НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?
Категориясы: Ғылым
Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?
Бұның құпиясы оңай: қасық соғылғанда, стакан әйнегі болмашы ғана дірілдей бастайды. Сол сәтте стаканның айналасындағы ауа да дірілдеп, толқи жөнеледі. Ауаның дірілі біздің құлағымызға жетеді де, біз «зың» еткен дыбысты естиміз.
Дыбыс дегеніміз - ауаның дірілдеуі, толқуы, өзге ештеме емес. Ауа жоқ жерде дыбыс тумайды. Сондықтан Ай бетінде тұрып стаканды қасықпен соқсаң, яки тіпті қоңырау қақсаң да, «зыңылдаған» да, «даңғырлаған» да, ешқандай да дыбыс шықпақ емес. Айда ауа жоқ қой.
Стакан әйнегінің дірілдегені көзге көрінбейді. Оның есесіне, егер гитардың жуан ішегін қаттырақ түртсең, ішек қосарланғандай болып оның дірілдегені өте жақсы байқалады.
Міне, терезеден... бір жұмбақ жәндік ұшып кірді де, құлағыңның түбінен ызыңдай жөнелді: «ұшса - ызыңдайды, қонса - тым-тырыс». Бұл не? Әрине, маса. Бірақ біз жұмбақты түгел шешкеніміз жоқ. Біз әлі неліктен бұл маса ұшып жүргенде ғана ызыңдап, қонса - үнсіз қалатынын анықтауымыз керек.
Бар гәп - оның қанатында. Маса ұшқанда, оның қанаты дірілдей толқитыны әрі өте тез дірілдейтіні сонша, дыбыс шығарады. Ол дыбыс өте жіңішке, өйткені маса қанатын тым тез қағады. Оған қарағанда шыбын қанатын баяу серпиді, сондықтан оның үні жуандау. Ал араның даусы тіпті жуан - ол гуілдейді. Мұның себебі - жабайы ара қанаттарын одан да баяулау қағады (демек, ауаны баяу толқытады).
Жарияланған-2016-09-04 13:01:00 Қаралды-5208
ІЛЕ

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн
АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.
ЖЕТІСУ

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.
ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.
Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.