ЖАЯ – ЖЫЛҚЫНЫҢ САУЫР ЕТІ.
Категориясы: Тағам
Жая – жылқының сауыр еті. Оны сүрлеуге, қақтап кептіруге, сондай–ақ ыстауға да болады. Әуелі жая 10 сантиметр қалыңдықта сылынып алынады. Ұсақ тұзбен тұздалады да да шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне ащы тұздық құйылады. Сөйтіп, екі–үш күн сақталады. 2–3 күннен соң ыдыстан алынып, тор немесе ши үстіне жайьш кептіріледі. 1 кг жаяны тұздау үшін шамамен 25 г тұз керек.
Жая да жалды ыстағандай жолмен ысталады.
Оны пісіру үшін қазанға су құйылып, отқа қойылады. Су қанжылым болған соң оған жая салынып асылады. Піскен жая қиялап туралады. Сөйтіп, жайпақ табаққа әсемделіп орналастырылады. Дастарқанға әкелерде бетіне бар болса, ұсақтап туралған көк жуа себіледі, ол табылмаса тілінген жаяны айналдыра дөңгелектеп туралған пияз салынады.
Құрамы: 100 грамм жая, 100 грамм пияз немесе бір шай қасық көк жуа.
Жарияланған-2016-05-27 13:27:42 Қаралды-5586
ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ

Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.
МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?
БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)

Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады.
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.
СҰҢҚАР

Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне