UF

КИІМ ТАЗАЛАУ

Категориясы: Сән


 

Киім тазалауға арналған заттардың әрқайсысының өзіне ерек қасиеті бар. Олардың сол қасиетін білмесеңіз, тазалаймын деп жап-жақсы киіміңізді бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Мысалы, мақта матасынан тігілген киімді жуғанда суға сода, сақар, сілті қосып қайнатуға болады. Ал егер суға каустикалық сода (күйдіргіш натр) қоссаңыз, ол мақта матасын күйдіріп жібереді. Мұндай киімге ағартқыш заттарды да (әк, сутек асқын тотығы) тек әлсіз ерітінді түрінде ғана қолдану керек. Сондай-ақ мақта мен зығыр талшығынан тоқылған маталарды тазалауға күшті қышқылдарды да (күкірт қышқылы, тұз қышқылы, азот қышқылы) өте әлсіз ерітінді (0,25% асырмай) түрінде ғана пайдалануға болады.

Бензин, шарап спирті, денатураттанған спирт, скипидар, күкірт эфирі матаға зиянды әсер етеді.

Таза жүн мен жібектен тоқылған маталар күшті қышқылдардың (күкірт және тұз қышқылы) судағы 5 проценттік, ал сірке қышқылының 10-15 проценттік ерітіндісімен өңдеуге төзеді. Мұндай маталарға түрлі қышқылдар зиянды әсер етпейді.

Сілтілі тұздар (сода, сақар) жүн матасын күйретіп жібереді. Мүсәтір спиртінің әлсіз ерітіндісі жүн матаға зиянды әсер етпейді.

Ацетат жібегі ацетон тисе еріп кетеді. Демек, ацетат жібегінен тігілген киімді тазалауға ацетон қолдануға болмайды. Заттарды тазалаудың негізгі екі түрі бар, олар - құрғақтай (химиялык әдіспен) тазалау және жуып тазарту.

Құрғақтай тазалау. Алдымен тазартылатын киімді далаға шығарып, қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан арылтып алу керек. Одан кейін киімді щеткалап, оның тігістерінде және тағы басқа қалтарыс жерлерінде шаң-тозаң қалдырмай, әбден тазартады.

Бұдан соң тазартылатын киімді клеенка төселген столдың үстіне жайып қойып, бензинге батырылған щеткамен немесе жүн матаның қиығымен (сол киімнің өзі түстес мата болғаны дұрыс) жоғарыдан төмен қарай сүртіп тазалау керек.

Әсіресе киімнің жағасын, қалталарының және жеңінің аузын мұқият тазалау қажет. Бензин ашық тұрса, буланып кетеді. Сондықтан оны шайтабаққа аз-аздан құйып алып тұрған дұрыс. Бензинге аздап ақ ұнтақ қосуға да болады. Киімді осылайша жалпылама сүртіп тазалау үшін бензин болмай қалған жағдайда жылы суға мүсәтір спиртін қосып, соны пайдалануға болады.

Қостюм тазалағанда алдымен жағасын, одан кейін алдыңғы екі өңірін, одан соң артқы бойын тазалап алып, ақыр соңында екі жеңін тазалау керек. Бұл - костюмнің сыны бұзылмауына жақсы болады. Тазалап болғаннан кейін костюмді киім ілгішке кигізіп, әбден иісі кеткенше далаға іліп қоясыз.

Бензинмен тазаланған және бензин иісі шығып тұрған киімді от жанып тұрған жерге, мысалы газ плитасы тұрған ас үйге әкелуге болмайды.

Жуып тазарту. Мақта және зығыр талшығынан тоқылған киімді кір сабынмен жууға болады, ал жүн және жібек матадан тігілген киімдерді ақ ұнтақпен жуған жақсы. Қиімді жуып тазарту үшін көбінесе мына төмендегідей срітінділер қолданылады:

1. 12 л суға 30 г кальцийленген (кір жуатын) сода, 60 г бура немесе сондай мөлшерде мүсәтір спирті. Бұл ерітіндінің температурасы 25-30° болуға тиіс. Егер тазартылатын киімнің бояуы оңып кете ме деп қауіптенсеңіз, онда судың температурасын 15°-қа дейін төмендетесіз.

2. 12 литр жылы суға (25-30°) 60 г алдын ала езіп қойылған сабынды құяды да, оған тағы 15 г сода, бура немесе мүсәтір спиртін қосасыз.

Тазартылған киімді әуелі бірінші ерітіндіге салып, бірнеше сағат жібітіп қоясыз. Одан кейін екінші ерітіндіге салып, бірнеше минут қолыңызбен аздап сығымдап жуасыз. Бұл ерітінді жақсы көпіріп тұруға тңіс. Егер ерітінді айтарлықтай көпірмесе, оған сабын қосуға болады.

Бұдан кейін оны судан алып, столдың үстіне жаясыз да, екінші ерітіндіге щетканы батырып алып, сонымен екі жағынан бірдей щеткалайсыз. Бұдан кейін оны сабынды судан сығып аласыз да, тағы да бірінші ерітіндіге салып, шайқап аласыз.

Осылайша тазартылған киімді екі рет жылы суға жуасыз да, одан кейін сірке ерітіндісіне (1 шелек суға 1 шай қасық) батырып аласыз. Бұдан соң жуылған киімді ілгішке кигізіп жаю керек. Тазалар алдында киімнің түймесін, ілгегін т. с. с. қырқып алу керек. Егер астары оңып кететіндей ашық түсті матадан болса, оны да сөгіп алып тастаған дұрыс.

Киім суға салынған кезде қоңырқай тартып кетеді, сондықтан, оның кірлі дағы бар жерлерін адам көре алмай қалуы ықтимал. Ондай дақтарды судың ішінде жақсылап жуып кетіру үшін көзге көрінерліктей етіп, төңірегін ақ жіппен көктеп қою керек.

  Жарияланған-2024-03-15 15:58:07     Қаралды-355

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қытайды Батыстан Орта Азия таулары мен шөлдер ұзақ уақыт бөліп тұрған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Юбкалардың түсінің саралануы

...

Kilt «киімді дене бойымен айналдыру» деп аударылады. Бірақ, заманауи килт – бұл материяның 3-8 ярдтан (7 метрден көп) тұратын аса күрделі конструкция.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ

...

Мынау Рембрандтың «Әулие әулет» атты картинасының көшірмесі. Жартылай қараңғы шағын бөлме. Сол жақта төбеде әлде бір мүйістен күн көзінің сәулесі түсіп тұр. Ол жас әйелдің беті мен құндақтағы сәбиге шашырапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР

...

Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...

ТОЛЫҒЫРАҚ »