UF

ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!

Категориясы: Табиғат


Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! Ұшып келіп жер иемдендім. Осы жерден шыбын-шіркей аулап, балапан өсіремін. Бұл жерге ешкім аяғын аттап баспасын! Баса қалса, сазайын тартады!» - деп жар салады.

Құстар өз әнімен иелігіндегі жердің көзге көріне бермейтін, бірақ естіліп тұратын шекарасын белгілейді. Егер жақын жерден өз туыстасының әні естіле қалса, жер иесі қауырсындарын тікірейтіп, тұра ұмтылады. Сөйтіп, қуып шығады. Ал басқа құстарға тіпті екі адым жақын келіп, қоныстанып жатса да, жақ ашпайды. Өйткені басқа құстардың жейтін жемі де, ұя салатын материалдары да бөлекше ғой. Ендеше, ондай құстармен жанжалдасып қайтсін?

Құстардың әні басқа да міндеттер атқарады. Құстың қоразы үй салуға қолайлы орын тапқаннан кейін балапан басып шығаратын мекиен іздеп: «Мен мұндамын. Ұя салатын тамаша орын таптым. Жем дегенің көлкөсір. Тез мұнда жет. Бірігіп ұя салайық, балапан өсірейік», - дегендей сызылта әнге басады.

Мекиен болса, бір әннен соң бір әнге құлақ түре береді. Бір кезде ішіндегі ең әдемі ән естілген жаққа қарай ұша жөнеледі.

Әрбір құстың өз әні болады. Ал қарғалар көктемде қатты қарқылдамайды. Үндері жұмсарып, дауыстарын бірін-бірі еркелеткісі келгендей нәзік шығаруға тырысады. Бірақ онысы бола бермейді.

Ал тоқылдақ сайрай алмайды. Тұмсығымен жиі-жиі кепкен ағашты соққылай береді.

Тауқұдыреттердің тұмсығы қаншама үлкен болғанымен, дауыстары әлсіз келеді. Сайрай да алмайды. Бар болғаны «чеке-чеке-чеке», - дей береді. Сол да ән болып па? Бірақ тауқұдырет даусым жаман екен деп қиналмайды, ән салуға құйрығын пайдаланады. Орман көгіне ұшып шығып, қанатын жиып, құйрығын жайып жіберіп, төмен қарай зуылдайды. Қарсы алдынан аңқылдап соққан жел құйрық қауырсындарының арасынан өтіп, қозының маңырағанындай дыбыс шығарады. Кейде жұрттың тауқұдыретті орман қозысы деп атайтыны да сондықтан.

Дегелектер де сайрауға жоқ. Есесіне тұмсықтарын сақылдатады. Басқа ешқандай құс өйте алмайды!

Ал құрлар, орман қораздары өз көркін, ерлігін мақтан еткендей мекиен құрлардың алдында ысылдайды. Ысылы ішіне ауа толтырылған допқа ине сұғып алғандай соншама қатты естіледі. Ысылдап-ысылдап алады да секіріп билей бастайды. Билеп жүріп: «Ур-гур-гур» деген дыбыс шығарады. Құрдың осындай әнін естігенде, бір жерде қазан қайнап жатыр ма деп те қаласың. Құрлардың бұл әні - қарсыластарын шайқасқа шақырғаны.

Көктем аяқталғанда құстар жұптасып үлгереді де, әндері жайына қалады. Ұяларында шырылдап шақалақтары жатқанда ән салуға мұршалары келе ме? Жем тауып, балапандарын асыраулары керек. Оның үстіне ән салып тұрса, ұяларының қай жерде екенін жыртқыштар біліп қояды ғой. Рас, құстардың үні жаздыгүні саябырламайды. Бірақ көктемдегідей сызылта ән салмай, жай ғана шырылдап шықылықтайды. Бұл - олардың бір-бірімен әдеттегі тілдескені.

  Жарияланған-2016-09-16 17:07:11     Қаралды-9854

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖӘҢГІР ХАН

...

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ЖАҢҒАҚТАР

...

Балды жақсылап ерітіп, қантпен, ұнмен, содамен, маймен және ұнтақталған жаңғақтармен араластырып, қатты қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙМАҚ НЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚОСЫП, ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН ІНЖІР

...

Інжір мұқият жуылып тазаланады, азғантай су құйылып, лимон қышқылы қосылады. Содан соң қайнағанша қыздырылады да 20 минут ұсталады. Қаймақ пен қант ұлпасы араластырылып шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЕНЕҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »