UF

АПТАДАҒЫ КҮНДЕРДІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСҚАН АТАУЛАРЫ

Категориясы: Тарих


Қазіргі күн аттары төмендегі ретімен қолданылады; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын елдерінде аптаның басы сенбі, ақыры жұма болып, ал Европа мен Америка елдерінде, Австралияда аптаның басы жексенбі, ақыры сенбі болып есептеледі. Аптаның әрбір күні мыс., сейсенбі, күнтізбелік ай ішінде ең көп болғанда 5 рет қайталануы мүмкін, көбінесе 4 рет қайталанып отырады.

Апта есебі мен ондағы күндер жүйесі бұдан 4000-5000 жыл бұрын Ежелгі Вавилонда шыққан, содан біртіндеп басқа елдерге жайылған. Вавилон абыздары аспан құбылыстарын, жұлдыздардың әр кезде көрінетін орындарын, планеталардың қозғалыстарын бақылап, өз заманына сәйкес астрономиялық зерттеулер жүргізген. Вавилон тілінде аспан «шәмму», Күн «Шамаш», Ай «Син» деп аталған. Вавилондықтарға қарусыз көзбен көрінетін 5 үлкен планета - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн (вавилонша, сәйкес ретімен; Биббу, Дильбату, Залбатану, Мулу-Баббару және Кайману) мәлім болған. Олар Күн мен Айды да планеталар деп есептеген. Жерді планеталар санатына коспаған. Сөйтіп, 7 планета болады деп ойлаған. Мұнымен қатар вавилон абыздары 7 күнде ай орағы жарты дөңгелекке айналып, келесі 7 күнде толып, бүтін дөңгелек болатынын аңғарған. Осыған орай 7 санын аспанға байланысты қасиетті киелі оан деп топшылаған. Абыздар адам мен малдың басындағы «терезелерді» (2 көз, 2 құлақ, 2 танау, ауыз) 7 санының қасиетті екендігінің дәлелі деп түсіндірғен.

Вавилондықтар планеталардың Әлем кеңістігіндегі табиғи денелер екендігін түсінбеген, оларды құдайлар деп долбарлап, пір түтқан. Күнге, Айға, планеталарға сыйынып жалбарынған. Жердегі дүниенің тағдырын көктегі 7 «құдай» шешеді деп сенген. Шамаш сол «құдайлардың» ең мықтысы болып есептелген. Абыздардың ойынша апта күндерін планета-құдайлар кезектесіп билеп отырады-мыс, сондықтан әрбір күн бір «құдайға» тәуелдендірілген. Атап айтқанда, 1-күн - Шамаш күні, 2-күн - Син күні, 3-күн - Залбатану күні, 4-күн - Биббу күні, 5-күн - Мулу-Баббару күні, 6-күн - Дильбату күні, 7-күн - Кайману күні болған. Вавилонша аптаның басы - жексенбі, Шамаш күні, өйткені Шамаш - құдайлардың ең үлкені. Сондықтан апта күндерін Шамаш күні бастап жүреді.

Апта күндерінің вавилонша атаулары аударылып, көптеген халықтардың тілдеріне енген, олардан Күннің, Айдың планеталардың аттарын аңғаруға болады. Мыс., латынша: золис, лунай, мартис, меркури, иовис, венерис, сатурни.

Қазақ, қырғыз, ұйғыр, түрікмен, қарақалпақ, азербайжан, татар, башқұрт, ноғай, түрік тілдеріндегі күн аттары негізінен алғанда бірдей, олардың бір- бірінен азын-аулақ фонетикалық және емлелік қана айырмашылықтары бар. Түркия түріктері жексенбіні «қазар күні» («базар болатын күн»), дүйсенбіні «пазар ертесі» дейді, башқұрттар бейсенбіні «кесазна» дейді. Басқа атауларда принципті алшақтық кездеспейді. Түркі тілдес халықтардағы күн аттары парсы, тәжік тілдерінен енген, олар аздап өзгеріске ұшыраған.

Күн аттары араб тілінде: яуім әс-сәбіт (сснбі), яуім әл-ахад (жексенбі), яуім әл-пенәйін, яуім әс-саласа, яуім әл-арбаһа, яуім әл-хамис, яуім әл-джұмға деп аталады. «Яуім» - «күн» деген сөз. Түркі халықтары бұл атауларды пайдаланбаған. Соған қарағанда күндердің сенбі, жексенбі т.б. атаулары Орта Азия мен Қазақстанда ислам діні кең жайылып үлгірмеген кезде, шамасы 11-12 ғасырларда қолданыла бастаған болуы керек. Ежелгі Үндістанда, Қытайда, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде апта есебі болмаған. Ежелгі Мысырда (Египет) да апта есебі болмаған, онда айдың 30 күнінің 30 түрлі аты болған.

Қазіргі халықтардың көпшілігі апта күндерінің ертеде қалыптасқан атауларын тұрмыста қолданып келеді.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1978. Бас редактор М.Қ.Қаратаев. -6 т.

  Жарияланған-2019-09-02 16:22:32     Қаралды-4439

Мәлімет сізге көмек берді ма

Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді

...

Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТАНА

...

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС ШЫРЫМДАРЫНАН ЖАСАЛАТЫН ҚАЙНАТПАЛАР (варенье)

...

Қайнап жатқан суға қант салынады. Ол еріп кеткеннен кейін бөктірілген желатин қосылып, қайнағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

...

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ҚАНТ

...

Тазартылған тұтас бадамнан тұратын, сырты балқыған қантпен қапталған тағам. Беті бұжыр, түсі қоңыр болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭРЕБУНИ

...

Бұл - ішіне дәм қабық пен ванилин салынып қабатталған қамырдан жасалатын шығыстың жаңадан шығарылған тәтті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »