UF

ГЕОХИМИЯЛЫҚ ІЗДЕУЛЕР - пайдалы қазбаларды іздеу тәсілдері; бұл тәсілдер Жердің литосфера, гидросфера, биосфера, атмосфера қабаттарында химиялық элементтердің таралу заңдылықтарын зерттеуге негізделген. Соңғы 20-30 жылда қалыптасқан бұл тәсілдер кен іздеуде қолданғалы көп болған жоқ, бірақ Жер бетінде немесе оған таяу жататын «ашық» кендердің мүлде азаюы себепті таяу болашақта ол жетекші орын алады.

Кен түзілген кезде, сондай-ақ экзогендік процестер салдарынан одан кейін де оның төңірегінде руданы құрайтын негізгі және қосалқы элементтердің шашыранды ореолы пайда болады. Бұл элементтердің ореолдағы мөлшері олардың белгілі бір ауданға тән орташа мәнінен - жергілікті геохимиялық фонынан (Сф) біршама жоғары болса, мұны геохимиялық аномалия (Со) деп атайды (Аномалиялар). Химиялық элементтердің жергілікті фоны оның Жер қыртысындағы орташа шамасына (кларкіне) жуық не артық болуы мүмкін. Ал элементтердің аномалиядағы мөлшері мұның кларкінен әрқашан да артық болады. Жергілікті геохимиялық фонынан шашыранды ореолды, ал ореолдан аномалияның ең төменгі мәнін ажыратуда химиялық элементтердің табиғатта қалыпты немесе логарифмді қалыпты түрде таралу заңдылығы ескеріледі. Кен төңірегінде қалыптасатын ореолдар, әдетте руда денесінің аумағынан әлдеңайда үлкен келеді және олар химиялық элементтердің күрделі қозғалысы - миграциясы нәтижесінде көбінесе жер бетіне шығып жатады, немесе оған таяу бүркеуші жыныстар ішінде орналасады. Геологиялық ізденістер тәсілдері осындай шашыранды ореолдарды, олардың ішінде өндірістік мәні бар кен орындарымен байланысты болуы ықтимал геохимиялық аномалияларды табуға, зерттеуге және оларды бағалауға қолданылады. Ореолдар мен аномалиялар өздері түзілген, орналасқан ортаға қарай литохимиялық (тау жыныстарында), гидрохимиялық (суда), биохимиялық (өсімдіктерде), атмохимиялық (атмосфералық ауада) болып 4 типке бөлінеді, ал Геологиялық ізденістер тәсілдері соларға сәйкес келеді. Кен іздейтін ауданда зерттелетін объектіден (тау жынысы, өсімдік жамылғысы, ауа, су) белгілі бір тор бойынша жаппай сынамалар (пробалар) алынады да, руданы құрайтын негізгі элементтер мен олардың серіктерінің мөлшері анықталады. Ореолда іздейтін химиялық элементтердің мөлшері өте аз (кларкке жуық) болғандықтан, оларды анықтау (анализ) тәсілдері тым аз шаманы көрсете алатын және өте тез анықтай алатын әрі арзанға түсетін болуы қажет. Бұл мақсатта жаппай қолданылатын тәсіл - спектрлік анализ; ол кейбір элементтердің мөлшерін ұшу аппараты мен автомобильде орнатылған приборлар арқылы анықтай алады (мыс., радиоактивті элементтер, бериллий т. б.). Геологиялық ізденістер тәсілдері негізінен әр түрлі аномалия түзетін руда кен орындарын, радиоактивті элементтерді және мұнай мен газды іздеуге қолданылады. Геологиялық ізденістер тәсілдерінің ішіндегі бастылары мыналар: 1) литохимиялық тәсіл - түбір және борпылдақ жыныстардан жаппай сынама алу, оларды анализдеу арқылы іздейтін элементтердің мөлшерін анықтау; ореол мен аномалияны табу, шегін белгілеу, оларға геологиялық сипаттама беру, кеннің мөлшерін болжау. Бұл тәсілдің көмегімен көптеген түсті, сирек және асыл металдардың кен орындары, олардың ішінде едәуір тереңде жатқан кендер де ашылады.

Гидрохимиялық тәсіл - жер асты суларынан, бастаулардан, өзендерден, тұнбалардан алынған судың құрамында еріген минерал заттарды, иондарды, газдарды, рН т. б. анықтау арқылы гидрохимиялық аномалия табу; оған геологиялық түсініктеме беріп, оның кен орнымен байланысын анықтау. 3) Биохимиялық тәсіл - іріктеп алынған өсімдіктерді сипаттап жазып, кейін оларды өртегенде қалған күлді анализдеу жолымен литохимиялық тәсілде айтылған мақсаттарды орындау. 4) Атмохимиялық тәсіл - атмосфераның төменгі қабаты мен топырақ ауасының құрамындағы кейбір газдарды (Не, Rа, СО2, сынап буы т. б.) зерттеу және олардың мөлшерін анықтау арқылы металл кен орындарын іздеу. Мұнымен бірге топырақ ауасындағы көмірсутекті және т. б. газдарды (СН4, С2Н6, С4Н8, Н2S, СО2, SO2) жер бетіндегі битумды, микроорганизмдерді, су құрамын т. б. зерттей отырып, мұнай мен табиғи газ, тас көмір кен орындары ізделеді. Бұл дербес тәсіл ретінде дамып келеді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған көптеген сандық деректерді қорытуда, талдауда математикалық статистика, ықтималдық теориясы, электрондық есептеуіш машиналар қолданылады. Ореолдар мен аномалиялардың жаралу тегі жөнінде орнықты пікір айту үшін химиялық элементтердің табиғатта, әсіресе жер бетінде шоғырлану, шашырау заңдылықтарына сүйену, ал оларға практикалық баға беру үшін жеңіл-желпі қазу және бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек. Геологиялық ізденістер тәсілдері СССР-де жасалды. Бұл тәсілдерді негіздеу жолында көп еңбек еткен ғалымдар: В. И. Вернадский, А.Е. Ферсман, А. П. Виноградов, А.А. Сауков, А.П.Соловьев, Н.И.Сафронов, В.А.Соколов т. б. Қазақстанда Геологиялық ізденістер кең көлемде жүргізілді, 1970 жылы бүкіл елдегі геохимиялық зерттеулердің 40%-і Қазақстанның үлесіне тиді. Ақтөбе облысындағы «Юбилейное», «40 лет Казахстана», Оңтүстік Қазақстандағы «Тасқора», «Шалқия», «Архарлы» және Сарыарқадағы көптеген кен орындары Геологиялық ізденістер тәсілдерімен ашылған.

Әдеб.: Сауков А. А. Геохимические методы поисков месторождений полезных ископаемых. -М., 1963; Сафронов Н. И. Основы геохимических методов поисков рудных месторождений. -Л., 1967; Инструкция по геохимическим методам поисков рудных месторождений. М., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-04 15:59:41     Қаралды-1076

ЖАГАЛТАЙ

...

Жағалтай көгершіннен сәл-ақ үлкен. Дене тұрқы - 35 см, салмағы 170-350 г. Жағалтай аталу себебі - сырт түсі қара жағал болып келеді. Жағалтайдың ту сырты қара қоңыр, бауыры ашықтау, сары жолақ тартып, сағал-сағал болып тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БРУНСЛИ ПЕЧЕНЬЕ

...

Тазаланған бадам шоколадқа қосылып, әбден ұсақталғанша үккішпен үгіледі. Жұмыртқаның ақ уызына қант қосылып, жақсылап шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМЕТА

...

КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Жүзім мен курага мол салынған жұмсақ кәмпит сияқты тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!

...

Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

...

Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »