UF

ЕСКЕРТКІШ

Категориясы: Өнер


 

Э.Фальконе. 1716-1791 жж. Бірінші Петрге ескерткіш.

Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті. Басын ұстауынан, отырысынан алапат күш пен ұланғайыр жігер сезіледі. Бұл - Бірінші Петрдің ескерткіші.

Ескерткіш - белгілі бір атақты адам мен тарихи оқиғаның құрметіне қойылған монументтік тас мүсін. Ол әлгі адам мен әлгі оқиғаны мәңгі есте қалдыруға қызымет етеді.

Бірінші Петрдің ескерткішін атақты француз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Ол 1766 жылы II Екатеринаның шақыруымен арбамен жол жүріп Парижден Петербургқа келді. Онымен бірге шәкірті, мүсінші әйел Мария Калло да келді.

Оларға берілген кішкене шеберханада бірден қызу жұмыс басталды. Фальконе Петрдің өмірін зерттеді, портреттерімен танысты, олардан көшірме суреттер салды. Оның өтініші бойынша арнайы жартас жасалып, оған сол замандағы шабандоз жігіттер атпен шауып шығып, құзға құлай бере атын тоқтатып көрсетеді. Алдыңғы аяғымен көкке шапшып әзер тоқтаған сыңар езу аттарды, оның үстіндегі жүрек жұтқан шабандоздың отырысын мүсінші ерінбей зерттеп, суретке түсіре берді.

Мүсінші ескерткіш жобасын жасау үстінде Бірінші Петрдің басын келтіре алмағанын байқады. Оны жасап көруді өзінің шәкіртіне тапсырды. Талантты бойжеткен оны бір түннің ішінде жасап шықты. Ол жасаған Петрдің от пен жігерге толы дидары соншалықты әдемі, соншалықты әсерлі!

Мүсінші белгілі бір адамның ескерткішін жасағанда, оның басқа адамдарға ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән, ала бөтен ерекшеліктерін қарастырып бағады. Фальконе де Петрді Россияның ұлы өзгертушісі етіп бейнеледі.

Екі қолын артына ұстап, басын сәл еңкейтіп, ойға шомған Пушкин біздің көз алдымызда тұр. Ол құдды бір өзінің болашақ жырының таңғажайып ырғағына елтігендей, тұңғиық ой үстінде. Бұл - Москвадағы ақын атындағы алаңға қойылған атақты ескерткіш. Оны жасаған мүсінші А. М. Опекушин. Ол ақынның сырт келбетін де, ішкі жан дүниесін де айнытпай жеткізе білген.

 

Москвадағы Қызыл алаңда Василий Блаженный храмының қасында Кремльге қарап И.П. Мартостың Минин мен Пожарскийге қойған ескерткіші тұр.

Мүсінші тарихты тыңғылықты зерттеп, Россияны поляк басқыншыларынан азат еткен нағыз ерлердің кісі тамсанарлық бейнесін жасай білді.

Мартос бұл ескерткішті жасауға 14 жыл уақыт жіберді. Екі мүсін жасалып болған соң Петербургтен су жолы арқылы Москваға әкелінді. 1818 жылы 20 февральда ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды.

 

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

 

 

 

 

  Жарияланған-2016-11-03 13:35:14     Қаралды-2939

Мәлімет сізге көмек берді ма

АСҚАБАҚ БАСЫТҚЫ

...

Піскен асқабақтың қабығы жұқалап аршылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

...

Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ (II түрі)

...

Бұл - шайқалып көпіршітілген белокты кейіннен көбік түзгіште қант-сірне шырынымен қосып тағы көпіршітілген, жаңғақ және хош иісті заттар салынған тағам. Өндіріс кезінде қалған кесінділерінің шикізаты үшін өз салмағының 15-20 процентінен аспайтын мөлшерде

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »