UF

ҚЫТЫРЛАҚ

Категориясы: Тағам


I түрі

Ун, сүт, жұмыртқа және қанттан қатты тұщы қамыр иленеді. Ол жұқалап жайылып, арнаулы кескішпен дөңгелектеліп кесіледі де қыздырылған майға ашық сары түске енгенше қуырылып пісіріледі.

Бул тағамды жасауға 4 стакан ұн, жарты стакан сүт, 2 жұмыртқа, стаканның 1/3 бөлігіндей қант, тортасынан айырған сарымай немесе өсімдік майы (2-3 стакан) жұмсалады.

II түрі

Мұны жасауға 3 стакан ұн, 2 ас қасық құм шекер, 1,5 стакан сүт, 3 ас қасық қаймақ, үш жұмыртқаның сары уызы, шай қасықтың 1/4 бөлігіндей тұз, жарты стакан қант ұлпасы, стаканның 1/3 бөлігіндей ұнтақ ванильді қант, қуыру үшін 500 грамм май жұмсалады.

III түрі

Мұны жасауға 3 стакан ұн, 1,5 стакан сүт, 50 грамм сарымай, төрт орташа жұмыртқаның сары уызы, 1 ас қасық арақ немесе коньяк, жарты шай қасық тұз, 1,5 стакан қант ұлпасы, стаканның 1/3 бөлігіндей ұнтақ ванильді қант, қуыруға арналған 500 грамм май жұмсалады.

IV түрі

Бұған 3 стакан ұн, 1,5 стакан сүт, 25 грамм сарымай, үш жұмыртқаның сары уызы, стаканның 1/3 бөлігіндей ұнтақ ванильді қант, 2 ас қасық қойылтылған сүт, шай қасықтың 1/4 бөлігіндей тұз, жарты стакан қант ұлпасы, қуыруға арналған 500 грамм май жұмсалады.

Соңғы үш қытырлақтың дайындалу технологиясы бірдей. Мәселен еленген ұн мен басқа алынған өнімдерден (қант ұлпасы мен ванильді қанттан басқасы) қою қылып қамыр иленеді. Ол 10-15 минут «тынықтырылады» да, столға салынып, оқтаумен 1,5-2,0 миллиметр қалыңдықта жайылады да стаканның кенересімен немесе арнаулы кескішпен дөңгелектеп кесіледі. Пісіру алдында тағы да бір рет жайылады. Содан соң қатты қайнап жатқан майға дөңгелектер бір-бірлеп салынып пісіріледі. Оларды майға кепсермен батырып тұру керек. Қытырлақтар ашық сары түске енгенше қуырылады.

Дайын болған қытырлақ ракушка сияқты болады. Оның үстіне ванильді қантпен араластырылған қант ұлпасы себіледі.

Егер қытырлақ қуыруға май аздық етсе, тағамның формасы өзгертіледі, яғни жұқалап жайылған қабат ені 3-4 сантиметр, ұзындығы 10-12 сантиметр болатындай етіліп, жолақтап тілінеді. Содан соң түйіндеп байланады. Ортасы кесіліп, бір жағы арасынан өткізіледі немесе бантик сияқты етіп байланады.

Қытырлақты гүл формалы етіп те жасауға болады. Бұл үшін олар дөңгелектеп кесіледі де бір-бірінің үстіне үшеуін салады. Олар ортасына белок жағылып ұстатылады. Гүлдер ерітілген майға батырылып, ортасынан үшкір таяқшамен бастырылады. Сөйтіп оны пісіп болғанша осылай ұстап тұру керек.

  Жарияланған-2016-03-03 17:36:57     Қаралды-7685

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ

...

Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАСШӨП – КӨКЖӨТЕЛДІ ЕМДЕЙДІ

...

Тасшөптен жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, ауырған жерлерді және нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін қасиеттері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫ

...

Азот қышқылы - түссіз сұйық. Азот қышқылы барлық металдарға әсер етеді, күшті тотықтандырғыш.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОДАҢ ОЙЛАСЫ

...

Шайқалған кәмпит массасынан тұратын тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »