UF

ТЕННИС СПОРТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


 

Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі. Біздің әңгімеміз ұлкен теннис болмақ. Теннис ойынын кейде «қалақшамен билеу» деп те атайды.

Нағыз теннис спорт ойынының ережесі 1875 жылы ағылшын мамандары тарапынан жазылған. Ал теннис добын қағатын тор көзді сапты қалақша Париж шеберлерінің қолымен 1610 жылы жасалған.

1912 жылы халықаралық теннис федерациясы (ИТФ) Париж қаласыңда құрылды.

Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен Халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді.

1900 жылдан бастап өтіп келе жатқан Дэвис Кубогі - Әлем чемпионатына тең жарыстың бірі. Бұл кубок - атақты американдық Дуайт Дэвистің құрметіне ұйымдастырылған Әлем біріншілігінің бір түрі. Бұл жоғарыдағы алқалы жарысқа теңдес тағы да бәсекелесу бар, олар Америка Құрама Штаттарының ашық біріншілігі және Австралия мемлекеттерінің біріншілігі.

Үлкен теннис спорты тарихы бірінші олимпиададан бастау алған.

1926 жылдан бастап кәсіби теннисшілер арасында бәсеке өткізіліпкеледі. Бұны теннис спортын баю көзіне айналдырған қадам деуге толық болады.

Әлемге аты әйгілі үлкен теннис шеберлерінің ішінде төмендегі спортшылар тарихи спорт тұлғалары. Олар: Дон Бадж (австралиялық), Джон Ньюкомб (американдық), Швед Бьерн Борг, Борнс Беккер (Германия) т. б. Бұл теннисшілер тек шебер ойыншылар ғана емес, байлардың шығарған дүние-мүлікін әлемге жарнамалаушылар да. Мысалы, Макинрой атты теннис шебері, жеңіл аяқ киіммен теннис қалақшасын жарнамалағандығы ұшін бір жылға 400 мың ағылшын фунт стерлингін, «Пасифик кат» фирмасының ішегін қалақшасына тартканы үшін 3 мың, «Омега» сағатын колына таққаны үшін 50 мың. «Бик» ұстарасымен сақал - мұртын кұзегені үшін 100 мың ақшалай сыйлык алады екен. Ол аздай Макинрой «Мальборо лежэр Уеар» - спортты киімін киіп тенис алаңына шыққан үшін 1 млн. фунт стерлинг қалтасына басыпты. Тенисшілер ішінде 17 жасында жұлдызы оңынан туған неміс халқынының ұлы Беккер атты ойыншы.

Орыс мемлекетінде үлкен теннис тарихы 1908 жылдан басталады. Теннисшілер ішінде А. Д. Дмитриева мен А. Потонин - халықаралық теннис әлеміне аты мәлім спортшылар.

Үлкен теннис ойыны өтетін алаңының көлемі 40x20 метрлік болады. Үлкен тенниске тартылатын тордың биіктігі 91 см ғана болады. Үлкен теннис - бұқаралық спорт ойыны, мысалы 15 жасар қыз Шарлотта Дод ең беделді Уимблдон бәсекесінің жеңімпазы атанған екен.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:37:19     Қаралды-1964

Мәлімет сізге көмек берді ма

АХМЕТ ХАН

...

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

...

Сарымайға қант қосу керек. Үгілген ірімшік, жүзім, кептірілген өрік, қуырып, ұнтақталған жаңғақ, ванилин қоса отырып, ағарғанша езіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОС АЛУА

...

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?

...

Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

...

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »