UF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

 

Халықаралық құқық қоғамына даму барысында пайда болды. Тарихи деректерге қарағанда, алғашқы қауымдар мен тайпалар өздерінің ең бастапқы даму кезеңдерінде-ақ әрқайсысы жеке өмір сүрмей, жазылмаған рулық заңдармен қарым-қатынас жасаған.

Халықаралық құқық ұғымының алғашқы мағынасы халықтар арасындағы құқық дегенді білдірген. Халықаралық құқықтың бірінші нормалары мемлекеттер қалыптасқанға дейін алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда бола бастаған.

Археологиялық қазбалар көрсеткендей, тайпалардың одақтық байланысы сыртқы жаулардан қорғануды ғана білдірген жоқ, сонымен қатар тағы да басқа көптеген қарым-қатынас нормаларын қамтыды. Ал бұлар өз ретінде уақыт өткен сайын құқықтық дәстүр түрінде көрінуіне әкелді.

Халықаралық құқық - адамзат қоғамы дамуының нәтижесі.

Халықаралық құқықтың даму заңдылықтары халықаралық қатынастардың заңдылықтарына сәйкес болады. Халықаралық қатынастардың әсерінен халықаралық құқық қалыптасып қана қоймайды, керісінше ол халықаралық қатынасқа белсенді ықпал етеді.

Халықаралық құқықтың реттеушілік қызметі мемлекеттердің бұзуға болмайтын ережелерді қабылдауынан көрінеді. Бұл ережелерсіз мемлекеттердің бірлесіп өмір сүруі және қатынасуы мүмкін емес.

Мемлекеттер жүріп-түрудың белгілі бір ережелерін қолданады. Осы ережелерден халықаралық құқықтың қамтамасыз ету қызметі көрінеді.

Халықаралық құқық мемлекеттердің заңды құқығы мен мүддесін қорғайды. Бұл - халықаралық құқықтың қорғаушылық қызметін қалыптастырады.

Халықаралық қатынастарда мемлекеттерге үстемдік ететін күштеу құралдары халықаралық құқық нормаларында болмайды. Бұл - халықаралық құқықтың ерекшелігі. Бірақ қажет болған жағдайда халықаралық құқықтық тәртіпті қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттер өздері ұжымдық түрде келісіп, күштеу құралдарын қолдануы мүмкін.

Сыртқы саясат мемлекеттің халықаралық істерінің жалпы бағытын айқыңдайды. Дипломатия - сыртқы саясатты іске асырудың ең маңызды құралы. Дипломатиялық қызмет пен сыртқы саясат халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттердің жүргізіп отырған сыртқы саясатының әсері халықаралық құқықтан байқалады. Дипломатия - халықаралық құқықтың нормаларын жасаудың маңызды құралдарының бірі. Халықаралық қатынастар жүйесі халықаралық құқық пен дипломатияның және сыртқы саясаттың диалектикалық бірлігі мен өзара іс-әрекетінен тұрады. Бірақ сыртқы саясат пен дипломатия халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптеріне қайшы келмейді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-11-01 17:35:54     Қаралды-3227

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНАН ЖАСАЛҒАН КӘЗИНЕК

...

Шыныдай жылтыр қатты, қант-сірне шырынында қайнатылған грек жаңғағынан түратын тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

...

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

Шикі жұмыртқаның сары уызы, қант, ұнтақталған жаңғақ дәні және бал қосылып үгіледі. Осы қоспа ерітілген сарымайға салынып көпіргенше араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ТӘБЕТТІ ҚОЗДЫРАДЫ

...

Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОДАҢ ОЙЛАСЫ

...

Шайқалған кәмпит массасынан тұратын тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?

...

Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »