйелдердід еңбегі мен тұрмысын жақсарту жөнінде комиссия ашылды. Газеттер мен журналдар, әсіресе қазақ ішіндегі басылымдар қөбейді (1932 ж. қазақша 62 газет шықты). Кітап басу ісі дамыды. Марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері мен орыс әдебиетінің таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударып басу едәуір қүлаш жайды.

1928 жылы республикадағы жоғары білімнің тұңғышы - қазақ педагогикалық институты, 1929 жылы - мал дәрігерлік-зоотехникалық, 1930 жылы - ауыл шаруашылығы, 1931 жылы - медициналық институттары ашылды. Қазақ жастары Москва мен Ленинградта оқи бастады. 30 жылдардың басында Орал және Қызылорда педагогикалық институттары құрылды. Ондаған техникумдар мен училищелер жұмыс істеп жатты. Табиғи байлықтарды зерттеп ашу кеңейді. Бірнеше ғылыми мекемелер мен тәжірибе станциялары жұмыс істеді. 1932 жылы СССР ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. А. Е. Ферсман, И. М. Губкин, А. Д. Архангельский, В. А. Обручев, А. Ю. Якубовский т. б. орыс ғалымдары Қазақстан ғылымын қалыптастыруда аса зор роль атқарды. Қ. И. Сәтбаев, С. Асфендияров т. б. қазақ ғалымдары өздерінің ғылыми жұмыстарын солардың көмегімен бастады.

Қазақ совет әдебиеті қалыптасып, дами бастады; оның жанрлары көбейді. Аса көрнекті қазақ жазушылары С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Майлин, I. Жансүгіров, Жамбыл Жабаев творчествосы жалпы жүрт танымына ие болды, А. В. Затаевич шығармаларының жинағы (халық әндері мен күйлерінің жазбасы) жарық көрді. Режиссер Ж. Шанин басқарған ұлттық театр репертуары кеңейе түсті. Халық арасында тез әйгілі болған Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, І. Қуанышбаев театр тобына енді. Әсіресе М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын жұрт қызыға көрді. И. Г. Хлудовтың көркем сурет шеберханасында Ә. Қастеевтің таланты ашылды.

Социализм жолына түскен қазақ республикасы әлеуметтік прогресс жолымен үздіксіз алға баса берді.

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.320-325.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-03-24 17:13:25     Қаралды-682

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »