UF

ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

Категориясы: Ғарыш


Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан. Старт алдында зымыраның бактарын жанармаймен толтырады. «Оталу» деген жарлықтан соң жаңа бастаған жанармай газға айналады. Газ ғаламат күшпен зымыраның түбіндегі тар қуыс - оқпан (сопло) арқылы сыртқа ұмтылады. Газдың гулеген жалыны бір жаққа ұшса, ракета соның серпінімен екінші жаққа қарай ұшады. Ракетаны кез келген жаққа ұшыруға болады, ол үшін тек газдың ағыс жолын қажетінше бағыттау керек. Бұл жұмысты ракетанын рулі арқылы басқаруға болады.

...Міне, ракета космодромдағы старт алаңында тұр. Көкке бағытталған ұзақ жолға аттану үшін тек жарлық берілуін ғана күтіп тұр. Ракета абажадай: тұрқының өзі - 90 метр! Онымен салыстырғанда машиналар мен адамдар Гулливердің алдындағы Ергежейлілер елінің тұрғындары сияқты көрінеді. Ракетаның өзі «тасығыш ракета» деп аталады. Неге - «тасығыш»? Өйткені оның ең негізгі міндеті - жүкті көтеріп апарып космосқа жеткізу. Жүгіміз спутник болуы мүмкін, жолаушылар немесе транспорт кораблі болуы мүмкін. Жүк ауыр, оған бір ракетаның шамасы жетпейді, ал ойдағыдай ұшыру үшін бірнеше ракетаны тіркеп «жегуге» тура келеді. Ракеталар бірінің үстіне бірі сатылай жалғана келе үлкен пирамидаға ұксаған - көп сатылы біртұтас қуатты ракетаға айналады. Жүкті оның ең ұшар басына орналастырып, үстін шошақ төбелі «бөрік» - ақпалы сүйір ұштықпен бастырып қояды.

Әр саты - дербес ракета, олардың бәрінің құрылысы бірдей. Двигательдер «құйрығына» орналасады, ал ракетаның қалған бөлігі жанармай құйылған бактармен толтырылған.

Әр саты өз кезегінде іске қосылады. Стартта: «Бас!» деген жарлық болғанда осыншама үлкен салмақты түгел көтеріп ұшатын төменгі, ең қуатты ракета іске қосылып, жұмысқа кіріседі. Ондағы жанармай тез жанады, аздан соң бактары қаңырап босайды, енді бұл ракетаның өзінің де қажеті болмай қалады.

Сол сәтінде-ақ бұл саты автоматты түрде ағытылып түседі де, енді екінші, ортаңғы сатының двигательдері іске кіріседі. Тасығыш ракета бар жүгімен қоса екпін алады, жылдамдығын жеделдете түседі. Міне, бұл сатының да жанармайы бітті, ол да ендігі қозғалысқа бөгет жасамас үшін ағытылып түседі. Ақыры үшінші, ең соңғы сатыға кезек келеді. Ол корабльдің қарқынын бұрынғыдан да арттырып, бірінші космостық жылдамдыққа жеткізеді де, корабльді Жерді тұрақты айналатын шеңберге - орбитаға шығарады. Бұдан ары космос кораблі жалғыз өзі ұшады.

Алғашқы екі саты сияқты, ең соңғы саты да корабльден автоматты түрде ажыратылып Жерге қарай  құлайды. Бірақ олардың ешқайсысы да Жер бетіне жетпейді, төмен құлдыраған кезде ауаға үйкеліп, балқып қызады да, тұтасымен жанып кетеді.

Ал космос кораблінің ішінде не болады?

Корабль екі бөліктен тұрады: біріншісі - «қонатын аппарат», екіншісі - «аспаптар бөлігі» деп аталады. Қонатын аппарат - шағын ғана кабина, космонавтардың ұзақ сапар үстінде - жоғары көтерілген, ұшып жүрген, төмен түскен кездерінде отыратын орындары. Кеме ұшып жүрген кезде кабинаның ену есігі (люгі), терезе иллюминаторлары жабылып тұрады. Иллюминатор деген космонавтар жұмыс кезінде Айға, Күнге, Жерге бақылау жасайтын арнайы терезе.

Корабль Жерге қалай оралады?

Кеме Тежегіш Двигатель Қондырғысы қысқартып айтқанда ТДҚ-ның көмегімен жерге қайтып оралады. Бұл қондырғы кеменің екінші жартысы - аспаптар бөлігінде орналаскан.

  Жарияланған-2016-09-10 09:26:12     Қаралды-18643

Мәлімет сізге көмек берді ма

КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ

...

Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ

...

Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

...

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ

...

Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

...

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »