UF

ШЕҢГЕЛ – ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


ШЕҢГЕЛ – СТАЛЬНИК ПАШЕННЫЙ

Шеңгел – биіктігі 50 сантиметрге дейін жететін, бұталы өсімдік. Сабақтары қызыл қоңыр түсті, түзу әрі тік өседі, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, төменгі жағындағы және орта шетіндегі жапырақтары үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері – ірі, ашық қызыл түсті, гүл сабақтары қысқа, гүлдері масақ тәрізденіп бұтақтарының ұш жағындағы жапырақтарының қуысында екі-екіден жиналып тұрады. Гүл тәжі бес гүл жапырақшаларынан кұралған. Гүл жапырақшалары гүл тостағаншасының қалақшаларынан ұзынырақ. Оңай ашылатын буылтық кауашақта екі тұқым бар. Шеңгел маусым-тамыз айларында гүлдейді. Ол өзендердің жағаларында, далалы аймақтарда, шабындықтарда, бұталардың арасында өседі.

Дәрілік мақсат үшін шеңгелдің тамырын күзде қазып алады. Құрамында ононин, ононид деген гликозидтер, оноцерал, огоколь, илік заттар, эфир майлары бар. Шеңгел тамырының тер шығаратын, іш жүргізетін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты халық медицинасында шеңгел тамырымен шеменді, сарыпты (подаграны), ревматизмді емдейді. Сонымен қатар бүйрекке және қуыққа тас байланғанда да оның тамырын дәрі ретінде пайдаланады. Іш жүргізетін қасиетін геморройды емдегенде пайдаланады. Мұндайда аурудың іші дұрыс жүріп, жағдайы жақсарады, дәріні ішкен соң 1 аптадан кейін геморрой түйіндерінен қан кетуі тоқтадады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған өсімдік тамырының 30 грамын 1 литр суға салады да, жарты литрі қалғанша қайнатады. Даяр болған дәріні сүзіп алып, 1 стаканнан күніне 3 мезгіл ішеді. Несеп айдайтын дәрі ретінде ұнтақталған өсімдіктің 30 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға жарты сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 4-6 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-15 15:27:47     Қаралды-9839

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЗЕМЕЛӘК

...

Тоқаш қамырынан жасалатын тағам земелак деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ІЛІМІ ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?

...

Ол - адамзаттың тарихи-әлеуметтік аядағы даму эволюциясын танып-білу үшін, рухани жеттігіуіміздің тегін тектеу үшін, сонсоң туған жер төсіндегі саналы тіршілік сабақтастығын бажайлау үшін қажет дер едік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚ ТҰҢҒИЫҚ

...

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ

...

Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »