ЗЕМЕЛӘК
Категориясы: Тағам
Тоқаш қамырынан жасалатын тағам земелак деп аталады.
Иленуге қажетті шикізат (ұннан басқасы) әуелі мұқият араластырылады да содан соң ұн қосылып, барлығы 2-3 минут бойы тағы да араластырылады. Қамырдың ылғалдылығы 20-23 процент, температурасы 17-20 градус болу керек.
Қамыр 3-3,5 килограмнан бөлінеді, арнайы машинамен немесе қолмен 5-6 миллиметр қалыңдықта жайылады. Оның бетіне жұмыртқа жағылып, дәм қабық араластырылған құм шекер себіледі. Содан соң жайылған нан 40-45 миллиметр қалыңдықта қиғаш төрт бұрышталып кесіліп, табақтарға салынады да, температура 250-270 градусқа жеткізіліп, 10-12 минут бойы пісіріледі. Салқындаған соң тағам табақтардан алынып, қағаз төселген астаушаларға салынады.
Бір килограмм земеләк жасауға 506,6 грамм жоғары сортты ұн, 253,3 грамм құм шекер, үстіне себетін 76,0 грамм құм шекер, 202,6 грамм сарымай, 101,3 грамм жұмыртқа, бетіне жағатын 20,3 грамм жұмыртқа, 15,2 грамм қаймағы алынбаған құрғақ сүт, 0,75 грамм аммоний және үстіне себетін 10,1 грамм дәм қабық жұмсалады.
Дайын земеләктың формасы қиғаш төрт бұрыш немесе төрт бұрышты, үстіне құм шекер мен дәм қабық себілген, сынғыш, үгілгіш болып келеді. Ылғалдылығы - 6,5-8,5 процент.
Жарияланған-2016-03-15 16:13:05 Қаралды-1573
АНАР ШӘРБӘТІ
Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған шойын коспасынан құйылып, қола жалатылған. Тұғыры төрт бұрышты биік ет
ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?
Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.
ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ
Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт
АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»
Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.