КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ
Категориясы: Өнер
Леонардо да Винчи (152-1519 жж.). Қыздың басы. Күміс қарындаш.
Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.
Ежелгі дүниеде, мәселен Ассирия мен Вавилонда сыз саз тақташаларға үшкір таяқшалармен жазып, артынан оларды кептіреді екен. Ал римдіктер ағаш тақташалардың сыртына балауыз жағып, оған «стилус» деп аталатын арнаулы таяқшалармен жазған көрінеді.
Қағаз жасау игерілгеннен бастап әлгіндей таяқшалардың дәурені өтті. Енді жазудың басқа бір әдісі керек болды.
Сүйтіп, XIII ғасырда металл қарындаш пайда болды. Қазіргі рейсфедер сияқты металл түтікшеге қорғасын, күміс тіпті алтын сымдардың кішкентай үзіп салынатын.
Бірақ, ондай қарындаштар удай қымбаттығымен қоса, қағаз бетіне өте нашар жұғатын; олардан қалған таңбаны ажыратып алудың өзі қиынды.
XVI ғасырда Англияның Кемберленд графтығында графит қоры табылды.
Сүйтсе, бұл минералдан жасалған таяқшалар кағаз бетіне сондай әсем, әрі анық сызықтар сыза алады екен. Бірақ, адамдар ол графитті ағаш түтікшелермен қаптап, қазіргі қарындашты жасауды үйренгенше де біраз заман өтті.
Осы заманғы қарындашты XVIII ғасырдың аяғында француз оқымыстысы Н.Конте ойлап тапты.
Қарындаштар қатты, жұмсақ боп екіге бөлінеді. Қатты қарындаштар сызуға пайдаланылады. Олардың сыртынан Т, 2Т, 3Т деген жазуларды көруге болады. «Т» орыстың «твердый» (қатты) деген сөзін білдіреді, ал, 2,3 деген цифрлар қарындаштың қаншалықты қатты екенін білдіреді. Мәселен «2Т» деген қарындаш жәй «Т»-дан қаттырақ, ал- «3Т» әлгі әкеуінен де қатты.
Сурет салуға жұмсақ қарындаш қолайлы. Олардың сыртына орыстың «мягкий» (жұмсақ) деген сөзін білдіретін «М» әрпі жазылады. «М» әрпіннің қасындағы цифр неғұрлым көп болған сайын, қарындаш та сол ғұрлым жұмсақ болады.
Суретшілер италия қарындашы деген арнаулы қарындашты пайдаланады. Ол жай қарындаштардан гөрі жуан жұғады, қағаз бетіне жұмсақ қира сызықтар салады.
Жарияланған-2016-11-16 17:46:20 Қаралды-2815
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)

Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.
ҚАСҚЫР

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
КІШІ ҚАБЫРШӨП

Кіші қабыршөп – үнемі көгеріп тұратын, биіктігі 60 сантиметрге жететін, аласа, бұталы өсімдік. Сабағы жайыла өседі.
ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ

Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.