UF

Литва (Летува). Жері 65,2 мың км2. Астанасы - Вильнюс қаласы. 44 ауданға бөлінеді, 92 қаласы, 22 қалалық типі поселкесі бар.

Табиғаты. Литваның жері Шығыс Европа жазығында, Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағасына қарай, Нямунас (Неман) өзенінің орта және төменгі ағысы алабында орналасқан. Балтық теңізінің Литва жағалауы енсіз ойпат (ені 15-20 км, биіктігі 50 м-ге дейін). Нямунастың төменгі ағысы - батпақты атыраулық жазық. Шығысқа қарай ойпат Жямайтс қыратына (234 м) ұласады. Орталық бөлігінде - Орталық Литван ойпаты (ені 100 м-ге дейін; биіктігі 80-90 м),шығысы мен оңтүстігінде - Балтық жалы (288 м), одан оңтүстік-шығысқа қарай Оңтүстік-шығыс жазықтығы (орташа биіктігі 120 м) орналасқан. Геологиялық құрылымы жөнінен республиканың батыс және орталық бөліктері Балтық синеклизасыныц шегінде, ал шығыс бөлігін Белорус антеклизасы алып жатыр. Платформаныц кристалды фундаменті 2100 м-ге дейін төмен кетеді, Белорус антеклизасы аймағында 120 м-ге дейін көтеріледі. Шөгінді қабаттың қалыңдығы 200 м-ден 2100 м-ге дейін. Литваның бүкіл батыс бөлігі мен Балтық теңізінің оған іргелес айдынында келешекте мұнай мен газ табылуы ықтимал; 1968 жылы кембрий қабатынан кәсіптік мұнай (Шюпаряй) кен орны ашылды. Каунас аймағында 150-250 м тереңдікте пермь ангидридінің қалың қабаты жатыр. Солтүстік-батысында цементтік әктас кездеседі. Шымтезек, гипс кен орындары, янтарь, ыстық және минералды сулар бар.

Климаты қоңыржай-континенттік; теңіздік климаттан континенттік климатқа қарай өзгереді. Орташа температурасы ең суық ай қаңтарда - 4,8°С, ең жылы ай шілдеде 17,2°С. Жауын-шашынның жылдың орташа мөлшері 630 мм. Өзендері Балтық теңізі алабына жатады. Ең ірі өзені - Нямунас (Неман) Белоруссия жерінен басталып, Курш шығанағына құяды; басты салалары: Нярис, Нявежис, Дубиса,Мяркис, Миния, Шяшупе. Өзендері грунт, жауын, қар суымен қоректенеді. Су энергетика қоры - 600 мың квт-тан асады. Нямунаста Каунас қаласы тұсынан сағасына дейін кеме жүзеді. Каунас СЭСннің салынуына байланысты беген жасалған. 3000-дай көл бар (республика жерінің 1,5%-і), олардың бәрі де мұздық әрекетінен пайда болған. Ең үлкен көлі Друкшяй (Дрисвяты), ең терең көлі - Таурагнас (ең терең тұсы 60,5 м). Көлдері балық, құс өсіруге пайдаланылады. Топырағы күлгін типтес топыраққа жатады. Шым қабатты-күлгін топырақты жерлері басым (45,3%); 17,6%-і шым қабатты-глей топырақты, 18,4%-і күлгін-батпақ топырақты, 5,3 %-і - батпақ топырақты жерлер. Ең құнарлы шым қабатты - карбонат топырақты (7,8%) жерлер - солтүстік және орталық бөліктерінде, Шяшупе өзені алабында. Совет өкіметі тұсында орасан зор көлемде мелиорация жұмыстары жүргізілді. Орманы 1,6 млн. га(территориясының 25%-і), оның 50%-тен астамы оңтүстік-шығысында. Республика жерінің 17%-і шабындық пен жайылым. Қоян, түлкі, қасқыр, бұлан, бұғы, жабайышошқа, жанат тектес ит, сілеусін, сусар т. б. мекендейді. Өзендері меп көлдерінде табан, шортан, алабұға, торта, көкшұбар т. б. бар. «Жувинтас» қорығы, 101 заказник (146 мың га) ұйымдастырылды.

Халқы. Республика халқының 80%-тен астамы литвандар, олардан басқа орыстар, поляктар, белорустар, украиндар, еврейлер т. б. халықтар тұрады. Қала халқы 54%; ірі қалалары - Вильнюс, Каунас, Клайпеда, Шяуляй.

Тарихы. Литва жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс (б. з. б. 9 ғасырға дейін). Литва жерінен табылған археологиялық деректердің ең көнесі тас дәуіріне жатады (палеолит, мезолит, неолит). Ол кездері халқы рулық қауымдар құрып, көшпелі өмір сүрген, аңшылық, балықшылық, терімшілікті кәсіп еткен. Қару-құралдар тастан, сүйектен, мүйізден жасалған. 3 мың жылдықта балшық ыдыстар, өңделген янтарь кездеседі. Мал шаруашылығы дами түееді, егіншілік шығады. Халқы отырықшылыққа ауыса бастайды. Осы кездеЛитва жері мен көршілес аймаққа балтық тайпалары (литван, латыш, прусс, ятвягтар т. б.) келеді. 2 мың жылдықтың басында қола құралдар, б. з. б. 5 ғасырда темір өңдеу шыққаны байқалады. Б.з.б. 4-2 ғасырларда темір құралдар үстемдік алады. Негізгі дақыл арпа, сұлы, бидай болды. Б. з. басында ру қауымы ыдырап, семья қауымы басым болады. Литва тайпалары славяндармен, Рим провинцияларымен сауда жүргізген. Б. з. алғашқы ғасырларында Литва жерінде Жемайте, аукштайт, ятвяг (судав) тайпалары мен тайпалық одақтар пайда болды.

5-6 ғасырларда семья қауымы ыдырап, рулық байланыстар орнына территориялық байланыстар шығады. Қауым ішінде таптық, мүліктіж айырмашылықтар туады.

Феодалдық қатынастардық тууы, дамуы және Литва феодалдық мемлекетінің туып қалыптасуы (9-15 ғ.). 9-12 ғасырларда Литва жерінде егіншілік таралып, қолөнері пайда болады. Феодалдық қатынастар қалыптасады. 13 ғасырдан Литва тарихында феодалдық дәуірі басталады. 9-12 ғасырлардың мемлекеттік сипаттағы бірлестіктер князьдық түрінде туады. Осы кезеңде литван халқы қалыптасты. 1240 жылы қарсаңында ежелгі феодалдық мемлекет - Литваның Ұлы князьдығы құрылды. 12 ғасырда немісрыцарьлары Литва жерін жаулап алу жорықтарын бастады. Семсерлілер, Литвон, Тевтон ордені мен литвалықтардың күресі 200 жылдан астам уақытқа созылды.

1293-1315 жылдар Литваны басқарған Витен (Витенис) Литва феодалдық мемлекетін біріктіруді аяқтады; Гедимин (Гедиминас) тұсында (1316-1341) және одан кейін де Литва жері кеңейтілді. Витовт (Витаутас) тұсында (1392-1430) бір орталыққа бағындыру саясаты қызу жүзеге асырылды. Ол Днепр мен Днестр арасын, Смоленск, Вязьда. Ока алабын Литваға қосып, Литва жерін кеңейте түсті. Алтын Ордаға табанды қарсылық көрсетті. 1363 жылы Көк Суда. 1399 жылы Ворскла өзенінде т. б. жерлерде шайқасқа шықты. Ворскладағы шайқаста Алтын Орданың Едіге батыр бастаған қолы Витовтың әскерін ойсыраған жеңіліске ұшыратты, Неміс ордендері Литва жеріне агрессияны ұлғайта берді. 1387 жылыЛитва (Жемайтеден басқасы) католик дінінқабылдады. 1377-1392 жылдар билік құрған ұлы князь Ягайло (Иогайла) католик феодалдарды тәуелсіз етті, 1413 жылы Жемайте католикке айналдырылды. 1410 жылы 15 шілдеде Литва мен Польшаның біріккен күші Тевтон орденінің рыцарьларын Грюнвальд шайқасында талкандады. 1435 жылы Литва ордеңі жеңілгеннен кейін, немістердің агрессиясы тоқталды. 14-15 ғасырларда үш танапты егістік өріс алды. Шатуаларды қанаудың басты жолы натуралды рента болды. 14 ғасырдың 2-жартысында шаруаларды басыбайлылыққа айналдыру басталды. Қоғамдық еңбек бөлісі 14-15 ғасырларда Литвада жоғары дәрежеге жетті. Қалада қолөнері керамика, әйнек, жасау, зергерлік дамыды, сауда өркендеді. Крест тағушылардан қорғану үшін литвалықтар архитектурасы күрделі замоктар (Мядининкай, Каунас, Тракай, Вильнюс) салды. Удельдік князьдар, боярлар т. б. ұлы князьдың негізгі сүйеніші болды. 15 ғасырдың ортасында ұлы князь - еңесі біртіндеп пандар радасына айналды. Одан кейін сословие өкілдерінен феодалдық-шляхталық сейм пайда болды. 16 ғасырдың басынан пандар радасы кен сейм мемлекеттік басты органға айналды. 16-18 ғасырларда Литва халқының рухани мәдениеті елеулі дәрежеге жетті. Гуманизм, реформация идеялары, литван тіліндегі алғашқы кітаптар жарық көрді. Қоғамдық ой-пікір дамыды. 18 ғасырда көркем әдебиет туды.

Феодалдық басыбайлылық қатынастардың ыдырауы және капиталистік қатынастардың тууы (18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың 1-жартысы). Литва Россия құрамында. 18 ғасырдың 2-жартысында феодалдық қатынастардың ыдырауы жетелдеп, капиталистік қатынастар дамыды да, шаруашылық едәуір өркендей түсті. Агротехника жаңарды, вотчиналық өнеркәсіп, Батыс Европа капиталистік рыноктарымен байланыс өсті. Шаруалардың жерсізденуі жалдамалы жұмыс күшінің резервін жасады. Польшаны 3-рет бөліскенде, 1795 жылыЛитва жерінің көпшілігін Россия қосып алды. Нямунас Неман өзенінің сол жағасындағы Литва жері Пруссияға қарады (1807 жылға дейін), кейін Варшава герцогтыгының қол астында болды; 1815 жылы Россия оны Польша патшалығының құрамына қосып алды. Батыс Литва жері Клайпеда өлкесі Пруссия құрамында қалды. Литваның Россияга қосылуы капитализмнің дамуына, Литва еңбекшітерінің Россиядағы революция қозғалысқа араласуына жол ашты. 1830-1831 жылдар Польша мен Литвадағы көтерілісті басу тезінде патша әскері бұл өлкелерді қырғынға ұшыратып, құлазытып кетті. 1838, 1842, 1843, 1847 жылдары Литвада жойқын шаруалар көтерілісі болды. Әсіресе 1859-1861 жылдар революция қозғалыстар кезінде шаруалар көтерілісі кұшейе түсті. Соның нәтижесінде Литва помещиктері басыбайлылықты жою мәселесі жайында бірінші болып әңгіме қозғады.

Капитализм дәуіріндегіЛитва Монополияға дейінгі капитализм кезеңі (19 ғасырдың 2-жартысы). Литвада басыбайлылық 1861 жылы жойылды. 1863 жылдың көктемінде Польша көтерілісіне (1863-1864) жалғас бүкіл Литвада көтеріліс шықты. 1864 жылы көктемде патша үкіметі көтерілісті аяусыз басты. Алайда бұл өлкеге аздаған жеңілдік беруге мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығында капиталистікқатынастар дамыды. Шаруалардың таптың жіктелуі жеделдеді. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының саны өсті. Күйзеушілікке ұшыраған Литвашаруалары жұмыс іздеп Ригаға, Петербургке, Одессаға, АҚШ, Ұлыбританияга кетті. Өнеркәсіптің өркендеуі темір жолдардың салынуын қажет етті. (Петербург - Варшава, 1861-1862), Лиепая -Ромны, 1871-1876; Полесье темір жол 1884-1885). Бірақ Литваөнеркәсібінің дамуы Россиядағыдан төмен болды. Капиталистік қатынастардың даму барысында литван ұлты қалыптасты, жұмысшы табы мен буржуазия пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысында патша үкіметі Литвада ұлттық езу саясатын күшейте түсті. 1864 жылдан бастап литван кітаптарын басуға, литван тілін мектепте, мемлекеттік мекемелерде қолдануга тыйым салды. Елде ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Жасырын мектептерде балаларға литван тілін оқыту, литван баспасөзін құпия тарату т. б. жұмыстар жүргізілді. 1872 жылы Вильнюсте халықшылдар үйірмесі құрылды. 1883 жылдан Литвада ғылыми социализм идеясын (пролетариат) партиясының мүшелері таратты, Империализм мен буржуазия-демократиялық революция тұсындағы Литва (1900-1917). 1900-1903 жылдар экономикалық дағдарыс тап куресін шиеленістіре түсті. 1905-1907 жылдар революция кезінде Литва еңбекшілері 1905 жылы қаңтарда ірі қалаларда жаппай ереуіл жасады, барлық жерде 1 Майды мерекелеуге шықты. 1905 жылы жаппай саяси ереуіл, демонстрациялар өтті. Литва буржуазиясы еңбекшілер қозғалысын өз мүддесіне пайдалануға тырысты. 1906 жылы Литва буржуазиясы контрреволюция жағына ашық шықты. Революцияны басқаннан кейін де Литва еңбекшілерінің күресі тоқталмады, 1908-1809 жылдар Вильнюс былғары өнеркәсібінің жұмысшылары 5 айдан астам уақыт ереуіл жасады. 1912 жылғы Лена қырғынына наразылық білдіріп Вильнюс, Каунас жұмысшылары, ауыл шаруашылық еңбекшілері ереуілге шықты. 1-дүние жүзілік соғыстың басынан-ақ Литва жері жойқын ұрыстардың аренасына айналды. 1915 жылдың күзіне таман герман әскерлері Литваны түгел жаулап алды.

Ұлы социалистік революциясы кезіндегі және Совет өкіметі үшін кұрес тұсындағыЛитва (1917-1919). Ұлы социалистік революциясы литван халқына әлеуметтік және ұлттық азаттыққа, Литваның мемлекеттігін қалпына келтіруге жол ашты. Литва еңбекшілері Совет өкіметінің бейбітшілік, жер туралы декреттерін, Россия халықтарының правосы туралы декларациясын қызу қолдады. 1-дүние жүзілік соғыста Германияның жеңілуі, 1918 жылықараша революциясы, Советтік Россияның Брест бітімін жоюы, Балтық жағалауындағы неміс әскерлерінің революция толқулары, басқыншылық тәртіптің күйреуі Литвада Совет өкіметін орнатуға жағдай жасады. 1918 жылы 15 желтоқсанда жұмысшы депутаттарының Советі өзін Вильнюстегі бірден-бір үкімет деп жариялады. Литваның осы революция уақытша үкіметі барлық өкімет билігі Еңбекшілер депутаттары Советтерінің қолына көшті деген Манифест жариялады. 1919 жылы ақпанда Советтік Россияға интервенция күшейген кезде, Советтік Литваға да шабуыл үдеді. Батыстан герман әскерлері мен литван ұлтшылдарының бөлімдері, оңтүстіктен поляк легионерлері шабуылдады. 21 сәуірде поляктар Вильнюсті алды. Литвада буржуазия диктатура орнады.

Ұлтшыл буржуазия қол астындағыЛитва (1919-1940), 1920 жылы 12 шілдеде Москвада қол қойылған бітім шарты бойынша Советтік Россия буржуазияЛитваның тәуелсіздігін мойындады. 1926 жылы 28 қыркүйекте Литва мен Совет Одағы бір-біріне шабуыл жасамау жөнінде шарт жасасты. 1919-1920 жылдарЛитва еңбекшілері компартнясының басшылығымен буржуазия үстемдігіне қарсы күресті жургізе берді. 1922 жылы 1 тамызда Құрылтай сеймі конституция қабылдап, Литваны парламенттік республика деп жариялады: жер реформасын жүргізді. Реформа буржуазия жер иеленуде қулақтарды туғызды. Капиталистік қатынастардың дамуын жеделдетті. Алайда, Литва аграрлық ел болып қала берді, өнеркәсіп баяу дамыды. Литва буржуазиясы халық бұқарасынан сескеніп, ашық диктатура орнату жолына түсті. 1926 жылы 17 желтоқсандағы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде А. Сметонаның фашистік диктатурасы орнады. Компартия, кәсіподақ ұйымдары қуғынға ұшыратылды. 1927 жылы сейм таратылды. Астыртын жағдайда журіп компартия еңбекшілердің күресіне басшылық етті. 2-дүние жүзілік соғыс басталғанда Литваға фашистік Германия тарапынан қауіп төнді. 1939 жылы 22 наурызда Германия Клайпеда өлкесін басып алды. 1939 жылы 10 қазанда Литва мен СССР өзара көмек жөнінде пакт жасасты; Қызыл Армия 1939 жылықыркүйекте Польшадан босатқан Вильнюс обл. Литваға берілді. Қорғаныс мақсатымен Литваға совет әскерлері енгізілді. Литва буржуазиясы өз үстемдігін сақтау үшін бұл шартты бұзуға тырысты. Литваны Германияның протекторатына айналдырғысы келді. СССР Литва укіметінен келісімді мүлтіксіз орындауды талап етті. Литва үкіметінің келісімімен 1940 жылы 15 маусымда Литваға тағы да біраз совет әскерлері кірді. Халық совет әскерлерін құттықтады, өкіметті өзгертуді талап етті. А. Сметона Германияға қашты. 17 маусымда Халық үкіметі құрылды (басшысы Ю. Палецкис).

Социализм дәуіріндегі Литвада социалистік революцияның жеңуі және Литв. ССР-інің құрылуы. Социалистік құрылыстың басталуы. 1940 жылы 14-15 шілдеде сайланған халықтың сеймЛитваның «Мемлекет құрылысы туралы», «Литваның СССР құрамына кіруі туралы», «Жерді халық игілігі, мемлекет меншігі деп тану туралы», «Банкілер мен ірі өнеркәсіпті надионализациялау туралы» декларациялар қабылдады. 1940 жылы 3 тамызда СССР Жоғары Советі Литва ССР-н (Литва халық сеймінің өтінішіне сәйкес) СССР құрамына қабылдады. 1940 жылы 25 тамызда Халық сеймінің төтенше мәжілісі Литва ССР-інің Конституциясын қабылдады. Республикада социализм құру кезеңі басталды. Экономика мен мәдениетте түбірлі өзгерістер жұзеге асырылды. Капиталистік кәсіпорындар национализацияланды. Индустрия өсті, жұмыссыздар жұмыспен қамтамасыз етілді. 1940 жылытамыз-қарашада жер реформасы жүргізілді. Социалистік шаруашылыңтың алғашқы бастамасы боп совхоздар құрылды. Халық ағарту, мәдениет саласында үлкен жұмыстар жүргізілді.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Литва (1941-1945) Соғыстың алғашқы аптасында Литва жері түгел жау қолында қалды. Басқыншылар Совет өкіметі кезінде қол жеткен табыстардың бәрін жойды, Литва «Шығыс өлке» («Остланд») деп аталатынның құрамына енгізілді. ЛКП оккупанттарға қарсы күрестің ұйымда стыру шысы болды. 1941 жылы жазда Литвада алғашқы партизандар тобы, астыртын ұйымдар құрылды. 1942 жылы 26 қарашада Москвада Литва партизан қозғалысының штабы ұйымдастырылды (басқарған А. Снечкус). Литва партизандары жауға қарсы ерлікпен күресті. 1800-ден астам партизан ордендермен, медальдармен наградталды. Олардың ішінде 7 адамға Совет Одағының Батыры атағы берілді. 1942 жылы Совет Армиясы құрамында Литваның ұлттық әскери құрамасы - 16-литван атқыштар дивизиясы құрылды. Ол Орел обл-нан Балтық жағалауына дейінгі жауынгерлік жолдан өтті. Дивизияның 14 мыңға жуық жауынгері ордендермен, медальдармен наградталды. 12 жауынгерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы 13 шілдеде Вильнюс, 1 тамызда Каунас азат етілді. 1945 жылы 28 қаңтарда Клайпеда азат етіліп, Литва басқыншылардан тазартылды. Литва жері тарихта алғаш рет түгел біріктірілді.

Литвада социализм құрылуы. Дамыған социалистікқоғам кезіндегі Литва соғыстан кейін-ақ Литвада социализм құру ісі қайтадан өркендеді. СССР халык шаруашылығын қалпына келтірудің соғыстан кейінгі бесжылдығы Литва үшін экономиканы қалпына келтіру, социалистік реконструкциялау, индустрияландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру кезеңі болды. Өнеркәсіп 1948 жылы ссғыстан бұрынғы дәрежесіне жетті. 1945-1948 жылдар жер реформасы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру процесі 1951 жылы негізінен аяқталды.

Соғыстан кейінгі социалистік құрылыс кезінде Литвада өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды (химия, машина жасау т. б.) 1972 жылы өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 37 есе артты. Ауыл шаруашылық өнімдері молайды. Мәдениет саласында зор табыстарға қол жетті. Жаңа жоғары оңу орындары, ғылми, мәдени-ағарту мекемелері, ұлттық театрлар, клубтар, кітапханалар ашылды. Литва индустриялы-аграрлық социалистік республикаға айналды. Литван халқы социалистік ұлт болып қалыптасты. Литва еңбекшілері дамыған социалистік қоғам жағдайында, өзге совет халықтарымен қатар, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын ясасау жолында еңбек етіп келеді. Олардың ішінде 127 еңбеккерге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Халық шаруашылығы. Литва - дамыған социалистік индустриясы, кеңінен механикаландырылган жоғары өнімді ауыл шаруашылық  республика. Республиканың индустриялық дамуы оның табиғи экономикалық жағдайларына және бүкіл еліміздің мүдделеріне сәйкес келетін өнеркәсіп комплексін жасауга бағытталған. Металл көп жұмсалмайтын, бірақ жоғары мамандықты тілейтін салалар - электрондық, әлектротехникалық, радиотехникалық, өнеркәсіп басым өркендеуде. Станок және прибор жасау, электр және радиотехникалық, кеме жасау өнеркәсібі жасалды. Өнеркәсіптің дәстүрлі салалары - жеңіл, ағаш өңдеу, ет-сүт, құрылыс материалдары өндірістері техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Ауыл шаруашылық негізінен ет-сүт өнімдерін өндіруге мамандандырылган. Литва жан басына шаққаща СССР-де ет және сүт өндіруден 1-орын, трикотаж, шұлық-ұйық бұйымдарын, жүн және жібек мата тоқудан 2-орын, мебель, қағаз т. б. өндіруден 3-орын алады. Басқа туысқан республикалармен шаруашылық байланыстары ұдайы өсуде. Литван ГРЭС-і, Науёйи-Акмяне цемент зауыды, Каунас жасанды талшық зауыды, Клайпеда кеме жасау зауыды т. б. туысқан республикалардың көмегімен салынды. Литва ССР-і, Қаз. ССР-не түрлі станоктар, приборлар, аса күрделі электр және радиотехникалық аппаратуралар береді. Қазақстаннан экскаваторлар, мұнаралы крандар, шағын литражды двигательдер, конденсаторлар, энергетика жабдықтарын, бұрғылау станоктарын, мыс, прокат, феррохром, мұнай, полиметалл рудасын, фосфорит алады.

Өнеркәсібі. 1961-1972 жылдарда жалпы өнім 3,6 есе өсті, оның ішінде өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру («А» тобы) - 4,5 есе, тұтыну бұйымдарын өндіру («Б» тобы) - 2,9 есе артты. Жергілікті шикізатты пайдаланатын кәсіпорындар (құрылыс материалдары, тамақ, зығыр, ішінара ағаш өңдеу кәсіпорындары) бүкіл республикада бар. Сырттан әкелінетін шикізатты өңдейтін кәсіпорындар ірі қалалар мен транспорт тораптарында шоғырланған. Бүікіл өнеркәсіп өнімінің 75%-ін 5 ірі қала - Вильнюс, Каунас, Клайпеда, Шяуляй, Паневежис шығарады. Орташа және кішігірім қалаларда да жаңа өнеркәсіп орталықтары жасалуда. 1946-1972 жылдарда 200 ірі мемлекеттік кәсіпорын салынды. Энергетика шаруашылығының негізі - сырттан әкелінетін отын (газ, мазут, көмір). Жергілікті отынның (су энергиясы мен шымтезектің) үлесі онша емес. 1965 жылы газ құбыры арқылы Дашавадан (УССР) әкелінетін газдың үлесі 20%-іке жетті. Көмір Донбасетан және Львов - Волынь бассейнінен (УССР) алынады. 1973 жылдан бері Мажейкяй мұнай айыру зауыды салынуда, ол құбырмен Волга бойынан келетін мұнайды өңдеп, жылына орта есеппен 12 млн. т мұнай өнімдерін беретін болады. Совет өкіметі тұсында Каунас СЭС-і, Литван ГРЭС-і (Электренайда), Вильнюс № 2 ЖЭО-і т. б. салынды.

Машина жасау мен металл өңдеу - Литва өнеркәсібінің жетекші саласы (жұмысшылардың 1/3-і, жалпы өнімнің 23%-і осы саланың үлесіне тиеді). Жаңа прибор жасау, электротехникалық, радиотехникалық зауыдтар Вильнюсте, Каунаста, Паневежисте, Кедайняйда, Шяуляйда, кеме жасау және жөндеу зауыдтары Клайпедада, ауыл шаруашылық машиналарын жасау зауыдтары Вюльнюсте, Рокишкисте, Радвилишкисте орналасқан. Химиялық өнеркәсібі дамыған: Кедайняй химиялық комбинаты, Ионава азот тыңайтқыштары зауыды, Каунас жасанды талшық зауыды, Вильнюс пластмасса бұйымдар зауыды т. б. кәсіпорындар бар.

1950-1972 жылдар құрылыс материалдары өнеркәсібінің жалпы өнімі 54 есе өсті. Жергілікті шикізаттан цемент (Науёйи - Акмяне), кірпіш (Даугеляй, Вильнюс, Каунас), әк, ірі силикат блоктар, труба, черепица, шифер өндіріледі. Вильнюсте, Каунаста және Радвилишкисте әйнек зауыдтары бар, Паневежисте ірі әйнек зауыды іске қосылды. Ірі мебель комбинаттары Ионавада, Клайпедада, Каунаста, Шяуляйда, Вильнюсте орналасқан. Каунаста қағаз; Клайпедада, Григишкесте картон; Клайпедада целлюлоза мен фанер; Каунаста шырпы өндіріледі.

Жеңіл өнеркәсіптің (тоқыма, трикотаж, тігін, аяқ киім) ірі орталықтары - Каунас, Вильнюс, Шяулян, Клайпеда. Тамақ өнеркәсібінің басты салалары - ет, сүт, балық және қант өндірісі. Вильнюсте, Каунаста, Алитусте ет комбинаттары, Каунаста, Вильнюсте, Паневежисте, Шяуляйда, Клайпедада ірі сүт комбиваттары бар. Балық аулау және балық өнеркәсібінің орталығы - Клайпеда. Совет өкіметі тұсында ірі балық аулау флоты құрылды. Балық Балтық, Баренц теңіздерінен, Атлант мұхитынан ауланады.

Ауыл шаруашылығы. Совет өкіметі тұсында Литвада жоғары өнімді мемлекеттік және кооперациялық ірі шаруашылықтар құрылды. 1972 жылы 1314 колхоз, 293 совхоз болды. Сүтті мал өсіру шошқа немесе құс өсірумен ұштастырылады. Ауыл шаруашылық жері 3,6 млн. га, оның ішінде егістігі 2,48 млн. га, шабындығы 446 мың га, жайылымдығы 636 мың га, жеміс-жидектілері 37 мың га (1973). Дәнді дақылдардан (1972 жылы егіс көлемінің 39,2%-не тең болды) негізінен күздік бидай, бидай, арпа, сұлы, техникалық дақылдардан зығыр, қант қызылшасы егіледі. Картоп пен овощ барлық егісінің 8,2%-не тең, жемшөп даңылдары, көп жылдық және бір жылдың шөп, жүгері - 49,3%.

Ауыл  шаруашылығының жетекші саласы - мал шаруашылығы, ол барлық ақшадай табыстың 80%-ке жуығын береді. 1973 жылдың басында 1897 мың мүйізді ірі қара, 2223 мың шошқа, 146 мың қой мен ешкі, 123 мың жылқы, 9522 мың құс болды. Омарта шаруашылығы, аң, балық өсіру дамыған.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 1954 км (1972); басты темір жол магистральдары: Лиепая - Шяуляй - Вильнюс - Барановичи, Ленинград - Даугавпилс - Вильнюс - Гродно, Минек - Вильнюс - Каунас - Кибартай - Калининград, Радвилишкис - Паневежис - Рокишкис - Даугавпилс, Вильнюс - Каунас - Шяуляй - Клайпеда.

Автомобиль жолдары 33,3 мың км, оның ішінде асфальт төселгені 15,6 мың км (1972). Су жолы 628 км (1972). Балтық теңізінің қатпайтын порты - Клайпеда. СССР-дің көптеген қалаларымен, республиканың жеке аудан орталықтарымен әуе байланысы бар. Литва жері Шығыс Литва (12 әкімшілік ауданды қамтиды, жері 19,2 мың км2), Оңтүстік Литва (12 әкімшілік -ауданды қамтиды, жері 17,1 мың км2), Солтүстік Литва (13 әкімшілік ауданды қамтиды, жері 19,1 мың км2), Батыс Литва (7 әкімшілік ауданды қамтиды, жері 9,8 мың км2) шағын экономикалық аудандарға бөлінеді.

Литва ССР-і денсаулық сақтау ісі. 1972 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 17, адамның өлімі 9,1. Өмірдің орташа ұзақтығы 72 жас. Өлімнің негізгі себебі: жүрек, қантамыр аурулары мен қатерлі ісік. Литвада 1919-1940 жылдар денсаулық сақтау ісі нашар дамыды. Елде ішек-қарын инфекциясы, бөртпе сүзек, туберкулез, басыр, бруцеллез, шешек, балалардың жұқпалы аурулары т. б. таралған. Соғыс жылдарында безгек ауруы таралса, соғыстан соңғы жылдары бөртпе, қайталама сүзек, басыр, безгек, шешек сияқты аурулар жойылды. Сондай-ақ көкжөтел, қызылша және туберкулез сияқты аурулардан өлім саны кеміді. 1959 жылдан балалар мен жас өспірімдер арасында жаппай вакцина егу нәтижесінде полиомиелит ауруы жойылды. 1972 жылы 34 мың тесектік (бір мың тұрғынға 10,5 төсек) 295 аурухана, медицина мекемелер болды. Ауруханаларда терапиялық 6,5, хирургиялық 4,4, онкологиялық 0,6, оториноларингологиялық 0,7, офтальмологиялық 0,4, нерв ауруларына арналған 1, жүкті әйелдерге 2,5 және гинекологиялық 1,5, балаларға арналған 4,2 мың төсек бар.

Литвада 1972 жылы 218 әйелдер мен балалар консультациясы, 22 диспансер, оның ішінде 7 туберкулез ауруына қарсы, 4 онкологиялық және 5 тері аурулар диспансері болды. 338 аптек, 1073 аптекалық пункт, 1,1 мың провизорлар және 1,3 мың провизорлардың көмеікшісі қызмет істеді. Елде 1972 жылы 9,7 мың дәрігер (335 тұргынға бір дәрігер) және 26,7 мың орта дәрежелі білімді медициналық қызметкерлер болды. Медициналық қызметкерлерін Каунас медицина институты Вильнюс университетінің медициналық факультеті және 6 медицина училище дайындайды. Ғылми медицина мәселелерді 5 ғылыми-зерттеу (эксперименттік және клиникалық, онкологиялық, эпидемиологиялық, микробиология және гигиена, туберкулез, физиология және патологиялық) институты шешеді. Литвада 70-тен астам ғылым докторлары және 400 ғылым кандидаттары қызмет істейді. Литвада Друскинин, Бирштонас, Ликеной, Паланг, Неринг т. б. бальнеологиялық курорттары бар.

Литвада 1973 жыды 3,5 мың физкультура коллективі (434,5 мың мүше) болды. 30 стадион, 250 футбол алаңы, 450 спорт залы, 150 шаңғы, су т. б. базасы, 16 жүзу бассейні, 2 мың спорт алаңы, 82 балалар мен жас өспірімдер және жастар мектебінде 33 мың адам спортпен шұғылданады. Совет өкіметі тұсында 1,8 мың спорт шебері, 80 халықаралық кластағы спорт шеберлері, 51 еңбек сіңірген спорт шебері және СССР жаттықтырушылары даярланды. 300 спортшылар СССР чемпионы, 123 Европа, 15 әлем, 3 Олимпиалық ойындар чемпионы - болды (1945-1972). Литвада туризім мен демалыс және су спорты күшті дамыған. 219 демалыс үйі, спорт лагері, аңшылар мен балықшылар үйі бар.

Оқу-ағарту ісі. Литвада алғашқы мектептер 14-15 ғасырларда католиктік костел және мюнастырьлар жанында пайда болды. 16 ғасырда халық ағарту ісінің дамуына Реформация қозғалысы әсер етті. 1539-1542 жылдар Вильнюсте Реформация қайраткері А. Кульветис ашқан бірінші орта мектеп жұмыс істеді. 16-17 ғасырларда Литва ұлы князьдығында 50-ге жуық приход (бастауыш) мектептері болды. 1570 жылы иезуиттер Вильнюсте орта мектептің негізін қалады, ол 1579 жылы академияға айналды. Иезуиттер мектептерімен қатар, евангелиелік орта мектептер де болды. 1773 жылы иезуиттер ордені таратылғаннан кейін, олардың қарамағындағы мектептер мемлекеттік Эдукациялық (тәрбиелеу) комиссияның қарауына ауыеты. Ол комиссия халық ағарту жүйесін түгел қайта құрды. Орта мектептердің басқару жұмысы 1781 жылы иезуиттік академияны қайта құру негізінде ашылған Литва Ұлы князьдығының Бас мектебіне тапсырылды. Орта мектептер 2 типті болды (7, 6 жыл), оларда жаратылыс тану, математикалық ғылымдарын оқытуға баса аазар аударылды, оқу поляк тілінде жүріп, «құдай заңы» шіркеуге ауыстырылды. 18 ғасырдың соңында Литвада 320-ға жуық бастауыш, 12 орта мектеп жұмыс істеді Литва Россияға қосылғаннан кейін (1795), Вилен оқу округы құрылды, оның басқару ісін қамқоршылар мен Вилен университеті қолға алды. 1832 жылы патша үкіметі университетті жауып тастады, мектеп жүйесі 1828 жылы қабылданған Россия оқу уставына сәйкес қайта құрыла бастады. 1863 жылғы қарулы көтеріліс тойтарыс тапқаннан кейін, реакция күшейе түсті. Костелдер жанындағы бастауыш мектептер жабылып, литван, поляк тілдері оқытылмады, оқу ақысы жоғарылады т. б. 1868 жылы Ковен губерниясында барлығы 209 ашық бастауыш мектеп жұмыс істеді, шаруалардың балалары жасырын көшпелі мектептерде ана тілінде оқыды. 19 ғасырдың орта шенінде арнаулы орта оқу орындары пайда болды. 1897 жылғы санақ бойынша халқының (9-49 жас) 54,2%-і сауатты болды. 20 ғасырдың бас кезіңце революциялық қозғалыстың күшеюіне байланысты литван халқы ұлттық езгіге қарсы шығып, мектептегі оқудың ана тілінде жүргізілуін талап етті. Патша үкіметі кейбір жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. 1904 жылы литван тіліндегі баспаға, 1906 жылы мектептердегі оқуды литван тілінде жүргізуге рұқсат етілді, мектептер саны көбейді. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде Литва мектептерінің көпшілігі Россияның соғыстан қашық жерлеріне ауысты. 1918 жылы декабрьде Литвада Уақытша революциялық үкіметі орнағаннан кейін, мектеп жұмысын Халық ағарту комиссариаты басқарды. 1919 жылы наурызда мектепті қайта құру жөнінде декрет қабылданды. Литвадағы буржуазиялық диктатура кезінде (1919 жылы тамыз) Литва буржуазиясы мектепті өзінің саяси үстемдігін нығайту және буржуазиялық идеологияны кең тарату мақсатында пайдаланды. Литваны Совет Армиясы неміс-фашистерінің оккупациясынан азат еткеннен кейін, халық ағарту ісі жаңа қарқынмен дамыды. 1949 жылы 7 жылдық білім, 1959-1962 жылдар 8 жылдық білім міндеті енгізілді. 1972 жылы Литвада 847 балалар бақшасы мен яслилерде 96,1 мың бала тәрбиеленді. 1972/73 оқу жылында 1823 бастауыш, 768 орталау (8 жылдық) мектеп, 507 орта мектептерде 548,7 мың оқушы оқыды. Осы оқу жылында кәсіптік-техникалық білім беру саласында 30 мың оқушы, 78 арнаулы орта оқу орындарында 66,2 мың оқушы, 12 жоғары оқу орындарында 58,5 мың студент оқыды. 1945-1972 жылдар жоғары білімді 97 мың маман даярлайды. 1972 жылы 54 пионерлер сарайы мен пионерлер үйі, 13 жас техниктер, 5 жас натуралистер станциясы т. б. мектептен тыс мекемелер жұмыс істеді. 1973 жылы Литвада 7 мыңнан аса кітапхана, 33 музей, 1397 клубтық мекемелер болды.

Ғылымы мен ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары. 1919 жылға дейінгі жаратылыс, тану ғылымындағы верттеулер. Жаратылыс тану ғылымы 1 жайындағы алғашқы мәліметтер Литваның экономикалық және мәдени дамуы (16 ғ.) кезеңіне жатады. 17 ғасырдың 2- жартысында К. Семенавичюстің артиллерия жөніндегі еңбегі бірқатар Батыс Европа елдеріне белгілі болды. Жаратылыс тану ғылымының дамуы арқасында 1753 жылы Вильнюс академиясы (кейіннен университет) жанынан астрономиялық обсерватория ашылды. Университетке сабақ беруге шақырылған ғалымдардың ішінен обсерваторияның негізін қалаушы астроном. М. Почобуттың, математик П. Норвайшаның, француз ботанигі Ж. Жилибердің (Литва флорасын зерттеген), итальян физиологы және анатомы С. Бисионың еңбектері зор болды. 19 ғасырдың 1-жартысында жаратылыс ғылымының дамуына Литваның салыстырмалы анатомиясының негізін қалаған Л. Боянус, астроном және математик Петербург ҒА-ның корреспондент мүшесі Я. Снядецкий, оның туысы химик және биолог А. Снядецкий, белгілі ботаник С. Юндзил зор еңбек сіңірді. Медицина саласында Й. Франктің мектебі, патолог және терапевт Ф. Римкевичтің еңбегі ерекше көзге түсті. Ауада үшу теориясы жөніндегі А. Гришкявичюстің және электролиттік диосоциация теориясының осы заманғы негізін қалаған физик әрі химик Т. Гротгустың еңбектері осы кезеңге жатады. 1907 жылы ғана Литва ғылыми қоғамы құрылды. 1911-12 жылдар осы Қоғамда жаратылыс тану және медицина ғылым секциясы ашылды.

Буржуазиялық Литвадағы жаратылыс тану және қолданылмалы ғылымдар. 1919-1940 жылдар жаратылыс тану және техника саласындағы жұмыс нашар дамыды. Буржуазиялық Литвада арнаулы ғылыми-зерттеу мекемелері болмады. 1922 жылы Каунас университеті ашылды. Негізгі зерттеу орталықтары жоғары оқу орындары мен Литва ғылыми қоғамы болды. Материализмді жаратылыс тану ғылымына таратуда астроном М. Славенастың едәуір еңбегі сіңді. Литваның жануарлар дүниесін Т. Иванаускас, жергілікті құрылыс шикізатын  П. Йодяле, Литва территориясының стратиграфиясы мен тектоникасын М. Кавецкис пен Ю. Далинкявичюс зерттеді. 1935 жылы Литваның геоморфологиялық картасы жасалды. Географтар (С. Колупайла т. б.) Литваның рельефін, климатын, өзені мен көлдерін зерттеді. Электрохимиялық саласынан Д. И. Менделеевтің лаборанты В. Чешгаскис жұмыс жүргізді. Комплексті қосылыстарды Литва Чугаевтың шәкірті Ф. Буткявичюс зерттеді, ал Павловтың ілімін халыққа таратушы Петербург пен Тарту университеттерінде тәрбиеленген В. Лашас кейбір физиология мәселелерін зерттеді. Космостық сәулелердің атомдық спектрі (К. Баршауокас), құрылыс механикасы мен талшықтардың беріктігі (Ю. Индрюнас) және құрылыс материалдары мәселелері жөнінде де зерттеулер жүргізілді.

Советтік Литвадағы жаратылыс тану, 1 техникалық ғылымдардың дамуы, 1940 жылы Литва Совет Одағының құрамына енгеннен кейін, ғылыми зерттеулерді жоспарлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Партия органдарының, СССР үкіметінің және СССР ҒА-ның көмегі арқасында республика ҒА құрылымы жетілдірілді. Соғыстан кейінгі он жылда геологтар мен химиктер жергілікті минералдық шикізатты зерттеп, оны өндірістік құрылыс материалы үшін игеру әдісін жетілдірді. Соғыстан кейінгі 1-бесжылдықтың аяғында республиканың батпағы мен шымтезек қорын зерттеудің бірінші кезеңі аяқталып, 1949 жылы шымтезек қорының кадастры жасалды. 2-бесжылдықта юра мен бор жүйесінің стратиграфиясы мен тектоникасы зерттелді. Литваның пайдалы қазындыларының кадастры жазылған алғашқы геологиялық картасы дайындалды. К. Белюкастың басшылығымен кәсіптік маңызы бар көлдер зерттелді. 50-60 жылдары бірқатар күрделі еңбектер, соның ішінде «Литван ССР-інің экономикалық географиясы» (1957), «Литван ССР-інің физикалық географиясы» (1-2-т., 1958-1965) шығарылды. 2-бесжылдықта Литва топырағының шолу картасы мен суландырылатын жердің картасы жасалды. 1964 жылы СССР ҒА-ның Президиумы Литва ССР ҒА институттарының негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі.

Математика саласынан сандар теориясы бойынша жүргізген Й. Кубилюстің еңбегінің негізінде математикалық ғылымның жаңа бөлімі - сандардың ықтималдық теориясы пайда болды. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика, сандардың аналитикалық теориясы, комплекс айнымалы функциялар, дифференциалдық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, математикалық логика мен программалау мәселелері зерттелуде.

Теориялық физика саласынан А. П. Юцистің басшылыгымен атом мен молекула опектроскопиясы бойынша зерттеулер жүргізілді. П. П. Бразджюнастың басшылығымен жартылай өткізгіштердің жұқа қабаты мен күрделі қалың қабаты құрылымының физикалық қасиеті, Ю. К. Вищакастың басшылығымен Вильнюс университетінде жартылай өткізгіштердің жұқа қабықшасы мен монокристалдарының фотоэлектрлік және оптикалық қасиеттері, жоғары температура мен жоғары температуралы газ ағынындағы материалдардың жылу алмастыру қасиеті зерттелуде (А. А. Жукаускас). К. Баршаускас ультрадыбысты халық шаруашылығына қолдануды зерттей бастады. Атмосфера физикасы жөніндегі жұмыс едәуір кеңейтілді (Б. И.  Стыро).

Xимия саласынан негізгі зерттеу бағыты - алектрохимия (Ю. Ю. Матулис). И. В. Яницкистің басшылығымен селен, поликүкіртті және селен-поликүкіртті қышқылдар химиясы, марганец және оның қорытпаларының электрохимиясы зерттелуде. Көптеген қосылыстардың негізгі қасиеттері анықталған. Биохимиялық институттарының қызметкерлері биохимиялық процестерге әсер ететін қосылыстардың бағытталған синтезі мәселелерін зерттеуде.

Республика техникалық ғылымы дамытылған. Литван ССР ҒА-ның институттары Литвадағы энергетиканы дамытудың келешектегі жоспарын анықтауға, жаңа тораптар мен приборларды жасауға, гальванотехникалық процестерді жетілдіруге т. б. қатысады. Металл кесетін станоктардың эксперименттік ғылыми-зерттеу институтының Вильнюс филиалы халыққа танылған бөлгіш машиналар және бірқатар фрезерлік тіс станоктарын жасап, өндіріске енгізді. 1959 жылы Литван ССР-і Құрылыс материалдары министрлігінің жанынан құрылған бүкіл одақтық «Теплоизоляция» ғылыми-зерттеу институты елімізде жетекші орын алады. Тоқыма өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты ацетилцеллюлоза талшықтарын өңдеу жөнінде еліміздегі негізгі ғылыми ұйым болды.

Биология саласынан ботаниктер Литва өсімдігін зерттеуде, физиологиялық активті заттарға бай осімдік пішіндерін жасауда, өсімдіктерді белгілі бір бағытта өзгерту тәсілін жетілдіруде, өсу процесіндегі фитогормондар мен ингибиторлар қызметін зерттеуде (И. К. Дагис, А. И. Минкявичюс т. б.). Литван ССР ҒА-ның Зоология және паразитология институтында паразиттік фауна және жануарлар мен адамның паразиттік аурулары зерттелуде. Балық шаруашылыгының өнімділігін арттыруға бағытталған ғылыми жұмыс етек алған.

Ауыл шаруашылық ғылымы саласынан ғылыми ұсыныстар негізінде жабық керіздеу әдісімен жер құрғатылуда және өте ылғалды жер игерілуде, мәдени жайылымдықтар мен шабындықтар жасалуда. Селекционерлер ауыл шаруашылық дақылдарының 160-тан астам сортын шығарған. Оның көбісі Литвада, кейбіреуі басқа одақтас республикаларда аудандастырылған. СССР-дегі витаминдік шөп ұны алғаш рет Литвада ендірілді. Еліміздегі селекция мақсаты ұшін ауыл шаруашылық малы қанының тобын анықтау тәсілі алғаш Литвада жасалып қолданылған.

География. Геохимиялық ландшафтының типтік схемасы жасалған. Республика курорттарына антропоклиматтық баға берілген. Литва көлдерінің морфометрикалық каталогы және гидрохимиялық классификациясы жасалған. Теңіз жағасындағы аймақтың ұзақ мерзімде өзгеру болжамын ғылыми негізде жетілдірген. 1963 жылдан төрттік дәуір геологиясы мен палеогеографиясы, теңіз жағасының динамикасы мен морфологиясы, теңіз геологиясы мәселелеріне арналған «Ваltiса» атты халықаралық ғылыми еңбек шығарылуда.

Геология саласынан Литван ССР-інің геологиялық, гидрогеологиялық т. б. карталары, Оңтүстік Балтық маңының литолого-палеогеографиялық және палеотектоникалық картасы жасалған. Палеозой, мезокайнозой және төрттік түзілістерінің стратиграфиялық схемалары анықталған; Балтық синеклизінің мұнайлы келешегі бағаланған, негізгі мұнайлы қабаттардың құрылымдық жағдайы зерттелген, мұнайдың болжамды қоры есептелген. Пайдалы қазындылардың негізгі түрлерінің қоры зерттелуде. Минералдық шикізаттарды өндірудің келешегіне баға берілген, Оңтүстік Балтық маңының жер асты суының табиғи және пайдалану қорлары сипатталған.

Медицина саласынан Каунас медициналық институты жұрек-тамыр жүйесі ауруларының мәселесімен шұғылдануда (З. И. Янушкявичюс, Ю. Бредикис т. б.). Вильнюс университетінің медициналық факультетінің хирургтері жүрек құлақшасына протез жасау және органдарды алмастырып салу мәселесін зерттеуде (А. Марцинкявичюс). Эксперименттік және клиникалық медициналық институтында ревматизмге қарсы қолданылатын препараттар зерттелуде. Ревматизммен зақымдалған буынды емдеудің жаңа схемасы жетілдіріліп, практикаға енгізілген. Онкология институты жұмысының негізгі бағыты - қылтамақты дәрімен емдеу. Алғашқы рет шамамен 300 антибластомдық қосылыстар синтезделген. Олардың қасиеті, улағыштығы және әсер ету механизмі зерттелген (А. Теличенас, К. Карпавичюс т.б.). Құрт ауруды емдеу кезінде қолданылатын антибиотиктердің және басқа химиялық препараттардың улағыштық әсері бәсеңдетілген.

Қоғамдық ғылымдар. 1919 жылға дейінгі Литвадағы қоғамдық ой. Литван халқы христиан дінін қабылдағаннан кейін де (14 ғасырдың аяғы - 15 ғасырдың басы) анамистік дүние тану сақталып келді. 14 ғасырдан бастап Литвада қоғамдық ой Белоруссия мен Польшаның қоғамдық ойымен өзара байланыста дамыды. Литва қоғамдық ойдың жазбаша ескерткіштері - жылнама, халыққа арнап жазылған діни-ағартушылық кітаптар, заң жөніндегі және теологиялық еңбектер. Бұл еңбектерде литва феодалдарының мүддесі қорғалып, сол кезде үстемдік еткен христиандық-идеалистік дүние тану бейнеленеді. «Литва руының шығу тегі» атты тұңғыш жылнама 14 ғасырдың аяғында пайда болды. «Литва ұлы князьдарының шежіресі», «Литва мен Жомойт ұлы князьдығының шежіресі», «Быхов хроникасында» Литваны Поляк корольдыгының құрамына енгізбекші болған поляк феодалдарының ниеттеріне қарсы литван феодалдарының саяси күресі бейнеленеді. 1582 жылы М. Стрыйковский литван жылнамаларына негіздеп «Хроника» басып шығарды. Бұл материалдарды А. Коялович (Коялавичюс) озінің «Литва тарихына» (1-2-т., 1656-1969) пайдаланды. Поляк-католиктік ықпалдың күшеюінен 47 ғасырдың аяғында литван тарихнамасы тоқырап қалды. Саяси- әлеуметтік және моральдық-право мәселелері 16 ғасырдың гуманистері Миколас Летувистің («Татар, литовтықтар, московитяндықтардың әдет-ғұрпы»), А. Ротундастың, А. Воланастың еңбектерінде қамтылады. Сол кезде үстемдік өткен праволық көзқарастар. Литва статуттарының (1529, 1566, 1588) басылымдарында баяндалады. 1566 жылы Вильнюстегі әулие Иоанн костелі жанынан ашылған заң мектебінде, ал 1641 жылдан Вильнюс академиясының заң факультетінде рим, канондық және литван праволары сабақ ретінде еңгізді. 16 ғасыдың 1-жартысында Литвада реформация басталды. Оның басты қайраткерлері А. Кульветис, С. Раполенис, М. Мажвидас халық-ағарту ісіне баса назар аударды. Реформациямен күресу және католицизм уағыздарын күшейте түсу үшін 1579 жылы иезуиттер Вильнюсте жоғары мектеп-академия ашты. Академия мен иезуиттер мектебінің профессорлары өздерінің еңбектерінде (латын тілінде) христиандықтың философиялық негізін әсіресе схоластиканы баяндады. Материалистік нышан схоласт Й. Кимбарастың көзқарасынан байқалады. 17 ғасырдың 2-жартысында тұңғыш атеистік шығармалар пайда болды. К. Лыщинский «Құдайдың жоқ екендігі туралы» жазған келісімпаздық және антисхоластикалық бағыт етек алды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында табиғат пен әлемге деген материалистік көзқарас табиғат зерттеуші ғалымдар М. Почобут, Я. Снядецкийдің («Метафизика жайында» 1814, «Философия жайында», 1819), Г. Форстер, Ж. Жилибер т. б. еңбектерінен аңғарылады. Гуманитарлық ғылымдарда идеализм үстемдік етті. Кантшылардың өкілі философ И. Г. Абихт («Таным философиясы», 1791; «Философиялық энциклопедия», 1804), «ақылға қонымды пікір» философия- сын жақтаушы философ-дуалист А. Довгирд болды. 19 ғасырдың басында литван тарихи ойының дамуында Вильнюс университетінің профессорлары И. Лелевель, А. Глебович, И. Онацевич, И. Данилович, И. Ярошевич, Т. Нарбут маңызды роль атқарды. Бұл ғалымдар 1835-1841 жылы Литваның 9 томдық тарихын бастырып шығарды. Ағартушы әрі тарихшы С. Даукантас тұңғыш рет литван тілінде Литва тарихы жөнінде еңбек жазды («Ежелгі литвандықтардың, аукштайттардың және жемайттардың әдет-ғұрпы», 1845; «Литва тарихы», 1-2-т., 1893-1897). Вильнюс университетінде саяси экономика кафедрасында жұмыс істейтін ғалымдар 19 ғасырдың 30 жылдары А. Смиттің т. б-дың экономикалық ілімінің таралуына жағдай туғызды. 1832 жылы патша әкімшілігі университетті жауып тастады. Литва мемлекеттігінің құрылуын зерттеуде ғалымдар В. Б. Антонович пен Н. П. Дашкевич елеулі үлес қосты. Литваның буржуазиялық ұлт болып қалыптасуына байланысты бірқатар жаңа мәселелер зерттеле бастады. Литван халқының этногенезисінің кейбір мәселелерін И. Басанавичюс анықтап берді. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Литва тарихын зерттеуге көңіл бөлу күшейе түсті. Тарихты зерттеу мәселесімен Литва ғылым қоғамы жыл сайын шығарып тұратын «Литва ұлты» журналы (1907-1936) шұғылданды. 19 ғасырдың 2-жартысында революционер-демократтар З. Сераковский мен А. Мацкявичюс өздерінің көзқарастарында халықтық революциялық идеяларын дамытты. 20 ғасырдың басында материалист-атеист Ю. Адомайтис, С. Матулайтис, Й. Билюнас, Й. Шлюпас, В.Дембскистің көзқарастары қалыптасады. Бірақ та дінді сынға алуда бұлар ағартушылық позицияда ғана болды. Тек Матулайтис қана революциялық қозғалысқа белсенді қатысып, Литвада диалектикалық және тарихи материализмді насихаттады. 80 жылдың соңы мен 90 жылдың бас «езінде маркстік үйірмеге қатысушылар ғылыми социализм идеяларын белсенділікпен насихаттай бастады. Литвада марксизм ықпалының күшейе түсуіне 1895 жылы Вильнюске Лениннің келуі және лениндік «Искраның» (1901 жылдан) таралуы себепші болды. В. Мицкявичюс-Капсукас марксизмнің философиялық негіздерін қорғап, бернштейншілерді сынайды. Кейіннен ол Литва Компартиясын ұйымдастырушыларының және басшыларының бірі болды.

Буржуазияшыл Литвадағы қоғамдық ғылым. 1919 жыды Литвада буржуазиялық диктатурасы орнағаннан кейін тек консервативті ниеттегі буржуазиялық ғалымдар ғана өздерінің ғылыми қызметтерін кедергісіз дамыта алды. Жиырма жыл бойы философияда неотомизм үстемдік етті. Неотомизмнің басты өкілдері - П. Довидайтис, А. Якштас-Дамбраускас т. б., логика мен эстетика мәселелерін З. Сеземанас зерттеді. Литваның буржуазиялық философтарының ішінде үнді философиясы мен И. Кант, Г. Гегель, Л. Н. Толстой философиясының ықпалында болған Видунас ерекше орын алады. Клерикалдық фашистік реакцияның қиын қыстау жағдайында Литвада қоғамдық және философиялық озат ой дамыды. Материалистік дүние тануды таратуда және дінмен күрес жүргізуде «Ерікті ойшылдардың этникалық мәдениет қоғамы» маңызды роль атқарды. Идеализм мен дінге қарсы күресуде  «Лига» журналы белсенді еңбек етті. Литва Компартиясы астыртын жағдайда жұмыс істеуіне қарамастан, өзінің баспа органдары арқылы буржуазиялық идеологияны әшкерелеп, марксизм-ленинизмді насихаттап отырды. 1920, 26 ж. Вильнюсте коммунистер ұйымдастырған кооперативтік қоғам К. Маркстің, Ф. Энгельстің, В. И. Ленішнің еңбектерін басып шығарып тұрды. Марксистік әдебиетті шығаруда астыртын жұмыс істейтін баспахана мен шетелдердегі баспалар пайдаланылды. Литва тарихын зерттеу орталығы Каунас университеті болды. Зерттеушілер нетізінен алғанда, орыс және немістің буржуазиялық тарихнамасының ізімен жүрді. Литван халқы тарихының дамуын өндіріс тәсілінің жетілуімен және тап күресімен байланыста қарамады. Литва тарихы жөніндегі маркстік зерттеудің бастамасын салған Литва КП басшылары В. Мицкявичюс-Капсукас пен З. Ангаретис болды. Литва Компартиясы марксизм-ленинизмнің экономикалық теориясын литван жұмысшы табын буржуазиялық қанаудан құтқару күресінде идеологиялық құрал ретінде пайдаланды. 1922-1940 жылдар Каунас университетінің заң факультетітінде ғалым-юристер: С. Беляцкинас, Янулайтис, К. Шалкаускас т. б. істеді. «Тейсес факультето дарбай» деген мерзімді басылым шығып тұрды. Юристер қоғамының «Тейсе» («Право») журналы әр тоқсан сайын шығып тұрды.

1940 жылы кейін қоғамдың ғылымдардың дамуы. Философия Литвада Совет өкіметінің қалпына келтірілуі марксизмнің кеңінен тарауына жол ашты. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда литван тілінде К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин еңбектері және басқа да марксистік қоғамдық-саяси философиялық әдебиеттер басылып шықты. Совет өкіметі жылдарында республикада және философиялық кадрлары өсіп, олар ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. Литвада қоғамдық философиялық ой-пікірдің даму проблемалары, диалектикалық және тарихи материализм, табиғат тану ғылымының мәселелері, этика, логика, эстетика (И. Григонис, И. Заксас, Н. Ицкович т. б.), атеизм, қазіргі заманғы антикоммунизм мен буржуазиялық философияны сынау (Ю. Барздайтис, И. Минкявичюс, В. Нюнка, Р. Скайсгирис) жөнінде бірсыпыра зерттеулер жарық көрді.

Тарих ғылымы. 1940 жылы Литван ССР ҒА құрамында Тарих институты ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында совет тарихшылары Ю. Жюгжда, П. Пакарклис және басқалар фашистік агрессорлардың саясаты мен идеологиясын әшкереледі. Соғыстан кейінгі жылдарда литван совет тарихшылары литван халқының ежелгі тарихын зерттеуде елеулі жұмыстар жүргізді. Литва тарихының феодализм дәуірін қамтитын:         литван халқының крест жорығына қатысушыларға қарсы күресі (Б. Дундулис, Р. Варакаускас), феодализмнің пайда болуы және шаруалардың басыбайлылығы (Ю. Юргинис), 16 ғасыр шаруаларының жағдайы және олардың күресі (К. Яблонскис), крепостнойлықтың ыдырауы (М. Ючас), 1830-1831 жылдар көтеріліс (Ф. Слесорюнас) туралы еңбектер жарияланды. В. Меркис, Л. Мулявичюс капитализмнің шығу мәселелерін О. Максимайтене, Ю. Жюгжда. М. Бичкаускас-Гентвила 1863 жылы Литва көтерілісі тарихын зерттеді. Ю. Жюгжда, Р. Шармайтис, Р. Вебра еңбектерін Литва ұлт-азаттық қозғалысы ерекшеліктерін көрсетуге арнады. Э. Гришкунайте, А. Тила және басқалар революциялық қозғалыстың шығуы мен дамуына талдау жасады. Жюгжда, Шармайтис, Б. Вайткявичюс литван халқының Совет өкіметін орнату жолындағы 1918-1919 жылдардағы күресін көрсететін бірқатар еңбектер шығарды. Литва тарихының Ұлы Отан соғысы дәуірі М. Штарас, И. Добровольскис, А. Ракунас, К.Варашинскас монографияларында кеңінен қамтылды. К. Сурблис, Г. Шаджюс, А. Ефременко өздерінің еңбектерін социализм құрылысы және коммунизмге өту проблемаларына арнады. Литва халқының 1940 жылға дейінгі тарихына арналған 3 томдық «Литва ССР-інің тарихы» басылып шықты. Сол сияқты «Литва Коммунистік партиясы тарихының очерктері» ұлт тілінде жарық керді.

Экономика ғылымы. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және онан әрі өркендету жөнінде зор жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар экономика ғылми кадрларын даярлау істі қолға алынды. 1944 жылы Вильнюс университінің экономика факультеті, 1946 жылы Литван ССР ҒА-ның Экономика институты өзінің жұмысын қайта бастады. 1959 жылы уыл шаруашылық экономикасы институты құрылды. Литвада социалистік экономиканың дамуы А. Жиленастың «Колхоздардың ақшалай табысы және оның болінуі» (1959), М. Грегораускастың «Советтік Литваның индустрияландырылуы» (1959), С. Гинайтенің «Советтік Литва халқының табыстары» (1970) және басқа еңбектерде баяндалды. Капитализмнің саяси экономикасы және экономикалық ой-пікір проблемалары жөнінде бірқатар зерттеулер жарияланды (Д. Будрис, А. Бурачас, Ю. Тамошюнас, А. Митрикас т. б.). Ю. Манюшистің «Техникалық прогресс және Балтық жағалауы республикаларында құрылыс индустриясы базасының дамуы» (1968), П. Кульвецтің «Ғылми-техникалық прогресс және өндіріс тиімділігі» (1972), В. Баранаускастың «Өндірістің экономикалық тиімділігі және оның арттырылуы» (1970), В. Малишаускас пен И. Вайтекунастың «Жердің экономикалық бағалануы және оның қолданылуы» (1963) атты еңбектері қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, өндіргіш күштерді орналастыру, еңбек өнімділігін арттыру проблемаларына арналған. Республикада үш экономика журналы шығып тұрады.

Заң ғылымы.         Совет өкіметі жылдарында Литвада заң ғылымы да дамудың жаңа жолына түсті. 1946 жылы ҒА құрамында Право институты ашылып, ол 1952 право секторы болып қайта құрылды, ал 1969 жылы Литван ССР ҒА Тарих институтының философия, право және социология бөліміне қосылды. 1958 жылы Вильнюсте криминалистика ғылыми-зерттеу лабораториясы жұмыс істей бастады (1961 жылы Сот-эқспертиза ғылыми- зерттеу институты). Заң ғылымын зерттеумен шұғылданатын барлық орталықтар: университеттің заң факультеті, Сот-экспертиза ғылыми-зерттеу институты өздерінің ғылыми еңбектерін «Ғылыми жұмыстар жинағы» атты жинақ пен «Қылмысты зерттеу және экспертиза» бюллетенінде бастырады. 1960 жылдан бастап «Литва ОСР Жоғарғы Сотының бюллетені» шығарылуда (1968 жылы «Социалистине тейсе» атты тоқсандық журнал). Сол сияқты право мәеелелері жөніндегі ғылыми зерттеулер «Литва ССР ҒА еңбектерінде» (Қоғамдық ғылымдар сериясы) басылады. Заң ғылымының барлық салалары бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Азаматтық право және процесс, еңбек правосы (И. Жеруолис, И. Морейнас т. б.). Литва мемлекет тарихы, мемлекеттік және әкімшілік право (К. Яблонскис, П. Пакарклис, С. Вансявичюс т. б.) жөнінде монографиялар жарияланды. Заң ғылымының методологиясы, кибернетикалық әдістер мен криминология құралдарын пайдалану салалары бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Ғылыми мекемелері. Республикада 1973 жылы 101 ғылыми мекеме болды. Жаратылыс тану, техникалық ғылымдары және қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулер республиканың бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында, бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институттарының филиалдарында, жоғары оқу орындарында, проблемалық лабораториялар мен тәжірибе станцияларыңда жүргізіледі. Литва ғылыми мекемелерінде (1973) 10,1 мыңнан астам ғылыми қызметкер жүмыс істейді, оның ішінде 200 ғылыми докторы, 3300-ден астам ғылыми кандидаты, Литван ССР-і ҒА-ның 19 академигі, 24 корреспондент мүшесі бар. Литван ССР-і ҒА - республиканың басты ғылыми мекемесі. Литваның ғалымдары Москва, Ленинград, Киев, Рига, Новосибирск, Минск т. б. қалалардың ғылыми мекемелөрімен, ғылыми-өндірістік бірлестіктерімен, кәсіпорындарымен және жоғары оқу орындарымен байланысты жұмыс істейді. Литваның халықаралық ғылыми байланысы бірнеше бағытта дамыған: қорытпалар мен металдардың әлектрлік тұндыру теориясы саласында БХР, ВХР, ЧССР т. б.  республикалардың ғылыми мекемелерімен; автоматикалық басқару теориясы саласында ЧССР ҒА-мен; мал шаруашылығы өнімділігін зерттеу саласында БХР, ГДР, ПХР, ЮСФР ғалымдарымен байланыста жұмыс істейді. Капиталистік елдердің ғылыми орталықтарымен де байланыс дамуда.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. 16 ғасырда Вильнюс Шығыс Европада кітап басу ісінің орталықтарының біріне айналды; 1525 жылы Франциск Скорина СССР территориясындағы тұңғыш баспахананың негізін құрып «Апостол» т. б. басылымдарды басып шығарды. Литван тіліндегі тұңғыш кітаптар - М. Мажвидастың протестанттық «Катехизисі» (1547, Кенигсберг) және Д. М. Даукшидің католиктік «Катехизисі» (1595, Вильнюс). Тұңғыш газет Вильнюсте 1760 жылы поляк тілінде («Айрықша хабарлама») жарық көрді. 1864-1904 жылдар Литвада литван-латыш әліппесімен кітап басу ісіне тыйым салынғандықтан, литван мерзімді басылымдары: «Летувос дарбининкас» («Литва жұмысшысы», 1896-1899), «Дарбининку балоас» («Жұмысшылар үні», 1901-1906) т. б. тұңғыш литван с.-д. газеттері шетелдерде басылды.

1904 жылы Литвада жария газеттер мен журналдар, оның ішінде тұңғыш литван күнделікті газеті «Вильняус жинес» («Вильнюс хабарламасы», 1904-19 09), с.-д. бағыттағы газеттер «Жаңа заман», 1906-1907, «Скардас» («Жаңғырық», 1907), «Жария» («Шоқ», 1907-1908) шыға бастады. 1913-1914 жылдары Вильнюсте тұңғыш литван әдеби журналы «Вайворикште» («Кемпір қосақ») басылып тұрды. 1917 жылы Февраль революциясынан кейін Петроградта тұңғыш литван большевиктік газеті «Теса» («Шындық») шыға бастады. Совет өкіметі жылдары (1918-1919)       коммунистік баспасөз Вильнюсте, Каунаста т. б. қалаларда литван, орыс, поляк т. б. тілдерде жарық көрді. Литва телеграф агенттігі (ЛИТА, 1919) құрылды.

1919-1940 жылдар буржуазиялық Литвада және шетелдерде литван коммунистері 340-тан аса газет пен журнал, 760-тан астам кітап пен кітапша шығарды. Литвада 1940-1941 жылдар Совет өкіметі орнаған соң жаңа республикалық газеттер, 10-нан астам журнал шығып тұрды. 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде Литва коммунистік баспасөзі астыртын шықты. Соғыстан кейінгі жылдары республиканың полиграфия базасы қалпына келтіріліп, баспа ісі кеңінен дамыды. «Минтис» («Ой»), «Вага» («Ворозда»), «Швиеса» («Сәуле») т. б. республикалық баспалар жыл сайын 2 мыңға жуық кітап пен кітапшалар басып шығарады. Республикалық газеттері:    литван тілінде «Теса», «Комьяунимо теса» («Комсомол шындығы», литван тілінде 1919 жылдан, орыс тілінде 1940 жылы және 1955 жылдан), «Вальстечю лайкраштис» («Шаруа газеті», 1940), «Летувос пионерюс» («Литва пионері», 1946), «Литература ир мянас» («Әдебиет және өнер», 1946), «Тарибинис мокитояс» («Совет мұғалімі», 1953); орыс тілінде «Советская Литва» (1944);. поляк тілінде «Червоны штандар» («Қызыл Ту», 1953) т. б. 1972 жылы 122 журнал басылымдары шықты. Партиялық, комсомолдық-жастар, қоғамдық-саяси және әдеби-көркем, ғылыми, техникалық, сатиралық т. б. журналдары: «Комунистас» (1918, литван және орыс тілдерінде), «Швитурис» («Шамшырақ», 1949 жылдан), «Яунимо грягале» («Жеңіс», 1942), «Тарибине мотос» («Жастар қатары», 1944), «Пяртерис» («Совет әйелдері», 1952, поляк тілінде «Кобета Радзецка»), «Шлуота» («Сыпырғыш», 1934), «Мокслас ир техника» («Ғылым және техника», 1959), «Мокслас ир гивянимас» («Ғылым және өнер», 1957).

Литва радиохабары 1926 жылдан беріле бастады. Вильнюс телевизиясы 1957 жылдан жұмыс істейді. Республикалық радио 2 программа бойынша литван, орыс, поляк тілдерінде, телевизия 1 программа бойынша хабар береді.

Әдебиеті. Литваның көне жазба ескерткіштері (14-17 ғасырлар) орыс (белорус) тілінде («Литва заңдарының» жинағы, шежірелер т. б.), латын, поляк тілдерінде жазылған. Литван халқы өзінің ой-арманын бай ауыз әдебиетінде (дайва-өлеңдер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер т. б.) бейнеледі. Литван жазуының пайда болып, дамуы 16 ғасырдың ІІ жартысындағы Реформация қозғалысына байланысты туды. М. Мажвидас (т. ж. белгісіз - 1563 ж. ө.) түзген Литваның бірінші кітабы («Катехизис») шықты. Кітаптың мазмұны дін текстерінен құрылғанмен, оның алғы сөзі насихат өлеңмен жазылды, Литваның бірінші әліппесі берілді. 16-17 ғасырларда, негізінен, діни әдебиет жасалды. 17-18 ғасырларда зиялылық мазмұнда жазылған көркем шығармалар пайда болды. 18 ғасырдың әдебиетінің ең таңдаулы үлгісі К. Донелайтистің (1714-1780) «Жыл мезгілдері» (1818 жылы баспадан шыққан) атты поэмасы болды. 19 ғасырдың 1-жартысында Д. Пошка (1757-1830), Л. Реза (1776-1840), А. Страздас (1763-1833), С. Станявичюс (1799-1848) сияқты ақындар мен жазушы және тарихшы С. Даукантас (1793-1864) т. б. жазушылар литван әдебиетін айтарлықтай дамытты. А. Баранаускастың (1835-1902) «Аникшяй орманы» (1860 жылы баспадан шыққан) поэмасы литван поэзиясын дамыта түсті. 19 ғасырда реакцияның өріс алуына байланысты литван әдебиеті дағдарысқа ұшырады. Сөйтсе де, бұл кезде жазушы М. Валанчюс (1801-1875), ақын А. Венажиндис (1841-1892) өнімді еңбек етіп, литван көркем әдебиетінің негізін қалады. 19 ғасырдың аяғында буржуазиялық ұлт-азаттық және революциялық жұмысшы қозғалыстары кезінде мәдениет жандана бастады. Бұл кездегі әдебиетте публицист-жазушы В. Кудирка (1858-1899), ақындар П. Вайчайтис (1876-1901), Майронис (лақап аты; шын аты-жөні - И. Мачюлис, 1862-1932) елеулі орын алды. Ақын И. Мачис-Кекштас (1867-1902), жазушы Ю. Андзюлайтис-Кальненас (1864-1916) социалистік идеяны насихаттады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Литва әдебиетінің жанры молайып, балалар әдебиеті, әдебиет сыны, әдебиет тану ғылымы дами бастады. Әдебиетте Жемайте (лақап аты; шын аты-жөні - Ю. Жимайтене, 1845-1921) бастаған сыншыл реализм қалыптасты. Жазушы И. Билюнас (1879-1907) тұңғыш рет жұмысшы бейнесін жасаушылардың бірі болды. Реалистік дәстүрді одан әрі ақындар Й. Йоварас (лақап аты Й. Крикщюнас, 1880-1967), прозаиктер Г. Пяткявичайте-Бите (1861-1943), А. Венуолис-Жукауокас (1882-1957) т. б. дамытты. Пролетарлық әдебиеттің тууы сыншы-марксист және жазушы В. Мицкявичюс-Капсукастың (1880-1935) творчествосына байланысты. Пролетарлық поэзияда дарынды революционер ақын Ю. Явонистің (1896-1917) өлеңдері ерекше көзге түседі. Литван әдебиетінің одан әрі дамуы Ұлы Окт. соц. революциясына, литван халқының 1918-19 жылдардағы Совет өкіметі үшін күресіне байланысты. Буржуазиялық Үкімет билік еткен кезде (1919-1940) әдебиетте модернистік ағымның күшейе түскені байқалады. 30 жылға қарай П. Цвирка (1909-1947), И. Шимкус (1906-1965), А. Венцлова (1906-1971), К. Борута (1905-1965) т. б. талантты антифашист жазушылар топтасты. Олардың көпшілігі «Тряняс Фронтас» («Үшінші майдан»), «Литература», «Культура» т. б. журналдардың төңірегіне бірікті. Бұл жылдары бұрынғы футуризм, символизм, неоромантизм т. б. ағымдарда болған жазушылардың көпшілігі реализмге ойысып, реалистік әдебиет дамыды, балалар әдебиеті өркендеді, әдебиет тану ғылымы мен фольклористика саласында елеулі еңбектер жазылды. Әр түрлі шағымдардың арасында өткір идеологиялық күрес жүрді.

Литвада Совет өкіметі қалпына келтіргеннен кейін (1940) литван әдебиет дамуының жаңа кезеңі басталды. Оның бірінші белсенді қаламгерлері Цвирка, Нерис, Монтвила, Гира, Шимку Тильвитис, Венцлова, Корсакас т. б. болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ақындар Нерис, Гира, Венцлова, Корсакас, жас ақындар Э. Меже, В. Мозурюнас (1922-1964), В. Решиерис (1921 ж. т.) т. б. ақындар ерлік пен соғыс жылдарындағы өмір шындығын жырлады. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған шығармалардың идеясы халықтың тұрмысын қалпына келтіру ісіне байланысты болды, Комсомол жазушылар: М. Слуцкис (1928 ж. т.), А. Беляускас (1923 ж. т.), А. Ионинас (1923 ж. т.), В. Грибас (1927-1954), Ю. Мацявичюс (1928 ж. т.), И. Авшкюс (1922 ж. т.) т. б. әдебиетке жаңаша үнмен келді. Драматургия саласында Марципкявичюстің шығармалары ерекше аталады. Балалар және жасөспірімдер әдебиетін К. Кубилипскас (1923-1962), Межелайтис, А. Матутис (1923 ж. т ), Слуцкис, В. Пяткявичюс (1930 ж. т. Ц В. Даутартас (1927 ж. т.), Сая, Леоитс т. б. елеулі шығармалармен дамытты. Әдебиет тану ғылымыпдағы маңызды еңбек - «Литва әдебиетінің тарихы» (1-4-т., 1957-68). Литван әдебиет тану ғылымына К. Корсакас, К. Амбрасас, В. Аряшка, А. Бучис, Ванагас т. б. мол еңбек сіңірді. Литва әдебиетінің көрнекті үлгілері халықтарының (32) және шетел (20) тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде «Литва әңгімелері» (1959), Ю. Поунтялистің «Көршілер» (1906-1971), К. Борута (1905-1965) т. б. талантты антифашист жазушылар топтасты. Олардың көшпілігі «Трячяс фронтас» («Үшінші майдан»), «Литература», «Культура» т. б. журналдардың төңірегіне бірікті.

Архитектурасы. Археологиялық қазба жұмысы кезіңде Литва жерінен негізінен неолит дәуіріне (б. з. б. 4-2 мыңжылдықтың ортасы) саятын тұрақты қоңыс орындары табылды. Біздің заманымыздың бас кезінде ағаштан қиып сумен қоршалған бекініс-қалашықтар бой көтерді. 12 ғасырда бұл бекіністер феодал қамалдарына айналды. Тас құрылыстар негізінен қорғаныс мақсатында салынды. 15 ғасырда ірге тепкен қалалардың дені ағаштан тұрғызылды. 14 ғасырдың аяқ кезінен Литва Сәулетөнерінен әр түрлі архитектуралық тәсілдер орын алды. Бұл тәсілдер жергілікті ұлттық сәулет өнерінің кейбір ерекшеліктерін бойына сіңіре отырып дамыды. 16 ғасырда готика үлгісінде тұрғызылған архитектуралық ескерткіштерден сақталғандары: Запишкистегі Ионас шіркеуі (Каунасқа таяу), Перкуно үйі, Юргис шіркеуі, Каунастағы собор, Кедайняйдағы Юргис шіркеуі, Вильнюстегі Анна мен Микалоюстің шіркеулері т. б. Ішінара Қайта өркендеу дәуірі стилімен салынған ғимараттар: Вильнюстегі Миколастың шіркеуі мен университет ауласы, Биржайдағы Радзивиллов қамалы (арх. Т.Спинаускас), Каунастағы монастырь т. б. 17-18 ғасырларда Литва архитектурасынан барокко стилі өріс тапты (Вильнюстегі Пятро ир Повило шіркеуі, доминикаңдықтардың, Казимероның т. б. шіркеулері, Каунастағы ратуша мен Пажайсляй ансамблі т. б.) Кейбір ғимараттарды қайта салу кезінде әр түрлі стильдердің басы тоғысқан. 16 ғаасырдың соңы мен 17 ғасырда баубағы бар феодалдық қамал-жайлар салуөріс алды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм үлгісіндегі ғимараттар (Вильнюстегі ратуша мен собор, Веркяйдағы сарай ансамблі т. б.) бой көтерді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қала салу ісі жедел қарқынмен жүргізілді (Каунас, Шауляй, Мариямполе т. б.).

Неміс басқыншылары қзгылғаннан кейін республикада жаңа бас жоспарлар жасау, қалаларды абаттандыру және жаңадан салу (Науейи-Акмяне қаласы) ісі қолға алынды. Алайда соғыстан кейінгі Литва архитектурасында эклектикалық әлемішке бой ұру банқалады. 1955 жылдан құрылыс ісі индустриялы жолмен жүргізіле бастады. 1959 жылдан ірі панельді тұрғын үйлерді жүйелі жобамен көптеп салу өріс алды. 60-70 жылдардағы тұрғын үй архитектурасына жаңа конструкцияларды кең қолдану, құрылысты комплексті түрде жүргізу тән. Қоғамдық ғимараттар арнайы жобамен салынды («Няринга» қонақ үйі, 1960, арх. А. және В. Насвитистер; Спорт сарайы, 1971, арх. Ә. Крюкялис, З. Ляндзбергис т. б., Опера және балет театры, 1973, арх. Й. Бучюте - екеуі де Вильнюсте). Литван архитекторларының жобасымен Ташкентте, Минск мен Дондағы Ростовта т. б. қалаларда ғимараттар салынды. Литван мебелі (арх. Т. Багинскас, В. Бейги т. б. жобасы бойынша) жақсы бағаланады. Вильнюсте эстон, латыш және Ленинград архитекторлары қалған ғимараттар да бар. 1945 жылыЛитваархитекторлар одағы құрылды.

Бейнелеу өнері. Литва жеріндегі байырғы мәдени ескерткіштер (Паланга мен Нерингадан табылған хайуанаттар мен адамның янтарь мүсіншелері, Швентойиден табылған ағаш мүсіншелер мен қыш құмыралар т. б.) неолит дәуіріне саяды. Б. з. б. 5 ғ. - б. з. 1 ғасырларында жасалған ат тұрмандары мен өшекей бұйымдар (білезік, бұрама түйреуіш т. б.) сақталған. 9-12 ғасырларда металдан сәндік бұйымдар жасау (өрнекті мылтық, нақышты ат тұрмандары т. б.) жоғары сатыға көтерілді. Орта ғасырды сипаттайтын бейнелеу өнері туындылары аз сақталған. Олар бірді-екілі «Мадонна» мүсіндері (15 ғ.) мен Тракай қамалының қабырғасындағы жазбалар (14-15 ғ.).16-17 ғасырлардың1-жартысында неміс, итальян және нидерланды суретшілерімен қатар жергілікті өнер шеберлері де еңбек етті. Бейнелеу өнерінен ренессанстық портреттер (Сигизмунд II Августтың портреті, 16 ғасырдың ортасы, Вильнюс, Сурет галереясы) елеулі орын алды. Ішінара шіркеулік картиналардан (Вильнюстегі Ашурос қақпасы капелласындағы «Мадонна», 16 ғ.) итальян қайта өркендеу дәуірі кескіндемесінің ықпалы байқалады. 16 ғасырдың 1-жартысында кітап баспасының пайда болуымен бірге ксилография дүниеге келді. 17-18 ғасырларда ғимараттарды нақыштау ісінде барокко үлгісіндегі мүсін ескерткіштер мен қабырға өрнек кеңінен қолданылды.

Киносы. Литвада тұңғыш кинофильмдер 1909 жылы түсірілді. Жергілікті экранға литван кинохроникасы 1921 жылы шықты. 1927-1931 жылдар «Акис» («Көз») студиясында бірнеше фильмдер жасалды. 1938 жылы «Жуанның түсі» атты тұңғыш қуыршақ фильм қойылды. 1940 жылы Совет өкіметі орнаганнан кейін, Каунаста хроникалық және документті фильмдер студиясы ашылды. Ұлы Отан соғысынан кейін бірнеше киножурналдар («Азат етілген жер», «Советтік Литва») керсетілді. «Мосфильм» мен «Ленфильмнің» қатысуымен Ұлы Отан соғысының оқиғаларына арналған бірнеше фильмдер жасалды. 1949 жылы студия Вильнюске көшірілді. 50 жылдардың юртасында студияның өндірістік базасы кеңейтіліп, жоғары білімді мамандармен толықтырылды. Литва кино өнерінің ірі табысы - реж. және сценарист В. Жалакявичюстің «Бір күннің оқиғасы» (1963), «Ешкімнің өлгісі келген жоқ» (1965), реж. Р. Вабаластың «Түнгі адымдар» (1962), «Аспан баспалдағы» (1967), А.Жебрюнастың «Каникулдың соңғы күні» (1964), «Сұлу» (1969) фильмдері. 60-70 жылдары Литва кинематографиясының жанрлық шеңбері кеңейіп, бүгінгі күн тақырыбына арналған фильмдер («Өмір сарқылмасын», 1969, реж. А. Грикявичюс; «Июнь - жаздың басы» 1969, реж. Вабалас т. б.) саны артты.Литван әдебиетінің классикалық үлгілері - «Қарғыс атқыр елгезектік» (1970, Ю. Тумас-Вайжгантастың «Ағайлар мен апайлары» бойынша т. б. экрандалды. Тарихи оқиғаларды суреттейтін «Тас үстіндегі тас» (1971, реж. Вабалас»), «Геркус Мантас» (1972, реж. М. Гедрис) атты көркем фильмдер экранға шықты. 60 жылдары документті кино түсіру елеулі сатыға көтерілді.

Жылына Литван тіліне 20 фильм аударылады. 1959-1972 жылдар «Экран жаңалықтары», 1972 жылдан «Кино» журналы (литван және орыс тілінде) шығады. 1958 жылыЛитва Кинематографистер одағы құрылды. Республикада 1545 кино қондырғы (1972) жұмыс істейді.

Әдеб.: Вопросы истории КП Литвы. Сб., т. 1-14, Вильнюс, 1959-1973; Атамукас С. Компартия Литвы в борьбе за Советскую власть (1935-1940 гг.), М., 1961; Римантене Р. Палеолит и мезолит Литвы. Вильнюс, 1971; Пашуто А.Т. Образование Литовского государства. М., 1959; Снечкус А. Советская Литва на пути расцвета. Вильнюс, 1970; Матулис Ю. Ю. Наука Советской Литвы.в кн.: Ленин и современная наука. т. 2. М., 1970; его же, Советская Литва и ее наука.в кн.: Наука Союза ССР. М., 1972; Очерк истории литовской советской литературы. М., 1955; Червонная С., Богданас К. Искусство Литвы. Л., 1972; Гаудримас Ю. Музыкальная культура Советской Литвы. Л., 1961; История советского драматического театра.т. 1, 4-6, 1966-1971; Мальцене М. Киноискусство Советской Литвы. М., 1971.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-13 11:03:24     Қаралды-1225

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »