UF

ТАЙГА – ЖАСЫЛ МҰХИТ

Категориясы: География


Орманның өзі әр түрлі: шырша, қарағай, самырсын өсетіндерін - қылқан жапырақты, ал қайың, көк терек, жөке өсетіндерін жапырақты орман дейді. Аралас орман да бар, онда жапырақты және қылқанды ағаштар қатар өседі. Біздің елдің ормандары батыстағы Балтық теңізінен қиырдағы Тынық мұхитқа дейін созылып жатыр.

Әзірге ормансыз жалаңаш тундра. Суық желден бүріскен бірлі-жарым ағаштар да кездесе бастады. Енді олар көбейе береді. Мінеки, жасыл орманның алғашқы шашыранды бөліктері. Кішкенеден соң олар біртұтас болып бірігіп, шетсіз-шексіз жасыл орман мұхитына айналады. Бұл - тайга басталды деген сөз. Оның бір шетінен екінші шеті мыңдаған километрге созылып жатыр.

Тайганың үстінен ұшып өту ештеңе емес-ау, ал жаяу жүрсең... бір қыстаудан бір қыстауға жету үшін пәленбай күн жүруге тура келеді. Не жол, не қатынас жоқ – біресе ми батпақ, біресе құлаған ағаштар аттап бастырмайды. Ызыңдаған маса мен шіркей қара құрым. Кіп-кішкентай қансорғыш бәлелерден аңдарға дейін қашады.

Жер асты қазынасының барлаушылары - геологтардың үйі бар, солар жаққан от болар. Жасыл орман үстімен ұшып келе жатқанда кенет самсаған мұнай мұнараларын көресің. Мұнда жұмысшылар жер астынан мұнай мен жанғыш газ өндіреді. Ал вертолеттер оларға жоғарыдан кұбырлар жеткізіп тұрады. Оларды қатып қалған жердің астына орналастырып, бір-біріне қосып пісіріп, мықтап бекітеді. Жаңағы мұнай мен газ содан кейін көзге көрінбейтін өзен - құбырлардың бойымен алыстағы қалаларға жөнелтіледі.

Біздің бағытымыздан бұрыстау тұста бір поселке көрінеді, онда тайганың бір ұшында көмір өндіріп жатқан шахтерлер тұрады.

Ал ана жақта металлургия заводының мұржаларынан будақтап түтін шығуда. Бұл өлкеде кездеспейтін металл болсайшы. Темір де, мыс та, қорғасын да, алюминий де, қалайы да осында. Тайгада алтын мен алмас та өндіріледі. Якут алмастары бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Оларды ең қатты, ең берік металдарды өңдейтін, тесетін, кесетін, жонатын аспаптарға пайдаланады. Өйткені дүниеде алмастан қатты ештеңе жоқ.

Біз тайга үстімен ұшып келеміз, бір сағат өтті, екі сағат өтті, қалың орман бітер емес. Кенет атқан оқтай болып, ұзыннан ұзақ белдеу көрінді. Бәлкім, жол шығар? Жол екені рас, бірақ поезд немесе автомобиль жүретін жол емес, электр тогына арналған жол. Мұндай белдеулерге электр сымдары ілінген өрнекті болат діңгектер тұрады. Бұл белдеулердің бір шеті завод-фабрикасы бар қалаларға барса, екінші шеті жүздеген километр жердегі Сібірдің алып өзендеріне шығады. Ондай өзендер бұл жерде аз емес: Обь, Енисей, Ангара, Лена... т. б. Күндіз тайга шегі де, шеті де көрінбейтін жасыл мұхитқа ұқсайды. Ал түнде... Түнде қап-қара түнек, ештеңе көрінбейді. Кенет аспаңнан құлап түскен шоқ жұлдыздай төменнен самаладай оттар жарқырайды. Сібірдің қалалары мен селоларының жарығы. Олар да жарық қуатын Сібір өзендерінен алады. Сібір өзендерінің бойымен сапарға шыққан адам бұл арадан не көрмейді десеңші. Көк тіреген асқар таулар, суасты үшкір жартастарынан тұратын өзен баспалдақтары; теңіздей шалқар су қоймалары; темір бетоннан салынған зәулім бөгеттер... Ал өзен беті - қаптаған кеме керуендері мен таңғажайып су «поездары»; тек тепловоздың орнына - алып буксир, вагондардың орнына болат арқанмен буылған шайырлы бөренелер тіркелген. Ол бөренелерден темір жолға төсейтін шпал, кұранды үйлер, қысқасы, жүк таситын вагоннан бастап, кәдімгі қарындашқа дейінгі неше түрлі заттар дайындалатын ең сапалы фанерлер жасалады. Бірінші кластықтарға арналған дәптер мен әліппенің, тіпті осы оқып отырған кітабыңның да қағазы кеше тайгада жайқалып тұрған қарағай, шыршадан жасалған. Мұндағы өзендер - ең негізгі қатынас жолы болып есептеледі. Бірақ тек жазда ғана деп ойлап қалма. Қыстыгүні де асфальттай тегіс қалың мұздың үстінен тізбек-тізбек ауыр жүк машиналары ағылып жатады.

Оңтүстікке жақындаған сайын ормандағы шырша, самырсын, бал қарағайлар сирей береді. Ақыры тайга бітіп, әрі қарай аралас орман, содан кейін жапырақты орман басталады. Ал содан кейін... Жарайды, текке асығып қайтеміз, алдымен жетіп алайық.

Сібір және Қиыр Шығыс тайгасында «тайганың құты» атанған самырсын ағашы өседі. Самырсынның ірі бүрлерінде дәмді жаңғақтар бар, онымен аң да, құс та қоректенеді. Әдеттегі тиінді де, жерде жүретін жолақты борша тышқанды да, асыл терілі бұлғынды да басқа жерлерден гөрі осы самырсын орманынан жиі көруге болады. АЮДЫҢ өзі де жаңғақ іздеп осында келеді.

СІЛЕУСІН деп жүргеніміз кәдімгі орман мысығы. Ол қоян, меңіреуқұр, шілдерді аулайды. САМЫРСЫНҚҰС самырсынның жаңғағын жеумен қатар оны жан-жаққа таратып, тұқым «себу» қызметін де атқарады. Яғни ол жаңғақтан қысқы азығын жинап, қойма жасайды да, кейбіреуін ұмытып кетеді, ал ол қоймадан самырсынның жас өскіндері өсіп шығады.

  Жарияланған-2016-09-08 17:45:16     Қаралды-5968

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

...

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИКТЕН ЖАСАЛҒАН BARBIE ҚҰЫРШАҚ

...

Америкалық компания қайта өңделген пластиктен жасалған Barbie қуыршақтарын шығарды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

...

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІРЛЕР

...

Үңгір дегеніміз - ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әктас, гипс, доломит, т.б. жатады. Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге

ТОЛЫҒЫРАҚ »