UF

ОРЫНБОР

Категориясы: Тарих


Орынбор - түңғыш астана.

1920 жылы Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Лениннің жарлығы бойынша Орынбор қаласында съезд өтті. Онда Қазақстанның жеке автономиялы мемлекет болғандығы жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы елді айтады. Сөйтіп, қазақ елі Ресейдің құрамында қалды. Сол уақыттан бастап Орынбор бас қала болып бекітілді.

Шындығында, о баста Орынбор өлкесі қазақ жерінің құрамдас бөлігі болып табылатын. 1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейдің қарамағына кіру туралы ант берген. Сөйтіп, Ресей үкіметінің қазақ жерінде Орынбор бекінісін салуына септігін тигізген. Бұл орайда Ресейдің көздегені орындалды. Орынбор олардың бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болды.

Орынбор қаласының тарихта алатын өз орны бар. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары атанған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада басылып шыққан.

Орынборда Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Бақытжан Қаратаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, ғылым салаларынан еңбектер жазған.

  Жарияланған-2015-11-16 15:53:32     Қаралды-6201

Мәлімет сізге көмек берді ма

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ

...

Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҒАШ ШАҢҒЫНЫ АЛҒАШҚЫ КИГЕНДЕР СКИФТЕР

...

Аяққа киетін шаңғыны алғашқы кезенде халық ағаш ұлтан деп атапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

...

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ

...

Шағатай ұлысы - 1260-1346 жылдар аралығында Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »