UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ

Категориясы: Өнер


М.Нестеров. 1862-1942 жж. И.П.Павловтың портреті.

Ашық терассада стол басында бір кісі отыр. Нық түйілген екі жұдырығын стол үстіне нығыздай тастапты. Бұл - ғалым И. Павловтың портреті.

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады. Ресей суретшісі М.Нестеров И.Павлов портретінде жасының егделігіне қарамастан күш пен жігерге толы, өмірге құштар ғалымның қайсар шабытын бейнелеуге тырысқан.

Нефертити падишаның басы. Ежелгі Мысыр. Б.э.д. 1630 ж. шамасы

Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келді. Адамдардың бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған. Ол мысыр пергауындарының алапат тас мүсіндері еді. Оларды мыңдаған адам бірнеше жыл бойы тастан қашап жасаған. Қазір перғауындардың тас мүсіндері бізге асқақ та енжар көз тастайды.

Оларды айбынды әміршілерді мадақтау үшін ғана тұрғызбаған. Олар - перғауындардың тек тас мүсіндері ғана емес, екінші тұлғалары, екінші өздері.

Мысырлықтар кісі өлгенде оның жаны кеудесінен ұшып шығып, жазмыштың сотына кетеді деп ойлаған. Содан иесіне қайтып оралып, оның көкірегінен мәңгілік орын тебеді деп сенген. Сонда өлген кісінің жаны «ка» құр қаңқадан гөрі гранит тас мүсіннің көкірегінде қауіпсізірек өмір сүретін болады деп түсінген. Сондықтанда, жазмыш сотынан қайтқан «ка» өз иесін адаспай тапсын деп, тас мүсінді өлген кісіге мейлінше дәл ұқсатып жасаған.

Мысырлықтар сондай-ақ адамдардың шағын мүсіндерін де жасай білген. Қазір сендер патша әйел Нефертитидің мүсінімен танысып отырсыңдар. Ол осыдан үш жарым мың жыл бұрын көне мысыр мүсіншісі Тутместің шеберханасында жасалған. Бұл портретте басы артық деталь жоқ, бірақ суретші жас әйелдің сұлулығын, биязылығын, сезімталдығын соншалықты дәл жеткізген.

Жұмыр мойындағы шағын бастың тұла бойы толы сұлулық, нәзік еріндердің қиығындағы байқалар-байқалмас сиқыр күлкі неткен әсем!

В.Боровиковский. 1757-1825 жж. Әйел портреті (М.И.Лопухинаның портреті)

Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан қалып көрген жоқ. Алайда, портрет жанрының ерекше етек жайған тұстары болған. Ескі Рим мен Қайта өрлеу дәуірі - соның айғағы. Бірақ портрет жанрының ең өте-мөте гүлденген дәуірі - голланд Рембранд Харменс Ван Рейн мен Франс Гальс, фламанд Антонис Ван Дейк пен испан Диего де Сильва Веласкес сынды ұлы шеберлер өмір сүрген XVII ғасыр.

Леонардо де Винчи. "Изабелла д'Эсте портреті"

Суретшілер салып қалдырған портреттер өткен дәуірлер адамдарын тірі қалпында көз алдымызға алып келеді. Олар тарихтың өзін қайта тірілтіп тұрғандай әсер етеді. Ресейде портрет өнерінің гүлденген дәуірі XVIII ғасыр. Ф. Рокотов, Д. Левицкий, В. Боровиковский атақты ақсүйектердің нәзік те әсем, тамаша портреттерін жасады.

XIX ғасырдың орыс суретшілері тегі арқылы емес, ел алдындағы еңбегі, таланты арқылы даңқы шыққан адамдардың портреттерін туғызды. Оларда адамдардың сырт ажары емес, күрделі ішкі жан дүниесіне, рухани әлпетіне көбірек назар аударылған.

И. Репин, В. Серовтар не тамаша портреттер қалдырды. Оларда өз замандастарының өшпес бейнесі жасалған.

  Жарияланған-2016-11-16 21:14:12     Қаралды-4725

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ

...

Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

17 ТҮРЛІ БАЛЫҚ ТАҒАМДАРЫ

...

Тағамдық құнарлылығы жағынан балықтың еттен айырмасы шамалы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНЕСАРЫ ХАН

...

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА

...

Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР

...

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

...

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »