UF

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

Категориясы: Адамдар


Судың астында жұмыс жетерлік!

Ал енді бұл - өзінің әдеттегі жасауын - скафандрын киіп, теніздің тереңіне жұмысқа аттанған сүңгігіш адам.

Бір жолы кеме батып кетеді. Оны су бетіне қалай шығару серек? Сүңгуір адамның көмегінсіз мүмкін емес! Олар дереу өздерінің арнаулы кемелері - боттарымен жетіп келеді де, бірден іске кіріседі.

Қарық болған кемеге әуелі сүңгуір барлаушы жіберіледі: қай тереңдікте жатыр екен, теңіз табанындағы құмға қатты көміліп қалмап па - бәрін біліп қайтуы керек. Су асты қараңғы сондықтан сүңгуір адам өз жолын қолшаммен жарық қылып жүреді.

Сол екі арада, жоғарыда - су бетінде ғаламат үлкен темір бөшкелер - понтондар даярланады. Содан кейін олардың ішіне насоспен су айдалады да, бөшкелер ауырлап, су түбіне шөгеді, ал сүңгуір адамдар оларды дереу батып жатқан кемеге мықтап байлайды.

Енді қуатты насостар іске кірісіп кеп береді де, понтондағы суды қайтадан сыртқа айдайды. Суды түгел айдап тастағанда, понтондар бірден жеңілдеп, құдды қалтқыға ұқсап, жоғары ұмтылады. Өздерімен бірге олар балдырға шырмалып, ұлу сүйектері жапырлай жабысқан әлгі кемені су бетіне сүйреп ала шығады.

Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез. Бірде фашист самолеттері теңізге, біздің порттардың бірінің маңына, мина тастайды. Кемелер енді не кіре алмай, не шыға алмай қалады: кенет соқтығып қалса - бытыт қылады ғой.

Сүңгуірлерді шақырылды.

Үстіне ауыр киім кигізіп, қалыптасқан дәстүрмен темір төбесіне тық еткізген соң, сүңгуір қатерлі миналарды табуға жөнеледі.

Әрқайсысы бір-бір пұттай кебістері мен үстіндегі жүктемелері дереу төмен тартып әкетті. Бот үстінде тынымсыз істеп насостар тұр - сүңгігішке резеңке түтікпен ауа айдайды. Су астында ол еркін тыныстауы керек қой. Боттағы матростар оған телефонмен ауық-ауық айқайлап қояды: «Халің қалай, бәрі көңілдегідей ме, минаны әлі тапқан жоқсың ба?».

Минаны зиянсыздандыру - қиынның қиыны. Сәл абайламадың ба - жақсылық күтпе - гүрс жарылуы ғажап емес. Көп ұзамай мина су бетіне шығарылды да, оны адамдардан, кемелерден аулағыраққа сүйреп апарып, теңізде жарды. Сөйтіп, жол ашылды!

Ертеде, бұдан 2,5 мың жылдан бұрынырақ, Қара теңіздің жағауында, қазіргі Николаев қаласына таяу маңда көне грек қаласы Ольвия тұрған. Қазір ол жоқ - жойылып кеткен. Ал оның қалдықтарын археолог- ғалымдар тапты.

Ғалымдарға сүңгуірлер көмектесті. Бірақ бұлар әлгі скафандр киген сүңгуірлер емес, басқалар - аквалангистер. Шапшаң жүзу үшін олар аяқтарына резеңке қазтабан киеді. Су астында жақсы көру үшін беттеріне әйнектелген маска киеді. Жоталарында - екі болат талон, олардың ішінде ауа бар, ол су астында тыныстау үшін серек.

Аквалангистер суға түсіп, әрі іздеп, бері іздеп, су түбінен қирап жатқан үйлер, кезінде көне портты жаудан қорғап тұрған мұнаралардың қалдықтарын тапты.

Суға адам батып барады делік. Әбден дәрмені құрып, су бетінен басын қылтитуға шамасы келмейді. Оған қарай дереу құтқарушы қайық ұмтылады. Аквалангист қарғып суға түседі де, бір минут, екі минут өте әлгі бейбақты жағаға жеткізеді, ал құтқарушылар тобы оны қолдан тыныстандыруға кіріседі.

Өзендердің табанымен газ құбырын жүргізсе де, теңіз түбімен телеграф сымын тартса да – сүңгуірлерді шақырады.

Өзеннен канал қазып, көпір, электр станциясын салса да – сүңгуірлерді шақырады. Су астында жұмыс көп-ақ.

  Жарияланған-2016-09-16 14:49:20     Қаралды-4679

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

...

Әртүрлі агрегаттық күйдегі су бізді барлық жерде қоршап алады, тіпті біз оны әрдайым байқамаймыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАБУ ҚАРУЛАРЫ

...

Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰРЫНДЫҚ ХАН

...

Керей мен Жәнібек хандар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұрындық отырады. Бұрындык - Керей ханның үлкен ұлы, шамамен 1430-1510 жылдары өмір сүрген. Бұрындык хан билік басында отыз жылдан астам уақыт отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

44 ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТ САЛАТТАР

...

44 рецепт қарапайым салаттарды ұсынамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »