ЕЖЕЛГІ ОТЫРАР
Категориясы: Тарих
Есте жоқ ерте заманнан бастап, Сыр бойында қыстап, көктем шыға малын Сарыарқаға, Оңтүстік Сібірге қарай, кузге таман - қайтадан Сырға қарай айдап-бағып күнелтуді дәстүрге айналдырған дала тайпалары өзара тікелей қарым-қатынаста болып келгендіктен, бірте-бірте тұтас халықтың нышандарын орнықтыра түскен. Бұл үрдіске көшпелі Ұлы дала мен отырықшы Мауреннаһрдың шегіне орналасқан Ежелгі Отырар мен оның ықпалында болған отырықшы-егінші қоныстар да үлесін қосқан. Олай дейтініміз, мұнда сол кезден-ақ көшпелілердің де, отырықшы елдің де қатысуымен өзіндік ерекшеліктері бар соны мәдениет қалыптаса бастаған. Ежелгі Отырар арқылы көшпелі қазақтың арғы атасы отырықшылық әлемімен танысқан, сауда-саттыққа үйреніп, халықаралық қатынастар шеңберіне іліккен.
Әрине, ежелгі Отырар тұрғындары мен қазақ халқының арасындағы тектестік, уақыт, заман, ұрпақтар сабақтастығы әлі де тереңдете зерттей түсуді қажет ететін өзекті мәселе. Егер бұған ерекше мән беріп, куш салсақ, көне Қазақстан тарихының әлі де болса жөнді айқындала қоймаған тұстарын ашуға мүмкіндік аламыз.
Жарияланған-2015-12-03 17:21:28 Қаралды-4545
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?
Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.
АТЫ КӨСЕМ АТЫМЕН АТАЛҒАН АҒАШ
Қылқан жапырақтылардың ішінде бұл ағаштың қалың өскен орманы 1769 ж. Тынық мұхит жағалауынан табылған секвоя ағашы. Сүрегі қызыл болғандықтан екінші аты - қызыл ағаш, бұл атау осы күнге дейін аталып келеді. «Секвоя» деп Солтүстік Америкадағы үнді тайпалар
СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.
«АВЕСТА» КІТАБЫНДА КӨШПЕНДІЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Түркі этнонимі сөз болғанда, біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдықта жазылды делінетін зороастризімнің қасиетті «Авеста» кітабында шығысқа қарай қанатты атпен көшетін елдің «тур» деп аталуы
АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК
Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ
Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.