UF

ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.

Өрік шырынын алу әдісі. Толық піскен, зақымдалмаған, соғылмаған және құрт түспеген өрік жемістері таңдап алынады. Жеміс сагағын алып тастап, ағып тұрған су астына қойып жақсылап жуылады. Суы толық ағып болған соң, ішіндегі сүйегін алып тастайды. Сонан кейін кастрюльге 2 кг өрікке бір стакан су құйып 10 минут қайнатады. Піскен өрікті металл тор үстіне салып езеді. Бұл езілген өрік үстіне қант салынып сироп жасалады (1 литр сиропқа 250 грамм қант салынады). Алынған қосындыны 10 минут қайнатады. Ол осы күйінде ыссы су буына ұстап жылытып алынған шыны банкаларға мойнына 1-см жеткізбей құйылады. Банкаларды ішінде ыссылығы 70° суы бар кастрюльге қойып (банканы 0,5 литр болса 15 минут, литрлікті 20 минут қайнатып) стерилизациялайды. Одан кейін банкалардың аузын жылдам жауып, суыту керек.

Өрік шырынын стерилизацияламай-ақ жасауға болады. Ол үшін қайнатылған шырынды жылытылған банкаларға құйып, аузын тез жақсылап, жауып, одеялға 10 минут орап қойылады. Одан кейін банкаларды салқындатады.

Өріктен компот жасау. Өрікті жақсылап жуып, кесіп, сүйегінен, қабығынан тазалайды. Сонан кейін оны қайнаған ыссы суға салып, жұмсағанша қояды. Жұмсағаннан кейін өрікті сүзіп алып, банкаларға салып үстіне ыссы сиропты құяды. Бұрын әзірлеп қойған қақпақтармен банка аузын бастырып, ішінде ыссы суы бар кастрюльге салып (егер банкалар 0,5 литрлік болса 10-15 минут, литрлікті 15-20 минут қайнатып) 80°-90° температурада пастеризациялайды. Сироп жасау үшін 1 кг тазаланған ерікке 1 кг қант салып 1 стакан су құяды.

Өрікті кептіру әдісі. Өрік жемісі екі түрлі етіп кептіріледі:  1. Тұтас (сүйекшесімен) кептіру. 2. Курага егіп (сүйегін алып тастап, екіге бөліп) кептіру немесе қайса түрінде (сүйегін алып тастап, бүтін өрікті) кептіру. Кептірілген өрік бағалы тағам болып есептеледі. Өрік кептірілмес бұрын жуылады, сүйегін алып тастайды.

Сұйық етіп еріткен лимон немесе шарап қышқылының ерітіндісіне 10 мин салып қойылады (мұндай қышқылдар ерітіндісін әзірлеу үшін 1 стакан суға, 2 шай қасық кристалл түріндегі қышқыл ерітіледі). Ерітіндіден өрікті алып, електің үстіне бір қабат етіп орналастырып, шаң түспейтін жерге күннің көзіне қойып кептіреді. Кеш түскенде құрғақ бөлмеге кіргізіп қояды. Осы әдісті қолданғанда 4 күнде кеуіп болады. Өрік жақсы кепкеннен кейін 3-4 електегі кураганы бір елекке салып, көлеңкеге қойып әбден құрғатады.

Кептірілген жеміста тамаққа қолданар алдында суық суға жақсылап жуады. Ыссы суға жууға болмайды, себебі ыссы суда қош иісі, бірқатар органикалық заттары еріп кетеді. Кепкен өріктен компот әзірлеу үшін 40 грамм кепкен өрікке 20 грамм қант салынады. Кепкен өрікті ұзақ сақтау үшін, оны шыны немесе металл банкаларға салып, аузын жақсылап жауып, температурасы қалыпты бөлмеге қою керек. Өрікті бұлай сақтау оны пайдалануға және қолдануға өте қолайлы.

  Жарияланған-2016-04-07 20:20:55     Қаралды-7233

Мәлімет сізге көмек берді ма

НЕГІЗГІ УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ҚАЛАЙ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?

...

Улағыш заттар - адамдарды, малдарды, өсімдіктерді және сыртқы ортаны зақымдауға арналған улы химиялық қосылыстар. Зақымдаушы әсерінің сипатына қарай улағыш заттар мынадай топтарға бөлінеді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ

...

Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды ке

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР

...

Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның ше

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

...

Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

...

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »