UF

ШЫРМАУЫҚ БУДРА - ЖАЛПЫ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ

Категориясы: Өсімдікті


ШЫРМАУЫҚ БУДРА - БУДРА ПЛЮЩЕВИДНАЯ

Шырмауық будра – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Қөлбеу өскен, жатаған сабақтарынан тік көтеріле шыққан бұталары бар. Биіктігі 90 сантиметрге дейін жетеді. Төменгі жағындағы жапырақтары бүйрек сықылды, әрі дөңгелек, жоғарғы жағындағы жапырақтары - жүрек тәрізді. Жапырақтарының сағақтары ұзын, жұпталып өседі. Гүлдері жоғарғы жапырақтарының қуысына орналасқан, көк түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Шырмауық будра бақтардың, ормандардың ішінде, бұталардың арасында, егістік жерлер мен шабындықтарда, өзен жағаларында өседі. Өсімдіктің иісі жалбыздың иісіне ұқсайды. Жапырағын ерте көктемде гүлдей бастағанда жинайды. Оның құрамында эфир майы, илік заттар, смола, аскорбин қышқылы бар.

Халық медицинасында шырмауық будраны қақырық түсіретін дәрі ретінде, жалпы қабынуға қарсы және асқазан, бауыр, бүйрек, қуық ауруларын емдеу үшін де пайдаланылады. Шырмауық будраны сыртқы жараларды, тері ауруларын емдеу үшін де қолданады. Ал болгар халық медицинасында бұл өсімдік бүйрекке тас байланғанда және құм пайда болғанда, тас пен құмды несеппен бірге айдап шығару үшін қолданылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Сулы тұнба: өсімдіктің ұнтақталған бір қасық жапырағын 200 мл қайнаған суға салу арқылы жасалады, сөйтіп оны күніне 2-3 ас қасықтаин 4 рет ішеді. Оның 10 грамм жапырағын 200 мл салқын суға салып, 8 сағат тұндырып қояды да 2-3 қасықтан, 4 мезгіл ішеді. Ал спиртті тұнба былай жасалады: өсімдіктің 15 грамм жапырағын 100 мл спиртке қосып 8-10 күн тұндырады да, оның суын 15 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.

Мынадай қоспалар жасаса дәрінің тиімділігі арта түседі. 1-қоспа: ұнтақталған шырмауық будра жапырағының 2 қасығын, терек бүршіктерінің 2 қасығын, ырғай гүлінің немесе жапырағының 1 қасығын алып араластырып, 3 стакан қайнаған суға тұндырады да, суын бір күн ішінде бес рет ішіп тауысады. Бұл өкпе қабынғанда ішілетін дәрі. 2-қоспа: ұнтақталған шырмауық будра жапырағының 1 қасығын, сары сояу шөбінің 1 қасығын алып араластырып, қайнап тұрған 3 стакан суға тұндырады да, 1 күн ішінде бес рет ішіп тауысады. Бұл қоспа қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылса, өте жақсы нәтиже береді.

  Жарияланған-2016-07-15 16:53:54     Қаралды-4177

Мәлімет сізге көмек берді ма

АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

...

Арамзалық - арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

...

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕРІ МЕН БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛГЕН КИІМДЕР КҮТІМІ

...

Қандай киім болса да оның ажары таймай, қалы бұзылмай сақталуы киюшісіне байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

...

Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »