UF

ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Категориясы: Тарих


Тәңірқұт - Ғұн мемлекетінің ең жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай тарихи еңбектерінде «тәңірқұт» сөзі «Тәңір ұлы», «Көктің ұлы» мағынасын білдіреді.

Кунби (гунмо) - ежелгі Үйсін мемлекетінің жоғары билеушісінің лауазымы. Күнби лауазымы Ұлы күнби, Кіші күнби деп бөлінген. Үйсін елінде Ұлы күнби бүкіл мемлекетті басқарған. Ал Ұлы күнбиге Кіші күнби бағынышты болған. Кіші күнби мемлекеттің белгілі бір аумағына ғана басшылық жасаған.

Каган (қаһан) - ертедегі Түрік мемлекеттерінің жоғары билеушісі, әскербасы. Ол хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп-төстеді. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы істерінің бәріне басшылық жасады. Қаған билігі әкеден балаға мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Қаған атауы дамыған ортағасырлық мемлекеттер тұсында өзгеріске ұшырап, оны хан сөзі алмастырды.

Жабгұ - Түрік қағандығында билік жүргізген қаған мен ұлықтан (жоғары мәртебелі әкім, төре) кейінгі лауазым. Жабғұ бұдан соң Қарлұқ кағандығында, Қарахан әулеті мемлекетінде, оғыздар мен қыпшақтар мемлекетінде де сақталған.

Бек - әскери шен, атақ. Бектер ежелгі түркілер мемлекетінде қолбасылық дәрежесін аткарған. Бұл атақты Түрік қағандығы заманында қолданды. Сол кезде бектер қолдарына әскери билікті де, ел билігін де бірдей ұстаған. XV ғасырдан бастап бек атауын «би» сөзі ығыстырып шығарды.

Беклербек - әскери шен, ең жоғары лауазымдардың бірі. Ол бектердің бегі деген мағына береді. Беклербегі бүкіл әскердің бас қолбасшысы қызметін атқарған. Онымен IX-X ғасырларда оғыздарда қанаттардың (орта ғасырларда әскер оң және сол қанат деп екіге бөлінген) әскербасылары (беклер-бег) аталған. Ол Ұлы Селжұқ мемлекетінде де болған (бейлербей, әмир әл-эмира). Алтын Ордада ханнан кейін тұрған жоғары мемлекеттік қызмет беклербегінің қолында болған. Ол бас қолбасшылықпен қатар сыртқы істер министрі қызметін атқарып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық катынас жүргізген.

Хан - түркі халықтарында қолданылған ең жоғары лауазым. Алғаш бұл атауды тайпалардың басшылары иемденді. Кейіннен тайпалық одақтар мен мемлекеттердің басшылары да хан атанды. Хандық билік белгілі бір әулеттің ұрпағына мұрагерлік қолымен жетті. Ханға барлық кол астындағылар сөзсіз бағынып, бұйрықтарын мүлтіксіз орындаған.

Уәзір - орта ғасырларда кездесетін жоғары лауазымдардың бірі. Ханның мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару ісіндегі кеңесшісі болып, мемлекеттің ішкі өмірін басқарды. Олар қаржы, салық, экономикалық және ішкі саяси істерді жүргізді.

Басқаң - орта ғасырлардан бастап қолданылған лауазым. «Басқақ» түркілердің «басу» сөзінен шыққан. Тәуелсіздігінен айырылып, өзге мемлекеттің боданына айналған елдің билеушісі басқақ деп аталды. Сонымен қатар Шыңғыс хан империясы бағындырған елдеріндегі өздері бақылауға қойған сенімді өкілдері де басқақ лауазымын иемденді. Оны даруға деп те атаған. Жаулап алынған жерлерге жергілікті тұрғындар тарапынан тағайындалған билеушінің қызметін тексеріп отыру үшін хан олардың сыртынан бақылаушы басқағын қойған. Басқақтың қарамағында арнайы әскері болған.

Даруга (даруғабек) - ханның жеке иеліктеріндегі өкілінің лауазымы. Орта ғасырлардағы Орталық Азия хандықтарында қолданылған. Даруға өзіне бекітілген елікті басқарумен қатар, алым-салықтың дер кезінде эрі дұрыс жиналуын бақылап отырған.

Сұлтан - Салжұқтар мен Осман империясы кезіндегі мемлекет басшысы. Қазақстан мен Орта Азияда «сұлтан» сөзі Шыңғыс ханнан тараған әулеттің кез келген мүшесіне қосылып айтылды. Сұлтанның ұлысты басқаруға және ұлыс әскеріне қолбасшылык етуге құқығы болды. Сондай-ақ Шыңғыс ханның ұрпақтары екендігін білдіру үшін «сұлтан» терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» лауазымы да қосылып айтылған. Алайда «төре» сөзі сұлтанды ғана емес, көрнекті және атақты адамдарды, билеушілерді, қазылар мен билерді де білдірді.

Би - бек сөзінің өзгерген түрі. Бұл лауазым XV ғасырдан кейінгі деректерде ғана кездеседі. Би атағы мұрагерлік жолмен берілмеген. Негізінен, әдет-ғұрып, салт-сана ережелерін, жол-жоралғыларды жатқа біліп, шешендік өнерді жетік меңгерген, әділдігімен елге танылған адам ғана би атана алатын еді. Билер шын мәніндегі рулар мен тайпалардың басшысы болды. Қазақ ұлыстарының билері өздерінің қол астындағы рулар ішінде сот, әкімшілік және әскери билікті ұстады. Әсіресе, қазақ қоғамындағы бидің негізгі міндеті - дау-жанжалды шешіп, төрелік жасау, әділ үкім шығару, яғни сот ісін жүргізу. Қазақ билерінің арасындағы көрнекті өкілдері: Төле би, Қазыбек би. Әйтеке би, т.б. Би лауазымы XIX ғасырдың соңына дейін сақталған.

Батыр - халық арасында қайсарлығымен, ерлігімен даңқы шыққан, әскери өнерді жаксы меңгерген адамдарға «батыр» атағы берілген. Олар колына қару алып, елі мен жерінің қамы, болашағы үшін күрескен. Жау шапқанда қол астына жауынгерлер жинау, шайқастарда жекпе-жекке шығу батырларға тапсырылған. Бұған қоса, батырлар мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатына араласып, ханға кеңесші болған. Түрлі мемлекетаралық байланыстарда, елшіліктерде жүрген.

  Жарияланған-2015-11-18 20:57:47     Қаралды-10665

Мәлімет сізге көмек берді ма

ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

...

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ПУРИ

...

Тоқаш қамырынан жасалатын құырма сияқты тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚ ТҰҢҒИЫҚ

...

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жалынды кемпірқосақ

...

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОБЫЛҒЫ

...

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »