UF

             1. Бөліп шығарушы ұлпалар

2.     Механикалық ұлпалар.

3.     Өткізгіш ұлпалар.

4.     Өткізгіш шоқтар.

 

НЕГІЗГІ ҰЛПАЛАР

Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады.. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат­тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады.

Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады (41-сурст).

Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру.

Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.

 

 

    1-сурет. Шлаң сабағындағы аэренхима: 1-жасуша аралық қуыс.

 

Қор жинаушы ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар өсімдіктер денесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделеген жасушалар тобы. Қор заттарын жинау барлық жасушаларға тән. Қор заттары қатты (крахмал) және еріген (қант) күйінде болады. Олар негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею мүшелерінде, дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және өсімдіктердің  басқа да жерлерін де жиналады (23-сурет). Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).

Сорушы (қабылдаушы) ұлпалар. Сорушы ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесіне су және онда еріген заттарды осы ұлпалар арқылы қабылдайды. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) жасушалардың (эпиблема) тобы жатады (62-сурет). Олардың ұлпаларының құрылысы қабылдайтын заттарына, өсімдіктердің денесінде орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы тамыр түктері, астық тұқымдастарының эндоспермі мен ұрық бөлімінің ортасында орналасқан қалқаншадағы сору қабаты, празиттік өсімдіктердегі гаусториялар.

Гидропоттар. Бір немесе бірнеше жасушалар топтарынан тұрады. Олар көбінесе су өсімдіктерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналасып суда еріген заттарды қабылдайды.

Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты мүшелерінде, эпифиттердің  ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген (41-сурет). Негізгі қызметі тамырды оттегімен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету. Олардың жасуша аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.

АРҚАУЛЫҚ (МЕХАНИКАЛЫҚ) ҰЛПАЛАР

Өсімдіктердің денесіне таяныш, мықтылық, беріктік және серпімділік қасиет беретін жасушалар тобын арқаулық ұлпалар деп атаймыз. Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық мүшелерін сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін жасушалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі жасушалар. Өстік мүшелерде  бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық жасушалар болып келеді. Жасушаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима; склеринхима.

Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық жасушалардан тұрады. Егер жасушаның қабықшасының қалыңдауы, оның бұрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды (42-сурет). Егер жасушаның екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды (43-сурет). Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан мүшелердің тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән. Коленхима өсімдіктердің өстік мүшелерінде тоз (феллоген) камбиінің түзілуіне және жарақаттанған жерде жарақат феллеогенінің түзілуіне қатысады.

Склеренхима. Өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Олар жасуша қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық жасушалардан тұрады. Тек жас жасушалары ғана тірі болады.

 

 

2-сурет. Қызылшаның жапырақ сағағының бұрыштық колленхимасы: А-микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағандағы көрінісі; Б-үлкен үлкейткішімен қарағандағы көрінісі: 1-жасуша қуысы; 2-қалыңдаган қабықша.

 

                      

 

3-сурет. Қалуеннің (осот) сабағының табақшалы колленхимасы.

 

4-сурет. Қазтамақтың (герань) сабағының сүректік талшықтары: А.Б-көлденең кесіндісі (А-кіші үлкейткішпен қарагандағы көрінісі; Б-үлкен үлкейткішпен қарагандағы корінісі;) В-тікесінен жасалған кесіндісі: 1-клетқаның қабықшасы; 2-қарапайым пора; 3-жасушаның куысы.

 

Жасы ұлғая келе бұл жасушалардың ішіндегі заттары өледі. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріндегі ең кең таралған арқаулық ұлпа. Жасуша қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склеренхиманың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Талшықтардың өзі пайда болуына қарай екі түрі болады: біріншісі тін талшықтары, олар алғашқы түзуші ұлпа прокамбий мен перициклден және алғашқы қабықпен түтікше-талшық жиынтығының негізгі ұлпаларынан пайда болады. Екіншісі сүректік талшықтар, олар соңғы қабық пен соңғы сүректің құрамындағы соңғы түзуіші ұлпа камбийден пайда болады. Тін талшықтарының жасуша қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, (77-сурет) сүректік талшықтардың (либриформ) жасушасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады (44-сурет).

Тін талшықтарының мықтылығы, созылғыштығы, ұзындығы, сүректенбеуі сияқты қасиеттері тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.

 

 

5-сурет. Алмұрттың жемісінің склереидтері:

А-алмұрттың жемісі: (тікесінен жасалған кесіндісі); Б-паренхималық жасушалардың арасындағы склереидтердің тобы; В-склереидтер; 1-паренхималық жасушалар; 2-жасуша қабықшасы; 3-қарапайым пораның көрінісі; 4-қарапайым пораның кесіндідегі көрінісі; 5-жасуша қуысы.

 

Склереидтер. Склереидтер жасуша қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген өлі паренхималық жасушалар (45-сурет). Олардың қабықшалары қатты сүректенеді, кейде оларға әк, кремнезем және кутин сіңеді. Склереидтердің ішінде кең тарағаны тасты жасушалары. Олар әдетте грек жаңғағының сыртқы қабығында, шиенің, шабдалының және басқа сүректенген жемістерде кездеседі. Ал жапырақтарда тасты жасушаларға қарағанда тірек жасушалар кездеседі.

ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР

Өсімдіктер әдетте екі полюстен қоректенеді. Жапырақтары олардың ауадан қоректенуін қамтамасыз етсе, тамырлары топырақтан қоректенуін қамтамасыз етеді. Жапырақта және тамырда пайда болған қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпалар деп атаймыз. Осыған байланысты қоректік заттардың тасымалдануының екі түрлі жолы болады.

Біріншісі, жоғарғы ағыс жолы, ол топырақ қабаттарынан тамыр арқылы сорылатын су мен минералды тұздардың ерітінділерін өсімдіктің сабағына  және  жапырақтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. Екіншісі, төменгі ағыс жолы, ол жапырақта синтезделген органикалық заттардың судағы ерітінділерін өсімдіктің барлық қалған мүшелеріне жеткізеді және олар осы жерде қорек ретінде пайдаланылады, немесе қор заты ретінде жиналады.

Өткізгіш ұлпалардың құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметтері әртүрлі. Соған байланысты заттардың тасымалдануының бірнеше жолдары болады. Оларға, яғни тасымалдану жолдарына: түтітер, трахеидтер, тірі паренхималық жасушалар және механикалық талшықтар жатады.

Түтіктер  (трахеи)  және трахеидтер.  Бұлар өткізгіш ұлпалар - олар арқылы су мен минералдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.

Түтіктер (трахеи) - бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикальды жасушаларының қатарынан бөлінеді. Олардың жасушаларының бұйірлік қабықшалары қалыңдап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфо­рация) болады. Түтіктердің орташа узындығы 10 см.

Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрылым, айырмашылығы, бұлар трубалар емес, прозенхималық жасушалар. Мұндай жасушалардың қабықшаларында шеттері жиектелген (көмкерілген) саңылаулар болады (46-сурет). Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм.-дей болады.

Қабықшаларының қалыңдауының формаларына қарай түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральды, торлы және тағы басқаша болып келеді (47-сурет).

Сақиналы және спиральды түтіктердің диаметрі үлкен болмайды. Олар жас мүшелерге тән, өйткені бұлардың қабықшаларының сүректенбеген бөліктері  (участкілері) болады және  созылуға  қабілетті  келеді. Торлы және нүктелі түтіктердің диаметрі біршама үлкен және қабықшалары толығымен сүректенген болып келеді. Олар әдетте камбийден сақиналы және спиральды түтіктерден кейін пайда болады. Түтіктер мен трахеидтер, сонымен бірге беріктік   те  қызмет   атқарады. Олар айналасындағы тірі паренхималық жасушалардың өсінділерімен толық жабылғанға дейін бірнеше жыл өмір сүреді. Тірі паренхималық жасушалардың түтіктің қуысына, оның қабырғаларындағы саңылаулар арқылы өтетін өсінділерін тилла деп атайды. Тилла өсе келе түтіктің қуысын, мүлдем ешнәрсе өтпейтіндей етіп, жауып тастайды (48-сурет).

                                                     

6-сурет. Қарағайдың трахеидтері (сызба-нұсқасы):

1-алғашқы қабықша; 2-соңғы қабықша;

3-жиекті саңылау (жанынан қарағандағы көрінісі);

4-түйістіргіш жарғақша (плен­ка); 5-торус;

6-жиектегіш саңылау

(жақтау жағынан қарағандағы көрінісі).

 

 

 

 

 

 

              

  8-сурет. Тилласы бар түтіктер:           7-сурет.   Асқабақтың сабағының 

  А-тікесінен жасалган кесіндісі;            түтіктері (сосуды): А-сақиналы; Б-

  Б-көлденеңінен жа­салған                      спиральды; В-торлы; Г-саңылаулы

  кесіндісі.                                                  (поралы).

 

Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі жасушалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері брлады (електі пластинкалар).

Сүзгілі түтіктердің буындарының қабырғалары целлюлозадан тұрады, ядросы болмайды. Олардың қасында әдетте бір немесе бірнеше серіктік жасушалары болады. Олардың ядросы бар (49,А-сурет). Сүзгілі түтік және оған жақын орналасқан серіктік жасуша бір мериетемалық жасушадан пайда болады. Бұл жасуша ұзынынан бөлінеді, пайда болған екі жас жасушаның біреуінен електі түтіктің элементтері, ал екіншісінен серіктік жасуша жетіледі (49,Б-сурет). Кейбір өсімдіктердің, мысалы қылқан жапырақтылардың серіктік жасушалары болмайды. Сүзгілі түтіктері көп жағдайда бір жыл ғана өмір сүреді. Күзге қарай електі табақшалардың (пластинкалардың) тесіктерінің ерекше каллеза деген затпен бітеліп қалуына байланысты, ол арқылы органикалық заттар өту мүмкіндігінен айырылады.

Өткізгіш ұлпалардың құрылысына қарап, өсімдіктердің эволюциялық деңгейін анықтауға болады. Трахеидтер түтіктерге қарағанда біршама қарапайым құрылым. Түтіктердің ішіндегі ең қарапайымдысы болып, мүшелерінің ұштары қиғаш және бірнеше тесіктері болып келетіндері. Бір үлкен тесігінің болуы прогрессивтік белгі. Сүзгілі түтіктердің тақталары қиғаш орналасса, оларда көптеген електі аудандар (аймақтар) болса, оңда мұндай сүзгілі түтіктерді қарапайым деп атайды. Ал егерде сүзгілі тақталары горизонталь орна­ласса және сүзгілі аудандарының саны аз болса, онда мұндай сүзгілі түтіктерді прогрессивті деп атайды.

ӨТКІЗГІШ   ШОҚТАРЫ

Түтіктер, трахеидтер және сүзгіді (електі) түтіктер өсімдіктің денесінде әдетте белгілі бір жүйеде, ерекше комплексті топтарға - өткізгіш шоқтарына жиналады. Шоқтардың төрт түрі болады: жай шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтікті-талшықты шоқтар.

Жай шоқтар өздерінің құрылысы жағынан ең қарапайымдысы. Олар біртектес гистологиялық элементтерден, не тек трахеидтерден, немесе тек електі түтіктерден тұрады.

Жалпы шоқтар түтіктерден, трахеидтерден және сүзгілі түтіктерден тұрады.

Күрделі шоқтарда өткізгіш ұлпалардан басқа, паренхималық ұлпалар да болады.Түтікті-талшықты шоқтар арқаулық ұлпалармен қоршалған күрделі өткізгіш щоқтың элементтерінен тұрады. Бұл шоқтар ерекше мықты болады.

Шоқты екі бөлікке: ксилемаға және флоэмаға бөледі.

Ксилема (сүрек) түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан (барлық уақытта емес), сүректік талшықтан (либриформ) тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.

Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден, серіктік жасушалардан, тін паренхималарынан және (барлық уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық зат­тар тасымалданады.

Егерде флоэма мен ксилеманың арасында камбий болса, онда мұндай шоқты ашық деп атайды. Камбийдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде шоқ келешігінде өсіп ұлғаяды. Ашық шоқтар қос жарнақтылар класы мен жалаңаш тұқымдаларға тән. Жабық шоқтарда флоэма мен ксилеманың арасында камбий болмайды, сондықтанда бұлар ұлғаймайды. Жабық шоқтар дара жарнақты өсімдіктерде және ерекше жағдайларда камбий тіршілігін ерте тоқтататын кейбір қос жарнақты өсімдіктерде (мысалы, сарғалдақта) болады. Шоқтар флоэма мен ксилеманың әртүрлі орналасуына қарай классификацияланады (50-сурет). Сонымен, түтікті-талшықты шоқтардың мынадай төрт түрі бар: коллатеральды, биколлатеральды, шеңберлі және сәулелі (радиальды) шоқтар.

Коллатеральды шоқта флоэма мен ксилема өзара бүйірімен түйісе     орналасады. Бұл жерде флоэма органның өзегінен алыстай (абаксиальды), ал ксилема керісінше өзекке қарай бағыттала (адаксиальды) орналасады (51, А-сурет).

Биколлатеральды (қос бұйірлі) шоқта флоэма ксилеманың екі жағынан бірдей оған түйісе орналасады және флоэманың сыртқы бөлігі (участогі) ішкісіне қарағанда көптеу болады, бұл асқабақ тұқымдастарына тән (51, Б-сурет).

Шеңберлі шоқтың екі түрі болады: ксилема флоэманы   қоршап   тұрады,   бұл   негізінен  дара  жарнақты өсімдіктерге тән (52, А-сурет); флоэма ксилеманы қоршап тұрады, бұл папоротниктерге тән (52, Б-сурет).

Сәулелі (радиальды) шоқта ксилема органның ортасында орналасады да, шетіне қарай шашыраңқы таралған өсінділер береді. Осы өсінділердің арасында, олармен алма кезек флоэманың бөліктері (участкілері) орналасады. Бұл тек тамырдың  алғашқы құрылысында болатын жағдай (63-сурет). Шашыраңқы орналасқан өсінділерінің санына қарай сәулелі шоқтарды диархты (2-өсіндісі бар), триархты (3-өсіндісі бар), тетрархты (4-өсіндісі бар) және полиархты (4-тен көп өсіндісі бар) деп бөледі.

                         

 

9-сурет. Асқабақтың сабағының көлденең кесіндісіндегі өткізгіш шоқтың бір бөлігі (А) және қамбийдің жасушаларынан електі түтіктің мүшелерінің дифференциациялануы (Б): 1-електі түтіктің мүшесі; 2-електі табақша; 3-серіктік жасуша; 4-қамбий; 5-торлы-саңылаулы түтік.

 

 

10-сурет. Өткізгіш шоқтары (көлде-нең кесінділерінің сызба-нұсқасы): А-коллатеральды; Б-биколлатеральды; В,Г-шеңберлі (В-ксилемасы сыртынан қоршап тұрады, Г-флоэмасы сырты­нан коршап тұрады); Д-сәулелі шоқ;

1-флоэма; 2-ксилема.

 

 

11-сурет. Сосуд-талшық шоқтарының көлденең кесіндісі: А-жүгерінің сабағының жабық коллатералъды шоғы; Б-асқабактың саба-гының ашық биколлатеральді шогы (сол жакупа- детальды салынган сурет, оң жақта- сызба-нүсқасы: І-қабықшасы жұқа болып келетін сабақтың негізгі поренхимасы; 2-склеренхима; 3-серіктік жасуша; 4-електі түтік; 5-сүректік паренхима; 6-торлы түтіктер; 7-сақиналы-спираІІды түтік; 8-сақиналы түтік; 9-куыс; 10-сыртқы флоэма; П-қамбий; 12-соңғы ксиле­ма; 13-алгашкы ксилема; 14-ішкі флоэма.

 

 

                        

12-сурет. Шеңберлі өткізгіш шоқтар:

А-ксилемасы сыртқы шеңберді түзетін меруерттүлдің (ландыш) тамырса-бағы; Б-флоэмасы сыртқы шеңберді түзетін еркек папоротниктің тамыр-сабағы: 1-флоэма; 2-ксилема; 3-сабақтың негізгі паренхимасы.

БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПАЛАР

Барлық тірі ағзалар тәрізді өсімдіктерде де зат алмасу процессі жүріп жатады. Соның нәтижесінде әр түрлі қосылыстар түзіледі, ыдырайды, қабылданады және бөлініп шығарылып отырады.

Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы мүшелері бол­майды, бірақта экскректорлық заттар организмнен қалайда сыртқа шығарылып отырады, немесе белгілі бір орындарда (қуыстарда) жиналады.  Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалардың екі тобы болады: ішкі және сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Олардың, біріншісіне, сүт жолдары, жекелеген бөліп шығарушы жасушалар (идиобластар), схизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ішкі бөліп шығаратын заттардың өнімдері илік заттар, смолалар, эфир майлары және басқалар. Екіншісіне, мүшелердің үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік бездері жатады; сыртқы бөліп шығарушы заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар жатады.

Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.

Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда бо­лады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады (55-сурет). Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты безді түктер деп жіктеледі.

Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат – некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай – флоральді және экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән.

Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.

Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуаттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуаттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.

Ас қорыту бездері. Ас қорыту бездеріне бунақденелілермен қоректенетін (шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар болады.

Ішке бөліп шығарушы ұлпалар.

Сүт жолдары. Бұл цитоплазмасында коптеген ядролары болатын және сүтті шырыңдарға толы вакуольдері бар тірі жасушалар. Олардың қабықшалары целлюлозадан тұрады. Сүт жолдарының екі түрі бар: мүшеленген және мүшеленбеген. Мүшеленген сүт жолдары түтіктер секілді тік орналасқан жасушалардың қатарының, көлденең қабықшаларының жыртылуынының нөтижесінде пайда болады (53,А-сурет), мүшеленбеген сүт жолдары ұрықтың арнаулы жасушаларының өсіп ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Бұл аса үлкен цилиндр тәрізді, немесе тарамдалған жасушалар (53,Б-сурет). Сүт жолдары не тек флоэмада орналасады, не болмаса өсімдіктің бүткіл денесіне өтеді (сабаққа, тамырға, жапыраққа).

Олар бөліп шығару қызметін атқаруымен қатар, өткізгіштік және қор жинау қызметін де атқарады. Өткізгіштік қызметі, сүт жолдары органикалық заттардың синтезделетін жерін, олардың қолданылатын жерімен жалғастырған кездерде іске асырылады, мысалы жапырақтарда. Сүт жолдарының бөліп шығарушылық

   

 

13-сурет. Тікесінен жасалған кесіндідегі сүттіген түтікшелері (млечники): А-шоңайнаның (лопух) тамырындағы мүшеленіп біріккен анастомозды сүттіген түтікшелері; Б-сүттігеннің (молочай) сабағындағы мүшеленбеген сүттіген түтікшелері.

және қор жинау қызметін жасуша шырынының құрамы бойынша анықтап білуге болады. Әртүрлі өсімдіктерде жасуша шырынының құрамы әрқилы болады. Экскреторлық заттардан оның құрамыңда көп жағдайда қаучук, танидтер, алкалоидтар, смолалар және басқалар болады; қорлық заттардан — крахмал, қант, белоктар, шыны майлары және басқалар. Кейде жасуша шырынында ферменттер болады. Жасуша шырынының түсі ақ, не­месе сарғыш-қызыл болып келеді. Сүт жолдары өсімдіктердің тек кейбір топтарына ғана, мысалы күрделі гүлділерге, көкнәр гүлділерге, сүттіген гүлділерге және басқаларға тән.

  

14-сурет. Бөліп шығарушы ұлпалар:

А-қарағайдың сүрегіндегі схизогендік

шайыр жолдары; Б-мандариннің

жемісқабындағы эфир майлары

жиналатын лизогендік куыс: 1-

эпителиальдық жасушалар; 2-жасуша

аралық куыс; 3-трахеидтер; 4-бұзылган

жасушалар; 5-куыс.

                

 

Бөліп шығарушы жасушалар. Басқа ұлпалардың жасушаларының арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты олардың протопластары өледі, ал жасушаның қабықшасына оның ішкі жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды, айналасыңдағы жасушалардан, бөліп тұрады. Бөліп шығарушы жасушалар шайдың, лаврдың, жапырақтарында, баданның тамырсабақтарында және басқаларда болады.

Схизогендік және лизогендік куыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды үзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет. Олардың формалары домалақ немесе қанал тәрізді болып келеді және мөлшері де әрқилы.

Схизогендік куыстар, жасушалардың ығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі. Қуысқа жақын орналасқан тірі жасушалар эпителиальды жасушалар болып саналады және олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады (54,А-сурет). Схизогендік қуыстар өсімдіктердің әртүрлі топтарында болады, бірақ олар әсіресе жалаңаштұқымды-ларға тән. Соңғыларының смола жолдарында бальзам (смоланың эфир майларындағы ерітіндісі) жиналады.        

Лизогендік куыстар экскреторлық заттарға толы жасушалардың тобының еріп кетуіне байланысты пайда болады (54,Б-сурет). Олар цитрус  тұқымдастарына тән.

 

15-сурет. Қазтамақтың (ге­рань) жапырағының эпидермисіндегі безді түктер:

 А- эфир майының тамшылары пайда болганға дейін; Б-эфир майының тамшылары кутикуланы көтеріп тұр; В-кутикула жарылып, одан май тамшылары ағып кетті:

1-тірсегі; 2-басы; 3-кутикула; 4-эфир майы.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен

     морфологиясы.  Алматы, «Санат» 1998.

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004.

3. Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-01-27 20:22:41     Қаралды-60943

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛУМБ АМЕРИКАНЫ ҚАШАН АШТЫ?

...

Американың ашылған ресми күні 1492 жылдың 12 қазаны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »