UF

АРАБ ЖАЗУЬІ - дүние жүзіне латын жазуыная кейін ең көп тараған жазу. Б. з. 4 ғасырдың шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елге жайылған. Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Араб алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басында, ортасында, аяғында немесе жеке келуіне  байланысты (алиф, даль, заль, ра, за, уау-дан басқалары) 4 түрлі жазылады. Араб жазуында дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін әріптер бар. Дауысты дыбыстар сол әріптердің астына, үстіне әр түрлі диакритик белгілер қою арқылы беріледі (диакритик белгілер Құранда, сөздікте, өлеңде, әліппеде міндетті түрде қойылады). Тек қана үш өріп (алиф, уау, йа) дауысты дыбыстардың орнына қолданылады. Әрбір өріп белгілі бір санды да білдіреді. Арабтар ислам дінін қабылдағаннан кейін (б. з. 7 ғ.) Араб жазуының негізгі 2 түрі (куфи, насхи) пайда болды. Куфи (Евфрат бойындағы Куфа қаласының атынан шыққан) - әшекейлі жазу, әуелде Құран үшін міндетті деп саналған. Мемлекеттік мәні бар жазбалар дакуфимен жазылған. Насхи (нәсхи) көбінесе әдеби және ғылыми текстерді папирус т. б. жұмсақ материалдарға жазу үшін пайдаланылған. Араб жазуы барлық араб елдерінде, Иран, Ауғанстан, Пакистан, Қытай (Шыңжаң), Малайя, Индонезияда және Африкадағы кейбір мемлекеттерде қолданылады. Латын алфавитіне көшкенге дейін СССР-дегі қазақ, азербайжан, өзбек, түрікмен, тәжік, татар, башқұрт т. б. халықтар да Араб жазуын пайдаланған. Дүние жүзіндегі халықтың 10%-тейі Араб жазуы қолданады.

Араб алфавиті

Әдеб.: ЮшмановН. В. Строй арабского языка.-Л., 1938; Ковалев А. А.,Шарбатов Г. Ш. Учебник арабского языка. 2 изд., 1960; Крачковский И. Ю. Над арабскими рукописями. 4 изд., М., 1965; Халидов Б. З., Учебник арабского языка.-Таш., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-02 15:02:40     Қаралды-2771

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛМЕ НЕГЕ ЖЫЛЫ?

...

Кез келген жылытқыш алдымен айналасындағы ауаны қыздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

...

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »