UF

СВАЗИЛЕНД (Эсватини), Свазиленд Корольдығы (Kingdom of Swaziland) - Африканың оңтүстігіндегі мемлекет. ОАР-мен және Мозамбикпен шектеседі. Жері 17,4 мың км2. Халқы 1,1 млн (2020). Астанасы - Мбабане қ. Әкімшілік жағынан 4 ауданға бөлінеді.

Табиғаты. Жері негізінен үстіртті. Рельеф сипатына қарай Биік Велд (1000-1500 м), Орта Велд (400-800 м) және Төмен Велд (150-300 м) болып үшке бөлінеді. Пайдалы қазындылары - асбест, темір рудасы, тас көмір. Климаты субтропиктік және тропиктік. Орташа айлық температурасы 12-15°С-тан 20-24°-қа дейін. Жылдық жауын-шашыны 500-700 мм (шығысында), 1200-1400 мм (батысында). Өзендерінің су деңгейі тұрақсыз келеді; ірілері - Усуту, Комати, Блэк-Умбелузи, Уайт-Умбелузи. Қараған, баобаб аралас саванна өседі. Піл, арыстан, қорқау қасқыр, жираф, мүйіз тұмсық т. б. саванналық жануарлар дүниесінің түрлері мекендейді.

Халқының 98%-і - банту тілінде сөйлейтін сваздар (80%-тен астам) және зулулар. Бұлардан басқа бірнеше мың европалықтар мен африканерлер тұрады. Ресми тілі - сваз және ағылшын тілдері. Көпшілік тұрғындары жергілікті дәстүрлі дін ағымын ұстайды; христиандар да бар. Халқы жылына 2,9% өсіп отырады. Әр 1000 адамға шаққанда жыл сайын 52,3 сәби дүниеге келеді және 23,5 адам өледі. Халық әсіресе Орта Велд өңірінде тығыз қоныстанған. Еңбекшілердің көпшілігі шаруалар; жұмысшы класы қалыптасуда. Африкалықтардың көпшілігі европалықтар шаруашылықтарына және ОАР-ға жалданып, өте қиын жағдайда еңбек етуде. Ресми календары - григориандық. Ірі қалалары - Мбабане, Хэвлок, Манзини, Стеги.

Тарихи анықтама. 19 ғасырдың басында Свазиленд территориясын свази тайпалары мекендеді; оларды басқа тайпалар Оңтүстіктен осында ығыстырған еді. 1830 жылдардың аяғында свази көсемі Мсвати свази кландарының бірлестігін құрды; бірлестік территориясы қазіргі Свазилендтің жер көлемінен үш еседей дерлік үлкен болды. 1840 жылдардың басында Свазиленд европалық отаршылдардың шапқыншылығына ұшырады. 1899-1902 жылдардағы ағылшын - бур соғысынан кейін Свазиленд Ұлыбританияның иелігіне айналды да, 1903 жылы Ұлыбританияның протектораты болып жарияланды. Свази территориясының дені Оңтүстік Африка Одағының жеріне қосылды; протектораттың өзінде келімсек ақ адамдар барлық жердің 50%-тен астамын басып алды.

Свазиленд халқы отаршылдарға қарсы күресті толастатқан жоқ. 1920 жылдардың аяғы - 1930 жылдардың басында африкалықтардың жағдайын жақсартуды көздеген тұңғыш ұйымдар пайда болды; оларды жергілікті интеллигенция өкілдері басқарды. 1929 жылы Прогресшіл ассоциация құрылды. 1960 жылы Свазиленд прогресшіл партиясы (СПП), 1961 жылы Нгван ұлттық азат ету конгресі (НҰАЕК), 1964 жылы Имбокодво ұлттық қозғалыс партиясы (ИҰҚП) құрылды. ИҰҚП 1967 жылы Заң шығару жиналысының сайлауында жеңіске жетті. 1967 жылы қабылданған жаңа конституция Свазилендті монархия деп жариялады; Свазилендтің жоғары көсемі Собхуза II король болды. 1968 жылы 6 қыркүйекте Свазилендтің тәуелсіздігі (британ Ынтымағы шеңберінде) жарияланды. 1968 жылы 24 қыркүйекте Свазиленд БҰҰ-ға қабылданды. 1973 жылы сәуірде Собхуза II конституңияның күшін жойды, парламентті таратты, саяси партияларға тыйым салды. Бүкіл өкімет билігін өз қолына жинақтаған Совхуза II елді министрлер кабинетімен бірге басқарады. 1968 жылдан министрлер кабинетін принц Макошини Дламини басқарады. Свазиленд сыртқы саясатта Оңтүстік Африка Республикасымен, Ұлыбританиямен экономикалық және саяси қарым-қатынасты сақтау бағытын ұстайды.

Экономикасы. Свазиленд - экономикасы нашар дамыған ел. Экономика негізі - ауыл шаруашылық және тау-кен өндірісі. Тұрғындарының басты кәсібі - егіншілік. 1972 жылы жиналған ауыл шаруашылық өнімдері (мың га): жүгері 120, күріш 8, қант құрағы 1800, цитрус жемістері 69. Мал шаруашылығы қосалқы роль атқарады. 1972-1973 жылдар мал басы (мың): мүйізді ірі қара 600, ешкі 260, қой 40. Тәуелсіздік алғанға (1968) дейін Свазилендте асбест руднигінен және шағын өңдеу кәсіпорындарынан басқа өнеркәсіп орындары болмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тау-кен өндірісі шұғыл дамуда. Хэвлока атырабында асбест (1972 жылы 34 мың т өнім өндірілді), Бомву-Ридж қаласының маңында темір рудасы (1973 жылы өнімі 2,9 млн. тга), Стеги бассейнінде тас көмір (143 мың т, 1972) кендері игерілуде. Ағаш өңдеу, қант құрағы (179 мың т қант, 1974), консервілеу зауыдтары іске қосылды. 1972 жылы елде 107 млн. квт-сағ электр энергиясы алынды. Мозамбиктегі Лоренсу-Маркиш портымен елді жалғастыратын жалғыз темір жолдың ұзындығы 221 км. Автомобиль жолы 2700 км (1971).

1972 жылы экспорты 65,5 млн., импорты 53,3 млн. рэнд болды. Сыртқа асбест, темір рудасы, ағаш өнімдері, қант, мал шаруашылығының өнімдері шығарылады. Басқа елдерден мұнай өнімдерін, өнеркәсіп бұйымдарын сатып алады. Негізгі сыртқы сауда серіктестері - ОАР, Ұлыбритания, Жапония. Шетелдік туризм дамуда. Ақша өлшемі - лилангени.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-15 10:42:27     Қаралды-1892

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »