ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ
Категориясы: Тарих
Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған. Мөңке өлген соң ұлы таққа Құбылай мен Арықбұға таласады. 1260 жылы Құбылай әскербасылары мен ақсүйектерді жинап, өзін қаған деп жариялайды. Осы кезде Қарақорымда құрылтай өтіп, Арықбұғаны ұлы хан жариялайды. Ол 1267 жылы ұлы империяның астанасы Қарақорым қаласын інісі Арықбұғаға қалдырып, Құбылай астанасын Ханбалыққа (қазіргі Пекин) көшіреді. 1271 жылдан бастап өзі құрған мемлекетті Юань патшалығы деп атайды. Оның аумағы Тынық мұхиттан Ауғанстан шекарасына дейін созылып жатты.
Құбылай Жапонияны жаулап алуға да бірнеше рет талпыныс жасады. Ол осы мақсатпен Корея мен бұрынғы Сун империясының әскери-теңіз флотын қайта қалпына келтіреді. Бірақ 1274 жылғы және 1281 жылғы Жапонияға шабуыл еш нәтиже бермеді. Соңғы шабуыл кезінде Құбылайдың әскери-теңіз флоты күшті теңіз дауылына тап болады. Сол кезден бастап жапондар өздерін құтқарған дауылды «камикадзе» (құдай желі) деп атайтын болған.
Юань патшалығында мәдениет, өнер, білім жақсы дамыған. Алғашқы ақшалар да осы мемлекетте жасалған.
Юань патшалығының соңғы ханы Тоған Темір 1368 жылы өлтіріліп, билік басына Қытайдың Мин әулеті келеді.
Жарияланған-2015-11-12 17:01:28 Қаралды-6536
КАРЛҰҚТАР

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.