UF

БЕТ КҮТІМГЕ ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР

Категориясы: Сән


Беттің табиғи ажарының таймауын, оған мезгілсіз әжім түспеуін әркім де жақсы көреді. Бет ажарын тайдырмау үшін алдымен дұрыс тамақтана білу керек. Мәселен, аса семіз ет, арақ-шарап сияқтылармен әуестенбей, нәрлі тағамдарды көбірек пайдаланған жөн. Сондай-ақ, асқазанның дұрыс қызмет істеуіне де көңіл бөлу қажет.

Бетті күте білу оның өңін аздырмауға, ажарын тайдырмауға себепкер болады. Организмнің жалпы жағдайына, жыл маусымына, ауаның әсеріне, сондай-ақ, тұрмыс пен еңбек ету жағдайына байланысты бет терісінің атқаратын қызметг де әр түрлі болады. Соған байланысты, беттің күтімі де түрліше болмақ.

Мәселен, шаң-тозаңды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар жұмыстан кейін бетін губкамен немесе жұмсақ шүберекпен ысқылап тұрып, сабындап жуып, одан кейін сұйық кремдердің біреуін жағып қойған жөн.

Ал ашық далада жұмыс істеп, үнемі жел мен күннің әсеріне ұшырап жүретін адамдарға жиегі жалпақ шляпа киіп немесе басына ақ орамал тартып, бетін сонымен көлегейлеп жауып жүрген дұрыс. Көзге күн сәулесі мен шаңнан қорғайтын шынысы қоңыр көзілдірік киген жақсы. Жұмысқа барар алдында, бетке крем жағып алу керек.

Егер бетіңіздің терісі құрғақ болса, ащы сумен және суық сумен жуынбаңыз, сабынды да көп пайдаланбаңыз, өйткені, суық су мен сабынның әсерінен бетіңіздің терісі кеңіп жарылып кетеді. Терісі құрғақ бетті бөлме температурасындағы қайнаған сумен ғана сабынсыз жуған дұрыс. Және кешке жатарда жуынып, таңертең тек көзді ғана жуса болады. Сонда түнімен терідегі май бездерінен бөлініп шыққан заттар беттің өңіне жиналады да, оның сыртқы әсерлерге төзімділігін арттырады.

Егер беттің өңі жуғанды көтермейтін болса, оны түрлі кремдермен, олар жоқ болса, өсімдік майымен күніне екі рет сүртіп, тазартқан дұрыс. Алдымен бетіңізге крем немесе өсімдік майын жағасыз да, содан кейін оны құрғақ мақтамен яки таза дәкемен сүртесіз. Түнде бетке крем жағып жатқан дұрыс. Бетіңіз жарылып, түлейтін болса, аптасына 2-3 рет жұмыртқа сарысы мен балдың қоспасынан маска жасау керек және әр күні кешке майлы кремді шылқыта жағып жатқан дұрыс. Маска жасау үшін бір жұмыртқаның сарысына бір шай қасық бал қосып, мұқият араластырасыз да, соны бетіңізге жағып, 10-15 минут отырасыз. Одан кейін бетіңізді жылы сумен жуып, аздап опа жағып қоясыз. Сондай-ак, теңбе-тең мөлшерде алынған бал, жұмыртқаның сарысы және қаймақтан маска жасаған да жақсы. Мұндай масканы бетке 15-20 минут жағып отырасыз да, одан кейін жылы сумен жуып, опа жағасыз.

Жоғарыда айтылғандай, беттің табиғи ажарын тайдырмау үшін дұрыс тамақтана білудің маңызы зор. Ішер астың құрамында май, углеводтар мен витаминдер, әсіресе А витамині (бұл витамин балық майында, сүтте, жұмыртқада, сәбіздің шырынында т. б. болады) жеткілікті мөлшерде болуы керек. Сондай-ақ, көкөніс пен жемістерді де көп жеген жақсы. Терісі құрғақ бетті желге, суыққа тигізбеген дұрыс. Ал ыстық күндері далада көбірек жүрген пайдалы.

Егер бетіңіздің терісі майлы болса, оның майын азайту үшін бетті сабындап ыстық сумеш жуған жақсы. Сабын беттің майын ерітіп, одан ыдырап бөлінген заттарды кетіреді де, терінің көзін ашады. Ал ыстық су беттің өңіне қан келуін күшейтеді, соның арқасында бет жақсы тазарып, майдан арылады. Алайда, бет өңінің ыстық су мен сабынға төзімсіз болатынын да естен шығармау керек. Сондықтан бет жууға сілтісі жоқ жұмсақ сабынды пайдаланған дұрыс. Мысалы, бала сабынымен, вазелинді және борнотимолды сабындармен жуған жақсы.

Егер бетіңізде безеу болса, оған ешқандай майлы крем жағуға болмайды. Безеу шыққан бетті сабындап, губкамен ысқылап тұрып әбден көпіртіп алып, әуелі ыстық сумен, одан кейін суық сумен жуу керек. Бетті жууға балалар сабынын, борнотимолды және карболды сабындарды пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ безеулі бетті күніне 1-2 рет ас содасының немесе бураның ерітіндісімен (жарты стакан суға бір шай қасық) сүртіп қойған жақсы.

Беттің безеуін кетіру үшін оны жаңа піскен қиярдың шырынымен немесе тұнбасымен сүрту керек. Тұнба жасау үшін алдымен жаңа піскен қиярдың үстіне арақ құйып қоясыз. Бір-екі күн тұрғаннан кейін қиярды алып турайсыз да сол арақтың ішіне қайтадан салып қоясыз. Жеті күннен кейін арақтың ішіндегі қиярды сүзіп алып тастайсыз да, сұйығын (арақтағы қиярдың тұнбасын) бетіңізді сүртуге пайдаланасыз. Сондай-ақ, айына бір-екі рет бетті булау керек. Бетті булау үшін қайнап тұрған суды тегешке немесе кастрюльге құясыз да басыңызды сүлгімен бүркеп алып, бетіңізді судың буына ұстап 10-15 минуттей отырасыз. Бұдан соң бетті сүртіп, безеулерді ептеп сүлгімен басып отырып сығу керек. Бұл сияқты сырттан қолданылатын шараларды қолданумен қатар дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдау қажет. Беттің өңін аздырмай, дұрыс күте білсеңіз, оған мезгілсіз әжім де түспейді.

  Жарияланған-2024-03-15 15:38:57     Қаралды-248

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

...

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАПШАҒАЙ БӨГЕНІ

...

Іле өзені бойында, Алматы облысы жерінде Қапшағай су электр стансасын салуға байланысты Қапшағай бөгені жасалынған. Қапшағай атауы көне түркі тілінде «тар шатқал, қысыңқы жер» деген мағынаны береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

...

«Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАМИМ ИБН БАХР

...

IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс және Орталық Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі Тараз қаласы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

...

Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫСТЫҢ ЕҢ СУЫҚ АЙЛАРЫ

...

Қаңтар мен ақпан - қыстың ең суық ай лары. Шаруақор қазақ кейде бұл екі айға жан бітіріп, тіл беріп сөйлетіп қоятыны бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »