ОБИДАҢДОН КАРАМЕЛІ
Категориясы: Тағам
Мөлдір, сырты оралмаған, кесілген батон формалы карамель осылай аталады. Қолданылатын бояуларға байланысты әр түрлі келеді.
Кем дегенде 90 процент сахарозасы болады. Тағамның ылғалдылығы 2,5 проценттен аспайды, беті кебу, соған орай жабыспайды. Бір килограмында 100-120 дана кәмпит болады.
Он килограмм кәмпит жасау үшін 8,4 килограмм құмшекер, 2,0 кг сірне және 0,004 килограмм 10 проценттік езілген бояу жұмсалады.
Қант шырыны карамель массасы етіліп қайнатылады да салқын столға салып, салқындатылады. Осы процесс кезінде оған бояу қосылады. Содан соң иленіп, 65-70 градусқа дейін салқындатылады. Карамель массасы батонға ұқсатып созылады.
Карамель массасы арнаулы машинамен немесе қолмен кесіледі. Дайын өнім қаңылтыр қораптарға салынады.
Жарияланған-2016-02-28 17:12:39 Қаралды-966
ҚЫСТЫҢ ЕҢ СУЫҚ АЙЛАРЫ

Қаңтар мен ақпан - қыстың ең суық ай лары. Шаруақор қазақ кейде бұл екі айға жан бітіріп, тіл беріп сөйлетіп қоятыны бар.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885-1935)

Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Әкесі Дулат сауатты адам болған. Міржақып кезінде қазакша-орысша білім алған. Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» атты өлең, мақалал
8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.
НЫШАЛДА

Сабын-тамырмен және жұмыртқамен араластырып, көпіршітіп шайқалған қант шырыны осылай аталады. Түсі ақ, қоюлығы кремнің қоюлығындай. Белок ретінде жұмыртқа белогы қолданылады.