UF

АРАБ ЗЕРТТЕУ ҒЫЛЫМЫ, арабистика - араб елдері мен халықтарының сан қилы қоғам өмірін, тарихын, тілі мен әдебиетін зерттейтін ғылымдардың жалпы аты. «Арабистика» термині Европада жаңа дәуірде ғана пайда болғанымен, іс жүзінде шығыс ғалымдары араб тарихын орта ғасырдың өзінде-ақ зерттеген. Олардың еңбектері арабтардың орта ғасырлық тарихы жөніндегі кейінгі зерттеулерге арқау болды. Бұған 8-15 ғасырларда араб тілінде жазған тарихшылардың еңбектері жатады; олар - жалпы тарихи мағлұматтардың жинақтары, жорықтар мен соғыстардың жылнамалары, билеушілер мен қолбасшылардың өмірбаяндары, орта ғасырлық араб географтарының шығармалары т. б. Ат-Табари, әл-Маъсуди, Ибн Мискау- айх, Ибн әл-Асир, дбу-л-Фида, Ибн Халдун еңбектерінде саяси күрес пен соғыс тарихы хронологиялық тәртіппен баяндалады, араб елдерінің экономикасы, араб халықтарының этнографиясы, мұсылман правосы т. б. жөнінде мөліметтер бар, мемлекет, дін, мәдениет қайраткерлерінің өмірбаяндары берілген. Үстем таптың тұрғысынан жазылған бұл тарихи шығармалардан халық қозғалыстары жайында да деректер кездеседі. Ибн Халдунның «Кіріспесінде» Әл-Муқаддима») тарихи процестің заңдылықтарын мойындау жөнінде араб тарихнамасындағы тұңғыш қадам жасалды.

Европада араб зерттеу ғылымы 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында жанданып, 17-18 ғасырда онан өрі дамыды. Орталығы Рим, Париж, Лейден болды. Оксфордта, Кембриджде т. б. университеттерде араб халықтарының тарихынан сабақ жүрді. Ол кезде Шығыс елдерімен сауда және елшілік қатынастардың дамуы, миссионерлік насихаттың мүдделері, бұл елдердің христиан шіркеулерін Ватиканға бағындыруға ұмтылуы араб жұртына деген ынтаны күшейтті. Араб зерттеу ғылымы теологиямен тығыз байланысты болды, өйткені діни кітаптарды түсіну үшін ежелгі еврей тілімен бірге араб тілін білу қажет еді. Европа мемлекеттерінің отаршылдық саясаты 19 ғасырда буржуазиялық арабистиканың өркендеуіне түрткі болды. Россияда X. Д. Френ, И. Ф. Готвальд, В. В. Григоръев, И. Н. Холмогоров, Д. А. Хвольсон, В. Ф. Гиргас, В. Г. Тивенгаузен,В.Р.Розен, Н. А. Медников; Германияда И. Я. Рейске, И. М. Хартман, И. Г. Л. Козегартен, Г. Флюгель, Ф. Вюетенфельд, Г. Вейль, Т. Нельдеке, Ю. Вельхаузен, Э. Захау; Францияда А. И. Сильвестр де Саси, Э. Катрмер, Ж. Т. Рено, М. Г. де Слен, Ж. Дераноур, Э. Леви-Провансаль, Л. Массиньон, Г. Вьет, М. Канар, Ш. Пелла, Р. Блашер; Голландияда Р. Дози, М. Я. де Гуе, М. Т. Хаутсма; Англияда Д. Марголиус; Австрияда А. Шпренгер, А. Кремер; Италияда И. Гвиди, Л. Каэтани; Испанияда Ф. Кодера, X. Рибера; Швецияда К. И. Торнберг т. б. араб авторларының тарихи және географиялық шығармаларын европа тілдеріне аударып шығарумен шұғылданды. А. В. Болдыревтің араб грамматикасының шығуы (1827, 1836) Россиядағы араб филологиясының бастамасы болды. М. Т. Навроцкийдің грамматикасы (1867) бұдан да кең ғылми мақсат қойды. Н. А. Медниковтың «Классикалың араб тіліндегі етістіктердің парадигмдері» («Парадигмы глагольных форм арабского классического языка») еңбегінің (1904) араб филологиясын зерттеуде зор маңызы болды. Араб әдебиетінің тарихы В. Ф. Гиргас очеркінде (1873) неғұрлым толық баяндалды. 20 ғасырдың алғашқы он жылдығында А. Е. Крымскийдің оқу құралдары -араб әдебиетінің қысқаша очеркі (1903), араб поэзиясы (1906), араб прозасы (1911) туралы лекциялар курсы шықты. Революциядан бұрынғы орыс тарихшыларының еңбектері дүние жүзілік шығыс тану ғылымына қосылған аса бағалы үлес болып табылады; оларда Батыс Европалық зерттеушілер жіберген көптеген ңателер (нәсілшілдік, мальтусшылдық т. б.) жоқтыққасы. В. В. Бартольдтың француз-мұсылман қатынастары, Омея әулеті т. б. жөніндегі еңбектері бұған толық дәлел бола алады.

Ұлт-азаттық қозғалысының өсіп, араб мәдениетінің гүлденуі нәтижесінде араб интеллигенциясы өз халықтарының өткен күніне зер сала бастады. Осы негізде 19-20 ғасырдың аралығында араб елдерінде осы  заманғы араб зерттеу ғалымы дамыды. Оның негізін ағартушылар - араб ағартушылары Бутрус әл-Вустани, Жиржи Зейдан, Мұхаммед Курд Әли, Хасан Хусни Абд-әл-Ваххаб, Таха Хусайн, Амин ар Рейхани болды. Олар ежелгі дүниедегі орта гасыр мен жаңа дәуірдегі араб тарихы әдебиеті, этнографиясы нетінде ірі-ірі ғылми еңбектер жазды. Осы заманғы араб тарихнамасының ка көрнекті өкілдері: Аббас әл-Аз- нуи, Ахмед Амин, Анис ан-Насули, Рашид әл-Баррауи, Абд-аль-Рахман ар-Рафиъи, Мұхаммед Сабри, Амин Саид, Мекки Шубейки, Нажиб Арманази, Абд ар-Раззақ, әл-Хасани, Ибраһим Абдо, Шарль Иссауи, Дж. Ханна, Ю. X. Хелу, Раиф Хури, Камил Айад, Шаһри Атыйя аш-Шафъи т. б. Осы заманғы араб тарихнамасы отаршылдыққа, американ әкспансиясы мен Израиль агрессиясына қарсы бағытталған. Араб елдеріндегі қорғамдық ой-пікір мен ұлт-азаттық қозғалысының тарихын зерттеу үшін сұл елдердің коммунистік партияларының басшылары еңбектерінің зор маңызы бар.

Ғылым мен мәдениеттің жалпы өрлеуі Совет Одағында араб зерттеу ғалымының жаңа сатыға көтеріліп, араб халықтарының барлық замандардағы тарихы жөніндегі зерттеулердің кеңінен құшақ жаюына жәрдемдесті. Совет ғалымдары араб елдерінің әлеуметтік құрылысын, шаруа, жер мәселелерін, ұлт-азаттық қозғалысын, жұмысшы табының тарихын зерттейді. Аса ірі совет арабисі, академик И.Ю.Крачковский араб мәдениетінің тарихын зерттеуге дүние жүзілік ғылымда зор маңызы бар үлес қосты. М. В. Фрунзенің «Европа цивилизаторлары және Марокко»,  «Европейские цивилизаторы и Марокко», 1925), Ф. А. Ротштейннің «Египетті басып алып, құлдану» («Захват и закабаление Египта», 1925) атты еңбектері арабтардың жаңа дәуір мен осы замаңғы тарихын зерттеуді дамытуға көп жәрдемін тигізді. Совет тарихшылары араб елдерінің ертедегі орта ғасырдан бастап, осы күнге дейінгі тарихын қамтитын бірқатар аса бағалы ғылыми еңбектер берді; бұлар арабтың феодалдық қоғамы мен ислам дінінің пайда болуы (Е. А. Беляев, Н. В. Пигулевская, А. Ю. Якубовский), орта ғасырдағы Магриб елдерінің әлеуметтік жіне этникалық дамуы (М. В. Чураков) араб елдерінде феодализмнің ыдырап, капитализмнің шығуы (И. М. Смилянская), отарлық жағдайда капитализмнің дамуы (Р. М. Аваков, Л. А. Фридман), жұмысшы табының құралып, көбеюі (Ф. М. Ақамба), Египеттегі, Сириядағы, Ирактағы аграрлы қозғалыс (Л. Н. Ватолина, А. Ф. Султанов, М. Ф. Гатауллин, А. Галджьян), Арабияның шаруашылық құрылысы мен араб тайпаларының этнографиясы (А. И. Першиц), Египеттегі, Сириядағы, Ирактағы, Судандағы, Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысы (А. М. Голдобин, X. И. Кильберг, И. М. Фильитинский, В. Г. Луцкий, Л. Н. Котлов, В.И. Киселев, С. Р. Смирнов, Н. А. Иванов, Н. С. Луцкая) араб елдеріндегі жұмысшы қозғалысы, коммунистік партиялардың қызметі мәселелеріне арналған. Совет ғалымдары жаңа араб әдебиетінің даму жолдарын, классикалық және осы замаңғы араб тілін, орта азиялық арабтардың тіл мәдениетін талдап, зерттеуде зор табыстарға жетті. (Д. В. Семенов, М. А. Салье, Л. С. Некора, К. В. Оде-Васильева, Н. В. Юшманов, X. К. Баранов, Г. В. Церетели, И. Н. Винников, Б. М. Гранде, А. А. Долинина, Д. И. Юсупов, А. С. Лекиашвили, А. А. Ковалев, С. А. Тимофеев, А. А. Мамедов, В.Г. Ахвледиани, Г. Ш. Шарбатов т. б.) Совет арабистикасының күші оның марксизм-ленинизм теориясына сүйене отырып, Шығыс тарихының аса маңызды мәселелерін қоғам дамуының заңдары негізінде талдайтынында.

Әвеб.: Бартольд В. В. История изучения Востока в Ввропе и России. 2 изд., Л., 1925; Крачковский И. Ю. Очерки по истории русской арабистики. Избр. соч., т. 4-5, М.-Л., 1957-1958; Шарбатов Г. Ш. Арабистика в СССР (1917-1959). -М., 1959.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-02 14:41:49     Қаралды-1087

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »