АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР
Категориясы: Тарих
Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.
Аталық - хан ордасындағы тақ мұрагерінің тәрбиешісі. Ол - болашақ ханды оқытатын, әскери өнерді үйрететін, биліктің қыр-сырымен таныстыратын жоғары мәртебелі адам. Өзі тәрбиелеген ханзада билікке жеткен соң, оның кеңесшісі қызметін атқарған.
Жаушы - аралықта жүріп келістіруші, уәкіл. Ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттер бір-біріне соғыс ашатынын немесе одақтасатынын жаушы арқылы хабарлаған. Сонымен қатар жаудың шапқаны да ел ішінде жаушылар арқылы таралған. Қолбасшылар жаушылардың көмегімен байланыс жасап отырған.
Бақауыл - әскери лауазым. Бұл сөздің екі түрлі мағынасы белгілі. Біріншіден, бақауыл соғыс кезінде әскердің қару-жарақпен, азық-түлікпен дұрыс жабдықталуын бақылаған. Ол соғыстан кейін түскен олжаны дұрыс бөліп-таратумен айналысқан. Екіншіден, шекара арқылы өтетін тауарларға таңба салатын және оларды жасырын алып өтпеуді қадағалайтын сақшы топ, жасақ та бақауыл аталған.
Жарияланған-2015-11-18 21:08:57 Қаралды-2763
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
Баобаб қанша өмір сүреді?
Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала
ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА
Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.
БҮЙДАШ ХАН
Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды.
ҰСТАУҒА БАЛҒА НЕГЕ КЕРЕК?
Мына жарық дүниеде бір адам өмір сүріпті. Нар көтергендей күшті екен. Ертеңнен қара кешке дейін қап-қара түтін қаптаған ұстаханада ұсталық етіпті.
ТАБАН
Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.