UF

ШАХТА ІШІНДЕ НЕ БАР?

Категориясы: Өнертабысты


Міне, мынау - шахта. Оның көтергішінің төбесінде жұлдызшасы бар мұнарасы мен мұндалап алыстан көрінеді. Әдетте шахтаның жанында таудай-таудай төбешіктер болады. Бұрын мұнда болмаған адам әлгі төбешіктерді «көмір тау» деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ ол таудың құрамында бір кесек те көмір жоқ, түп-түгел бос жыныс - тас пен топырақ. Ал көміріңіз, әне, анау поезд жүк тиетуге жақындаған шанақ-нән жәшіктің ішінде. Шанаққа көмір шахтадан келеді.

Жұлдызшалы мұнараның дәл астында кең де шыңырау кұдық бар. Құдық бойымен жоғары-төмен лифт түсіп шығады.

Міне, біз де үстімізге - жұмыс киімін, басымызға - мандайында шамы бар дулыға киіп, жұмысшылармен бірге лифтінің кең корабына кірдік. Лифт төмен қарай зулай жөнелген кезде үніміз шықпай қалды.

Межелі жерге жеткен соң, жер астындағы кең көшенің бойымен алға жүресін. Бұл көше штрек деп аталады. Мұнда самалдай жап-жарық: жан-жағымыздың бәрінде күндізгідей жарык беретін шамдар жанып тұр.

Әрі кәдімгі көше сияқты у-шуы да көп екен: соңына шұбатып вагоншалар тіркеген жер асты трамвайлары қоңыраулатып («жолдан былай тұр!») дегендей-ақ) әрлі-берлі зырлап жүр. «Кең көмір көшеден» жан-жаққа тарам-тарам «қуыс көшелер» кетіп жатыр. Бұлар лавалар. Лавалардың іші де жарық, бірақ мұнда трамвайлар жүрмейді. Олардың орнына көмірді өздігінен жүретін жолдар тасиды.

Лавамен жүріп келе жатсаң, бір мезгілде тығырыққа тірелесің, қарсы алдыңды кес-кестеп сіресіп жатқан көмір қабаттары. Міне, осы жерде кеншілер еңбек етіп, жаңағы қап-қара көмір қабаттарын шабады. Әрине, қазір қолмен емес, комбайнмен шабады. Комбайн жұмыс істеп тұрғанда, оның болат тістері шақұр-шұқыр етіп, көмір қабаттарын қарш-карш асайды.

Көмір комбайнында бірнеше адам катарынан еңбек етеді. Бір машина өткір тістерімен көмір қабаттарын кеміріп жатса екіншісі - кесек көмірлерді ұнтақтайды, үшіншісі - сол көмірді транспортер деп аталатын жылжымалы жолға тиеп жатады.

Комбайн забой бойымен баяу ғана ілгері жылжи береді. Ал көмірдің қара көпір тасқыны жылжымалы жолмен кейін қарай ағындап, лавадан ұзап, жер асты көшелерімен трамвай аялдамасына жетеді. Бұл жерде де көмір тасқыны тоқтамастан бірден трамвайға ырғып мініп, вагоншамен лифтіге жеткізіледі. Одан әрі талай заман бойы жер астының қараңғы қапасында жатқан көмір, енді күн көзі жарқырап тұрған жер бетіне шығады.

Біздің кейбір шахталарымыз аумаған жер асты заводы сияқты. Оны диспетчер деп атайтын бір ғана адам бақылап-басқарып отырады. Ол жер бетіндегі кен бөлмеде отырып-ақ жер астында, шахтада не болып жатқанын жазбай біледі. Сол біліп отырған орнында барлық жұмысты алыстан басқара алады.

Диспетчердің алдында әр түрлі хабардан белгі беретік шырақ-шамдар лыпылдап тұр. Цифрлы көрсеткіштердің бетінде стрелкалар ойнақшып, телевизор экраны жұз құбылады. Осының бәрін диспетчер бір қарағаннан түсініп, тереңдегі шахтада не болып жатқанын біліп отырады.

Бір тетікті басса болды комбайн шақұр-шұқыр етіп көмір қабатын кеміре бастайды. Келесі кнопканы басса - жылжымалы жүк жолы заулай жөнеледі немесе тоқтай калады...

Яғни кеншілер көмірге саусағын да тигізбейді, барлық істі адамның басқаруымен машина атқарады.

  Жарияланған-2016-09-09 20:04:28     Қаралды-6381

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮГЕРІ КЕКСІ

...

Жүгері және бидай ұнына сода қосылып елекпен еленеді. Жұмыртқа, қант, тұэ, ванильді қант және айран (простокваша) араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША 4 ТҮРЛІ САЛАТТАР

...

Жыл мезгілдері аталымы бойынша 4 түрлі салаттар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ ТЕРІСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Биологтар мен дәрігерлер адам терісін бұрыннан зерттеген және оның бізден ешқандай құпиясы қалмаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

...

Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МОЗАИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРДІҢ БІРІ

...

Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »