КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЭСКИЗ
Категориясы: Өнер
А.Иванов (1806-1858 жж.). "Христың халыққа көрінуі"
Біз бұрын суретші болашақ шығармасына керек кейбір нәрселердің тездетіп сырт нобайын түсіріп алатынын білетінбіз. Ондай суреттер әлгіндей нәрсені көріп тұрып, көз бе көз салынатын. Ал эскиз де болашақ суреттің түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, ол әлгіндей емес, мейлінше тыңғылықты еңбектің жемісі. Онда суретші өзі ойға алған шығарманың не тұтас композициясын, не белгілі бір бөлшегі мен басты кейіпкерлерін екжей-текжейлеп көрсетуге тырысады.
Эскиздің қарындашпен де, майлы бояумен салынуы да мүмкін.
Сендер төменде тамаша орыс суретшісі А. Ивановтың жиырма жыл еңбек етіп салған әйгілі «Христостың халыққа келуі» атты шығармасын көріп отырсыңдар. Бұл шығармасын түпкілікті бітірмес бұрын суретші әуелі майлы бояумен бес рет эскиз жасаған. Олар бір-біріне ұқсамайды. Өйткені суретші өз ойын мейлінше дәл, мейлінше әсерлі жеткізетін композиция табылғанша, әлгі эскиздердің ешқайсысын да місе тұтпаған.
А. Ивановтың әр эскизі өз алдына бір дербес шығармадай әсер қалдырады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 14:04:44 Қаралды-4437
АҒАШ ШАҢҒЫНЫ АЛҒАШҚЫ КИГЕНДЕР СКИФТЕР
Аяққа киетін шаңғыны алғашқы кезенде халық ағаш ұлтан деп атапты.
ШАХТА ІШІНДЕ НЕ БАР?
Міне, мынау - шахта. Оның көтергішінің төбесінде жұлдызшасы бар мұнарасы мен мұндалап алыстан көрінеді.
ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК
850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.