UF

АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

Категориясы: Ғарыш


Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып орақтай ғана болып көрінетінін білгісі келген. Себебін таба алмаған, сондықтан да әр түрлі ертегілер шығарған.

Ал қазір біз Ай деген - үлкен шар екенін, Жердің серігі екенін білеміз. Біздің Жерді айналып жүреді, бір рет толық айналып шыққанша 28 күн өтеді.

Айдың да Жер сияқты өзіндік сәулесі жоқ, оның Күн түсіп тұрған жағы ғана жарық болады. Жерге өзінің «күндізгі» жағымен карағанда, біз Айды толық көреміз, халық оны толған ай дейді, ал ғалымдар толық ай туды дейді.

Бір күн, бір түн өтеді... Ай өзінің Жерді айналған жолын жалғастыра береді, міне енді 7 тәуліктен соң оның жарық жағы бізге қырын келеді, яғни әңгелек қауын тура ортасынан қақ бөлінгендей, біз оның жартысын ғана көреміз.

Ай өз жолымен ары қарай самғай береді, күн озған сайын дөңгелек «қауын» жеміріліп, жұқара түседі,  «қабығы» - «с» әрпіне ұқсас орағы ғана қалады. Бұл - ескі ай. Ақыры, ол да жоғалады. Ай, әрине, ешқайда да кеткен жоқ, тек қазір бізге қараңғы «түн» жағымен қарап тұр, сондықтан да көрінбейді.

Ай жоқ кезде Жер бетіндегі түндер қап-қараңғы болады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды, арада екі-үш күн өтер-өтпесте аспанда сызылып тағы да орақ сәуле көрінеді. Тек бұл жолы ескі айдың «с» таңбасы теріс айналып кеткен, тура әжеңнің күміс сырғасы сияқты асылып тұр, бұл - жаңа ай туды деген сөз. Енді жаңа ай күн озған сайын толыса береді, алдымен жарты табақ болады, содан соң, арада 2 апта өткенде дөп-дөңгелек, толған Айға айналады. Бірақ осы қалпында тұрып қалмайды, Ай өзінің келесі жаңа айналысын бастайды.

  Жарияланған-2016-09-09 21:02:06     Қаралды-3967

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛТЫН - КҮМІС ТАС ЕКЕН, АРПА - БИДАЙ АС ЕКЕН

...

Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар өте мол, бұл тағамдар витаминге бай, организмге сіңімді келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ

...

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »