UF

ҰЛЫ ОКТЯБРЬ СОЦИАЛИСТІК РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢУІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА СОВЕТ ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ

 

Қазақстан октябрьдегі қарулы көтеріліс қарсаңында. 1917 жылы жаздан күзге қарай барлық жерде де бұқараның солшылдық бағытқа ойысуы байқалды. Мұның өзі Советтерде және қалың еңбекші арасында большевиктердің ықпалы өсуінің нәтижесі еді. Уақытша үкімет пен оның жергілікті органдарының халыққа қарсы әрекетіне жан-тәнімен империалистік буржуазия мен феодалдық-байшыл элементтерге қызмет етіп отырған буржуазиялық ұлтшыл және ұсақ буржуазиялық партиялар мен ұйымдардың уәделері жалған екеніне еңбекшілердің барған сайын көзі жете берді.

Корниловшылардың талқандалуы контрреволюция лагерінің берекесін кетіріп, әлсіретумен қатар большевиктердің беделін көтерді. Олар Петроградтың, Москваның, сол сияқты басқа да бірсыпыра ірі қалалардың Советтерінде көпшілік орынды жеңіп алды. Бүкіл елде Советтердің жаппай большевиктенуі басталды. Осыған байланысты большевиктер партиясы 1917 жылғы Июль оқиғасынан кейін күн тәртібінен уақытша алынған «Барлық өкімет Советтерге берілды!» - деген ұранды қайтадан көтерді. Енді бұл ұранның мәні - саяси оқшауланған Уақытша үкіметті құлатып, пролетариат диктатурасын орнату үшін қарулы көтерілісті дайындау еді.

В. И. Ленин 1917 ж. 12-14 сентябрьде РСДЖ (б) П Петроград және Москва комитеттеріне өзінің белгілі хаттарын («Большевиктер өкіметті алуға тиіс», «Марксизм және көтеріліс» т. б.) жазды, оларда халықаралық және ішкі жағдайға жан-жақты талдау жасап, қарулы көтерілісті әзірлеуді тездетуге шақырды, оны жүзеге асырудың жоспарын жасап берді.

В. И. Ленин Құрылтай жиналысын күтпей-ақ өкіметті өз қолымызға алуымыз керек, өйткені ішкі және сыртқы жаулар революцияны тұншықтыру үшін өз күштерін жұмылдырады деп көрсетті. «Бізде жеңісті көтеріліс жасауға керекті объективті алғышарттың бәрі әзір болып отыр, - деп атап көрсеті В. И. Ленин, - Біз ерекше қолайлы жағдайдамыз: бұл жағдайда халыққа азап шектірген бұлтақтауды... біздің көтерілісте жеңіп шығуымыз ғана біржолата жояды: бұл жағдайда, революцияға қарсы сепараттық бітім жасау айласын біздің көтерілісте жеңіп шығуымыз ғана күйретеді, неғұрлым толық, неғұрлым әділетті, неғұрлым жақын бітімді, революцияның пайдасына шығатын бітімді ашық ұсыну арқылы күйретеді» (Шығ., 2-бас., 26-т., 7-6).

Советтердің барлық жерде большевиктене бастау процесі және тап күресінің шиеленіскен формалары Орта Азия мен Қазақстан сияқты шеткері ұлт аймақтарына да тән болды. Мұның куәсі - 1917 жылы 12 сентябрьде басталған Ташкент жұмысшылары мен солдаттарыяың көтерілісі, оны Қазақстан еңбекшілерінің мақұлдап қолдауы еді. Мәселен, Перовск (Қызылорда) Советі Ташкент жұмысшылары мен солдаттарын қолдау туралы қаулы қабылдап, бүкіл өкіметті шұғыл Советтерге беруге шақырды; Черняев Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Советі және қала гарнизоны Ташкентке уақытша революциялық комитетке телеграмма жолдап, онда «бүкіл өкіметтің революцпяшыл демократияның шынайы өкілдерінің қолына көшкенін» құттықтады; Әулиеата (Жамбыл) Советі Ташкент Советінің аткомына: «Жолдастық сенім білдіреміз. Әскерлер қолбасшысын орнынан тайдыру жөніндегі телеграмманы және басқаларды орындаңық. Уақиғаларды тез хабарлауыңызды сұраймыз» деп телеграмма берді.

Қазақстан большевиктері мен Советтері Ташкенттің революцияшыл жұмысшылары мен солдаттарына тек тілектестік білдіріп, жай қолдап қана қойған жоқ. Мәселен, Перовскінің темір жолшылары ген. Коровиченконың жазалаушы экспедициясының Ташкентке қарай жылжуына мейлінше кедергі жасады; Қазалы большевиктері Ташкент жұмысшылары мен солдаттарына қарсы соғыс ашуға бұйрық алған казак жүздігі арасында насихат жүргізді. Осының нәтижесінде ол жүздік бұйрықты орындаудан бас тартты.

1917 ж. сентябрьдің 2-жартысынан бастап Қазақстанда тап күресі неғұрлым шиеленісіп, өтімді формаларға көшті. Мұнайшылардың, кеншілердің және темір жолшылардың күресі ұйымшылдығымен, нәтижелілігімен ерекшеленді. Орал-Каспий мұнай қоғамына қарайтын Ембі кәсіпшіліктерінің жұмысшылары сентябьдің 2-жартысында бұл ауданды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту жолында және шетел капиталистерінің локаут жариялау ниетіне қарсы күресті бастап, біраз уақыттан кейін өндірісті басқаруды іс жүзінде өз қолдарына алды, Олар өздерінің Советтері мен комитеттері арқылы әрекет жасай отырып, кәсіпшіліктерге бақылау орнатты. Орал-Каспий мұнай қоғамының бірнеше жергілікті өкілдерін қуыпжіберді, капиталистермең коллективтік шарттар жасауды талап етті. Олардың арнаулы комиссиялары мұнай коғамының халықты азық-түлікпен жабдықтау жөніндегі жұмысын тексеріп, әкімшіліктің азық-түлік жетпейді деген мәліметтерінің негізсіз екенін дәлелдеп берді. Қоғам басқармасы осылай мегзей отырып, кәсіпшіліктердегі жұмысшылардың тең жартысын қысқартпақ болған еді.

Ембі мұнай кәсіпшіліктерінің жергілікті Советі мен азық-түлік комитеті 1917 ж. 1 октябрьде Петроградқа (Еңбек және сауда министрліктеріне) мұнай өнеркәсіп фирмаларының мұнай шығаруды қысқарту және жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығару жоспарларына қарсылық білдірген телеграмма жолдады, сонымен бірге оған делегация жіберді. Гурьев Советі өз тарапынан Петроград Советіне; «Жұмысшыларды жұмыстан шығару жоспарының жүзеге асырылуына жол бермеу үшін барлық шараны қолдануды» сұраған өтініш жазды. Жұмысшылар мен Орал-Каспий мұнай қоғамы әкімшілігінің арасындағы дауды шешу үшін Еңбек және сауда министрлігі өз өкілдерін жіберді. Оларға дейін-ақ кәсіпшіліктерді басқару іс жүзінде жұмысшылардың қолына көшті. Орал-Каспий мұнай қоғамының өкілдері 1917 ж. 28 октябрьде «Біздің қолымыздағы бүкіл билік жұмысшылардың қолына көшті» деп мойындауға мәжбүр болды. Кен өнеркәсібінің кәсіпорындарында, бірсыпыра заводтар мен темір жолдарда осындай жағдайлар болды.

Большевиктердің басшылығымен және солардың ықпалымен Қазақстан Советтері мен фабрикалық комитеттері кәсіподақтардың қызметін бақылау бағытын барған сайын батылырақ іске асыра берді. Атап айтқанда, кейбір кәсіпорындардың, әкімшіліктің реакцияшыл бөлігінен және саботаж жасаушылардан тазартылуы соның көрінісі болды. Мәселен, Қарағанды көмір қендерінің басқарушысы, Орал-Каспий мұнай қоғамының Доссордағы азық-түлік дүкенінің бастығы, Спасск-Қарағанды т. ж. басқарушысының орынбасары жүмыстан шығарылды. Өлкенің көптеген өнеркәсіп орындарында жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа алу және шығару ісіне айтарлықтай өтімді бақылау орнатылды. Бірсыпыра жерлерде (Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде, тау-кен, завод, тамақ енеркәсібінің кейбір кәсіпорындарында) сегіз сағаттық жұмыс күні енгізілді және жалақы көбейтілді. Мәселен, Спасск акционерлік коғамының басқармасы жергілікті Советтің талап етуі бойынша қоғамның кәсіпорындарында (Спасск з-дында, Успенск кені мен Қарағанды көмір кендерінде) еңбекшілердің жалақысын 50-ден 150%-ке дейін көбейту көзделген коллективтік шарттарға қол қойды.

Омбы, Петропавл, Орынбор-Ташкент темір жолдары жұмысшыларының толқулары темір жолшылардың 1917 жылы 24-26 сентябрьдегі бүкіл россиялық ереуіліне ұласты. Революциялық қозғалыстың өрістеуі бұқаралық жұмысшы ұйымдарының, ең алдымен кәсіпшілік одақтарының пайда болып нығаюына көмектесті. 1917 жылдың күзінде Верныйда «Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы», Жаркентте «Жұмысшылар одағы», Қарқаралыда «Дала одағы» сияқты кәсіподақ ұйымдарының қызметі жанданды. Кейбір қалалар кәсіподақтарының жұмысына большевиктер басшылық етті. Мәселен, Семейдің кәсіпшілік одақтары орталық бюросын большевик П. П. Салов басқарды. Верныйдың, Жаркенттің кәсіподақ ұйымдарында кейіннен Коммунистік партияның мүшелері болған Ю. Бабаев, А. Түркебаев, А. Розыбакиев көрнекті роль атқарды.

Кедейлер көптеген аудандарда салық төлеуден, Уақытша үкіметтің органдарына бағынудан бас тартты, өз бетінше-ақ байлар мен кулак шаруашылықтарының малдары мен жерлерін тартып алды. Осымен бірге олар Уақытша үкіметтің жергілікті акімшілігінің өкілдеріне және оларға барынша көмектесіп отырған жергілікті ұлтшылдарға қарсы күресті.

«Алаш» партиясына біріккен буржуазияшыл ұлтшылдардың ықпалы нашарлай түсті. Орыстың империалистік буржуазиясымен ауыз жаласқан тығыз байланысы, Уақытша үкіметтің сыртқы және ішкі саясатын жанталаса қолдауы арқылы олар өздерінің халыққа қарсы, контрреволюциялық мәнін іс жүзінде көрсетіп берді. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңісімен-ақ буржуазияшыл ұлтшылдар құрған «қырғыздардың атқару комитеті» деп аталатын ұйымнан қазақ еңбекші бұқарасы мүлдем қол үзді.

1917 жылдың күзіне қарай ашық контрреволюциялық партия «Алаш» пен ұсақ буржуазияшыл-ұлтшылдық бағыттағы саяси ұйым болып табылатын «Үш жүз» партиясының арасындағы күрес шиеленісе түсті. Мұның өзі буржуазияшыл ұлтшылдық қозғалыс дағдарысының көрінісі болып табылды. Халық бұқарасьшың қысымымен ұтп жүзшілер Совет өкіметін орнату туралы айтты.

Большевиктер алашордашыларға қарсы күресте «Үш жүз» ұйымымен уақытша келісім жасасты, өйткені «Алаш» партиясының ашық контрреволюциялық бағытынан түңілген қазақ еңбекшілерінің кейбір бөлігі олардың соңынан ерді.

Қалың шаруалар бұқарасының арасында большевиктердің ықпалы артты. Мәселен, Жетісу обл., уездік комиссарларының 1917 жылы 4 октябрьде Верныйда өткен кеңесі былай деп көрсетті: «Уездік әкімшіліктің жағдайы мейлінше күмәнді, оның нұсқаулары орындалатынына кепілдік жоқ... Жергілікті халық... жасырын жолмен қару алуда». 1917 жылы октябрьдің басында Ақмола басқармасының өкілі облыстық комиссарға большевиктік үгіттің таралуына қарсы батыл шаралар қолдануын сұрап, өтініш жасады. Омбыда шығатын буржуазиялық газет абыржушылықпен былай деп жазды: «...большевизм... ең алыс түкпірлерге таралуда. Павлодар уиверситетінде де большевизм идеяларын насихаттаушылық байқалды. Мыс., Алексеевск поселкісінің шаруасы Колядадан майданда бауырласып достасудың және өз жерінде бостандыққа жетудің қажеттігін дәлелдейтін көптеген прокламация табылды».

Жұмысшылар мен еңбекші шаруалардың еркін білдіре отырып, Қазақстан большевиктері Советтердің құрамын жаңартуды, олардың басшы органдарын келісімпаз элементтерден тазартуды талап етті.

1917 жылы 20 сентябрьде Петропавл Советінің жиналысында депо жұмысшысы Ф. Юрасовтың ұсынысы бойынша қалалық Совет президиумының мүшелерін қайта сайлау туралы мәселе талқыланып, ол сол күні іске асырылды. Бірнеше күннен кейін атқару комитеті қайта сайланды. Онда көпшілік орынды большевиктер мен олардың жақтастары алды. Советтің өз құрамы да жаңартылып, онда большевиктерді жақтаушылардың саны елеулі түрде көбейді.

1917 ж. сентябрьдің 2-жартысында Солдаттар және шаруалар депутаттарының Торғай Советі таратылып, Жұмысшылар мен шаруалар депутаттарының Торғай Советі құрылды. Оның председателі большевиктерге тілектес О. Асауов болды. 1917 ж. сентябрьдің аяғы мен октябрьдің басында Қазақстанның көп Советтерінің құрамы жаңарды.

Большевиктер мен жергілікті Советтердің басшылығымен Қазақстанның бірсыпыра қалаларында 1917 ж. октябрьдің 1-жартысында Қызыл гвардия отрядтары құрыла бастады. Мәселен, Петропавл Советі 1917 жылы 11 октябрьде оларды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Қала большевиктері қызыл гвардияшылардың қатарына темір жол депосының, тері және консерв заводтарының жұмысшылаларын кеңінен тартып, жергілікті гарнизон мен 33-запастағы полк солдаттарының арасында угітті күшейтті. Қызыл гвардия отрядтарын ұйымдастыруда және бұқараны партияның қарулы көтеріліс бағытымен таныстыруда петропавлдықтарға Жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Омбы Советі жанындағы әскери-округтық комитетінің мүшелері А. Звездов, Т. Гладышев және басқалар үлкен комек көрсетті.

«Свободная степь» газеті 1917 жылы ноябрьде Павлодарда құрамында 250 қызыл гвардияшы бар отряд құрылғаны туралы хабарлады. Семей большевиктері сол жылы декабрьде жұмысшылардың бірнеше қызыл гвардия тобы мен жауынгерлік дружиналарын ұйымдастырды.

Семейдің болыпевик П. П. Салов басқаратын кәсіподақтардың орталық бюросы 1917 ж. октябрьдің 2-жартысында қаланың барлық кәсіпшілік одақтарына мынадай үндеу жолдады: «Қызыл гвардия құру туралы мәселе талқылай отырып, орталық бюро жұмысшылар мен солдаттар депутаттары Советінің шақыруын барынша қолдауға қаулы етеді... және кәсіпшілік одақтарып өз қатарынан Жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Советі жанындағы жасаққа кіру үшін жауынгерлік күштер бөлуге шақырады».

Кешікпей Семей Советі жанынап негізінен кәсіподақ мүшелерінен тұратын тұңғыш жауынгерлік жасақ ұйымдастырылды. Оны Совет атқару комитеті тағайындаған бес адамнан құралған комитет басқарды.

Большевиктер мен Атбасар Советі ұйымдастырған Қызыл гвардия отряды алғашында жергілікті команданың солдаттары мен бу диірмені жұмысшыларынан құралды. Кешікпей ол майдангер солдаттармеп толықты. Атбасар университетінде Қызыл гвардия отрядтарын құру және олардың құрамына қазақ жігіттерін тарту жөнінде большевик Ә. Майкөтов үлкен жұмыс жүргізді.

Жергілікті Советтердегі буржуазияның агентурасы болып алған эсерлер мен меньшевиктер жауынгерлік қабілеті бар Қызыл гвардия отрядын құруға кедергі жасауға тырысты. Семей Советі бірнеше Қызыл гвардия отрядтарын құрғаннан кейін 8 эсер және меньшевик депутаттар наразылық ретінде Советтің құрамынан шығын кетті.

Павлодар кадеттерінің органы «Свободная степь» газеті Қызыл гвардияның ұйымдастырылуын «жергілікті гарнизон мен казактарға тікелей қыр көрсету» деп жазып, оны табан астында құртып жіберуге шақырды. Кешікпей-ақ революциямен күресу үтпін барып тұрған реакцияшылдардан тұратын ерекше ерікті дружина деп аталатын ұйым құрылды. Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында «Кұрылтай жиналысын қорғау одағы» деген атпен қаражүздік ұйымдар құрыла бастады. Олардың мүшелері казактардың жоғарғы топтары, кадеттер, ірі саудагерлер, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының өкілдері болды. Кейбір қалаларда Сібір кулактарының саяси ұйымы - «Сібір ауыл шаруашылық одағының бөлімшелері» пайда болды.

Өлкеде өсіп келе жатқан революцяилық қозғалыспен күресу үшін контрреволюциялық буржуазия мен оның қол шоқпарлары шұғыл күтп жинай бастады. Мәселен, Семей қ-ның және Семей облысыныц бүкіл демократияшыл күштерінің қарсылығына қарамастан, Уақытша үкіметтің атқару комитеті 1917 ж. Октябрьдің басында реакцияшыл офицерлер бастаған 24-Сібір запас полкін түгелдей Барнаулдан Семейге ауыстырды.

Жергілікті гарнизондарда, оларды революция жағына шығару үшін большевиктер белсенді жұмыс жүргізіп, белгілі табыстарға жетті. 1917 жылдың күзіне дейін Әулиеатада, Петропавлда, Черняевскіде, Перовскіде, Қазалыда, Атбасарда, Лепсіде, Верныйда, Ақтөбеде және басқа бірсыпыра қалаларда солдаттардың көпшілігі большевиктердің ықпалында болды. Қазақстанда солдат бұқарасының большевиктер жағына шығуы 1917 жылдың октябрінде бұрынғыдан да күшейе түсті.

1917 жылы октябрьде Петропавлда, Семейде, Алматыда, Лепсіде болғандай, еңбекші халықтың солдатгармен бірлесіп жүргізген революциялық қимылы барған сайын жиілей бастады. Бұған азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының жетпеуі, шектен шыққан саудагершілік пен жергілікті өкімет орындары өкілдерінің жүгенсіздік әрекеттері себеп болды. Бұл қимылдарға қатынасушылар - Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының чиновниктерін тайдырып, өкіметті Советтердің қолына беруді талап етті.

Большевиктердің белсенді үгіт жұмыстарының нәтпжесінде социалистік революция күндерінде жергілікті гарнизондар солдаттарының едәуір бөлігі көтеріліске шыққан халық жағында күрес жүргізді. Бұл жөнінен алғанда В. И. Ленпннің «...1917 жылғы октябрь - ноябрьде-ақ армияның жартысы большевиктік болған. Мұнсыз біз жеңе алмаған болар едік» (Шығ., 30-т., 253-6.) деген сөзі Қазақстан жағдайына да сай келеді.

Петроградта қарулы көтерілістің жеңуі. 1917 жылы октябрьде социалистік революцияның жеңісі жолындағы күрестің шешуші кезеңі туды.

В. И. Ленин «Марксизм және көтеріліс» деген мақаласында былай деп көрсетті: «Бұқараны ерте алатын таптың, революция авангардының, халық авангардының көпшілігі біздің жағымызда. ...Халықтың көпшілігі біздің жағымызда,... Өз жолын әбден жақсы білетін партия жағдайының қолайлылығы біздің жағымызда... Нағыз жеңіс біздің жағымызда...» (Шығ. толық жин., 26-т., 6-6.).

РСДЖ(б)П ОК-інің 1917 жылғы 10 (23) октябрьдегі тарихи мәжілісі Зиновьев пен Каменевтың капитулянттық ұсыныстарын жоққа шығарып, Финляндиядан Петроградқа астыртын қайтып оралған В. И. Ленин ұсынған қарулы көтеріліс туралы қарарды қабылдады. РСДЖ(б)П ОК-інің 1917 ж. 16 (29) октябрьдегі кең көлемде өткізілген мәжілісі ең жақын күндердің ішінде қарулы көтеріліс жасау туралы лениндік қарарды мақұлдады. Оған басшылық жасау үшін әскери-революциялық орталық құрды, ол әскери-революциялық комитеттің құрамына оның басшы ұйтқысы ретінде кіретін болды.

1917 жылы 24 октябрьде (6 ноябрьде) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне революциялық жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың асамаңызды объектілерін басып алды. 25 октябрь (7 ноябрь) күні таңертең Әскери-революциялық комитет В. И. Ленин жазған «Россия азаматтарына!» деген үндеуін жариялады. Бұл тарихи документте былай делінді: «Уақытша үкімет құлатылды. Мемлекеттік окімет Жұмысшы және солдат депутаттарының Петроград Советінің органы - Петроград пролетариаты мен гарнизонын бастап отырған Әскери-революцяилық комитетінің қолына көшті.

Халық мақсат етіп күрескен ісі дереу демократиялық бітім ұсыну, жерді помещиктердің меншіктенуін жою, өндіріске жұмысшы бақылауын қою, Совет үкіметін құру, міне бұл іс қамтамасыз етілді.

Жұмысшылардың, солдаттардың және шаруалардың революциясы жасасын!» (бұл да сонда, 227-6.).

25 октябрьде (7 ноябрьде) кешкі 10 саг 40 минутта. Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды, ол бүкіл елде өкіметтің Советтерге көшкенін жариялады. 26 октябрьде (8 ноябрьде) түнгі сағат 2-де Қысқы сарай шабуылмен алынып, Уақытша үкімет тұтқындалды. Съезд Лениннің баяндамасы бойынша Бітім туралы, Жер туралы тарихи декреттерді қабылдады, Совет өкіметінің жоғарғы органы - Бүкіл Росс. ОАК-ін сайлады, В. И. Ленин бастаған тұңғыш Жұмысшы-шаруа Совет үкіметін - Халкомсовты құрды.

Петроградта қарулы көтерілістің жеңіп, Совет өкіметінің орнауы, ұлт республикаларында, атап айтқанда Қазақстанда социалистік революцияның үлкен қиыншылықтарға кездескеніне қарамай, бүкіл елде Совет өкіметінің салтанатпен орнауының бастамасын салып берді.

Қазақстанда Совет өкіметі үшін күрестің қиыншылықтары. Мәселе тек өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдениет жағынан артта қалғандығында, жергілікті пролетариаттың, большевиктік ұйымдарының саны аздығында, ұлт аралық қатынастардың қиындығында ғана емес болатын. Совет өкіметін орнатуға мұнда қазақ буржуазияшыл ұлтшылдарының контррев. «үкіметі» - Алашорда, Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлері қарсы күресті. Мұның үстіне Орталықта Совет өкіметі орнағаннан кейін көптеген контрреволюцияшылдар Қазақстанға қашып келді. Шекараның жақындығы халықаралық империалистік реакцияның антисоветтік әрекеттерін жеңілдетті.

Қазақ буржуазияшыл ұлтшылдары белсене қимыл жасай отырып, өлкеде социалистік революцияның жеңуіне жол бермеуге бар күш-жігерін жұмсады. Олар 1917 ж. 5-16 декабрьде Орынборда Бүкіл қазақстандық 2-съезд өткізді, оған ауылдардағы феодал-бай билеуші топтарының, реакцияшыл мұсылмандардың, дін басшыларының және буржуазияшыл-ұлтшыл интеллигенттің өкілдері қатысты. Съезде Қазақстанның буржуазиялық автономиясын жариялау туралы шеішм қабылданып, буржуазияшыл ұлтшылдардың «Алаш» партиясының басшысы Ә. Бокейханов бастаған «Алашорда үкіметін» құрды. Осымен бірге «халықтық милиция» деп аталатын қарулы күштер жасақтау ұйғарылды. Ә. Бөкейхановтың өзінің мойындауы бойынша, «Съездің алаш үкіметін құру туралы қарары қазақ даласында большевизмнің даму мүмкіндігіне жол бермеу тілегінен туған еді».

Жетісу казактарының офицер-кулак билеуші топтары 1917 ж. 1 ноябрьде контрреволюциялық бүлік жасап, «Әскери үкімет» деп аталатынды құрды, сөйтіп, ашықтан-ашық ақгвардияшыл диктатура орнатты. Бұл «үкімет» революцияға қарсы күресу үшін 3 ноябрьде контрреволюциялық «еріктілер» дружиналарын құрды. Ол Жетісуда қанқұйлы террор тәртібін орнатты. Осы сияқты контрреволюциялық «Әскери үкімет» ноябрьдің ортасында Орынборда, сол айдың ақырында Оралда құрылып, әрекет жасай бастады. Буржуазияшыл-ұлтшылдардың, ақ казактар мен ақгвардияшыл контрреволюцияның біріккен күші Совет өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Міне, осындай қиын жағдайда Қазақстан большевиктері Россия пролетариатының белсенді қолдауына сүйене отырып, лениндік партияның ОК-інің тікелей басшылығымен еңбекшілер бұқарасын Совет өкіметінің жеңісі жолындағы күреске жұмылдыра алды.

Қазақ даласында Совет өкіметін орнатуда Ташкентте, Омбыда, Орынборда, Астраханьда, Қазақстанмен шекаралас басқа облыс орталықтарында социалистік революцияның жеңуінің зор маңызы болды. Ұлан-байтақ өлкенің барлық аудандарында Совет өкіметін орнату процесінің бір мезгілде және бірдей жағдайда болмағаны өзінен-өзі белгілі.

Әр түрлі аудандарда оның революцияшыл және контрреволюцияшыл күштерінің ара салмағы, саяси партиялардың халық бұқарасына ықпалының дәрежесі белгілеген өз ерекшелігі болды.

Сырдария, Ақмола облыстарының, Бөкей ордасының көптеген аудандарында, революцияның күші шешуші дәрежеде басым болып және контрреволюциялық қарулы қарсылық көрсете алмаған жерлерде Совет өкіметі бейбіт жолмен жеңіске жетті.

Ал контрреволюцияның күші едәуір басым болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында жағдай басқаша еді. Бұл облыстардың көптеген елді мекендерінде Совет өкіметі қарулы көтерілістің нәтижесінде, қанаушы таптардың қарсылығын күшпен жаныштау арқылы орнатылды. Сондықтан да Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі бірнеше айға (1917 ж. нояб. -1918 ж. март) созылды.

Сырдария облысында Совет өкіметінің орнауы. Ең алдымен, Совет өкіметі Сырдария облысының аса маңызды орталықтарының бірі – Перовскіде жеңді. Мұнда Жұмысшы Жәйе солдат депутаттарының қалалық Советі октябрь күндеріне дейін-ақ негізінен темір жолшылардан құралған жауынгер Қызыл гвардия отрядын ұйымдастырды. Жергілікті гарнизон солдаттарының қолдауына сүйенген Совет Петроградта қарулы көтерілістің жеңуі және Ташкенттегі уақиғалар туралы хабардар болысымен 1917 ж. 30 октябрьде-ақ өкіметті өз қолына алды. Ол сол күні Ташкенттің көтеріліске шыққан жұмысшыларына көмекке Қызыл гвардияшылар отрядын жіберді. Петроградта, Москвада және Ташкентте өкіметтің Советтерге көшкені туралы хабарды естіген Әулиеата Жұмысшы және солдат депутаттарының Советі де өкіметті өз қолына алды.

Әулиеатадан кейін Чернявскіде Совет өкіметі бейбіт жолмен орнатылды. Бұл туралы жергілікті большевиктер ұйымдастырған қала еңбекшілерінің бұқаралық митингісінде хабарланды. Кешікпей Түркістанда, Қазалыда және Сырдария облысының басқа ірі елді мекендерінде Совет өкіметі орнатылды.

Дутовшыларды талқандау және Торғай облысында Совет өкіметінің жеңуі. Торғай облысында Совет өкіметін орнату жолындағы күрес қиын жағдайда өрістеді. Бұл ауданда Совет өкіметінің салтанатты шеруі облыс орталығы әрі Орта Азия мен Қазақстанды еліміздің орталығымен байланыстыратын маңызды буын болып отырған Орынбор үшін күреспен тығыз байланысты еді.

Орынборда өз соңынан жұмысшыларды жәпе еңбекшілердің басым бөлігін ерткен большевиктік ұйымдар көптеп саналатын. Осымен бірге мұнда атаман А. И. Дутов бастаған Орынбор казактарының офицер-кулак билеуші топтары, Бөкейханов бастаған Алашорда «үкіметі», сол сияқты эсерлер мен меньшевиктерді біріктіріп отырған ірі контрреволюциялық күштер де шоғырланған еді.

Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылар 1917 ж. ноябрьдің 14-нен 15-не қараған түні қалада өкіметті басып алып, С. М. Цвиллинг басшылық етіп отырған Әскери-ревкомды тұтқындап, социалистік революцияға қарсы қарулы күрес ашты.

Ағылшын, американ және француз империалистерініц қолдауына сүйенген ішкі контрреволюцияның бұл күштері Орта Азия мен Қазақстанда Совет өкіметінің орнау процесін тоқтатуға, сөйтіп бұл регионды еліміздің орталығынан бөліп тастап, оның адам және материалдық ресурстарын Советтік Россияға қарсы күреске пайдалануға тырысты.

Орынбор үшін күреске Совет үкіметі және В. И. Лениннің тікелей өзі ерекше көңіл бөлді. В. И. Ленин 1917 ж. 26 ноябрьде Орынбор темір жолшыларының делегациясын қабылдап, олармен Дутовтың контррев. бүлігіне қарсы күрестің міндеттері туралы әңгімелесті, сөйтіп Н. И. Подвойский мен В. А. Антонов-Овсеенкоға мына төмендегідей нұсқау берді «Штабқа (Подвойскийге және Антоновқа). Осыны ұсынушы жолдастар - Орынбордың темір жолшылары, Дутовқа қарсы өте шұғыл әскери көмекті талап етеді. Талқылап, іс жүзінде шешуді сұраймын» (Шығ. толық жин., 50-т., 10 б.).

Орынбор еңбекшілеріне көмекке орыс, украин, қазақ, өзбек және басқа халықтар өкілдерінен құрастырылған Оңтүстік Оралдың, Поволжьенің, сол сияқты Ташкенттің, Черняевскінің, Перовскінің, Шалқардың, Түркістанның Қызыл гвардия отрядтары жіберілді. Партияның Орталық Комитеті П. А. Кобозевті дутовшыларға қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссар етіп жіберді. Петроградтан мичман С. Д. Павлов бастаған Балтық матростарының отряды келді. 1917 ж. декабрьдің ортасында құрамында П. А. Кобозев, Ә. Т. Жанкелдин, С. Д. Павлов бар Әскери-революциялық Совет басқарған жалпы саны 2000 адамы бар Қызыл гвардия отрядтары Бузулыққа шоғырландырылды. Қызыл гвардияшылардың біріккен күші 1918 жылы 16 январьда Қарғалы станицасының ауданында дутовшылардың негізгі күщін талқандап, 18 январьда Орынборды ақ гвардияшылардан азат етті. Орынбордан Дутов қарақшыларының қалдықтарымен бірге алашордашылар да қашты. Дутовшыларға қарсы күрестің қызып тұрған шағында (1918 жылы 8 январьда) Ақтөбе Советі қалада өкіметті өз қолына алды. 1918 жылы февральдың басында болған Советтердің уездік съезі атқару комитеттің жаңа құрамын сайлады. Оның председателі 1905 жылдан Компартия мүшесі В. Ф. Зинченко болды. 1917 ж. 25 декабрьде (1918 ж. 7 янв.) большевиктердің басшылығымен жұмысшылар мен шаруалар В. И. Чекмарев бастаған Балтық теңізшілерінін азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайда Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын құлатты. Советтердің Қостанай съезі 1918 ж. 15-16 январьда болыпевик Л. И. Таран бастаған уездік атқару комитетін сайлады.

1917 жылы декабрь - 1918 жылдың басы кезінде Совет өкіметі Торғай уезінде салтанат құрды, бұл күресте А. Иманов, О. Асауов, Н. Токарев көрнекті роль атқарды.

Ақмола және Семей облыстарында Совет өкіметінің орнауы. 1917 жылы 12 ноябрьде Петропавл Жұмысшы және солдат депутаттары Советінің, Шаруа депутаттары Советінің және темір жол жұмысшыларының өкілдерімен бірлескен мәжілісі болды. Большевик И. Д. Дубининнің ұсынысы бойынша Уақытша ревком құрылды. Оның председателі И. Д. Дубинин болды. Ревком негізінен большевиктер мен олардың жақтастарынан құрылды, олардың ішінде Р. ЬІдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішев, П. Рыжов, П. Калюжная болды. Совет 1917 ж. 22 ноябрьдегі мәжілісінде Батыс Сібір Советтерінің 3-съезінің делегаттарына аманат қабылдады. Онда өкіметті орталықта да, сол сияқты жергілікті жерлерде де Советтерге беру талап етілді.

Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өкіметтің Советтердің қолына өтуінде Батыс Сібір Советтерінің 3-съезі (1917 ж. 2-10 дек.) ерекше роль атқарды. Оның жұмысына Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен Советтерінің өкілдері қатысты. Съезд Батыс Сібір мен ол кезде Ақмола және Семей облыстары кіретін Дала өлкесінің территорияларында өкіметтің Советтердің қолына көшкені туралы қаулы қабылдады.

Құрамында С. Сейфуллин, Н. И. Монин, Б. Серікбаев, Ф. И. Кривогуз және басқалар бар Ақмола ревкомы 1917 жылы декабрьдің ақырында Уақытша үкіметтің жергілікті органы құлатылып, Совет өкіметінің орнатылғанын жариялады.

Большевиктер Д. Демецкий, В. Порох бастаған Көкшетау Жұмысшы және солдат депутаттарының Советі 1917 жылы декабрьдің ақырында қалада да, сол сияқты уезде де бүкіл өкімет билігін өз қолдарына алуды ұйғарды. Жұмысшы және солдат депутаттарының Советінде большевиктер көпшілік болып, оны өз соңынан ерте алды. Бірақ Шаруа депутаттарының Советінде солшыл эсерлердің ықпалы басым болды. Көкшетау большевиктері шаруа депутаттарының уездік съезі (1917 жылы дек.) делегаттарының арасында күшті түсінік жұмысын жүргізді, осының нәтижесінде уездік аткомга сайланғандар Совет өкіметінің жақтастары болып шықты.

Павлодар Жұмысшы және солдат депутаттарының Советі Қызыл гвардия отрядына сүйене отырып, 1918 ж. январьдың басында өкіметті алу үшін батыл шаралар қолданды. 13 январьда ол түрмеден саяси тұтқындарды босатты. 19 январьда қалада өкімет Советтің қолына көшті.

Біраз уақыт бойы Советпен қатар казактардың офицер-старшина билеуші топтарына және қазақ буржуазияшыл-ұлтшылдарына сүйенген Уақытша үкіметтің Павлодар уезінің комиссары Виноградский өз қызметін жүргізді. Бұл екеуінің де еңбекші казак-орыстар мен қазақтарға ықпалын әлсірету қажет болды. Большевиктер С. К. Тепловтың, И. С. Царевтың және басқалардың жүргізген үгіт жұмысы арқасында мұны орындау, ал онан кейіп ақ казак бөлімшелерін қарусыздандыру да мүмкін болды. Уақытша үкімет комиссарының қызметіне толық тыйым салынып, қалалық Совет өкіметті толық өз қолына алды. 1918 ж. 29 январьда Т. Виноградский Уақытша үкіметтің Семей облыстық комиссарына былай деп хабарлады: «Депутаттар Советі қалада өкіметті біржола басып алды, оған қарсыласуға менің мумкіндігім жоқ... гарнизон депутаттар Советі жағында. Казактар қалыс қалып отыр».

Семейде күрес ауыр болды. 1917 жылы декабрьдің ақырында эсерлер мен меньшевиктердің көпшілігі қалалық Советтен қуылып шығарылды да аткомның жаңа президиумына алты большевик және бір эсер кірді. Құрамында большевиктер К. А. Шугаев, П. П. Салов, М. Шабанов, К. Алексеев және басқалар бар Әскери-революциялық комитет құрылды. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардияшылардың қолда бар отрядтарына қосымша тері заводы, затон, өзеннің арғы бетіндегі Слободка жұмысшыларынан қарулы топтар құрастырылды. Большевиктерге көмекке РК(б)П Омбы облыстық әскери-округтік комитетінің өкілі, 1905 жылдан Компартия мүшесі А. А. Звездов келді.

1918 жылы февральдың 16-нан 17-не қараған түнде Семейде өкімет жергілікті Советтің қолына көшті. 17 февральда «Известия Семипалатинского Совета рабочпх и солдатских депутатов» газетінің 1-санында төмендегідей үндеу жарияланды: «Семей облысының азаматтары, еңбекші революцияшыл халықтың еркін орындай отырып жұмысшы және солдат депутаттарының Советі бүгінгі күннен бастап, Россия Советтік Федерациялық Республикасының құрамына кіретін қаланы және облысты басқару жөніндегі бүкіл өкіметті өз қолына алды».

Павлодар мен Семейден кейін Совет өкіметі Семей облысының басқа уездік орталықтарында орнатылды.

Орал облысында және Бокей ордасында Совет өкіметі үшін күрес. Орал облыс мен Бөкей ордасында Совет өкіметін орнату жолындағы күрес ерекше күрделі де қиын жағдайда өрістеді. Орал облысында казак әскерлерінің офицер-кулак билеуші топтары, Жымпитыдағы Алашорда «үкіметінің» батыс бөлімшесі және төменгі Поволжье аудандарында Совет өкіметі орнағаннан кейін осында қашып келген ақ гвардияшылар сияқты контрреволюцияның едәуір күші шоғырланған болатын. 1918 ж. 15-16 январьда өткен шаруалардың облыстық съезі большевиктердің ұсынысы бойынша Совет өкіметін орнату туралы қаулы қабылдады, Съездің большевиктік фракциясы арсеналды тез арада қолға алуды, ақ гвардияшыл отрядтарды қарусыздандыруды, «әскери үкіметті» жоюды талап етті.

Бірақ солшыл эсерлердің қарсылық әрекеттері салдарынан «әскери үкімет» жойылған жоқ, ақ гвардияшыл бөлімшелер қарусыздандырылмады. Алашорда «үкіметінің» батыс бөлімшесі Советке қарсы қызметін жүргізе берді. 1918 жылы январь-март айларында облыстың бірсыпыра уездік орталықтары мен басқа да елді мекендерінде (Темірде, Доссорда, Гурьевте т. б.) Совет өкіметі жеңгенмен Оралдың өзінде революцияшыл күштердің жағдайы ауыр болды. «Әскери үкімет» алашордашылармен бірлесіп, антисоветтік төңкеріс жасауға қызу әзірленіп жатты.

Оралда Советтердің шұғыл шақырылған съезі (1918 ж. 18-24 март) «әскери үкіметті» және Алашорданың батыс бөлімшесінің «үкіметін» тарату, майдангер солдаттарды қызыл гвардия қатарына мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Ол облыстық Советтін атқару комитетін сайлады, оның құрамына большевиктер П. А. Дмитриев (председатель), Ә. Әйтиев (председательдің орынбасары), М. Ипмағамбетов, С. Пужалин, П. Червяков және басқалар кірді.

Бірақ съезд шешімдерін орындауға мүмкіндік болмады. Марттың 28-нен 29-на қараған түні қалада контрреволюциялық төңкеріс жасап, коммунистерді, Совет аткомдарының мүшелерін (барлығы 60-тай адамды) тұтқынға алды. С. Пужалин, П. Морозов, П. Червяков, П. Дмитриев ақ гвардияшылардың түрмесінде өлтірілді. Ақ террордан тек Орал Советінің бірнеше мүшелері ғана, оның ішінде Ә. Әйтиев пен М. Ипмағамбетов аман құтылды.

Ол кезде Астрахань губерниясының құрамына кіретін Бөкей даласында контрреволюцияшылардың қарсылығы Орал облысындағыға қарағанда әлсіздеу болды. Бөкей даласының орталығы Орда қаласында 1917 ж. 2 декабрьде большевиктер ұйымдастырған бұқаралық митингі болды, ол Уақытша үкімет жергілікті органының контрреволюцияшыл атқару комитетін таратып, Совет өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. Мұнда Совет өкіметін орнатып, нығайту жөнінде С. Меңдешев, П. Варламов және басқалар көрнекті роль атқарды.

Жетісуда Совет өкіметінің орнауы. Жетісудың революцияшыл күштеріне ұзақ уақыт ерлік күрес жүргізуіне тура келді. Верный большевиктері «Әскери үкімет» орнатқан ақ гвардияшылар диктатурасы жағдайында астыртын әрекет жасап, белсенді революциялық жұмыс жүргізді. Л. Емелевтің, Т. Бокиннің, Т. Өтеповтың, С. Журавлевтің, А. Розыбакиевтің және басқалардың қажырлы қызметі арқасында Жетісудың жұмысшы ұйымдары (қара жұмысшылардың, «мұсылман жұмысшылардың», баспахана жұмысшыларының, етікшілердің, құрылыс жұмысшыларының, сол сияқты почта-телеграф қызметшілерінің одақтары) большевиктердің ықпалында болды. 1918 жылғы январьдан бастап жергілікті солдат бұқарасының, ауыл мен село халқының арасындағы революциялық жұмысқа зор маңыз берген Верный большевиктеріне майданнан оралған П. М. Виноградов басшылық етті.

1918 жылы 2-13 январьда Верныйда өткен Жетісу облыстық шаруаларының 2-съезі ауыл еңбекшілерінің көпшілігі Советтерді жақтайтынын көрсетті. Оның шешімдері шаруалардың революциялық ықыласының арта түсуін дәлелдеді. Ақ террорға және «Әскери үкіметтің» делегаттарды қуып таратып, жазаламақшы болған қауіп-қатеріне қарамай, съезд Совет өкіметін орнатуды жақтайтынын ашықтан-ашық жариялады.

Советтерінің 3-съездіқ делегаттарына аманат қабылдады. Онда өкіметті орталықта да, сол сияқты жергілікті жерлерде де Советтерге беру талап

Солтүстік-Шығыс Қазақстапда өкіметтің Советтердің қолына өтуінде Батыс Сібір Советтерінің 3-съезі (1917 ж. 10 дек.) ерекше роль атқарды. Оның жұмысына Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен Советтерінің өкілдері қатысты. Съезд Батыс Сібір мен ол кезде Ақмола және Семей облыстары кіретін Дала өлкесінің территорияларында өкіметтің Советтердің қолына көшкені туралы қаулы қабылдады.

Құрамында С. Сеифуллин, Н. И. Монин, Б. Серікбаев, Ф. И. Кривогуз және басқалар бар Ақмола ревкомы 1917 ж. декабрьдің ақырында Уақытша үкіметтің жергілікті органы құлатылып, Совет өкіметінің орнатылғанын жариялады.

Большевиктер Д. Демецкий, В. Порох бастаған Көкшетау жұмысшы және солдат депутаттарының Советі 1917 ж. декабрьдің ақырында қалада да, сол сияқты уезде де бүкіл өкімет билігін өз қолдарына алуды ұигарды. Жұмысшы және солдат депутаттарының Советінде большевиктер көпшітк болып, оны 03 соңынан ерте алды. Бірақ Шаруа депутаттарының Советінде солшыл эсерлердің ықпалы басым болды. Көкшетау большевиктері шаруа депутаттарының уездік съезі (1917 ж. дек.) делегаттарының арасында күшті түсінік жұмысын жүргізді, осының нәтижесінде уездік аткомға сайланғандар Совет өкіметінің жақтастары болып шықты.

Павлодар Жұмысшы және солдат депутаттарының Советі Қызыл гвардия отрядына сүйене отырып, 1918 жылы январьдың басында өкіметті алу үшін батыл шаралар қолданды. 13 январьда ол түрмеден саяси тұтқындарды босатты. 19 январьда қалада өкімет Советтің қолына көшті.

Біраз уақыт бойы Советпен қатар казактардың офицер-старшина билеуші топтарына және қазақ буржуазияшыл-ұлтшылдарына сүйенген Уақытша үкіметтің Павлодар уезінің комиссары Виноградский өз қызметін жүргізді. Бұл екеуінің де еңбекші казак-орыстар мен қазақтарға ықпалын әлсірету қажет болды Большевиктер С. К. Тепловтың, И. С. Царевтың және басқалардың жүргізген үгіт жұмысы арқасында мұны орындау, ал онан кейін ақ казак бөлімшелерш қарусыздандыру да мүмкін болды. Уақытша үкімет комиссарының қызметіне толық тыйым салынып, қалалық Совет өкіметті толық өз қолына алды. 1918 жылы 29 январьда Т. Виноградский Уақытша үкіметтің Семей обл. комиссарына былай деп хабарлады: «Депутаттар Советі қалада өкіметті біржола басып алды, оған қарсыласуға менің мүмкіндігім жоқ... гарнизон депутаттар Советі жағында. Казактар қалыс қалып отыр».

Семейде күрес ауыр болды. 1917 жылы декабрьдің ақырында әсерлер мен меньшевиктердің көпшілігі қалалық Советтен қуылып шығарылды да аткомның жаңа президиумына алты большевик және бір эсер кірді. Құрамында большевиктер К. А. Шугаев, П. П. Салов, М. Шабанов, К. Алексеев және басқалар бар Әскери-революциялық комитет құрылды. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардияшылардың қолда бар отрядтарына қосымша тері заводы, затон, өзеннің аргы бетіндегі Слободка жұмысшыларынан қарулы топтар құрастырылды. Большевиктерге көмекке РК(б)П Омбы облыстық әскери-округтік комитетінің өкілі, 1905 жылдан Компартия мүшесі А. А. Звездов келді.

1918 жылы февральдың 16-нан 17-не қараған түнде Семейде өкімет жергілікті Советтің қолына көшті. 17 февральда «Известия Семипалатинского Совета рабочих и солдатских депутатов» газетінің 1-санында төмендегідей үндеу жарияланды: «Семей облысының азаматтары, еңбекші революцияшыл халықтың еркін орындай отырып жұмысшы және солдат депутаттарының Советі бүгінгі күннен бастап, Россия Советтік Федерациялық Республикасьшың құрамына кіретін қаланы және облысты басқару жөніндегі бүкіл өкіметті өз қолына қалды».

Павлодар мен Семейден кейін Совет өкіметі Семей облысының басқа уездік орталықтарында орнатылды.

Орал облысында және Бөкей ордасында Совет өкіметі үшін күрес. Орал облысы мен Бөкей ордасында Совет өкіметін орнату жолындағы күрес ерекше күрделі де қиын жағдайда өрістеді. Орал облысында казак әскерлердың офицер-кулак билеуші топтары, Жымпитыдағы Алашорда «үкіметінің» батыс бөлімшесі және төменгі Поволжье аудандарында Совет өкіметі орнағаннан кейін осында қашып келген ақ гвардияшылар сияқты контрреволюцияның едәуір күші шоғырланған болатын. 1918 ж. 15-16 январьда өткен шаруалардың облыстық съезі большевиктердің ұсынысы бойынша Совет өкіметін орнату туралы қаулы қабылдады, Съездің большевиктік фракциясы арсеналды тез арада қолға, алуды, ақ гвардияшыл отрядтарды Қарусыздандыруды, «әскери үкіметті» жоюды талап етті.

Бірақ солшыл эсерлердің қарсылық әрекеттері салдарынан «әскери үкімет» жойылған жоқ, ақ гвардияшыл бөлімшелер қарусыздандырылмады. Алашорда «үкіметінің» батыс бөлімшесі Советке қарсы қызметін жүргізе берді. 1918 жылы январь-март айларында облыстың бірсыпыра уездік орталықтары мен басқа да елді мекендерінде (Темірде, Доссорда, Гурьевте т. б.) Совет өкіметі жеңгенмен Оралдың өзінде революцияшыл күштердің жагдайы ауыр болды. «Әскери үкімет» алашордашылармен бірлесіп, антисоветтік төңкеріс жасауға қызу әзірленіп жатты.

Оралда Советтердің шұғыл шақырылған съезі (1918 ж., март) «әскери үкіметті» және Алашорданын, батыс бөлімшесінің «үкіметін» тарату, майдангер солдаттарды қызыл гвардия катарына мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Ол облыстық Советтін атқару комитетін сайлады, оның құрамына большевиктер П. А. Дмитриев (председатель), Ә. Әйтиев (председательдің орынбасары), М. Ипмағамбетов, С. Пужалин, П. Червяков және басқалар кірді.

Бірақ съезд шешімдерін орындауға мүмкіндік болмады. Марттың 28-нен 29-на қараған туні қалада контрреволюциялық төңкеріс жасап, коммунистерді, Совет аткомдарының мүшелерін (барлығы 60-тай адамды) тұтқынға алды. С. Пужалин, П. Морозов, П. Червяков, П. Дмитриев ақ гвардияшылардың түрмесінде өлтірілді. Ақ террордан тек Орал Советінің бірдаше мүшелері ғана, оның ішінде Ә. Әйтиев пен М Ипмағамбетов аман құтылды.

Ол кезде Астрахань губерниясының құрамына кіретін Бөкей даласындағы контрреволюцияшылардың қарсылығы Орал облысындағыға қарағанда әлсіздеу болды. Бекей даласының орталығы Орда қаласында 1917 жылы 2 декабрьде большевиктер ұйымдастырған бұқаралық митингі болды, ол Уақытша үкшет жергілікті органының контрреволюцияшыл атқару комитетін таратып, Совет өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. Мұнда Совет өкіметін орнатып, нығаиту жөнінде С. Мендешев, П. Варламов және басқалар көрнекті роль атқарды.  

Жетісуда Совет өкіметінің орнауы. Жетісудың революцияшыл күштеріне ұзақ уақыт ерлік күрес жүргізуіне тура келді. Верный большевиктері «әскери үкімет» орнатқан ақ гвардияшылар диктатурасы жағдайында астыртын әрекет жасап, белсенді революциялық жұмыс іжүргізді. Л.Емелевтің, Т. Бокиннің, Т. Өтеповтың, С. Журавлевтің, А. Розыбакиевтің және басқалардың қажырлы қызметі арқасында Жетісудың жұмысшы ұйымдары (қара жұмысшылардың, «мұсылман жұмысшылардың», баспахана жұмысшыларының, етікшілердің, құрылыс жұмысшыларыныц, сол сияқты почта-телеграф қызметшілерінің одақтары) большевиктердің ықпалында болды 1918 жылғы январьдан бастап жерилікті оолдат бұқарасының, ауыл мен село халқының арасындағы революциялық жұмысқа зор маңыз берген Верный большевиктеріне майданнан оралған П. М.Виноградов басшылық етті.  

1918 жылы 2-13 январьда Верныйда өткен Жетісу облыс шаруаларының 2- съезі ауыл еңбекшілерінің көпшіліп Советтерді жақтайтынын көрсетті. Оның шешімдері шаруалардың революциялық ықыласының арта түсуін дәлелдеді. Ақ террорға және «Әскери үкіметтің» делегаттарды қуып таратып, жазаламақшы болған қауіп-қатеріне қарамай, съезд Совет өкіметін орнатуды жақтайтынын ашықтан-ашық жариялады.

Съезде облыстық шаруалар Советі сайланды, ол қарулы көтерілісті дайындауда Верный большевиктері тобының тірегіне айналды. Делегаттардың құрамына Верный қара жұмысшылар одағының басшылары Юсуп Бабаев пен Тәшен Өтеповтің және сол сияқты көрнекті большевик Тоқаш Бокиннің кіруі елеулі оқиға болды.

1918 жылы январьдың 2-жартысында құрамының едәуір бөлігі Советтерді жақтайтын 2-Жетісу казактары полкінің Ираннан қайтып келуіне байланысты Верныйда революцияның күші молайды. Полк жауынгерлері арасында жасырын большевиктік топ жұмыс істеді.

1918 жылы 15 февральда полктің казармасына жақын ескі қорым алаңында бұқаралық халық митингісі шақырылды. Оған 2-полк жауынгерлерінің бір бөлігі, көптеген жұмысшылар, солдаттар, қала кедейлері (барлығы бір мыңнан астам адам) қатынасты. Митингіде сөз сөйлеген Л. П. Емелев, П. М. Виноградов т. б. ақ гвардияшылардың диктатурасын құлатуға шақырды. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссарларын тұтқынға алып, Совет өкіметін орнату туралы қарар қабылдады.

1918 жылы 2 марттан 3 мартқа қараған түні Верныйда большевиктердің басшылығымен жұмысшылардың, майдангер-солдаттардың және 2-Жетісу казактары полкінің революциялық жағындағы жауынгерлерінің қарулы көтерілісі болды. Көтерілісшілер қорғанды, қару-жарақ қоймаларын басып алып, банкті, почтаны, телеграфты қолға алды, Уақытша үкіметтің комиссарлары мен «Әскери үкіметтің» басшылары қаладан қашты. Верныйда Совет өкіметі орнады. Бүкіл өкімет билігі П. М. Виноградов, Л. П. Емелев, Т. Бокин және басқалардан құралған Әскери-ревкомның қолына көшті. 10 мартта большевиктердің ұйымдастыру жиналысы болды, онда қалалық партия комитеті сайланды. Оның құрамына Р. В. Маречек, С. М. Журавлев т. б. кірді.

Март айының ішінде Совет өкіметі Қапалда, Жаркентте, Сергиопольде және Жетісу облысының басқа аудандарында орнатылды. Осылайша 1917 ж. октябрьдің ақырынан 1918 жылдың мартына дейін Совет өкіметі Қазақстанның бүкіл кең-байтақ территориясында (Орал мен оның аудандарынан басқа) жеңді.

Совет өкіметі орнатылғаннан кейін Қазақстан большевиктері оны нығайту жөніндегі жұмысқа шұғыл кірісті: облыстар мен уездік орталықтарда мемлекеттік өкіметтің біртұтас органдарын құруға, ауылдық және селолық Советтерді, Қызыл Армияның бөлімшелерін ұйымдастыруға кірісті.

Совет өкіметін нығайту жолындағы күрес. Өкімет жайындағы мәселе - қандай да болмасын революцияның негізгі мәселесі болып табымады. Ал ескі мемлекеттік машинасын күйретіп, жұмысшы мен шаруа өкіметінің жаңа аппаратын құру жайындағы идея - пролетарлық мемлекеттік туралы марксизм-ленинизм ілімінің негізгі қағидаларының бірі.

1917 ж. 22 декабрьде маңызды екі документ - РСФСР Ішкі Істер Халық комиссариатының (НКВД) «Барлық Советтерге» үндеуі және «Советтердің праволары мен міндеттері» туралы РСФСР Ішкі істер Халкомсовының нұсқауы жарияланды.

Үндеуде, Советтер билікті өз қолына алуға міндетті деп, ерекше атап көрсетілді, ал мұның өзі «елде өкімет билігі пролетарлық және жартылай пролетарлық элементтердің қолына көшіп отырған саяси фактіні нығайтудың әрі оны ұйымдастыру көрінісі болып табылады».

Үндеу мен нұсқауда пролетарлық диктатурасы жүйесіндегі орталық және жергілікті өкімет билігінің ара салмағы айқын анықталады. Жаңа құрылған әрбір советтік ұйым бір орталыққа бағынған мемлекеттік жүйе ретінде өзара тығыз байланысын, ал әрбір жеке Советтер біртұтас Совет мемлекетінің бөлігі ретінде болуы керек ден ұйғарылды.

Бұл съездердің бәрі де ең алдымен ескі мемлекеттік жүйені қиратып, Советтік жаңа мемлекеттік аппаратты құру мәселесіне көңіл бөлді, сонымен қатар, Совет өкіметінің жергілікті органдарын құрудың тәртібін белгіледі. Мәселен, Торгай обл. Советінің съезі (Орынбор, 1918 ж. 21 март - 3 апр.) 1918 ж. 30 мартта «Торғай облысындағы Совет өкіметі туралы Ереже» қабылдады. Онда: «Россия Федеративтік Республикасын мекендеп отырған жұмысшы, солдат, шаруаның қанымен және маңдай терімен орнаған, ...пролетариат өкіметін нығайту - Совет өкіметі арқылы ғана жүзеге асады» деп, атап көрсетілді. Съездің ұйғарымы бойынша Советке «өз еңбегімен күн көруші еңбеккер адамдар ғана» қатысуға праволы болды. Сонымен қатар съезд шешімінде: «Барлық буржуазия, көпестер, кулактар, помещиктер, патшаның барлық чиновниктері, жандармдар советке қатыстырылмайды», - делінді. Торғай облыс Советтері съезінің бұл шешімі Совет өкіметін нығайтуға бағытталды әрі Советтердің бүкіл росс. 2-съезінің тарихи деректеріне және Совет өкіметінің ресми органдарының міндетті нұсқауларына толық сай келді. «Торғай облысындағы Совет өкіметі туралы Ереже» Торғай облысында ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның өзге де аймақтары үшін үшкен маңызы болды. Мұнда Қазақстанға тән ерекшеліктері ескеріліп, Совет өкіметінің жергілікті органдары ұйымдарының негізгі жағдайы жинақталган. Советтердің обл. және уездік съездерінің шешімдеріне сай 1918 жылдың көктемінде барлық жерде облыстық және земство басқармалары жойылды.

Жұмысшы-шаруа өкіметі жауларының арандату әрекеттеріне қарамастан Қазақстанның облыстық Совет атқару комитеттері уездерде өкіметтің бірегей органдарын құруға кірісті.

Қазақстанда мемлекеттік өкіметтің бірегей органын құру процесі - Жұмысшы, солдат депутаттары Советтерін шаруа Советтерінің депутаттарымен біріктіруге жағдай туғызды. Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі Совет өкіметінің атқару аппаратының құрылымының жалпы алғанда, Орталық аудандық Советтерінің атқару комитеттерінің құрылымынан онша көп айырмасы болмады. Дегенмен өлкенің кейбір облыстық уездік Советтердің атқару комитеттерінің құрылымында жергілікті ерекшеліктер болды. Мәселен, өлкенің кейбір Советтерінің атқару комитеттерінде қазақ тұрғындарымен жұмыс жүргізетін бөлім немесе секция, «Туземдік мектептерге басшылық ететін» бөлімшелер ұйымдастырылды.

Қазақ еңбекшілерін мемлекеттік басқару ісіне тарту және қазақ ауылдарына Совет өкіметінің идеяларын кеңінен тарату мақсатымен Қазақстанның жеке аудандарйндағы большевиктік ұйымдар 1918 жылдың көктемінде қазақ еңбекшілері өкілдерінің съезін шақырды.

Бұл съездер Павлодарда, Семейде, Ақмолада, Әулиеатада, Ақтөбеде, Верныйда, Жаркентте, Ордада, Қостанайда т. б. қалаларда өтті. Бұл съездерде қазақ еңбекшілерінің өкілдері совет ұйымдарын құруға ат салысуға әзір екенін білдірді. Бұған қоса олар 1917 ж. декабрьде буржуазиялық ұлтшылдар құрған Алашорда «үкіметінің» халыққа қарсы және контррев. негізін әшкереледі. Еңбекші халық қазақ бұқарасының мүддесіне сай келмейтін буржуазия ұлтшылдарының «үкіметін» таратуды талап етті.

Қазақ еңбекшілері алашордашылардың буржуазиялық автономиясына үзілді-кесілді қарсы шыға отырып, өлкенің облыстық және уездік съездеріне сайланған атқару комитеттерінің жұмысына белсене араласты. Мемлекеттік ескі тәртіпті күйретіп, мемлекеттік жаңа аппаратты ұйымдастыруда советтік сотты құрудың үлкен маңызы болды. РСФСР Халкомсовының 1917 жылғы 22 ноябрьдегі «Сот туралы» декретіне сай соттың ескі аппараты түгелдей жойылды да, Жергілікті ніерлерде де бұл декрет жүзеге асырылып, соттың жаңа жүйесі құрыла бастады. Бұл міндетті жергілікті советтер атқарды.

Бұрыңғы сот жүйесін жойып, тікелей демократиялық сайлау негізінде құрылған соттың жаңа жүйесін жүзеге асыру - Қазақстан мен Түркістан советтері мен большевиктік партия ұйымдарының ерекше иазарына алынды.

Кезінде Қазақстанның қазіргі оңтүстік облыстары құрамына енген Түркістан өлкесінің Халкомсовы 1917 ж. 12 декабрьде барлық бұрынғы сот орындарының мекемелерін тарату туралы декрет қабылдады. Сонымен қатар прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер пнституттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды.

1918 жылы 26 мартта Семейде округтық жаңа халық соты құрылып, оның құрамында азаматтық және қылмыс істері болімшесі болды. Облыстық Советтің атқару комитетінің сот бөлімі қазақ соты жайында Ереже дайындады. Онда былай деп көрсетілген: «Қырғыздың (қазақтың) облыстық және аудандык соттарының құрамын облыс пен ауданның еңбекші қырғыздардың (қазақ) өкілдері сайланды. Соттың председателін және мүшесін, қай кезде болса да, қайта сайлауға халыққа право берілді», Қазақ соттарына қазақтар арасындағы қандай да болмасын барлық азаматтық істерді олардың тұрған жеріне байланыстырмай-ақ қарауға мүмкіндік берілді.

1918 жылы 3 апрельде Қарқаралы университетінде ескі сот органы жойылып, ревтрибунал сайланды, 1918 жылы 22 апрельде Спасск жұмысшылар депутаттары Советтерінде ревтрибунал ұйымдасты. Сонымен, біртіндеп өлкенің барлық аудандарында да ескі сот жүйесі жойылып, советтік жаңа сот жүйесі кұрылды. Бірақ кейбір жерлерде Советтер билер сотын уақытша қалдыра тұрды да, оны бақылауға алып, билігін тежеп ұстады.

Мемлекеттік жаңа аппаратты құруда басты міндеттердің бірі - Қазақстанның ауылдары мен деревняларын советтендіру болды. Алғашқы кезекте Советтер өлкенің жекелеген болыстары мен ауылдарында пайда болды да, ауылдык және селолық Советтер негізінен 1918 жылдың март - май айларында құрылды. Бұл істерге Қазақстан большевиктері басқарған облыстық және уездік, қалалық Советтер басшылық етті. Бұл басшылық селолық, облыстық Советтерді ұйымдастыруға нұсқаулар өзірлеуден, Советтердің ауылдар мен селоларға жіберетін нұсқаушы-ұйымдастырушыларын даярлайтын курстар ашудан айқын көрінеді. Қазақтың еңбекші қауымы ауылдық, облыстық Совет жүйелерінің құрылуын қуаттады. Бұл советтерді құру ісіне басшылық жасау мақсатымен облыстық және уездік партия, Совет органдарынан, жас жұмысшы табының саналы өкілдерінен жауапты қызметкерлер жіберілді.

Осындай ұйымдастыру жұмысының нәтижесінде 1918 жылы апрельде Семей облысында 262 ауылдық және селолық Совет, сол жылы июльде Бөкей даласында 4 пос., 87 болыстық, 1918 жылдың майына дейін бүкіл Торғай облысының болыстарында Советтер құрылды, 1918 жылдың 1-жартысында Жетісу облысының Жаркент, Верный, Лепсі, Қапал уездерінде 141 ауылдық, 144 селолық, 60 болыстық Совет құрылып, Каспий маңы мен Астрахань губернияларындағы қазақ ауылдарында советтік құрылыс екпінді қарқынмен жүргізілді. Сонымен 1918 жылдың 1-жартысында толық емес мәліметке қарағанда Қазақстанның барлық болыстарының 60-70%-інде ауылдық, болыстық советтер ұйымдасты. Ал суармалы егіншілікпен айналысатып Қазақстанның оңтүстік аудандарында (Жетісу, Сырдария облыстары) болыстық, ауылдық Советтердің қасынан Жерсу комитеттері сайланды.

Мұндай ұйымдастыру жұмысын жүргізуде бай-кулак элементтердің қарсылығы да күшті болды. Олар түрлі, әрекеттер, астыртын жұмыстар жүргізді, сайлаушыларды, кейбір совет мүшелерін түрлі айла-тәсілдермен өз жағына тартты, кейбір жерлерде қарулы қақтығыстар да болды. Оның үстіне кей жерлерде феодалдық-патриархалдық рулық қатыстарды желеу тұтып, кедейлердің саяси еркіндігін пайдаланып, Советтерге өз адамдарын өткізіп, солар арқылы кейбір реттерде Советтерге ықпал тұғызып отырды. Осыған қарамастан жаңадаң құрылған, әлі буыны бекімеген, жас ұйым бола тұрса да қоғамдық қатынастың әлдеқайда өміршеңдігін көрсетіп, аз уақыт ішінде Совет жұмысы жанданып, барлық жерде өріс алып, кун сайын нығая берді. Ауылдық Советтер Компартияның басшылығымен пролетарлық диктатурасының системасында біртіндеп қазақ аулындағы саяси-қоғамдық және мәдени шаруашылық, тіршіліктің ұйымдастырушы ұйтқысы болды.

Өлкенің қазақ ауылдары мен қоныстанушы шаруалар деревняларын советтендіру - Қазақстанда социалистік революцияның жеңіске жеткен күнінен басталды да, бүкіл еліміздегі советтік құрылыстың құрамды бөлігі ретінде дамыды.

Қазақстанда Қызыл Армия бөлімшелерін құру - мемлекеттік жаңа аппараттың маңызды тармағы болып табылды. Еліміздің өзге де аудандарындағы сияқты Қазақстандағы Қызыл Армия бөлімшелері де бұрынғы Қызыл гвардиялық отрядтардан құрылды. Бұлардың бірсыпырасы өлкенің қалаларында Октябрьлық Социалистік революциясының жеңіюне дейін-ақ құрыла бастаған еді. Социалистік революцияның жеңісінен кейін Халиомсовтың жұмысшы-шаруаның Қызыл Армиясын ұйымдастыру туралы 1918 жылы15 (28) январьдағы декретіне сай Қазақстан Советтері әскери бөлімшелер құруға жоспарлы түріде кірісті. «Жұмысшы шаруаның Қызыл Армиясы, - делінді декретте, - таптың неғұрлым саналы және ұйымдасқан элементтерінен құрылады». Декрет Қызыл Армияның сол кезеңнің талабына сай ерікті түрде құрылатынын атап өтті. Ескі армия демобилизацияланбай, Советтік жаңа аппараттың құрылуы аяқталмай тұрғанда соғысқа жарамды армия құрудың еріктілік принципі бірден-бір дұрыс жол еді. Бұл жағдай оның қатарын еңбекші шаруа мен жұмысшы табының саналы күшімен толықтыруға мүмкіндік берді. Облыстық және уездік Советтердің әскери бөлімідері мен комиссиялары Қызыл Армияның жергілікті бөлімдеріне тікелей басшылық жасады.

1918 жылы 9 мартта Семей облысы Советінің председателі К. А. Шугаев БОАК-ке «...Совдеп Қызыл Армия құруға кірісті» деп телеграмма жолдады. Көп кешікпей мұнда 800 адамнан атты әскер бөлімшесі құралып, ал майдың аяғында Қызыл Армияның Семей 1-ротасының ұйымдасуы аяқталып, пулеметшілердің, жаяу әскерлердің, аттылы барлаушылардың, атты отрядтардың арнаулы командаларын құра бастады. 1918 жылдың апрель айының аяғында Петропавл жаяу әскер ротасы мен атты эскадрон ұйымдасты. Ал көптеген жерлерде жергілікті Қызыл гвардия отрядтары таратылып, қызыл гвардияшылар Қызыл Армияның қатарына жазылды. Мұндай жағдайлар Павлодар, Ақмола, Перовск, Верный т. б. қалаларда болды.

1918 жылы майдың орта шенінде Торғай облысының уездік Советтерінің қарауында 500-ден астам қаруты қызыл гвардияшылар бар еді. Сол жылдың көктемінде Қызыл Армия бөлімшелері Жаркентте (100 адам), Маңқыстау уезінде (100 адам), Ақмолада (200 адам), Шалқаріда, Қазалыда, Туркістаніда құрылды. Жұмысшы табы мен еңбекші шаруалардың өкілдері қанаушы таптан өздерінің мүддесін қорғайтынын айқын түсініп, өз еріктерімен Қызыл Армия қатарына енді. Советтік алғашқы әскери бөлімшелердің құралуына қазақ еңбекшілері де белсене қатысты. Республиканың көрнекті, партия, мемлекет қайраткері А. Асылбеков: «Мен мұғалім едім... әскери шенді ойламағанмын... ал революция талап еткен соң, әскери адам болдық», - деген.

Қызыл гвардиялық отрядтар халықтар достығының және пролетарлық интернационалдық ынтымағының тамаша үлгісі болды. Оның қатарында орыс, қазақ, украин, татар т. б. халықтардың өкілдері қатар қызмет етті. Семейде, Петропавлда т. б. қалаларда құрылған Қызыл Армия бөлімшелерінің сапында чех, венгр, поляк т. б. елдердің интернационалдық жауынгерлері аз болған жоқ.

1917 жылдың көктемі мен жазында Қызыл Армия мен Қызыл әскерлердің жас отрядтары контрреволюциялық күштердің Советке қарсы ұйымдастырған бүліктерін басуда белсенділік көрсетті. Мәселен, Петропавлдың Қызыл әскерлері қаланың жұмысшы отрядтарымен тізе қоса отырып, 1918 жылы марттың орта шенінде Петропавл станицасының кулактары мен атамандарының және жаулардың ықпалына түскен 33-Батыс Сібір полкі солдаттарының контрреволюциялық бүлігін басуға қатысты. Сол сияқты 1918 ж. 18-19 мартта Қостанайдың ақ гвардияшыл офицерлері мен жергілікті казак шонжарлары қару-жарақ қоймасы мен Совет Атқару Комитетінің үйін басып алып, бүлік тұғызды. Қызыл Армия отрядтары қызыл гвардияшылармен бірігіп, тез арада бүлікті басты.

Осындай жағдай 1918 жылы апрельдің ортасында Жетісу облысының орталығы - Верный (Алматы) қаласында да болды. 16 апрельде ақ гвардияның офицерлері, қалаға жақын жердегі казак станицаларындағы кулактар алашордашылармен, эсерлермен, меньшевиктермен одақтаса отырып, Советке қарсы бүлік үйымдастырып, қаланы қоршап алды. Бүлікшілердің штабы София (Талғар қ.) станицасына орналасты.

Булікшілерге қарсы соғыста Л. П. Емелев бастаған Жетісудың социалистік полкінің жауынгерлері, қаланың большевиктік жасағы т. б. бөлімшелер Социалистік революцияның жеңісін сақтап қалды. Верныйдың Қызыл Армия бөлімшелері 1918 жылдың май айының орта шенінде Ташкенттен келген әскери отрядпен бірігіп, бүлікті басып, Жетісу казактарының әскери басқармасын жойды.

Сол жылдың апрель-май айларында Павлодар, Семей, Өскеменнің Қызыл Армия бөлімшелері, жергілікті контрреволюциялық топтардың Советтерге қарсы жекелеген қарулы дүмпулерін басты. Дегенмен, Азамат соғысы мен Соғыс интервенциясының басталуы барысында-ақ Қызыл Армияны ерікті түрде құру Совет республикасының қорғанысын қамтамасыз ете алмайтыны анық болды. Сондықтан БОАК-і 1918 ж. 29 майда елімізде еңбекшілердің жаппай әскери міндетті өтеуі туралы декреттер қабылдады. Бұл іс Қызыл Армияны құруда жүзеге асырылды.

Қазақстан большевиктері мен Советтері социалистік экономиканың негізін құруға, бүкіл еліміздегі сияқты экономиканың жаппай күйреуі жағдайында, халық шаруашылығыныц тоз-тозы шыққан жағдайда кірісті. Жағдайдың бұлай қулдырауы империалистік соғыстыд әрі буржуазияның қарсылығы, бүліншілік әрекетінің салдарынан еді.

Социалистік экономиканың негізін қалауда В. И. Ленин, өнеркәсіпті национализациялауға алып баратын өткел болып табылған - жұмысшы бақылауына едәуір назар аударды. Совет өкіметінің жеңіске қолы жетісімен-ақ Ақмоладағы «Зингер» акционерлік қоғамының жергілікті кәсіпорындарына, Петропавлдағы «Ағайынды Овсянниковтардың» сауда - фабрика жолдастық серіктіктеріне жұмысшы бақылауы қойылды. 1918 жылдың март айының басында Спасск з-дында, Қарағанды, Успенск, Сарысу шахталары мен рудниктерінде 2500 жұмысшы болған. Мұнда өңдірісте жұмысшылар толық бақылау жасаған.

Дәл осы мерзімде Ембінің мұнай ауданының Советі Орал-Ембі кәсіп- одағының 1-конференциясын шақырды. Мұнда кәсіпшіліктерге жұмысшы бақылауын жүргізу туралы мәселесі шешілді.

Жұмысшы бақылауын қоюмен бір мезгілде банкілер мен өнеркәсіпті, транспортты национализациялау ісі де жүргізілді. 1918 жылдың январында Ақтөбе қалалық Советінің мәжілісінде кредит алмасу қоғамының банкісін национализациялау жөнінде қаулы алынды. 23 мартта Өскемен у. Советінің аткомы - Орыс-Азиат банкісінің жергілікті бөлімшесін, Өскеменнің қалалық банкісін национализациялады. Сол жылдың көктемінде Қазақстанның өзге облыстарында да ірі банкілер мен жергілікті банкілер национализацияланды.

Қазақстан жерінде, әсіресе оның орталық және шығыс аудандарында тау-кендерін өндіретін едәуір өнеркәсіп орындары болды. Мұның көпшілігі шетел капиталистері, әсіресе ағылшын капиталистері билік жүргізіп отырған «Риддер тау-кен өнеркәсіп серіктігі» мен «Қырғыздың тау-кен өнеркәсіп бірлестігіне» қарайтын еді. Совет өкіметі орнағаннан кейін ағылшын акционерлері Советтерге қарсы бағытталған бірнеше әрекеттер жүргізді, кейбір жерлерде шахтыларға су жіберілді, Қарсақбай, Спасск, Байқоңыр, Риддерде өндіріс жабдықтарын тонады. Жергілікті партия және Совет органдарының басшылығымен жұмысшылар шетел капиталистерінің мұндай әрекеттеріне қарсы шықты. Бұл кәсіпорындарының жұмысшылары Совет өкіметінен өлкенің тау-кен өнеркәсіптерін национализаңиялауды талап етті. Жұмысшылардың талабын және бұл кәсіпорындарының халық шаруашылығындағы үлкен маңызын ескере отырып, бұрын шетел капиталистері қожалық етіп келген «Қырғыз (қазақ) тау-кен өнеркәсіп акционерлік қоғамын» және Ақмола облысындағы Спасск мыс қорытатын зауыдты национализациялау туралы РСФСР Халкомсовының қаулысына В. И. Ленин 1918 жылы 11 майда қол қойды.

РСФСР Халкомсовының 17 майдағы арнаулы декретімен Риддер қоғамының барлық кәсіпорындары национализацияланды. Халкомсовтың сол қаулысына сай 1918 жылдың жазында Ақмола, Семей облыстарының жергілікті Советтері тау-кен өнеркәсібінің 180 кәсіпорындарын, мұның ішінде 140- тан астам мыс, 18 қорғасын-күміс кендерін национализациялады. Өнеркәсіпті және халықты отынмен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатымен 1-жарты жылдықтың ақырында бұл облыстарда 73 көмір шығаратын, сондай-ақ тері және тамақ өнеркәсіп орындарының басым көпшілігін, ірі диірмендерді национализациялады.

1918 жылдың басында Петропавлда капиталист Зенков, Акчурин, Микрюковтың тері заводтары, 1918 жылдың жазында Семей облысында, бұрын жеке меншіктің қолында болған 15 тері заводы Совет өкіметінің игілігіне көшірілді.

Сол сияқты 1918 жылдың көктемінде Ақмола облысының бір ғана Петропавл уезінде жеңіл және тамақ өнеркәсібінің 28 кәсіпорындары национализацияланып, барлық «мұнай енеркәсіптері мен керосин қоймалары» халық игілігіне айналды. Сол жылдың 15 майында Семей мен оның төңірегінде национализацияланған 79 кәсіпорындар бар еді.

Халық шаруашылығының Советтері мен жергілікті Советтер жанындағы өнеркәсіп  пен жол қатынасы бөлімдері өнеркәсіп орындарының национализациялануына тікелей басшылық жасап, еңбекші халықтың мұқтажын толығырақ қамтамасыз етуге тырысты.

Қазақстандағы Совет өкіметінің аграрлық барлық саясаты, еліміздің өзге аудандары сияқты, Советтердің Бүкіл Россиялық 2-съезінде қабылданған Лениннің Жер туралы декретіне және БОАК 1918 жылы 27 январьда бекіткен «жерді социализациялау» туралы заңына сүйенді.

Еліміздің орталық аудандарында помещиктердің иеліктерін, шіркеудің, монастырьлардың, қосалқы жер иеліктерінің бәрі де жергілікті Советтердің қолына көшті. Ал Қазақстанда ең алдымен отарлық қор, қоныстанушылардың учаскелері, кабинеттік, шіркеулік, монастырьлық жер алынды. Ал казактар мен кулактардың және байлардың қарауындағы көп жерлер әзірге алынбады.

Советтер съездерінің шешімдерін жүзеге асыру ісімен Советтердің облыстық және уездік аткомдарының қасынан құрылған жер бөлімдері мен комитеттер тікелей айналысты.

Еліміздің орталық аудандары сияқты, Қазақстанда да Совет өкіметі орнасымен совхоздар құру үшін ірі жер иеліктер: Торғайдың мемлекеттік жылқы иелігі, Орынбордың ірі қара төлін өсіретін орны, Семейдің тәжірибе егістігі, Павлодар, Жетісу, Өскемен, Зайсан, Қарғалы ауыл шаруашылық фермалары, «Қапланбек», «Кеңсай» иеліктері т. б. жерлер де национализацияланды.

1918 жылдың 1-жартысында Жетісу, Ақмола, Семей облыстарының бірнеше ауылдық, селолық және болыстық Советтері қазақ ауылдары мен қоныстанушы - селолардың жерсіз кедей шаруаларына егістік, шабындық жер бөліп берді. Жетісу облысының кейбір облыстарында (Шамалған, Жайлымыш, Батыс Талғар т. б.) Тоқаш Бокиннің басшылығымен ірі байлардың малын ішінара конфискелеу шаралары жүзеге асырылды.

1918 жылдың жазына дейін Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының жергілікті Советтері ғана жерсіз немесе жері аз  шаруаларға бұрыңғы жеке меншік иеліктерінен 262659 десятина (мәліметі толық емес) жер бөліп берген.

Өлкенің ауылдық жерінде жаңа өндірістік қатынасты құруға, еңбекші шаруаның саяси және ұлттық сана-сезімін оятуға Совет өкіметі орнасымен-ақ ұйымдастырылған алғашқы коллективті шаруашылықтың зор маңызы болды, Қазақстанның социалистік жер шаруашылығына В. И. Ленин тікелей басшылық жасады.

В. И. Ленин Петроградтың Обухов зауыды жұмысшыларының Шығыс Қазақстан жерін бірігіп өңдеу үшін құрған «Егінші коммунистердің Россиялық бірінші қоғамын» құптады. 1918 жылы 30 январьда (12 фев.) В. И. Ленин жер шаруашылығы наркомына былай деп жазды: «... Осы хат ұсынушыларға (егінші - коммунистердің Россиялық 1-қоғамы) жерді қайдан, қалай алу керегі женінде кеңесіңізбен де, нұсқауларыңызбен де көмектессеңіз. Тамаша бастама, оны барынша қолдаңыз» (Шығ. тол. жин., 5-т., 39 б.).

В. И. Лениннің нұсқауы бойынша «Егінші коммунистердің Россиялық  1-қоғамының» коммунарлары (200 тұтін, 1000-ға жуық адам) өз еріктерімен жылжымалы кухня, шатыр, кулактардан қорғанатын қару-жарақтарын алып Семейге тартты. Олар Семейден Шығыс Қазақстанға жөнелтілді де, Бұқтырма өзенінің сол жағалауына, Кондратьево селоның қарсысына орналасты. Олардан 25 шақырым жерге Семянников зауыдының коммунарлары жайғасты. Олар өздерінің коммунарларын «Егінші коммунистердің Россиялық 2-қоғамы» деп атады. Петроград жұмысшыларының «Солнечная» аталған 3-коммунасы Ертістің сол жағалауындағы Көке сайына орын тепті. Революциялық Петроградтың жұмысшылары Шығыс Қазақстанның шалғайдағы ауданына орналасып, Ертіс жағалауы мен Бұқтырма аймағында Совет өкіметін нығайтты. Питерліктер Қазақстанның социалистік ауыл шаруашылығын құрушы алғашқы көш бастаушылар еді. Олар төңірегіне деревня кедейлерін топтастырып, пролетарлық ұйымшылдық пен тәртіптің үлгісін көрсетті. Олар кулактар мен казак станицаларының шонжарларына қарсы аянбай күрес жүргізді. Олардың улгісімен Шығыс Қазақстанның жеке болыстары, селолық Советтері ауыл шаруашылық коммунасын ұйымдастыра бастады.

Коммунарлардың бастамасымен 1918 жылдың көктемінде Қазақстанның өзге облыстарында да алғашқы коллективті шаруашылықтар өріс алды. Олардың қатарына жататындар Жетісуда коммунист Р. В. Маречек ұйымдастырған «Новая эра», Бөкей даласында ұйымдасқан «Бірінші хан- ордасы еңбек ауыл шаруашылық артелі» т. б. еді.

Совет өкіметін орнатқаннан кейін большевиктер партиясы мен Совет өкіметінің алдында жаңа міндет тұрды. Ол - бұрынғы Россиялық империясының шет аймагы саналған қаналушы елде советтік ұлт мемлекетін құру міндеті еді.

Коммунистік партияның ұлт саясатындағы ұстаған бағыты - Лениннің «ұлттың өз тағдырын өзі шешуі, әуелі жеке бөлініп, жеке мемлекет құруға дейін ерікті» деген қағидасы еді. В. И. Ленин бұған қоса: «ұлттық өз тағдырын өзі шешу деген міндетті түрде бөлінуі емес, бұл мәселені шешуге еңбекші халықтың социализм жолындағы күресінің мүддесі тұрғысынан қарау керек» - деді (Шығ.тол. жин., 5-т., 375 б.).

В. И. Лениннің Советтік Федерация мен Советтік автономияның тұтастығы туралы ілімі - советтік ұлттық мемлекеттік жүйесінің ең ыңғайлы үлгісі болды. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің ұлт саясаты жөніндегі негізгі қағидалары Совет үкіметінің маңызды екі документінде жарияланды. Бұл 1917 ж. ноябрьдегі - «Россия халықтары праволарының декларациясы» (1917 ж. 2 нояб.) және Совет үкіметінің «Россия мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуі (1917 ж. 20 нояб.).

Партияның Лениндік ұлт саясатына берік сенген Қазақстан большевиктері өлкеде Совет өкіметін орнату, нығайту процесі кезінде-ақ советтік негізде Қазақстанның автономиялығын қалады. Қазақ еңбекшілері қазақтың Советтік мемлекетін құруды құптай отырып, «Қазақстанның буржуазиялық автономиясын» көксеген буржуазиялық ұлтшылдарға қарсы күресті. Мұның бір айқын айғағы - 1917 ж. 16 декабрьде Ақмола қаласында 10 мың қазақ еңбекшісі қатысқан демонстрациясы. Олар В. И. Ленинге: «Қырғыз (Қазақ) интеллигенциясының басым көпшілігі байлар мен ақсүйектердің жағына шығып, «Алашты» ұйымдастырды... Алашорда автономиясының қырғыз (қазақ) еңбекшілеріне қажеті жоқ» - деп, телеграмма жолдады. 1918 жылы Ақмола Советінің съезі РСФСР ұлт халкомына жолдаған телеграммасында «Қырғыз депутаттарының съезі 1917 жылы декабрьде Орынборда откон жалпы қырғыздық 2-съезінің Алашорда аталған қырғыз автономиясын құру туралы қарарын кадет топтарының келісімімен жасалған жалған қарар» деп бір ауыздан қаулы алғандығын хабарлаған. Сөйтіп, қазақ еңбекшілері, автономия деген жалған даурықпамен Қазақстанның буржуазиялық автономиясы үшін жанталасқан буржуазияшыл ұлтшыл алашордашылардан үзілді-кесілді қол үзді.

«Үш жүз» аталған ұсақ буржуазияшыл ұлтшыл ұйымға да қарсы күрес жүргізуге тура келді. Үшжүзшілер мемлекеттік тұрғыдан ұлт мәселесін  шешуді «Түрік-татар» қоғамын яғни Россияның түркі тілдес мұсылмандарының басын қосу идеясынан іздестірді. Бұл негізі жоқ жасанды бірлес тік идеясы еді.

1918 жылы апрель-майында Қазақстанның барлық территориясында (Орал облысынан өзгесі) Совет өкіметі едәүір нығайды, Советтердің облыстық, уездік съездері өтіп, жергілікті жерлерде жұмысшы-шаруа мемлекетінің бір тұтас органы құрылды. Көптеген ауылдар мен селоларда ауылдық, селолық Советтер жұмыс істей бастады. Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның біраз аудандарында контрреволюцияның негізгі ошақтары күйретіліп, кулактар мен байлардың Советке қарсы бүліншіліктері жойылды.

Еліміздің Шығысындағы Советтік алғашқы ұлт республикасы - Түркістан АССР-і болды. Ол Туркістанның өлкелік 5-съезінде (1918 ж. 20 апр. - 1-май, Ташкент қ.) жарияланды.

Қазақстанның бүгіндегі оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу обл.) Түркістан республикасының құрамына енді. Қазақстанның өзге территориясында - Торғайда және Орал, Ақмола, Семей облыстарының біраз бөліктерінде, Бөкей ордасы мен Маңқыстауда қазақтың Советтік мемлекетін құру жолында күрделі дайындық жұмыстары жүріп жатты.

РСФСР ұлт халкомының қазақ бөлімінің (1918 ж. майда құрылды) маңызды жұмыстарының бірі - Қазақ Совет автономиясын құрудың дайындық жұмысын жүргізу еді. Ұлттық халкомымен тығыз байланыста болған Қырғыз (Қазақ) даласының төтенше комиссары Ә. Т. Жанкелдинге Советтердің Бүкіл Қазақстандық съезін шақыру міндеті жүктелді.

1918 жылы 20 майда Ә. Т. Жанкелдин Сырдария, Жетісу, Ферғана облысы Советтерінің атқару комитеттеріне хат жолдады: «Қырғыз уездері Түркістан автономиясына түгелдей енді ме, немесе атқару комитеттері бүкіл қырғыз өлкесінің бірігуін жөн дей ме? Ал, соңғы жағдайда байланысты, Қырғыз өлкесіне қосылмай отырған қырғыз жерін өзге халықтардың жерінеп бөлу үшін алдын ала қандай шара жүргізу керек және ол қандай түрде жүзеге асырылады. Қырғыз өлкесінің атқару комитеттері өкілдерінің съезін шақыруды жөн деп табасыздар ма, онда, қашан, қай жерде еткіземіз?». Бұдан (8 күннен кейін, 1918 ж. 28 майда Ә. Т. Жанкелдин Семей т. б. облыстары Советтерінің өлкелік съезін таяу, арада шақыру ниеті барлығын хабарлады.                         

Бірақ, 1918 жылдың жазында басталған шетел интервенциясы мен Азамат соғысының басталып кетуіне байланысты Советтердің Бүкіл қазақстандық съезіне дайындық және Қазақ Совет Автономиясын құру жұмысы тоқтап қалды. Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының, жерін ақ  гвардияшылар мен алашордашылар басып алып, қанды билік орнатты. Ұлы Октябрьлық революциясы жаңа дәуірнің - капитализмнен социализмге революциялық өткел дәуірінің ірге тасын қалады. Революциялық совет халқының өміріндегі және бүкіл дүние жүзіндегі бостандық жолындағы күестің өріс алуында өте маңызды құбылыс болды.

Октябрь жеңісі -20 ғасырдағы басты уақиға болды. Ол біздің көп ұлтты Отанымыздың халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тағдырына тарихи бетбұрыс жасады.

Ұлы Октябрьлық идеясы, КПСС-тің лениндік ұлт саясаты жүзеге асуына байланысты біздің елімізде капитализмге тән аштық, қайыршылық және сауатсыздық, таптық және ұлттық қанау сияқты әлеуметтік құбылыстар жойылды.

Қазақстандағы Совет өкіметі үшін күрес - Россия жұмысшы табы мен оның авангарды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясының басқаруымен бүкіл елімізде жүргізілген социалистік революцияиың біртұтас құрамды бөлігі болды.

Ұлы Октябрьлық қазақ халқының саяси, әкономикалық және мәдени гүлденуіне де жол ашты. Ұлы социаллистік идеясына берік сенген қазақ халқы орыс және еліміздің т. б. халықтарының жәрдемімен тарихи қысқа мерзімде капиталистік қатынастардан социализмге, отаршылық пен теңсіздіктен қазіргі заманғы прогрестің шыңына жетті.

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.250-302.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-03-24 17:06:59     Қаралды-317

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »