НАУАТ (кинза шекері)
Категориясы: Тағам
Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады. Ашық қазанға құмшекер салып, су (қанттың 40 процентіндей) құйылады да әбден араластырып, қант ерітіндісі шамадан аса қаныққанша қайнатылады. Содан соң отты басып, көбігі алынады. Шырынды қант емес заттардан көбігі арқылы жақсырақ тазарту үшін жұмыртқа (суға алдын ала әбден езілген) қосылады. Содан соң қоспаны қайнатып, көбігін тағы да алып тастайды.
Арнаулы қазанға 3-4 қатар етіп параллель жіп керіледі. Оның ұштары арнаулы желіммен желімделіп тасталады. Қайнаған шырын осы қазанға құйылады, сөйтіп беті кебірсігенше бір сағаттай ұстап, содан соң арнайы қақпақпен жауып, үш тәулік қоя тұру керек. Осы уақыт ішінде жіптің бойына кристалдар түзіледі.
Үш тәуліктен соң қазанның қақпағын ашып, оның түбінде қалған шырынды (сиропты) жайлап құйып алады. Ол ұннан кондитерлік тағамдар жасауға пайдаланылады.
Содан соң сахароза кристалдарынан жіп алынып тасталады да, науат столға жайылып кептіріледі.
Бұндай бір килограмм науат жасау үшін 2,474 грамм қант, 2,36 грамм жіп керек.
Жарияланған-2016-02-22 17:45:17 Қаралды-8388
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР
Ағаштан, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің бейнесін, ою-өрнектерді салуға болады.
ШЫҒЫС ЖАҢҒАҒЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Кастрюльге су құйылады. Жұмыртқа салынады. Тұз бен қант ұлпасы ерітіліп, стол үстінде еленген ұнды әр жерінен тесіп, үстіне жаңағы ерітінді құйылады.
ҚҰЛАН
Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.
ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.
ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ
Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.