UF

ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН СТРУДЕЛЬ

Категориясы: Тағам


Ішіне жүзім салынған тоқаш қамырынан жасалатын тағам осылай аталады.

Жүзім пайдаланылар алдында жақсылап іріктеледі, бөгде қоспалары алынып тасталады. Салқын сумен жуылып, елекке салып кептіріледі. Ірі цехтарда жүзім арнайы жүзім жуатын машиналарға салынып жуылады. Қамыр химиялық қопсытқыштар қосып дайындалады.

Рецепті бойынша тиісті шикізаттардың ұннан басқасы мұқият араластырылады. Ол сонда біртекті масса болып шығуы тиіс. Содан кейін оған ұн қосып тағы да мұқият араластырылады. Илеп болған қамырдың ылғалдылығы 17-20 процент, температурасы 16-18 градус болуға тиіс.

Сонымен қатар ішіне салатын шикізаттар да дайындалады. Бұл үшін қантқа дәм қабық салып, жүзім қосып, мұқият араластырылады. Дайын қамыр 1,5 килограмнан бөлінеді. Сөйтіп оны 8-10 миллиметр калыңдықта ұзындығы 530-550 миллиметрге, ені 340-360 миллиметрге жеткізіліп жайылады. Жайылған қамырдың бетіне повидло жағып, 500 г жүзім салынады да, рулет сияқты етіп оралады.

Рулеттер түбі домалақ, ұзындығы 590, ені 100, биіктігі 70 миллиметр металл формаларға салынады да пеш температурасы 180-200 градусқа жеткізіліп, 90-105 минут бойы пісіріледі.

Салқындатылған тағам формалардан алынып, астына төселген қағазынан тазаланып, қақ жарылып кесіледі де кондитер астаушаларына салынады. Ол астаушалардың түбіне де алдын ала қағаз төселіп қойылады. Тағамның үстіне қант ұлпасы себіліп тасталады.

Бір килограмм струдель жасау үшін 360,7 грамм жоғары сортты ұн, 115,4 грамм сарымай, 0,6 грамм аммоний, 0,5 грамм сода, 39,7 грамм жұмыртқа, 36,1 грамм қаймақ, 14,4 грамм құрғақ сүт, илеуге керекті 162,3 грамм құм шекер, ішіне салатын 18,0 грамм құм шекер, ішіне салатын 43,3 грамм повидло, ішіне салатын 1,8 грамм дәм қабық, ішіне салатын 270,6 грамм жүзім және сыртына себетін 7,2 грамм қант ұлпасы жұмсалады.

Струдельдің формасы сопақша, ішіне жүзім салынған рулет сияқты болады. Үстіне қант ұлпасы себіледі, түсі ашық қоңырдан коңырға дейін ауытқиды. Дәмі сол тағамның өзіне ғана тән болып, бөгде дәмі мен иісі болмауы керек. Сондай-ақ тіске тиетін минералдық қоспалары да болмайды.

Ылғалдылығы – 17-20 процент.

  Жарияланған-2016-03-02 11:01:11     Қаралды-1272

Мәлімет сізге көмек берді ма

14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

...

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚУЫРДАҚТЫҢ ТҮРЛІ ТАҒАМДАРЫ

...

Қуырдақ - көбінесе ірі қараның ұсақтап туралған сан, қол етінен, қойдың мойын етінен, түйенің сан етінен, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан қуырылады. Оның басқа тағамнан ерекшелігі - тез әзірленетіндігі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОРТПА

...

Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГУШИ ФИЛЬ (ТӘЖІКТЕР ӘДІСІМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚҰЛАҚШАЛАР)

...

Ұнға жұмыртқа, май, сут, қант қосылып, ашытылмастан қамыр иленеді. Ол «демін алдыру үшін» 30-40 минут қойып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »