СИНГАПУР (Sіngароrе), Сингапур Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Сингапур аралында және Малакка түбегінің оңтүстік жағасындағы шағын аралдарда орналасқан. Жері 581 км2. Халқы 5,7 млн. (2019). Астанасы Сингапур қаласы. Британ Ынтымағының құрамында.
Сингапур (Sіngароrе) - Сингапур Республикасының астанасы, Оңтүстік- Шығыс Азияның сауда, өнеркәсіп орталықтарының бірі, аэропорт, порт (жүк айналымы жөнінен дүние жүзілік 4-орында). Малакка және Сингапур бұғаздарында орналасқан. 1299 жылы іргесі қаланған. 1960-1970 жылдар қала экономикасы едәуір өзгерді. Жаңа өнеркәсіп орындары салынып, ескі кәсіпорындары кеңейтілді. Сингапурда экспорт шикізаттарын (каучук, кокос жаңғағы т. б.) өңдеу, кеме жасау, жөндеу, мұнай айыру, металл өңдеу, химия, жеңіл және тамақ кәсіпорындары шоғырланған. Сингапур, Наньян университеттері, политехникалық институт, техникалық колледж, Ботаникалық бағы т. б. мәдени ағарту орындары бар.
Мемлекеттік құрылысы. Сингапур - республика. Қазіргі конституциясы (соңғы кездегі өзгерістерімен) 1965 жылы қабылданды. Мемлекеттік басшысы - президент, оны парламент 4 жылға бекітеді. Заң шығаратын өкімет органы - бірпалаталы парламент (құрамында 65 депутат), оны халық 5 жылға сайлайды. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Сингапурдың сот жүйесіне Жоғары сот, 7 округтық, 10 магистраттық және кәмелетке толмағандар ісін қарайтын сот жатады.
Табиғаты. Жері негізінен жазық, батпақты келеді. Шағын шығанақтармен, өзен сағаларымен қатты тілімделген. Көпшілік жері шөгінді жыныстардан, граниттен және тақта тастан түзілген. Елдің дені орналасқан Сингапур аралының жағалауы, әсіресе оңтүстік-батыс жағы маржанды рифтермен қоршалған. Орталық бөлігі көтеріңкі арқа ретінде қалыптасқан. Сингапурдың биік жерлері Тимах (ең биік жері, 176 м), Панджанг (133 м), Мандай (128 м) таулары осында. Климаты экваторлық. Жылына 2500 мм-дей жауын-шашын түседі. Жер беті ағын суына бай. Қысқа, бірақ суы мол аралдық өзендері көп, бұлардың ірілері: Каланг, Кранджи, Джуранг, Селетар. Басты өзендер бойында Селэтар, Пирс (Каланг өзенде), Мак-Ритчи бөгендері жасалған. Жері құнарлы аллювийлік топырақты. Жағалаулық бөлігінде мангра орманы еседі, қалған жерлері өңделген. Жануарлар дүниесі онша сақталмаған.
Сингапур аралы. Малакка бұғазындағы арал, Малакка түбегінің оңтүстігіне таяу орналасқан, Сингапур мемлекетіне қарайды. Жері 541 км2, биіктігі 176 м; жағалауы жазық, батпақты, шығанақты келеді. Аралдың солтүстік бөлігі материкпен дамба арқылы жалғастырылған. Климаты экваторлық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2500-3000 мм. Негізгі қаласы - Сингапур.
Сингапур бұразы. Малакка түбегі мен Сингапур аралының және Риау архипелагының аралығындағы бұғаз. Оңтүстік Қытай теңізін Малакка бұғазымен жалғастырады. Ұзындығы 110 км, ені 4,6-21 км. Ең терең жері 22 м. Сингапур буғазы – Оңтүстік Азияны Шығыс Азия, Америка және Австралия порттарымен, Шығыс Азияны Европа және Африка порттары мен байланыстыратын маңызды теңіз жолы. Сингапур аралында Сингапур қ. және порты орналасқан.
Халқы. Сингапур халқы көршілес мемлекеттерден барған адамдардан қалыптасқан. Тұрғындарының 76%-і қытайлар, 15%-і малайялықтар, қалғандары үнділер, бангладештіктер, европалықтар. Мемлекеттік тілі-малайя тілі. Ресми тілдері – ағылшын, қытай, тамил тілдері. Халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 3,7 мың адамнан келеді. Халқының 80%-ке жуығы Сингапур қаласында тұрады.
Тарихы. Сингапурдың ертедегі тарихы белгісіз. 14 ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдегі ява және қытай жылнамашылары бұларалды Тумасик (яваша «масек» - теңіздеген сөзден) деп атаған. Сингапур қаласының негізін малайялықтар салған деген болжам бар. 1377 жылы арал ява корольдығы Маджапахиттың қарамағында болды, ал 15 ғасырдың басында Тай мемлекетінің королы Сукотаи Сингапур, Малакка мен Малайя билеушісі лауазымына ие болғаны белгілі. 1819 жылы ол кезде сұлтан Джохордың қол астында болған арал ағылшынның Ост-Үнді компаниясына көшті. 1826 жылы Сингапур Пенанг және Малаккамен бірге Стрейтс-Сетлментс деп аталатын ағылшын отарына біріктірілді. 20 ғасырдың басынан Сингапур- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы антпимпериалистік күрестің ірі орталығы. 1942-1945 жылдар 2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) кезінде Сингапурды жапон әскерлері оккупациялады. Соғыстан кейін, Британ отарлық империясы күйреген жағдайда, Сингапурда антиимпериалистік қозғалыс күшейі. Саяси партиялар [Халық қимылы партиясы (ХҚП); 1954 жылы құрылған] ұйымдасты. Олар Сингапурдың статутын өзгертуді талап етті. Ағылшын-сингапур келіс сөзінен (1956-1958) кейін, Сингапур 1959 жылы Ұлыбритания басқарған Достық ынтымақ шеңберінде «өзін-өзі басқаратын мемлекет» статутын алды; аралда ағылшын соғыс-теңіз және соғыс-әуе базалары сақталып қалды. 1959 жылы ХҚП-нің басшысы Ли Куан Ю басқарған Сингапур үкіметі құрылды. 1963 жылы Сингапур Малайзия Федерациясына кірді. Сингапур үкіметі мен Малайзия федерациясына кірді. Сингапур үкіметі мен Малайзия федералдық үкіметінің арасындағы қарама-қайшылық салдарынан 1965 жылы 9 тамызда Сингапур Федерациядан шықты. 1965 жылы қыркүйекте Сингапур БҰҰ мүшелігіне қабылданды. 1955 жылы Сингапур республика болып жарияланды. 1972 жылғы сайлауда ХКП парламенттегі барлық орынға ие болды. Неғұрлым күшті оппозициялық Социалистік майдан партиясы (1961 жылы құрылған) солшыл қателіктер жіберуі салдарынан көптеген жақтаушыларынан айырылып, өзінің саяси ролін төмендетті. Жетекші кәсіподақ ұйымы –Кәсіподақтардың ұлттық конгресі (1961 жылы құрылған) ХҚП-нің бақылауында.
Шаруашылығы. Сингапур –дүние жүзіндегі ірі сауда және көрші елдер арасында жүк тасымалын іске асырушы орталықтардың бірі. Сингапур порты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі порттармен тығыз байланысқан. Бұл елдерден мұнда негізінен өндірістік шикізаттар (каучук, мұнай, қалайы концентраты, кофе, бұрыш т. б.) әкелінеді; алғашқы өңдеуден өтеді, сортталады және қапталады, одан кейін бұл өнімдер АҚШ-қа және Европа елдеріне жөнелтіледі. Керісінше АҚШ-тан, Европадан Азия елдері үшін өнеркәсіп өнімін, азық-түлік тасиды. Міне, осы сыртқы сауда операциялары үшін басқа елдер Сингапурға салық төлейді. Сингапурдың жалпы ұлттық табысының негізгі бөлігі осыдан қалыптасады. Ел экономикасында АҚШ (1970 жылы Сингапурдағы капитал мөлшері 203 млн. долларға жетті), Ұлыбритания, Жапония, ГФР капиталының ықпалы күшті. Ірі өнеркәсіп орталығы Сингапур қаласы Мұнда мұнай айыру (1974 жылы 36,9 млн. т мұнай өңделді), металлургия зауыдтары, кеме жасау верфі, кеме жөндеу докы, 3 цемент зауыды, полиграфиялық комбинат, мата тоқу және фармацевтика фабрикалары, ағашкесу зауыды, өсімдік майы, жеміс консервілеу, бұрыш өңдеу т. б. кәсіпорындар шоғырланған. Өңделетін жерінің аздығынан ауыл шаруашылық экономикасының қосалқы саласы саналады. Бақша және жеміс шаруашылықтары басымдамыған. Каучукты өсімдіктер, кокос пальмасы, темекі, бұрыш плантациялары бар. Шошқа және үй құсы өсіріледі. Балық ауланады (19 мың т, 1974). Туризм дамыған. Транспортының басты саласы - теңіз транспорты. 1974 жылғы теңіз флоты құрамында 500 сауда кемесі болды. Аса ірі теңіз қақпасы - Сингапур портының жүк айналымы 63 млн. т (1974). Басты сыртқы сауда серіктестері - Жапония, Малайзия, Индонезия. Өзі машина, азық-түлік, тұтыну товарларын, мұнай және мұнай өнімдерін сатып алады. Ақша өлшемі - сингапур доллары.
Денсаулық сақтау ісі. 1973 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 22, адамның өлімі 5,5, әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 20,4. Өлімнің негізгі себебі – инфекциялы және паразиттік патологиялық аурулар. Елде 1973 жылы 9,0 мың төсектік (1000 тұрғынға 4 төсек) 24 аурухана мекемелері (оның 7,4 мың төсектік 17 мекемесі үкімет қарамағында) болды. Ауруханадан тыс медициналық көмек поликлиника бөлімшелерінде көрсетіледі, бұдан басқа 31 диспансер, жылжымалы 5 отряд, 99 медициналық орталық болды. 1971 жылы 1,5 мың дәрігер (1,4 мың тұрғынға 1 дәрігер), оның ішінде 508 дәрігер үкіметтің емдеу мекемелерінде істеді, 406 тіс дәрігері (үкімет мекемелерінде 111 тіс дәрігері), 273 фармацевт (53 фармацевт үкімет мекемелерінде) және 8,3 мың орта дәрежелі білімді қызметкер болды. Дәрігерлер университеттің медициналық факультетінде даярланады. Денсаулық сақтау ісіне мемлекеттік бюджетінің 9%-і жұмсалды (1974-1975).
Оқу-ағартуісі. 6-14 жастағы балалардың оқуы міндетті. Бастауыш мектеп - 8 жылдық, ақысыз. Орта мектеп 6 жылдық, 2 басқышты: орталау мектеп (4 жыл), толық орта мектеп (2 жыл). 1973 жылыбастауышмектептерде 345,2 мың оқушы, орта мектептерде 173,1 мың оқушы оқыды. Кәсіптік дайындық 8 жылдық бастауыш мектеп базасында жүзеге асады. 1972 жылы 20,6 мың оқушы оқыды. Орталау мектептер базасында жұмыс істейтін кәсіптік-техникалық институттар бар. 1971 жылы 6 мыңнан астам студент оқыды. Жоғары оқу орындары: Сингапур университеті (1949 жылы құрылған), Наньян университеті (1953), Политехникалық институт (1954), Техникалық колледж, Сингапурда Ұлттық кітапхана (1884 жылы құрылған), Сингапур университеті кітапханасы, Наньян университеті кітапханасы (1953); Ұлттық музей бар (1848).
Әдеб.: Руднев В. С. Очерки новейшей истории Малайи 1918-1957. М., 1959; Труфанов И. П. Сингапур. М., 1967; Чуфрин Г. И. Сингапур, М., 1970.
Жарияланған-2020-10-09 17:21:36 Қаралды-6708
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану