UF

ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ

Категориясы: Тағам


Бал-шұжық.

Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады. Содан соң суы төгіледі де ол дәндердің жалпақ жағы жоғары қаратылып ұзындығы 45-50 сантиметр мықты жіпке тізіледі. Жіптің бір ұшын таяқшаға байлап, күн көзіне іліп қою керек.

Жүзімнің салқын шырынына майда жарма қосылып, жартысы қалғанша қайнатылады. Салқындаған азғана шырынға крахмал салынып ерітіледі де үздіксіз араластырыла отырып, қайнап жатқан жүзім шырынына қосылады. Масса орташа сілікпе түріне жеткенше қайнатылып, оған жіпке тізілген жаңғақ дәндері кезекпен батырылып алынады. Қоюланған масса сіңген жаңғақтың астына ыдыс қойылып, аздап сорғытылады, содан соң әбден кепкенше ілініп қойылады. Жіпке тізілген жаңғақ дәні диаметрінің жуандығы 4-5 сантиметрдей шұжық формасына жеткенше осылайша массаға батырылып, сорғытыла беріледі. Әр батырған сайын жүзім массасы қайнатылып отырылады. Әйтпесе ол жаңғақтарға жұқпайды. Дайын болған шұжықтарды соңғы рет кептіру үшін жел соғып тұратын көлеңкеге іліп қойылады. Содан соң крахмалға аунатып алынып, пергаментке оралады, лайық ыдысқа салынып, құрғақ жерде сақталады.

Бұл тағамды жасауға 700 грамм жүзім шырыны, 1,5 килограмм жаңғақ, 100 грамм майда жарма, 80 грамм крахмал жұмсалады.

Чурчхела.

Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жететін жуан жіпке грек жаңғағының (бір бөлігін немесе төрттен бірін) емесе тәтті бадамның дәндері тізіледі де жіптің ұшы ілмектенеді. Жіпке тізілген жаңғақ күн көзіне ілініп, екі күн кептіріледі.

Жүзімнің азғана салқын шырынына ұн мен картоп крахмалы езілелі. Жүзім шырыны қайнатылып, қант, ұнмен қосып езілген крахмал қосылады, сөйтіп 2-3 минут бойы пісіріледі. Алынған қою массаға жіпке тізілген жаңғақтың дәндері олардың барлығына да масса жұғатындай етіліп малынады. Осылайша 3-5 ретке дейін батырылады. Әрбір батыру алдында масса қайнатылып отырылады. Содан соң ол ілмегінен ілініп, күн көзіне кептіріледі. 3-5 күннен соң олар алынып, қалталарға салынады да, құрғақ жерде сақталады. Бұл шұжықтарды тәтті тағам ретінде 3-4 бөлікке бөліп, сыртына қант сеуіп жейді.

Бұл тағамды жасауға 1 килограмм жаңғақ, 80 грамм қант, 40 грамм крахмал, 500 грамм шырын, 70 грамм ұн жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-04 16:47:55     Қаралды-2155

Мәлімет сізге көмек берді ма

Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті

...

1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?

...

Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЙЫН

...

Жайын - жыртқыш балық. Ол корек талғамайды, бақалардан бастап ірі шортандарға дейін жейді. Реті келсе, үйрек, қаз, т.б. су құстарына да шабуыл жасайды. Жайындар жалқау, баяу қимылдайды. Жемін ұстау үшін әр түрлі амал-айла қолданады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?

...

Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ

...

Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »