UF

МАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЫ ҚАРУЛАРДАН ҚОРҒАУ.

Категориясы: Соғыс


Малдарды жаппай зақымдаушы қарудан топтап қорғау үшін бірінші кезекте мал қоралары пайдаланылады. Мал қораларын дайындау ең алдымен оларды ауа өткізбейтіндей етіп бітеу: төбесіне шлак немесе құм төгіп қалыңдату, төбесін лаймен, известьпен және басқа ерітінділермен сылайды, есіктердің саңылауларын бітейді кірпішпен немесе жапқымен жабады, қарапайым желдету жүйесін жасайды, сыртқы қабырғаны 1,5 м биіктікке дейін көмеді. Өрт болмауы үшін фермалар территориясы тазартылып, айналдыра айдалып тасталады. Мал қораларында мал азығының 5-7 тәуліктік запасы жасалады. Мал азығының тағыда 7-10 тәулікке жететін запасы фермаға жақын жерге тасылып қолда бар материалдармен бүркеледі. Су көзі де ауа өтпейтіндей етіп жабылады, орталықтанған сумен жабдықтау болмаған жағдайда оның қоры жасалады. Малдар түрлі жұқпалы аурулармен ауырмас үшін арнаулы малдәрігерлік алдын алу шаралары жасалады. Ірі қалалар мен объектілерге жақын жердегі малдар транспортпен немесе айдап қауіпсіз аудандарга жеткізіледі. Жайылымдағы малдарды қорғау үшін жергілікті жердегі пана болатын орындар пайдаланылады, бастырма қораларды, бар жерлерде катондарды косымша жабдықтайды, малдарды радиоактивтік тозаң түсуі мүмкін деп есептелінген жерлерден кауіпсіз жерге айдап апарады немесе тасиды.

Малдарды бағатын адамдарды қорғау үшін ішкі бөлмелердің бірі жабдықталады немесе коражайларға жақын жерге радиацияға карсы паналау орны салынады. Жаппай зақымдаушы қарудың зардабын жоюға арналған кұралдардың запасы жасалады, зақым ошағында жумыс істеу үшін ауыл шаруашылығы техникасы дайындалады, зақым ошағы пайда болған кезден бастап азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының шешімі негізінде малдарды қорғау жөніндегі шаралар жүргізіледі. Оған мыналар жатады: ошактарды барлау; әрбір шаруашылықтағы жағдайды бағалау; малдарды құтқару мен қорғау шаралары; оларды емдеп, көмек көрсету; территорияны, кұрылыстарды, техниканы зарарсыздандыру, дозиметриялық бақылау жасау; зақымданған малдар мен құстарды шаруашылықтың пайдалануы жөніндегі мәселені шешу.

Өсімдіктерді корғайтын лаборатория мен командалар кұру, өсімдіктердің аса қауіпті ауруларына қарсы куресу үшін улы химикаттардың запасын көбейту, өсімдіктердің аурулар мен иондаушы сәулелерге төзімді тұқым сорттарын шығару арқылы жүргізіледі. Халық өсімдіктердің зақымдану белгілерімен хабардар болуға тиіс. Топырақтың зақымдануы ұдайы бақылауға алынады.

Егер дұшпан жаппай зақымдаушы қаруды қолданса, өсімдікті қорғау үшін агротехникалық және химиялық әдістерді қолданып, оның зиянды әсерін жою керек. Аз зақымданған жерлер адамдардың тамағына, сауын сиырлардың азығына пайдаланылатын дақылдар өсіруге, ал қатты зақымданған жерлер мал азығындық және техникалық дақылдар өсіруге бөлінеді.

Химиялық зақымға ұшыраған егістік пен мал жайылымы өзі газсызданғанша қоршалып тасталады. Дұшпан әр түрлі гербицидтер, дефолианттар қолданған жағдайда лабораториялық қорытындыдан кейін зақымданған егістік шабылып, кептіріліп, кейіннен мал азығына пайдаланылуы мүмкін. Гербицидтер де жаңбырлатқыш қондырғылармен жуылады, немесе егістік гербицидтерді зарарсыздандыратын заттармен (антидоттар) өңделеді.

Дұшпан биологиялық қару қолданған жағдайда қорғаныс өсімдіктер зарарсыздандырылады. Агротехникалық, механикалық, биологиялық және химиялық әдістерді комплексті қолдану жақсы нәтиже береді.

  Жарияланған-2016-02-20 15:20:44     Қаралды-1978

Мәлімет сізге көмек берді ма

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

...

Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТ ОМАРЛАСТЫРУ

...

Қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛҒА ДА КҮТІМ КЕРЕК

...

Кейбір әйелдер бет сұлулығына көбірек көңіл бөліп, қол кутімін естен шығарып алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ

...

Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »