UF

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

Категориясы: Тағам


Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады. Қазыны ішекке тығу, яғни айналдыру үшін жылқының екі жақ сүбе қабырғасы екі бөлек алынып, сырыққа немесе керілген жіпке ілінеді де 7–8 сағат сорғытылады. Бұл кезде қазы айналдыратын ішек те тұзды суға салынып қойылады. Қазының екі ұшы түйретілетін іскектер де алдын ала дайындалады. Сорғыған қазының қалың–жұқалығына қарай одан қанша қазы шығатыны көзбен молшерленеді. Өйткені қалың қазы етсіз, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Себебі қалың қазы жалпақ тілінсе, біріншіден, ішекке симай қалады, екіншіден айналдыруға келмейді. Соның салдарынан жылқының ішегінен артылып қалады. Айналдырылмаған қазы айналдырған қазыдан дәмсіз болады. Оның үстіне көп сақтауға келмейді. 

Сонымен қазы қабырғалардың басынан бастап қос–қос қабырға етіп, жұптап тілінеді. Қабырғалардың көлденең шеміршектері уілдіріктің арасынан саймалап, шығарылып отырылады. Қазы тілетін пышақ, өткір болуға тиіс. Әйтпесе қазыны ірітіп жібереді. 

Қазының тұзына қара бұрыш, үккішпен үгілген сарымсақ қосылады. Тұзы татымды болу үшін қазыны тұздау үстінде оны аударыстырып, әр тұсынан татып байқауға болады.

Тұздалған қазы сойылған малдың терісіне 2–3 сағат орап тасталады. Сонда қазы тұзды бойына жақсы тартады. Содан соң ішекке тығып айналдыра беруге болады. Айналдырып болғаннан кейін ішектің екі ұшы іскекпен түйреліп, жіппен байланады. Сөйтіп іліп қойып дегдітіледі. Содан кейін кептіріп, сүрлей беруге болады.

Қазы ыстап та сақталады. Ол үшін 10–12 градус температурада 3–4 сағат ұсталады да жел қақтырып, дегдітілед. Содан соң 50–60 градус температурада қою түтінге 12–18 сағат ысталады да жылылығы 12 градус жерде 4–6 сағат кептіріледі. 

Қазы асып пісіріледі. Ол үшін салқын сумен жуылған қазы шым–шым жылы су құйылған кастрюльде асылады. 

Піскен қазы тақтай үстіне салынып, дөңгелектеп қиялал кесіледі. Жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да оның жиегіне дөңгелектеп туралған пияз немесе көк бұршақ салуға болады.

Құрамы: қазы айналдыру үшін 5 килограмм қазы, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ, дастарқанға қоярда 100 грамм қазы, 1 пияздың 1/4 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ.

  Жарияланған-2016-05-27 13:19:52     Қаралды-13817

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЛЫҚШЫЛЫҚ

...

Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Су әлемінің балықтары-бүрікпебалықтары-мергендері

...

Бүрікпебалықтар - суды бүркіп шашу қабілетімен ерекшеленетін алабұға тәрізді жасақтың Toxotidae көптипті тұқымдасының шынтақ иық балықтар. Егер табиғат теңіз жыртқыштарын интеллект деп бөлгенде және әркімге өзіне кәсіп таңдауға мүмкіндік бергенде, онда б

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ

...

Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРҚАЗАН

...

Бірқазан - өте ірі құс. Дене пішіні салмақты, әсіресе, тұмсығы өте ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

...

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУПЕРҚАП ДЕГЕН НЕ?

...

Біздің алдымызда кітап жатыр. Ең алдымен оның мұқабасы көзімізге түседі. Оның қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін. Жұмсақ мұқаба жәй қағаздан жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »