ИТМҰРЫННІҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ ЗОР
Категориясы: Тағам
Итмұрын жемісін консервіленген күйінде қолданады және одан витамин препаратын жасайды. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, диеталық сусын және қайнатып алған суын экстрактар, сироп ретінде пайдаланады. Организмінде витамин жетіспейтіндерді, атеросклероз және басқа аурумен ауыратын адамдарды емдейді. Итмұрын әсіресе аскорбин қышқылын жасайтын өндірістер үшін өте бағалы шикізат болады. Итмұрынның 5-20% аскорбин қышқылын, С1, В2, К, Р витаминдерін және каротин, қант, органикалық қышқылдар, пектин, илік, бояулық заттар, минералдық тұздар алынады.
Жемісі кондитер және витаминді препарат жасайтын өндірістерде қолданылады. Итмұрын жемісінен жасалған препарат - бауыр ауруына бірден-бір ем. Итмұрынның ішінде аскорбин қышқылы құрғақ жемістің 12,5%-тін алады. Аскорбин қышқылы ең көп болатын итмұрьш сорты Альберта.
Итмұрыннан витаминді сусын жасау әдісі. Кептірілген жемісті жақсылап жуып, аздап ұсатады. Сонда С витамині суда жақсы ериді. Сонан кейін жемістерді эмальды кастрюльге салып, үстіне қайнаған ыссы су (1 қасық ұсатылған жеміске 1 стакан су) құяды да, қақпағын жауып, 8-10 минут қайнатады. Сонан кейін басқа ыдысқа құйып алып, қараңғы жерге қояды. Суыған соң 2 қабат дәке арқылы сүзіп жемісті қысып барлық сұйықтықты шығарады. Алынған сұйықтықтың дәмін жақсарту үшін аздап қант қосады. Бұл ішуге сүйкімді сусынды жасалған күні ішу керек. Егер сусын ұзақ сақталса С витамині ыдырап кетеді. Бұл сусынды дені сау ересек адам бір тәулікте 1-2 стакан, бала 1 стакан ішкені жөн.
Итмұрын жемісінен компот жасау. Піскен жемістердің түгін, тұқымын алып тастайды. Суық суға жуады да үстіне қайнап тұрған сиропты құйып 5-6 минут қайнатады. Сонан кейін оны бір тәулік қозғамай қояды. Жемісті кепсермен сироптан сүзіп алады да, банкаға салады. Сиропты 2-3 минут қайнатып, банкадағы жеміс үстіне құяды. Банканың аузын кақпақпен бастырып, 0,5 л банканы 20 минут, литрлікті 25 минут пастеризациялайды.
Итмұрын жемісін кептіру. Жемістерді жинап алысымен 70-80° температурада кептіреді. Тез кептіргенде С витамині жақсы сақталады. Кепкен итмұрын жемісінің үстіне қайнап жатқан су құйып, шай етіп ішеді. Кепкен жеміс ұзақ сақталған сайын С витамині азая береді.
Итмұрын жемісінен сусын жасау. Аязға шалдыққан 2 кг итмұрын жемісін жуып, тазалап, эмальды кастрюльге салып, үстіне 5 литр жылы қантты сироп құяды. Кастрюльдің қақпағын жауып қояды, сонан соң кастрюльдегі сұйықты сүзіп, шыны ыдысқа құяды да, аузын жауып, салқын жерге қояды.
Итмұрын жемісінен бұлардан басқа кисель, мармелад, желе және сусындар жасалады. Егер дұрыс жасалатын болса, бұлардың бәрінде де С витамині бұзылмай сақталады. С витамині адам организмінің жұмысы үшін өте қажет. С витамині жетіспеген адам тез шаршайды, басы айналады, жүрегі соғады, ақырында цингамен ауыруы мүмкін.
Жарияланған-2016-04-07 18:23:04 Қаралды-15915
АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ
Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды.
БЕКІРЕ
Бекіре (осётр) - аузы кіші, тұмсығы сүйір, дене тұрқы 2 м-ге, салмағы 12- 24, кейде 80 кг-ға дейін баратын көшпелі балық. Теңізде және оған құятын өзендерде өседі. Олар уылдырықтарын сәуір-мамыр айларында өзенге шашқаннан кейін теңізге қайта оралады.
ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?
Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.
БІЗДІҢ МИЫМЫЗ ТУРАЛЫ 10 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ
Ми - адамның ең аз зерттелген мүшелерінің бірі. Өйткені, тәжірибелі нейрохирург үшін де ми жұмбақ.
ДОЙБЫ ТАРИХЫНАН
Дойбы ойынының да тарихы өте ертеден басталатын өнер өнер беуге толық дәлел бар.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.