КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС
Категориясы: Өнер
Микеланджело Буонароти. 1475-1564 жж. Сикстин капелласы. Деталь
Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз. Тіпті сырт тұлғасының өзі шөгіп, қысқарып кетеді. Міне, бейнелемекші тұлғамызды осындай өз-өзінен кішірейтіп көрсететін өзгерістерді ракурс дейміз. Ол француздың «raccourcir» - «қысқарту» деген сөзінен шыққан.
Суретшілер мен мүсіншілер шұғыл қимылды бейнелегісі келсе, не кішкентай көлемге үлкен тұлғаны сигызғысы келсе, ракурсты пайдаланады. Ракурс бейнеленген тұлғаның қимылын, қайрат-жігерін, тегеурінін одан сайын күшейтіп, сурет пен мүсінді тіпті әсерлі ете түседі.
Сол сияқты адамның ойда жоқ шұғыл, қызық бұрылыстары мен оқыс қозғалыстарын да ракурс дейміз.
Жарияланған-2016-11-17 11:44:13 Қаралды-4962
ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі.
БҰРЫШ ЖАЛБЫЗ - БРОНХ ҚАБЫНҒАНДА ЕМ

Бұрыш жалбыз – биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық шөп тектес өсімдік.
БАЯН БАТЫР

Баян батыр қазақ-жоңғар шайқасына қаншама рет атой салып кірген. Жекпе-жек ұрыстарда жаудың талай батырын жер жастандырған. Осындай көзсіз ерліктері үшін халық «Батыр Баян» деп атап кеткен. Батыр Баян қалмақтармен болған ірі соғыста ағасы Сарымен бірге ше