UF

ТЕРІ МЕН БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛГЕН КИІМДЕР КҮТІМІ

Категориясы: Сән


 

Қандай киім болса да оның ажары таймай, қалы бұзылмай сақталуы киюшісіне байланысты. Дұрыс күтіп кие білген адамның киімі тозғанша өңін бермейді. Әсіресе, тері мен былғарыдан тігілген киімдерге ерекше күтім керек. Даладан келгеннен кейін бөрікті, тонды үстіңнен шешіп алып, оның шаң-тозаңын, қарын немесе жаңбырдың суын кетіру үшін және созылып, олпы-солпы болып кетпей, өзінің қалпын сақтап, біркелкі кебуі үшін оны киім ілгішке кигізіп, ыстық пештен аулағырақ жерге іліп қойған дұрыс. Егер кепкеннен кейін оның кейбір жерлерінің түгі ұйпаланып қалса, оны арнаулы темір тарақпен немесе әшейін селдір тісті тарақпен тарап жіберу керек.

Тоныңыздың сәл жыртылған яки сөгілген жері болса, оны ұлғайтпай, теріс жағынан түгін ішіне қайырып отырып, жөрмеп тіге қойыңыз. Егер жыртықтың көлемі үлкен болса, онда тері тігетін шеберханаға апарып, тіктіріп алыңыз.

Тері мен былғарыдан тігілген киімдердің бәрін де анда-санда далаға жайып қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан арылтып тұру қажет. Кішігірім бұйымдарға (бөрік, жаға т. с. с.) тиген майлы дақтарды кетіру үшін оны бензинге шыланған шүберекпен түгінің ыңғайына қарай ысқылап сүртіңіз. Түгі кепкеннен кейін селдір тарақпен тарап жібересіз. Жүннің майдан және терден пайда болған дақтарын кетіру үшін мүсәтір спирті мен ас тұзының қоспасын (0,5 литр суға бір шай қасық мүсәтір спиртін, 3 шай қасық ас тұзын қосып аласыз) немесе денатураттанған спирт пен мүсәтір спиртінің қоспасын (теңбе-тең мөлшерде алынады) пайдаланған да жақсы. Осы көрсетілген қоспалардың біреуіне шүберекті батырып аласың да, сонымен жүннің дақ түскен жерін сүртесіз.

Бұдан соң оны кептіріп, селдір тарақпен тарап қоясыз.

Ірі бұйымдарды, мәселен, тонды тазалаудан бұрын оның астарын сөгіп алу керек. Бұдан соң оны аздап қыздырылған ағаштың үгіндісімен немесе бидай ұнының кебегімен сүртіп тазалайсыз. Тек қылқанды ағаштың үгіндісі болмасын, өйткені, олардың құрамында смолалы заттар болады. Ағаш үгіндісіне алдымен бензин құйып, сәл дымқылдап аласыз. Енді осы ағаш үгіндісінен 1-2 уыс алып, жүннің үстіне себелейсіз де, қолыңызбен ысқылайсыз. Бұдан кейін тонның басқа жеріне қарай жылжып, оны да осылай тазартасыз. Сөйтіп, тоныңыздың сыртын түгелдей тазартып шығасыз. Өте асқынып кірлеген жерлерін 2-3 қайтара сүртіп тазалайсыз. Бұдан кейін тоныңызды еппен сілкесіз де, шыбықпен соғып-соғып, түгін тазалайсыз.

Түгі ақ бұйымдарды картоптың ұнымен сүртіп тазалайсыз да, одан кейін қағып-сілкіп, түгін тартып қоясыз.

  Жарияланған-2024-03-15 15:48:14     Қаралды-174

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚЫТАЙДЫҢ ШАЙ ЖАСАУ ТӘСІЛІ

...

Қытайда шай өсірілген бірнеше ғасырдың ішінде құрғақ шайды қарапайым қайнатудан бастап, шай экстрактысын ілезде ыстық суда ерітуге дейін шай демдеудің талай әдістері сынақтан өткізілді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ

...

Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАЛҚАННАН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының, әсіресе, қарт адамдардың сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - тарының талқаны. Талқан қуырып ақтаған тарының сөгінен немесе оның айырып алған жармағынан диірменге тартып жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОЛБАР ДЕГЕН НЕ?

...

Суретші кейін өз шығармасына керсі белгілі бір детальді, не көріністі тап онша тәптіштеп жатпай-ақ, тек сырт долбарын асығыс суретке түсіреді. Міне, мынау П. А. Федотовтың «Майордың үйленуі» деген картинасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »