UF

ШЕТЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Раушан гүлділердің алма тұқымдас тармағына жататын өсімдік. Жемісі адам организмі үшін өте пайдалы. Оны «витаминдер шығатын бұлақ» десек қателеспейміз. Шетен жемісінде А және Сі витамині, каротин, адам организміне жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фруктоза), алма, лимон және янтарь қышқылдары, илік заттар болады.

Шетен жемісінде витаминдер ұзақ сақталады. Бізді қоршап тұрған табиғатта жабайы өсетін шетен өсімдігін жеңіл табуға болады. Олай болса, күзде шетен жемісін жинап алып, сақтап қойып, қыста және көктемде қолдануға болады. Сонымен қатар шетеннің қабығында 14% бағалы илік заты болады. Гүлінде нәр, тозаң көп, сондықтан бал арасын өсіру шаруашылығында өте қоректі өсімдік. Тұқымында 22% май болады.

Шетен жемісінің шырынын алу. Шетен жемісінен шырын көп шығады, салмағының 75-78 проценті шырын. Шырын алу үшін жемістерді тазалап алып суық сумен жуып, тор үстіне төгіп, суы сорғып болған соң, ағаш немесе эмальды ыдысқа салып, ағаш қасықпен езеді, немесе еттартқышпен тартады, сонан кейін оны таза мықты матадан тіккен дорбаға салып, преспен бастырады. Дорбада қалған бөлігін ыдысқа салып алып, аздап су құйып араластырады да (1 кг жеміске 1 стакан су қосылады), бір сағат бойы қозғамай қояды. Сонан кейін оны тағы дорбаға салып, преспен бастырады.

Бірінші және екінші рет алынған шырынды араластырады. Алынған шырынды бірнеше рет мата арқылы сүзіп, шөлмектерге құйып, аздап қант салып, (1 кг шырынға 400 г қант керек), аузын тығындап, сыртын шпагатпен байлап стерилизациялайды (0,5 л шөлмекті 8-9 минут, литрлікті 10-12 минут қайнатады). Стерилизациялап болғаннан кейін шпагатты алып тастап, аузын тығындап, оның үстіне смола немесе балауыз ертіп кұяды.

Шетен жемісін кептіру. Жемісті тазалап, қоспаларын алып тастайды. С витамині, каротин жемісінің бойында сақталуы үшін, оны 3-5 минут қайнап тұрған суға салып алады. Сонан соң суын ағызып, сорықтырып алып, 55-60° температуралы пеште кептіреді. Қепкен жемістерді дорбаға немесе жәшікке салып сақтайды. Одан кисель, компот, үн жасауға болады. Шетен ұнынан құймақ сияқты, т. б. тағамдар әзірленеді.

  Жарияланған-2016-04-07 17:22:12     Қаралды-5444

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН СТРУДЕЛЬ

...

Ішіне жүзім салынған тоқаш қамырынан жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ ЕЛДЕР

...

Осы мақалада әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер көрсетілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХТА ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Міне, мынау - шахта. Оның көтергішінің төбесінде жұлдызшасы бар мұнарасы мен мұндалап алыстан көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!

...

Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »