UF

АЛВАХАЗИ

Категориясы: Тағам


Қайнатылған ара балынан түрліше, яғни сақина, сегіздік, бұрама, т. с. с. етіп жасалған кәмпит осылай аталады. Түсі жібектей жылтыр реңді, ашық сары болады.

Ашық қазанға кәдімгі араның балы салынып, ұдайы араластыра отырып қайнатылады.

20-30 минут қайнатқаннан кейін балдың түсі қара қоңыр тартады. Сондай-ақ шетінен алған кезде үзілмейтін жіңішке жіп түзеді. Бұл балдың дайын болғандығын көрсетеді.

Бал ыстық күйінде қазаннан алынып, машинамен немесе қолмен 5-10 минут бойы созылады. Сонда оның түсі ашық сары тартып, жібектей жылтыр рең пайда болуы керек. Қолмен ағарту үшін массаны қолға апып созып, шет ұштарын қосып, тағы да созу қажет. Осылайша қайта-қайта соза берсе бал ағарады.

Ағартылған массаны суытпай, одан жуандығы 0,5-0,8 миллиметр жіп созылады да сол жылы күйінде әр түрлі кәмпиттер дайындалады. Бір кәмпит жасалып болған соң оны пышақпен кесіп алып, сол тұстан әрі қарай басқаларын жасай беру керек.

Бір килограмм алвахазиға 1150 грамм бал жұмсалады.

Алвахазидің сапасына мынадай талаптар қойылады: оның сақина, сегіздік, бұрама, т. с. с. әр түрлі формалы, түсі ашық сары, жібектей жылтырап тұруы, әуелі қоюланып, кейіннен қатып, шеттері ери бастауы қажет.

Алвахази құрғақ, температурасы 18 градус, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде сақталады. Мұндай жағдайда алвахази үш тәулік сақталады.

  Жарияланған-2016-02-23 15:01:09     Қаралды-2109

Мәлімет сізге көмек берді ма

Танымдық діни бет

...

Танымдық діни бет. Еврейлер оқымаулары, ал қалғандарына қызық болулары мүмкін. Егер кімге қызық болса одан әрі тереңірек оқыңыздар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

...

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕЛАТИНСІЗ АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Ұзынынан тілінген антоновка алмалары тайыз ыдысқа салынады. Ол ыдыстың жартысына дейін су құйылып, бұқтырылады да жұмсарғанша ұсталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

...

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »