ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ
Категориясы: Өсімдікті
Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
Қызыл қайың - Қостанай облысындағы Наурызым мамлекеттік табиғи қорығы мен Аманқарағай ормаңды алқабында гана өседі. Талас қайыңы - Талас Алатауындағы Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында және оған көршілес өңірлерде өседі. Ал, Ярмоленко қайыңы - Алматы облысының Райымбек ауданыңдағы Көкбел, Текес, Байынқол және Нарынқол өзендерінің аңгарларында шағын алқаптарда ғана өседі. Бұл кайың түрлері қатаң түрде қорғауды қажет етеді
Жарияланған-2015-12-07 16:54:21 Қаралды-6409
ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚУЫРМАСЫ (печенье)

Кептірілген нан түйіліп, ұнтақталған жаңғақпен және қантпен араластырылады. Үстіне ерітілген сарымай, жұмыртқаның мұқият шайқалған сары уызы, жарты лимон шырыны мен қабығы салынады.
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.
БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ

Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.
ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?

Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.